Армысың әз наурыз
"Армысың, Әз Наурыз" Мерекесі
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, т. б.
Тех-лық құралдар: дыбыстық апаратура, проекторлар, 4 микрофон, 2 ноутбук.
Кезеңдері:І. ТаныстыруІІ. "Әуенді тап" байқауыІІІ. Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдарды атаIV. Ұлттық билерден сайыс.V. Ұлттық ойындар
Іс-шара басталғанға дейін қонақтарды дастархан басында 2 қыз қарсы алады
Фанфары
1-жүргізіші:
Армысыздар, халайық!Әр кез аман болайық.Наурыз тойын қуанып,Жылда қарсы алайық!
2-жүргізіші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайырлы күн, құрметті қонақтар! «Армысың, Әз Наурыз» мерекесіне қош келдіңіздер!1-жүргізіші: Гүлдей болсын өмірлеріңіз,Нұрға толсын көңілдеріңіз.Биік боп жұлдызыңызКөктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызғаҚолдап жүрсін Тәңіріңіз!2-жүргізіші: Мерекелік құттықтау сөзді жетекшімізге береміз. 1-жүргізіші: Ой, халайық, халайық,Жырдан шашу, шашайық.Нәзік үнді Фатиманың
Әсем әнін тыңдайық Ән: "Наурыз"
2-жүргізіші:Наурыз – жаңа жыл тойы, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз – қазақ күнтізбесінде бірінші айдың аты. Осы мерекені тойлайтын халықтар үшін үлкен салтанат. «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп қастерлейді.
Наурыз келсе,Құт келгені халайық!Есік ашып, шашу шашып,Ел боп қарсы алайық 2 қыз шашу шашады
1-жүргізіші: – Мұсылман ұғымы бойынша 21 – наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.
Қыдыр ата келеді
2-жүргізіші: Қош келдің Қыдыр ата!Бата:Ұрпақтардың бағы болсын,Арайланған таңы болсын,Ақ батамен қол жайғанның,Тілегінің бәрі болсын,Елдің іргесі берік болсын,Жасқа қызмет, кәріге құрмет болсын.Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Аумин!
1-жүргізіші: Наурызда жаңа жыл басталады.Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.Жер ана да бусанып қозғалуда,Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.2-жүргізіші: Құрметті қауым! «Армысың, Әз Наурыз» мерекелік іс -шарамызбен таныс болыңыздар:
1-жүргізіші:І кезеңде ТаныстыруІІ кезеңде "Әуенді тап" байқауыІІІ кезеңде Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдарды ата
IV кезеңде Ұлттық билерден сайыс.V кезеңде Ұлттық ойындар
2-жүргізіші: Әділдікпен баға берер баршаға,Әділдікпен қарақылды қақ жаруға,Әділқазы алқаларын сайлайық,Үздік ауылды бүгін таңдап алуға – деп қазылар алқасын сайлайық:
Колледж директорі Құсайын Ж.Қ.
Дир орынбасары Ибраева Т.О.
Дир орынбасары Гомонова В.Г.
1-жүргізіші: Наурыз тойы тойланатын күн осы,Ақ дала жасыл далаға айналып,Наурыз тойға арналады жыр осы – дей отырып, іс – шарамызды бастаймыз!2-жүргізіші: Бүгін бізге сайысқа,Алуан ауылдар келіпті.Кім екенін білейік,Танысуға кезек берейік, – әр ауыл өздерін таныстырып өтсінІ. Таныстыру кезеңі2-жүргізіші: Өз ауылын таныстыру үшін..............................ауылын ортаға шақырамыз1-жүргізіші: .......................................................... ауылын шақырамыз.2-жүргізіші: .......................................................... ауылы
1-жүргізіші: .......................................................... ауылын шақырамыз.2-жүргізіші: .......................................................... ауылы
2-жүргізіші: Сіз білесіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.1-жүргізіші: Иә, иә. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. 2-жүргізіші: О заманда ашқан қазақ өнер сырын,Шақырған сайыстарға бірі – бірін.Тыңдайық тамашалап, көрермендер,Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.-ІІ кезеңде "Әуенді тап" байқауы2-жүргізіші: Сахнаға әр ауылдан екі қатысушы шақырылады.
1-жүргізіші: Сіздің алдыңызда бірнеше ноталар бар. Әр ауыл бір жазбаны таңдап, әнді болжауға тырысады. Егер ауыл жауабын таппаса, мүмкіндік конкурстың басқа қатысушыларына өтеді.
2-жүргізіші:........................................................... ауылы
1-жүргізіші: ......................................................... ауылы
2-жүргізіші: .......................................................... ауылы
2-жүргізіші:........................................................... ауылы
1-жүргізіші:............................................................ ауылы
2-жүргізіші:
Асай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күнДүр сілкінсін дала бірҚұтты болсын жаңа жыл!!Құтты болсын Наурыз – той,Құтты болсын Жаңа жыл!
1-жүргізіші: Қарсы алыңыздар сахнада қазақ биімен "Інжу" тобы
БИ
1-жүргізіші:
Наурызда салт – дәстүрім жаңғырар,Наурызда салт – дәстүрім жаңарарАта – баба дәстүрін қашандаДәріптейік, үлгі етейік баршаға – деп келесі кезеңімізге өтеміз
2-жүргізіші: Байқаудың осы кезеңінде біз қазақ дәстүрлерін қаншалықты жақсы білетінің тексеретің боламыз
1-жүргізіші: Егер сіз қолыңызды көтеріп, дұрыс жауап берсеңіз, жауап сол кезде ғана қабылданады.
2-жүргізіші: Қалыңдықтың болашақ туыстарымен танысу рәсімі қалай аталады? Беташар
1-жүргізіші: Егер ауылға жаңа қоныстанушылар келсе, онда жаңа көршілер оларды қонаққа шақырды. Дастархан жайылып, адамдар бір-бірімен танысады. Бұл қандай дәстүр? Ерулик
2-жүргізіші: Қиындыққа тап болған және оны жалғыз өзі жеңе алмайтын адамға немесе отбасына туыстарының, достарының және көршілерінің ұжымдық көмек көрсету дәстүрі қалай аталады? Асар
1-жүргізіші: Алты-жеті жастағы балаға ат пен қамшы берілсе, бұл дәстүр қалай аталады? ашамайға мінгізу
2-жүргізіші: Жетінші тізеге дейін бір рудың өкілдері арасында некеге тұруға тыйым салынған әдет-ғұрып қалай аталады? Адат
1-жүргізіші Нәрестенің туған күнін тойлау дәстүрі қалай аталады? Шілдехана
2-жүргізіші:Табиғи апаттардан, өрттерден, су тасқынынан аман қалған адамдарға моральдық және материалдық көмек көрсету дәстүрі қалай аталды? Жылу
1-жүргізіші: Бүгінгі кешімізді бір қазақтың керемет салт дәстүрімізбен жалғастырсақ. Біздің сіздерге дайындаған түсау кесу салтынан шағын ғана үзінді тамашалаңыздар!
Көрініс
2-жүргізіші: Тәй - тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!
1-жүргізіші:
Ерітіп қарын даланың,Жинатып гүлін саланың.Жетелеп жұмсақ самалын,Келді Наурыз – жыл басы.2-жүргізіші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен,Әр топ әсем болар өз өнерімен.Өздері дайындап әкелген өз өнерін,Сіздерге көрсетеді өз мәнімен, – дей келе,Келесі кезеңіміз Ұлттық билерден сайыс
1-жүргізіші:........................................................... ауылы
2-жүргізіші: ......................................................... ауылы
1-жүргізіші: .......................................................... ауылы
2-жүргізіші:........................................................... ауылы
1-жүргізіші:............................................................ ауылы
2-жүргізіші:
Жыл басы – Наурыз, мереке!Ақ нұрға әлем боянды.Наурыз тойы береке,Тіршілік жаңа оянды.Наурыз тойы – жыр – аңыз,Қызық думан құрамыз – деп 5 – кезеңіміз «Ұлттық ойындарға» да жеттік. Әр ауыл өздерінің ойындарын көрсетеді.
1-жүргізіші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін ауыл балаларының өнерлі екенін байқадыңыздар.
2-жүргізіші:Ұлтымыздың әр сөзі,Асып жатыр кәдеге.Ауылдардың жарысы,Келіп жетті мәреге – деп, қазылар алқасына сөз береміз.
1-жүргізіші: Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс – шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет!Ұлыстың Ұлы күні – әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!
2-жүргізіші: Мерекелік іс – шараның аяқтауына Роза Рыбаеваның Наурыз атты әңімен ауылдарымыздың тұрғындарың шақырайық.
Ән
1-жүргізіші-2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?