Қарттарын қадірлеген ел ардақты


«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Ашылуы: қыздардың биі

(Фанфар. Жүргізушілер ортада)

1-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,

Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.

2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.

1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Олай болса, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бәрін білер ата салты, ғұрыптың

Жақындығын туған –туыс, іліктің

Тілсейсіздер барша мынау ғаламда

Тұрса екен шуақ шашып, күліп күн –деп құттықтау сөзге кезек берейік.

2-жүргізуші:

Мерекелік құттықтау сөз ____________ ауылдық округ әкімі ___________ және мектеп директоры __________-- беріледі.

1-жүргізуші:

Өң бойың тұңған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат

2-жүргізуші:

Жадыраймын, жадырайын

Көңілденіп күлемін

Жанар ма деп талабым,

Әже ақылын тыдаймын –деп, ____________________ «Әже» әнін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: _____________________

1-жүргізуші:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал әкелер өздеріңе арналмақ

Бұл айтатын асқақ ән – дей келе _____________ орындауында «Әкеге алғыс» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады

Той деп бүгін әлем сырын ашады

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады.

Сыныбымыздың биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!

Би: Қамажай

2-жүргізуші: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады

Көрініс: «Ата тәлімі»

1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер

2-жүргізуші: Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!

Ән: «Анашым». Орындайтын ___________________

1-жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін,

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Жорға биі (ұлдар)

1-жүргізуші:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің-жұртың, ұл мен қызың бағалар.

2-жүргізуші:

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен апалар, дей келе , құрметті ата-әжелер, немерелеріңіздің сіздерге арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар___________________________________________________-

Ұлдар спорттық би!

2-жүргізуші:

Қарттық деген –қасиетті ұғым бар,

Мені өзінің пейіліңмен жылындыр.

Балалардың болашағын аңсаған

Бойларыңда керемет бір жылу бар- демекші, ата-әжелерімізге сөз берсек ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсін,

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

2-жүргізуші:

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін, - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

1-жүргізуші: Бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешіміз осымен аяқталды.

2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу