Республика күні


Республика күні!

Мақсаты:- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды.

Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.

Бала жүргізуші:Ассалаумағаликум, халқым менің,Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,Ендігі елдігіңнен тартынба елім.Жүргізуші:Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?Армысың жиналған топ үлкен, кіші,Армысың айналайын халқым менің.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,Көрсең ашық Ала таудың күндерін.Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Жүргізуші: 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз. Туған жеріміздің тұғыры биік болсын! .

( Әнұран ойналады)Жүргізуші:Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.Атандың сен барлық әлем тілінде,Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,Есіміңді естігенде қуанамҚазақстан – қиял жетпес биік тау,Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.

Жүргізуші:Келесі кезекті балаларымыздың өлең шумақтарына береміз.

Тақпақтар

Жүргізуші: 1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.Бала: Ту.Желбіре туым желбіре,Көргенде сені қуанам.Мақтан қып сенің сәніңді,Атманмен алыс атанам.Желбіре туым, желбіре,Әлемге жетсін шуағың.Өзіңді ұстап қолыма,Қасқайып төрде тұрамын.Бала: ЕлтаңбаАлтын қанат көмкерген.Шаңырақ бар, уық бар.Әсем бине сен қыран,Жай бине емес ұғып ал.Көгілдір түс аясы.Бейбіт дала елесі.Шаңырық жұрт панасы,Уықтан күн сәулесі.Аңызға ұшқыр төзімді,Пырақ халық арманы.Жоғары да түсер көз,Бас бармақты жұмуға.Ал, Қазақстан деген сөз.Таныс барлық ұл, қызға.Маған, саған қымбаттыЕл таңбасы ол – Елтаңба.Бала: Теңге.Шыныменен Алла рахым берді ме?Қазғымның көз жасын ол көрді ме?Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.Қолды жаймас, кезегіне келді ме?Жүргізуші: Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдап, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.

Жүргізуші:Келесі кезекті әнге береміз.

Ән : «Ана тілім»

Жүргізуші: Біз Қазақстан халқы, қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық, бейбітшілік, азаматтық қоғам деп, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті негізге алып, Ата заң – Конститутцияны қабылдадық.

Ойын:

Жүргізуші: Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында «Ту» биін қабыл алыңыздар!

Би: «Ту»

Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.

Жүргізуші: Елім менің!Қазақстан – менің туған анамсың,Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.Елім менің атыңды атап ер жеттім,Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.Қазақстан, менің Қазақстаным!Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!

Ән: «Еркіндігімнің айғағы»

Жүргізуші:Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Флешмоб «Бақытты болашақ»

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №44 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Республика күні!

Музыка жетекшісі: Турсунбаева А.М

Тараз 2022ж



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу