Қазақ әдебиеті | Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран" өлеңі (7 сынып)

 Қазақ әдебиеті | Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран" өлеңі (7 сынып)

Ашық сабақтың тақырыбы : Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі
Ашық сабақтың мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
Ашық сабақ міндеті:
1.Баллада туралы білім беру,Өлеңмазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту.оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың
асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Ашық сабақтың типі: Интеграл сабақ.
Ашық сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндіру,сұрақ -жауап,Венн диаграммасы,Инсерт кестесі.
Сабақтың көрнекілігі:Географиялық карта,плакаттар,суреттер,интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: Биология,География, музыка, бейнелеу өнері,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Ақын өмірі.
2.Шығармашылығы.
3.Ақын туралы пікірді аудио таспадан тыңдау.
4.Ой шақыру.
а)Қыран қандай құс?
- Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы дамығандықтан биікте ұша алады, көзі өткір.
ә) Қазақстанның қай жерлерін мекен етеді.
- Таулы аймақта, таудың ұшар биігіне ұя салады.
б)Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санған?
- Жеті қазынаның бірі,Ерлерді қыранға теңеген, себебі тек биікте ұшады, өлексе жемейді,адамға жаманшылығы жоқ.
в)Мемлекеттік рәмізіміз-туда қыран не себепті бейнеленген?
- Еліміз әрқашан тек биіктен көрінсін, Қырандай тәуелсіз, намысшыл, адал болайық деген ұғым бар.
Мәтінді мұғалім мәнерлеп жатқа оқиды.
Сонан соң бірнеше оқушы оқиды.
Ой талқы.
-Не түсіндік?
-Қыран қандай?
- Өзін -өзі өлімге итерген қандай күш?
-"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?
Мәтінмен жұмыс.
1.Мағынасы қиын сөздермен түсіндірме сөздік жүргізу.
2.Баллада туралы мәлімет.
Топтық жұмыс.
1-топ-Өлеңнің шумағына талдау.
2-топ-Ұйқас түрін табу.
3-топ - буын, бунақ санын анықтау.
Сергіту сәті.
Ақынның өлеңіне жазылған "Атамекен" әнін қосылып айту.
Ой түйін.
Венн диаграммасы.
Қазақ халқы мен Қыранқұсты салыстыру.
Инсерт кестесі.
Небілдік?Не таңқалдырды? Не білгім келеді?
Бес жолды өлең.
Қадыр ақынға немесе Қыранға шығаруға болады.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1.Ұнаған шумақты жаттау.
2. "Қадыр-Қыран-Қазақ" ой - толғау
3.Ақын туралы ізденіп келу.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?