Көктемгі шуақты күн!


Көктемгі шуақты күн.Балаларға табиғат құбылысының бірі күннің маңыздылығын түсіндіру. Күн барлық тірі табиғат атаулыға жарық,жылу сыйлайды. Егер күн болмаса біз не істер едік...

Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасы

Ересек топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»

Ай апта

Сәуір-апта

SMART мақсаты

Білім саласы

ҰОҚ

Тақырыбы

Әдістер

Ресурстар

«Шығармашылық»

Жапсыру

«Көктемгі шуақты күн!»

1)4 к модель білім беру: сыни ойлау, креативтілік, коммуникативтік, командалық жұмыс.

2)Бақылаулар:тікелей, жанама, жаппай, кері байланыс арқылы. 3)Саралау: оқу ортасы арқылы , диалог сұрақтарды қолдану , үдеріс арқылы , педагогтің түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсетуі арқылы саралау.

4)Кері байланыс:бала үні, дәстүрден тыс әдістер.

Мультимедиа тақта, дәстүрден тыс әдіс құралдары (көк түсті қағаздар, желімдер,губкалар,жіптер,фетралар) Воскобович планшеті, ойын материалдары, фетра баспалдағы.

Күн сұлбасын сары түсті ресурстардан қағаз бетінде тұтастай орналастыра алады.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Сәлеметсіздер ме !

-Балалар, бүгін біз үшін ерекше күн!

-Айналамызға қарайықшы, оқу қызметіне кімдер келді?

-Біздің балабақшаға қонақтар неге келді деп ойлайсыңдар?

Себебі, біздің балабақшада сүйкімді, ақылды, білімді бүлдіршіндер көп екен.

- Ал, біз осы қонақтарымызға қолымыздан не келетінің көрсетуге дайынбыз ба?

(4 к модель -сыни ойлау, коммуникативтік,тікелей бақылау, кері байланыс, бала үні)

Балалар қонақтармен амандасады, жетелеуші сұрақтарға жауап бере алады.

(Бала үні)

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

Жұмбақ жасыру:

Аспанда бір айна бар,Әлемді көріп айналар.

«Күн» -бейнеролик көрсету.

-Балалар, күн біртіңдеп қозғала ма?

-Мүмкін, күн бір орында тұратын шығар?

-Күннің қозғалысын қалай көріп жүрсіңдер?

Синквейн – бес жолды өлең әдісі.(Күн суретін көрсету)

-Бұл не?

-Күннің түсі қандай?

-Күн не істейді?

-Күн туралы жағымды сөзді кім айтады?

-Күн?

-Балалар,қазіргі мезгілде күн шуағын төгіп ағаштарда біртіңдеп өзгеріс пайда бола бастайды.

-Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

-Көктем ханшайымын көргілерің келе ме?

-Ендеше, бізге алыс жолдан келген көктемді қарсы алайық.

Көктем ханшайымы: -Сәлеметсіздер ме,балалар!

Мен көктем ханшайымы боламын. Менің достарым наурыз,

сәуір,мамыр айлары елімізде қалды. Мен сендерден күнге көмек сұрап келдім.

«Күн»- слайд көрсету.

-Балалар, мына суретте күннің түсі қандай?

-Неліктен күннің түсі ақ деп ойлайсыңдар?

-Күннің ақ түсті болуы дұрыс па? Күн қандай түсті болушы еді?

-Күннің көңіл-күйін байқадыңдар ма, күн сендерге қандай көңіл-күйде қарап тұр?

-Неліктен деп ойлайсыңдар?

Балалар, күн өзінің әдемі сары түсті көйлегін жоғалтып алған екен. Күнге көмектесейік,сендер менімен келісесіңдер ме?

(4 К модель-сыни ойлау, коммуникативтік, оқу ортасы арқылы саралау, үдеріс арқылы саралау, диалог сұрақтарды қолдану арқылы саралау, тікелей бақылау, кері байланыс, бала үні)

Жапсыру әдіс-тәсілі:

Үстел үстінде түрлі ресурстар (губка,фетра, жіптер)

Күн сұлбасын осы қалаған ресурстарымен толықтыру.

(4 к модель- креативтілік, педагогтің түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсетуі арқылы саралау, ресурстарды саралау, жанама бақылау)

Педагогтың жетекшілігімен ойын: «Ойлан тап!»

SMART мақсаты: Суреттерді қажетті бөліктерімен толықтыра алады.

Ойын шарты: «Бұл не?»- ойлану арқылы суретті бөліктерімен толықтыру.

(4 к модель- сыни ойлау, креативтілік, өнім арқылы саралау, жанама бақылау, бала үні)

Сергіту сәті: АКТ технология

Командамен жұмыс:

I-топ: Күн мен тірі табиғатты резинамен байланыстырады.

(Воскобович планшетін қолдану)

II-топ: Тірі табиғат суреттерін күн шуақтарына орналастырады.

(4 к модель –сыни ойлау, креативтілік,командамен жұмыс, топтарға бөліну арқылы саралау, жаппай бақылау,бала үні)

Қорытынды: «Баспалдақ» ойыны

-Балалар, бізге қонаққа кімдер келді?

-Күннің көйлегін әдемілеп беруде қандай ресурстарды (заттарды) қолдандыңдар?

-Күннің түсі қандай?

-Күн табиғатқа не сыйлайды?

-Күнге қандай тілек айтар едіңдер?

(4 к модель-сыни ойлау, жетелеуші сұрақтарды қолдану арқылы саралау,кері байланыс арқылы бақылау,бала үні)

Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру.

-Күн (Бала үні)

Бейнероликке назар аударады.Жетелеуші сұрақтарға жауап бере алады.

Күн

Сары түсті

Қозғалады,жылжиды

Күн шуағын төгеді

Күн қуаныш сыйлайды

(Бала үні)

Көктем ханшайымымен амандасады.

Күн бейнесіне назар аударады.

Жетелеуші сұрақтарға жауап бере алады.

Дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып, күн сұлбасын әр түрлі ресурстармен толықтыра алады.

Суреттің қажетті бөліктерін тауып, толықтай бейнені көрсете алады.

Қимылмен көрсетеді

Ай және жұлдыз ресурстары бойынша

топтарға бөлініп берілген

тапсырмаларды орындай алады.

Балалар жетелеуші сұрақтарға жауап бере алады. Күн бейнесін баспалдақтың биігіне көтеріп тілек айтады.

(Бала үні)

Рефлексивтік

жинақтаушы

Көктем ханшайымы: Рахмет балалар, сендер күнге өте жақсы көмектестіңдер. Менің де сендерге алып келген сыйлығым бар. (Балалар жұмысын бақылап, сыйлық береді)

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

4 К модель білім беру арқылы топтарға бөлінуді,дәстүрден тыс әдіспен жұмыстануды;

Түсінеді

Күн туралы түсінігін, 4 К модель білім беру арқылы сыни ойлауды, ресурстарды қолдана отырып саралауды;

Қолдана біледі

Күн сұлбасын сары түсті ресурстардан қағаз бетінде тұтастай орналастыруды.

Тәрбиеші: Насиева Фая Хисметуллаевна



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу