Бастауыш | Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш» өлеңі

 Бастауыш | Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш» өлеңі

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №8 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Айжан Қаршығақызы
Әдебиеттік оқу 4 сынып


Ашық сабақтың тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш» өлеңі
Ашық сабақтың мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын ашып, түпкі негізгі ойды ашу.
2) Ананың балаға деген махаббатын, сезімін түсінуге баулу, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, шығармашылыққа,қайырымдылыққа баулу.
3) Өз бетімен жұмыс жасау, сурет бойынша әңгіме құрау, мінездеме жазу ,сатылай кешенді талдау қабілеттерін дамыт.
Сабақтың көрнекілігі : слайд,тақырыпқа байланысты сурет , қарлығаш, дәуіт, жылан суреттері
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау
Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру бөлімі
II Психологиялық дайындық
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! III Ой қозғау стратегиясы Ендеше сабағымызды бастайық.
III Үй тапсырмасын сұрау «Қаламсап әдісі » арқылы қаламсаптарын жинап алып 3 қатардан 3 оқушыдан сұрау
Жіңішке сұрақ: «иә», «жоқ» арқылы жауап беру
1 Бұл өлеңде торғай көңілді ме? жоқ
2 «Құндыздай», «Қорғасындай» деген сөздер теңеу сөздер иә
3 Бұл өлеңдегі негізгі ой «Құстарға қамқор болу керек, құс ұясын бұзбау керек» иә
IV Жаңа сабақ Жұмбақ шешу
Құйқылжытып дала күйін, үй ішіне салады үйін (қарлығаш)
Үп- үшкір таяғы , жылан көзін ояды (дәуіт)
Жер бетінде жатқан арқан, ұстауға оны бәрі қорыққан ( жылан)
Қарлығаш, дәуіт , жылан туралы не білетіндерін қысқаша сұрау
Қарлығаш- торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б.ұя жасайды. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады.
Дәуіт- жыртқыш жәндіктер отрядының бірі. Дәуіттің басы қозғалысқа өте икемді, денесі ұзынша (40 – 75 мм), жасыл, сары, қоңыр түсті. Ал жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі құбылып тұрады. Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында 20-дай түрі, әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпуза жиі кездеседі.. Дәуіт түрлі ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Олар ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктермен қоректенетін болғандықтан пайдалы, бірақ кейбір түрі бал арасынан, пайдалы қоңыздарды жеп, зиян да келтіреді.[1] Ұзындығы 11 см. Өтебай Тұрманжановтың « Қарлығаш»өлеңін мәнерлеп оқу.
Жылан- бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы. Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.

Дәптермен жұмыс
Бір шумағын бастап ары қарай тізбектеп, жалғастырып оқу, мазмұнын ашу.
Сөздік жұмыс Дәуіт- шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік.
1 қатар сұрағы Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? Ұяда қанша балапан бар дейді?
2 топ сұрағы Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?
3 топ сұрағы Қарлығаш жыланнан қалай құтылды?
V Өлеңге сатылай кешенді талдау
« Қарлығаш»өлеңі
1 Авторы - Өтебай Тұрманжанов
2 Тақырып- Табиғат жәндіктері мен құстар арасындағы тартыс
3 Жанр түрі- поэзия (өлең) өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4 Идеясы- бірлікке, татулыққа, қайырымдылыққа баулиды, ақ пен қараны айыра білуге, ананың бар арманы- баласының амандығы.
5 Шумақ - аяқталған синтаксистік тұтас бір ойды білдіреді.21 шумақ
6 Тармақ- өлеңнің бір жолы 4х21=84 тармақты
7 Бунақ- белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі 3 бунақты өлең
8 Буын саны- сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты 11буынды
9 Ұйқас- өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін - ұйқас дейміз. Қара өлең ұйқасы- -а-а-ә-а
10 Әдеби – теориялық ұғымдар.
Дәптермен жұмыс
1 қатар Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын былайша жаз.
Жәндіктер: инелік,шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бал ара, шегіртке, қоңыз, жылан, есекқұрт, шылаушын, көбелек, дәуіт.
Құстар: бозторғай, ала қаз, көк ала үйрек, қарлығаш.
2 қатар Өлеңнен ав тордың жыланды жек көргенін қалай білуге болады? Ол үшін жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерін мына үлгі бойынша теріп жазсаңдар, автордың көзқарасын анық байқауға болады.
Қандай?
Жылан сұр, сұм
шұбар, қан сорғыш
қу, түсі суық
3 қатар Сурет бойынша әңгіме құрау
11 Түсіндірме сөздік Дәуіт- шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік.
12 Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - бірлікте болып , қайырымдымды болуға, ана қадірін ұқтырып, ананы сүюге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2 тапсырманы орындату арқылы нақтылай түсу.
Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқы. Оқыған кезіңде қандай сезімде болдың?
Жыланды түсі суық танып тұрды,
Көзінен мөлт- мөлт жасы тамып тұрды.
Анаға бала деген қандай қымбат!
Жүрегі алас ұрып жанып тұрды.

VI Сабақты қорыту
Жаппай тапсырма
Қандай осы тақырыптарға байланысты ырымдар, аңыздар, әңгімелер білесіңдер?
Дәуіт- пайғамбар есімі, араб тілінен аударғанда «сүйкімді,тартымды» деген мағынаны білдіреді.
Жыланға ақ құйып шығару- үйге еклген қонаққа міндетті түрде ертеде ақтан ауыз тигізетін болған, міне үйге келген жауға да ақ құйып құрметтеу дегеннен шыққан екен.
Бүкіл ел көшіп бара жатқанда Төле бидің үйінің шатырына қарлығаш ұя салып, содан Төле би қарлығаштың балапандары әбден қанаттанғанша көшпей қалып қойған, содан «Қарлығаш әулие атанып » кеткен.
Бағалау


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?