Кел, ойнайық!


Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы:
«Кел, ойнайық!»
Білімділік мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, дыбыстарды сөзде, сөйлемде ажырата білуге, байланыстырып сөйлеуін, баланың сөздік қорын молайту,
Дамытушылық: Артикуляциялық сөйлеу аппаратының қимыл - қозғалысын, қолдың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, логикалық ойлауын, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: көктем, сандық, жуыну, құлып.
 Билингвалды сыңары:
весна, сундук, умыватьсязамок. 
 Заттық дамыту ортасы:
Айна, қағаздан жасалған гүлдер, көбелектер, көктем мезгіліне, дыбыстарға байланысты, сурет қиындылары, слайд, сиқырлы қорапша, үш түрлі сандық.

Әрекеттер кезеңіПедагогтің іс - әрекетіБалалардың
  іс - әрекеті
Мотивация - лық - қозғаушылық
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік
Рефлексия - лық - түзетушілік
Шаттық шеңбері 
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балабақша үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар,
Қош келдіңіз бәріңіз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр екен. Қонақтар сендердің оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді екен. Ендеше біз оқу іс - әрекетіне көшейік.
- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем айларын атайықшы?
- Балалар, мен сендерге көптеген түрлі суреттер дайындадым. Сол суреттердің ішінен көктем мезгіліне тән суреттерді тауып алып мына қағаз бетіне жабыстырамыз да орындарымызға отырамыз.
- Балалар, біз сендермен қай дыбыстарды дұрыс айтып үйрендік?
- Дыбыстарды дұрыс айту үшін біз неге арналған жаттығулар орындамыз?
«Күрекше»
«Алтыбақан»
«Кесе»
«Тәтті тосап»
«Маса»
«Сылақшы».

Артикуляциялық массаж.
- Балалар біз ұйқыдан тұрған соң не істейміз?
- Дұрыс жуынамыз. Кәне барлығымыз айнаға қарап бітімізді жуамыз, маңдайымызды, көзімізді, қасымызды, мұртымызды, құлақтарымызды жуамыз.
(5 - 6рет)
Тыныс алу жаттығуы.
«Гүл иіскеу»
«Көбелек ұшыру»
Дидактикалық ойын:
«Сиқырлы сандық»
- Балалар, мен сендері «Сиқырлы сандық» ойынына шақырамын.
Мұнда әрқайсымыз үйренген дыбыстарымыздан басталатын суреттерді мына үш сандыққа орналастырамыз. Бірінші сандаққа дыбыс сөздің басында, екінші сандыққа сөздің ортасында, үшінші сандыққа сөздің аяғында келетін сөздерді тауып саламыз.
Сергіту сәті.
 
Секіреміз топ - топ - топ,
Шапалақтап хлоп - хлоп - хлоп.
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз шынығып аламыз.
Дыбыстық жаттығу
 
Ер - ер - ер
Емдейді дәрігер.
Ғу - ғу - ғу
Жасаймын жаттығу.
Ыр - ыр - ыр
Атам бақты сиыр.
Ер - ер - ер
Ұшып келді кептер.
Ақ - ақ - ақ
Талдан түсті жапырақ.
Ап - ап - ап
Әпкемде көп кітап.

 
Саусақ жаттығуы.
- Біз көптеген саусақ жаттығуларын жасап үйрендік. Тақтадан бірнеше суреттер шығады, ал сендер соны қолмен бейнелеп беріңдер.
Құлып, қоян, күн, үй, ұлу, саңырауқұлақ, қаз, тасбақа, торғай.
«Біздің жанұя»
 
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым әкем,
Балан үйрек - анам,
Ортан терек ағам,
Шылдыр шүмек - мен,
Кішкене бөбек сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
- Жарайсыңдар балалар, енді мен сендермен «Сиқырлы қорап» ойынын ойнағым келіп отыр. Алдарыңдағы сиқырлы қораптың ішінде түрлі суреттер салынған, ал сендер сол суретті жұмбақ ойлап жасырасыңдар.
Қарбыз, қырыққабат, алма, көбелек, тоқылдақ, әтеш, т. б.
Әр сөзді буынға бөл.
- Балалар, бізге жаңылтпаш не үшін керек?
- Кім қандай жаңылтпаштар біледі?
- Балалар, енді біз оқу іс - әрекетіміздің соңында «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. Ойында мен бір сөйлем айтамын, ал сендер жалғастырасыңдар.
Ойын: «Кім жылдам?»
- Қыста қар жауады, ал көктемде...
- Жазда жеңіл киінеміз, ал қыста...

 
- Көзімізбен көреміз, ал құлағымызбен...
- Таңертең оянамыз, ал түнде...
- Көктемде ағаш бүршік жарады, ал күзде...
- Сиыр мөңірейді, ал қой...
- Әтеш шақырады, ал ит...
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз де аяқталып қалды. Бүгін біз оқу іс - әрекетімізде қандай тапсырмалар орындадық?
 - Сендерді бүгінгі оқу - іс - әрекетіне өте жақсы қатысқандар. Бүгінгі оқу іс - әрекетінін алған көңіл күйлеріңді мұнда тұрған суреттер арқылы көрсетіңдер.
Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын қайталайды.

 
- Қазір жылдың көктем мезгілі.
- Наурыз, сәуір, мамыр.

 
Балалар көктем мезгіліне тән суреттерді таңдап алып жасыл параққа жабыстырады да орындарына отырады.

 
-«Р», «Л», «Ш», «С», «Ж» дыбыстарын айтып үйрендік.

 
- Тілге арналған жаттығуларды, тыныс алу жаттығуларын орындадық

 
Балалар айна алдында тілге арналған жаттығуларды орындайды.

 
- Жуынамыз.

 
Айна алдында артикуляцияляқ массажды логопедтің нұсқауы бойынша орындайды.
Гүлді, көбелекті пайдалана отырып, тыныс алу жаттығуын орындайды.
Ойын шартын түсініп қызыға ойнайды.
Қимыл - қозғалыс арқылы сергіту жаттығуын орындайды.


 
Дыбыстық жаттығуды логопедпен бірге қайталайды.

 



 

 Балалар тақтада көрсетілген суреттерді саусақтары арқылы бейнелейді.



 
Өлең жолдарын қайталай отырып саусақ жаттығуын орындайды.

 
Балалар алдарындағы қорапшаларды ашып көріп ішіндегі суретке өз ойларынан жұмбақ ойлап айталы.
(Өзі түрлі - түсті, гүлдерге қонады?) көбелек.
- Тілімізді жаттықтыру үшін.

 
Балалар өздері білетін жаңылтпаштарын айтады.

 
- Ал көктемде қар ериді.
- Ал қыста қалың киінеміз.
- Құлағымызбен естейміз.

 
- Түнде ұйықтаймыз.
- Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Қой маңырайды.
 - Ит үреді.
- Тілге арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығуын, саусақ жаттығуын, ойындар ойнадық.
 Балалар арнайы дайындалған түрлі көңіл - күйдегі смайликтерді таңдап алып көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көктем мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі.
Меңгереді: Дыбыстарды дұрыс айтуды меңгереді.
Жасай алады: Саусақ арқылы әр түрлі заттарды бейнелей алады.

Тараз қаласы №13 бөбекжай - бақша 
Логопед Ибраева Гульсара


 


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу