1 Қыркүйек - Білім күні «Қазақстан - 2050» стратегиясы (Бір халық – бір ел – бір тағдыр)
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Қарауылкелді орта мектебі
География пәнінің мұғалімі
Бердіғали Шынар Ибадулла қызы
Қарауылкелді орта мектебі
География пәнінің мұғалімі
Бердіғали Шынар Ибадулла қызы
Ашық сабақ тақырыбы: Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр»
Ашық сабақ мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.Елбасы саясатын насихаттау
Ашық сабақ көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер
Ашық сабақ барысы:
- Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні сабағымызды : «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» -бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
- Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық.
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
- Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал-мәтелдердің мәнін ашып көрелік. (слайдпен көрсету)
«Алтау ала болса-ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі мықты ел озады
Бір ананың баласындай т.б
(Бұдан шығатын қорытынды татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ екендігін түсіндіру)
Хор: Қазақ елі
Осы ойымызды сабақтай келе мына бір аңызды тыңдап көрелік.
«Қария мен балалары туралы айту»
Оқушыларға ой тастау:
- Аңыздың басты мәні неде деп ойлайсындар?
(Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады)
Хор: Елім менің
- Жаңа кезеңдегі ұлттық бірлесу үдерісінде қазақ халқының ролін нығайту өте маңызды. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс. Бұл үшін Елбасымыз төмендегідей жеті міндетті атап көрсетті.
(Оқушылар негізгі міндеттер туралы айтып өтеді)
- Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Қазақстандағы достық пен татулықтың көрінісі Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайынан да көрінеді

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?