Тіл мерекесі ашық сабақ


Тақырыбы: «22 қыркүйек – тілдер мерекесі»

Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақылсөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу;

Көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат,слайдтар, оқулық, нақыл сөздер Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.(Шағын видеоролик)

Өлеңдер:

1-оқушы:Қымбат маған ана тілім, бал тілім,Қымбат маған дана тілім, ар тілім,Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.Қасиетті менің ана тілімде,Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлен – жырмен арайланса, тау күліп,Ардақтымды жырлап өтем әң қалып.Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

2-оқушы:Родной язык!Он с детства мне знаком,На нем впервые я сказала «Мама»,На нем клялась я в верности упрямой,И каждый вздох понятен мне на нем.Родной язык!Он дорог мне, он мой.На нем ветра в предгорьях наших свищут,На нем впервые довелось услышатьМне лепет птиц зеленою весной.

3-оқушы: Oh, friend unseen, unborn, unknown,Student of sweet English tongue,Read out my words at night alone:I was a poet, I was youngSince I can never see your fase,And never shake you by the hand,I send my soul through time and spaceTo greet you. You will understand.

4-оқушы: Ана тілім, жүрегісің анамның,Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.Сағат сайын саулығыңды тілеймін,Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.Анашымды ұмытқаным емес пе?Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.Ел бетіне қалай тура қараймын,Ана тілім егер сені білмесем.

Мақал-мәтелдер:

1-топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

2-топ

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

Жұмбақтар шешу1. Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)2. Отыз екісі диірмен тартып, Бір қапқа салады. (тіс, тіл)3. Екі әскер соғысып жатыр, Ортасында бір елші. (тіс, тіл)4. Әрі сүйексіз, Әрі тиексіз. (тіл)5. Ақ тоғайдық ішіндеКісінейді күрең тай. (тіл) Викториналық сұрақтар:1. Күй атасы кім? (Құрманғазы).2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).3. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).4. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).6. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).7. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).

Слайдпен жұмыс

«Төмендегі орыс тіліндегі сөздердің аудармасы қандай қазақ есімдерін білдіреді?» деп аталады.1. Верблюжий глаз (БОТАГӨЗ)2. Мечта (АРМАН)3. Надежда (ҮМІТ)4. Лев (АРЫСТАН)5. Лунный цветок (АЙГҮЛ)6. Счастье (БАҚЫТ)7. Жемчуг (ГАУХАР)8. Щедрость (ДАРХАН)9. Яблочный цветок (АЛМАГҮЛ)10. Cвобода (ЕРКІН)11. Оленёнок (ҚҰРАЛАЙ)12. Вершина (АСҚАР

Аударма:

Ұлан-байтақ – широкийұлт – национальностьТілдер күні – день языковжариялау – объевлятьтойлау – праздноватьұйымдастыру – организоватьбілгір – всезнающийжүлделі – призовойсайыс – состязаниемереке - праздникқызықты – интересный

Осымен тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты аяқталды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу