Отбасым мақтанышым. Отбасы туралы сабақ
Отбасым мақтанышым
Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы түсінігін кеңейту. Отбасы мүшелері бірге тұратын бір-біріне көмектесіп, қамқор болуға дайын тұру керектігін ұғындыру. Үлкенді сыйлауға үйрету. Өз ата-тегінді білу, әке-шешесінің толық аты-жөні қызметі жайлы білу. Өз отбасыңа деген мақтаныш сезімде болу.
Ұйымдастыру кезеңі: Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
- Ал, балалар Отбасы дегеніміз кімдер?
- Отбасында тұратын ең жақын адамдар.
- Оларды кімдер дейміз?
- Отбасы мүшесі дейміз
-Сен отбасыңда кімсің?
-Мен отбасымның мүшесімін, әкем мен шешемінің баласымын. Ата-әжемнің немересімін.
Олай болса жарайды онда бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы. «Отбасым мақтанышым».
- Ата асқар тау
- Ана бауырыңдағы бұлақ
- Бала жағасындағы құрақ
Мақал кімдер жайлы айтылған. Әке, ана, бала
1.Арқамызда тірер асқар тау әкеміз, қорғаныш сүйенішіміз, тірегіміз.
2.Ал, тәрбие беретін жылауық сыйлайтын ана.
3.Ал, біздер балалар жанұяның жапырақтары құрақтарымыз.
«Жеті ата» ұғымы: 1-ата, 2-әке, 3-бала, 4-немере, 5-шөбере, 6-шөпшек, 7-немене
«Бала тәрбиесі бесіктен»-дейді қазақ.
Олай болса әрбір ата-ана өз баласына өазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелеген.
Ендеше, сендердің өз ата-аналарыңнан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ салайық.
Өлеңдер:
1.Аружан
2.Аманғалый
3.Алтынай
4.Жаңылсын
5.Еркебулан
6.Бейбарыс
7.Жәнібек
8.Абылайхан
Біздің шаңырақ.
Отбасындағы ең басты адамдар кімдер?
Ата, әже, әке, ана
1. Не тәтті? Ананың сүті
2. Не жұмсақ? Ананың қолы
3. Кім жақын?
Тату болса, ағайын жақын
Ақылшың болса апайың жақын
Бауырмал болса, інің жақын,
Қимас жақын қарындасың
4. Не қымбат?
Алтын ұя Отан қымбат
Құт береке анаң қымбат
Айналайтын анаң қымбат
Бәріненде ұят пен ар қымбат
Мақал-мәтелді айтып көрейік
1. Ананың көңілі балада,
2. Баланың көңілі далада.
3. Әкеге қарап ұл өсер,
4. Шешеге қарап қыз өсер.
5. Әке баланың мақтанышы
6. Бала күлкіге тоймас
Жаман ұйқыға тоймас.
7. Көптің ой кемеңгер
8. Өнерлінің қолы алтын
9. Өлеңшінің сөзі алтын
10. Әкенің сөзі парыз
11. Ана сөз қарыз
12. Ата балаға сыншы
Топтастыру әдісі
1. Бәріміздің ортақ үйіміз Отан
2. Отбасы мүшелеріне не керек? Татулық
3. Әке мен анаға кім керек? Бала
4. Отбасы адамдары бір-біріне кім болады? Туыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?