Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев (1935 - 2011)

 Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев (1935 - 2011)

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза-Әлі (1935 жылы туылған) – ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген (1958). 1958 – 93 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Мырзалиевтың «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасырлар» (1961), «Данышпан» (1961), «Ноян-қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964) атты кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Ақын «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), «Ақ отау» (1968), «Домбыра» (1971), «Көш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Алақан» (1977), «Қорамсақ» (1980, 1981), «Қызыл кітап» (1983), «Күміс қоңырау» (1970 – 85) жыр жинақтарында нәзік лирикалық сезімді терең философиялық ой-толғаныстарымен шебер ұштастырған. «Мәңгі майдан» (1993), «Биік баспалдақ» (1993), «Үкілі үзінділер» (1996), «ұибратнәмә» (2001), «Алаштың арманы» (2001), «Жазмыш» (2001), «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001), «Иірім» (2004), «Шырғалаң» (2004), «Алмас жерде қалмас» (2004), тағы басқа 40-тан астам жыр жинақтары мен балаларға арналған топтамалардың авторы. Әдеби-сын кітаптарында халқының өткені мен бүгінгісіне, ғасырлар бойғы арман-мүддесіне, мәдениет пен әдебиеттің даму сатыларына ой жүгіртіп, замандастарының тыныс-тіршілігіне үңіледі. Оның 200-дей өлеңіне ән жазылып, «Күндер-ай» деген атпен жеке жинақ болып шықты (1984). Драматургияда Алдаркөсе туралы «Сақалдың саудасы» атты сатиралық комедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты драмасын жазды. Соңғы шығармасы үшін Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды (1997). Оның шығармалары әлем әдебиетінің озық үлгілерімен үндес келіп, философиялық-дидактикалық дәстүрді дамыта жырлаған өзіндік өрнегімен танылды. Ақын өлеңдері ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылған. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Аударма ісінде М. Овидий, Руми, В. Гюгю, Г. Гейне, М. Лермонтов, С. Есенин, Я. Райнис, Л. Родари, [Р. Ұамзатов]], Э. Межелайтис, К. Кулиев өлеңдерін, Ш. Петефи мен С. Сүлейменовтің («Атамекен») жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған. Мырзалиев ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1980). Әскери атағы — отставкадағы лейтенант.

Діни көзқарасы — ислам.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Гүлденген, азат, дәулетті, бақытты әрі рухани бай».

Хоббиі — қалам, бәкі, төсбелгі жинау.

Үйленген. Жұбайы — Мырзалиева Салтанат (1939 жылы туған), зейнеткөр, полиграфшы болған. Ұлдары — Қуаныш (1961 жылы туған), Қазыбек (1965 жылы туған), Ғазиз (1970 жылы туған).

Қадыр Мырза Әлі — 2011 жылдың қаңтарында қайтыс болған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?