Уәли хан (1741 – 1821)

 Уәли хан (1741 – 1821)

1781 жылы Абылай хан өлгеннен кейін Орта жүздің ханы Уәли сұлтан тағайындалады. Уәлидің билігі бүкіл жүзге жүрген жоқ. Ол тек арғын руы мен наймандардың бір бөлігін ғана басқарды. Уәли ханның өкімет билігі басынан-ақ әлсіз болды. Сыртқы саясат саласында Уәли хан әкесі Абылайдың жүргізген бағытын қолдады. Ол бір жағынан, Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болып, екінші жағынан, Қытай үкіметімен байланысын үзбеді. Уәлидің Цин империясына бейім болуы қазақтардың наразылығын туғызды. 1795 жылы Петербургке қазақтардың Уәлиді тақтан түсіруді сұраған арызы түсті. Патша үкіметі өз тарапынан ендігі жерде оның Қытаймен байланыстарына тыйым салуға бар күшін салды. Уәли ханға келе жатқан Боғдыхан елшілерін қазақ отряды хан сарайына жібермей қойды. Дегенмен, оның Қытай үкіметімен қарым-қатынасы тоқталған жоқ. Өзінің өкімет билігінің тұрақсыздығын сезген Уәли 1805 жылы тіпті Синзян жеріне көшіп кетпек те болды. Бірақ қазақтар оған еріп көшпейтін болды.

Уәли хан тұсында патша үкіметі өз ықпалын нығайту мақсатын шекаралық шепті Орта жүз аумағына қарай жылжыту жолымен жүзеге асыра бастады. Хандық өкіметтің шарасыздығы, қазақ даласындағы феодалдық бытыраңқылық пен шаруашылықтың күйзелуі бұған қолайлы жағдай туғызды. Оның үстіне Уәли ханның ішкі саясатына қарсы наразылық күшейді. Қазақ қауымдары 1795 жылы Уәли ханның үстінен патша үкіметіне наразылық хат жазды. Сол жылы қарамағында 43350 адамы бар, сұлтандар мен билер Ресейге «мәңгі» қарайтынын білдіріп, орыс шекарасына жақын жерлерге орналасты. Уәли хан өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда патша үкіметі тарапынан қолдау таппады және Жүз ішінде арқа сүйейтін әлеуметтік күшінен айырылды. Сондықтан да ол Қытай үкіметімен, Бұхар хандығымен байланысты күшейтуге мәжбүр болды.

1815 жылы Барақтың тұқымы Бөкей сұлтанды Орта жүздің екінші ханы етіп бекітті. Бұдан кейін Орта жүзде хан сайлау ісі мүлде тоқтатылды. Бірақ тағайындалғаннан кейін 1817 жылы Бөкей хан өлді, 1819 жылы Уәли де өлді.

Бұл хан өлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүзде жаңа хандар тағайындамай, мұнда әкімшілік округтері бойынша басқару жүйесін енгізуді ұйғарды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?