Қаратай хан Нұралыұлы (1772 – 1826)
Қаратай Нұралыұлы (1772 – 8.7.1826, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Шідерті өзенінің бойы) — сұлтан, Кіші жүздің байұлы руының билеушісі. Әбілқайырдың немересі, Нұралы ханның баласы. Жасынан Кіші жүздегі тарихи оқиғаларға белсене араласқан. 1797 жылы тамызда Айшуақпен хандыққа таласқан. Бірақ патша үкіметі Қаратайдың беделінен қауіптеніп, нәтижесінде Айшуақ, кейін оның баласы Жантөре хан сайланады. Есім хан өлгеннен кейін төңірегіне топтасқан би-сұлтандардың қолдауымен 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Қаратай хандық билікті қолға алуды, қазақтың Ресей ықпалынан шығуын көздеген әрекеттер жасады. Есім ханды өлтіргені үшін Сырым Датовпен өштесті, Кіші жүзде Бөкейдің хан болуын жақтады.
Оны жеті рудың беделді билері қолдады. Айшуақпен және оның төңірегіне топтасқан Әбілқайыр үрім-бұтағымен күрес жүргізді. 1806 жылы Жантөренің хан сайлануын құптамады. Сол жылы оны қолдаған рулар Қаратайды губернатордың келісімінсіз хан көтерді. 1809 жылы 2 қарашада Қаратай және Орман сұлтан бас болған топ бейқам жатқан Жантөре ауылын шауып, оны өлтірді. Қаратай қозғалысына қарсы жазалау тобы шықты.
1816–17 жылдары келісөздер нәтижесінде қарсылықты тоқтатып, Кіші жүздегі қақтығыстарды реттеу, толқуларды басу ісінде Ресей үкіметіне қызмет етті, қаталдығымен көзге түсті. 1828 жылы Ішкі ордада хан тағына отырған Жәңгірдің Кіші жүзді басқаруын сұрап, Орынбор әкімшілігіне 66 сұлтан, старшын, би қол қойған хат жолдады. 1824 жылы тамызда Орынбор губернаторы П. Г. Эссен оны Кіші жүздің Батыс бөлігінің әкімі етіп тағайындады. Бұл жылдары, әсіресе, 1825 жылы күзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған табын руының көтерілісінбасуға тікелей ат салысты. Сол қимылдары үшін Ресей үкіметі тарапынан алтын медальмен марапатталған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?