Марғасқа жырау (XVII)

 Марғасқа жырау (XVII)

Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Қилы замандарда шапқыншылықтар мен жорықтардан халықтың жанын сақтап, малын қорғау ханмен қатар осы тұлғалардың да жауапкершілігінде болған. Есім ханның жорық жырауы ретінде елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен ол халықты жəбірлеген мейірімсіз хандарды аяусыз сынаған. 1627 жылы Ташкент өңіріне билігін жүргізіп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан. Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде: «Ей, Қатағанның ханы Тұрсын, Опасызға лағынет болсын. Кінəсіз халықты жылатқан Жер Тəңірісі сияқтысың. Алтын тақта отырсаң дағы Ажалға төтеп бермессің», — деп Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғандығын бетіне басады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?