Қадырғали Жалайыр (шамамен 1530-1605)

 Қадырғали Жалайыр (шамамен 1530-1605)

Қадырғали Қосымұлы Жалайыр (1555 жылы шамамен туылған жылы -1607 жылы) — орта ғасырдағы қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі. Жалайыр тайпасынан шыққан. Жалайыр атануы осыдан. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, батырлары болып, аталық қызметін атқарған. Әкесі Қосым бек, атасы Темшік батыр атанған. Қадырғали Жалайыр хан ордасында жас бекзадалардың ақылгөйі-тәрбиешісі, ханның қарашысы (ақылшысы, кеңесшісі) болды. Аулын қалмақтар шауып, Шығай ханның баласы, Тәуекел ханның інісі, әскер басы Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, ол Ондан сұлтанның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті ертіп, ауыл-аймағымен Сібір ханы Көшімнің қол астына көшіп барады, онда да төбе би сайланды. Өзінің «Жылнамалар жинағында»: «Менің аталарым Ораз-Мұхаммед сұлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Ораз-Мұхаммедтің атасы Ондан сұлтанға қызмет еттім, одан соң Ораз-Мұхаммедтің қасында болдым» деп жазды.

Қадырғали Жалайыр ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете игеріп, Шығыстың классикалық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген. Ол -Орта Азияның атақты ғалымдарымен теңдес білімдар адамның бірі.

Қадырғали Жалайырдың ғұлама ғылымдылығы мен даналығын бағалаған Көшім хан оны өзінің ақылгөй кеңесшісі еткен. Қадырғали Жалайыр Сібір князі Сейтектің де кеңесші биі болған. Кейіннен Көшім ханға қарсы шығып, ол Ораз-Мұхаммедпен бірге Сейтекпен жақындасқан, сөйтіп оның мәртебесін көтеріп, беделін арттырған. Сібір воеводасы Д. Чулков 1588 жылы Ертіс өзенінің жағасында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген кезде Қадырғали Жалайырды Ораз-Мұхаммед және Сейтекпен Бірге алдап тұтқынға түсіреді де, үй-іші, жақын туыстарымен бірге «аманат» ретінде әкелуге жөнелтті.

Қадырғали Жалайыр 1598жылға дейін Мәскеуде патша сарайында тұрды. 1590–91 жылдары шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыстарға қатысып, ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Федор Иванович 1592 жылы Ораз-Мұхаммед сұлтанды Ока өзені бойындағы Қасым хандығынан жер бөліп берді.

1600 жылы орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым хандығының ханы етіп қойды. Қадырғали Жалайыр оның 4 уәзірінің бірі етіп тағайындалды. Осы кезде Қадырғали Жалайыр тікелей ғылыммен шұғылданды.

Ол Қасым хандығында 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» (« Жылнамалар жинағы») атты шежіре кітабын жазуды бастап, оны 1602 жылы аяқтады. Шежіре 157 бет, Қытай қағазына аса ұқыптылықпен жазылған. Ғалым шығармасын өзі тұтас Шығыс ғұламаларының дәстүрі бойынша орыс патшасы Борис Годуновқа арнаған. Қадырғали Жалайырдың шежіресі- ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?