Роза Бағланова Тәжібайқызы

 Роза Бағланова Тәжібайқызы

Бағланова Роза Тәжібайқызы 1922 жылдың бірінші қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Әнші (сопрано), ҚазКСР – інің (1955) және КСРО (1967) халық әртісі, Халық Қаһарманы (1996), Тарлан сыйлығының иегері атақтарымен марапатталған. Қазақ әншілік мектебінің белгілі өкілдерінің бірі. Қызылорда педагогикалық институтында оқығаннан кейін, 1941 жылы Ташкент филармониясының ән – би ансамблінің әншісі болды.

1947 – 1949 жылдары ол Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (Алматы), 1949 – 1960 жылдары Жамбыл атындағы республикалық филармониясының солисі болды. 1960 жылдан бастап «Қазақ концерттің» әнші – солисі, жетекші сахна шебері болып қызмет етті.

Роза Тәжібайқызы қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосты. Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторларымыздың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, қырғыз, монғол, чех, венгр, қытай, корей, үнді, швед әндері үйлесімді көрініс тапты. Ұлы Отан соғысының отты жылдары кеңес жауынгерлерінің бойына күш – жігер бере отырып оқ пен оттың астында жүріп те ән шырқаған мұндай адам жоқ деуге болады. Мәскеу түбінде шайқасқан панфиловшы жауынгерлер алдында концерт қойды. 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласындағы Жеңіске арналған концертке қатысты.

Алатаудай ойлы, бойы талдырмаш болса да туған халқына ерен еңбек еткен, ұлылық ән өнерінің тарихында өшпес із қалдырған, талай ұрпаққа жол сілтеген Роза апамыздың өнер жолы шын мәнінде ерлікпен пара – пар. Жайдары мінезімен, жарасымды күлкісімен Кеңес Одағының түкпір – түкпірінлегі халықтардың жүрегіне шуақ дарытты. Майдан шебінде қойған концерттері «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, үздік еңбек және шығармашылық қызметті екі Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» және «Отан» ордендерімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атанды. Әншінің ұзақ жылдық еңбегі «Тарлан» қоғамдық және «Дәнекер» Халықаралық сыйлығымен аталып өтті. Елбасымыз Н. Назарбаевтың мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау қорының президенттік степендиясын табыс еткен мәдениет қайраткерлерінің тізімінде – Роза Тәжібайқызының да есімі бар.

1957 жылы гастрольдік сапарлармен Венгрия, Германия, Қытай, Польша, Чехословакия, Ауғанстан, Үндістан, Австрия, Бельгия, Бирма, Швеция, Канадада болды. 1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілерінің 2 – ші конкурсының дипломанты. 1949 жылы Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің 2 – ші Бүкілдүниежүзілік фестивалының лауреаты атанды.

1985 жылы Москвада өткен Жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік 12 – фестивалының лауреаты атанып, халық әндерін шебер орындағаны үшін арнаулы жүлдеге ие болды. Аягөз қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Әнші туралы 1989 жылы «Первая Роза», 2006 жылы «Ах, Самара, городок» атты деректі фильмдері түсірілген. 1996 жылы «Алтын сақа» деп аталатын қайырымдылық шараларын өткізіп тұру үшін үлкен қор құрылған. Қор жетім балаларға, мүгедектерге, қайырымдылық көрсетумен айналысады. Қордың президенті келіні – Марал, заңгері – ұлы Тәжен.

Әнші Роза апамыз Қазалыда №67, қазіргі №420 мектепте оқыған, сол мектепке Роза бағланованың есімімен аталуын қарастырылуда. Сонымен қатар Қазалыда әнші мұражайы, апамыздың аты берілген көше бар. Ал жақында Алматы қаласында да Роза Бағланованың атынан бір көше аталынбақ.

2011 жылы 8 – ақпанда 89 жасында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы, қазақ өнерінің майталман күміс көмей әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында дүние салды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?