Қазақ тілі | Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуы
Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әр түр-лі. Демек экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы: адам, көл, қабырға, үлкен, сусын, бала, тау, көтеру, аға, таныс, киім, шөп, отын тәрізді бір топ сөзді қылпың, тыраш, қақшу, тойтаңдау, жортақы, дедектеу, қаздаңдау, қымыңдау, шал-жию, қымқу, көститу, төпелеу, дардию, тыраю, ызғыту, еміну, тырбықай, пысықай, құқай, тықақ, шыпжықай, тұштақай дегендермен өз ара салыстырсак, өздерінің көркемдік бейнелілігі, эстетикалық әсерлілігі тұрғысынан бұлардың екі сала нәрсе екенін оңай аңғаруға болады. Мысалы соңғы топтағылар ғана экспрессивті сөздер. Бұлар көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилі және публицистикалық стильдерде жиі жұмсалады.
Экспрессивтік бояу — жеке сөздерге де, фразеологиялық орам-дарға да, сөз формаларына да, синтаксистік конструкциялардың қай-қайсысына да тән сипат. Бірак бұл арада мына ‘бір мәселенің бетін аша кету керек. Әдетте әр сөздің өзіне тиісті қолданылу ерекшелігі, белгілі бір стиль түріне бейімі, ягни стильдік сипаты болады. Мысалы жоғарыда талданған саңлақ, парыз, пәті, еше, аға сұлтан, онбасы, ультрадыбыстық қондырғы, салмақсыздық, мұз-қала, шырайлым,т. б. кез келген стильде қолданылмайды. Кейбіреуі ғылыми стильге тән болса, өзге бір тобы көркем әдебиетте тиімді, ал енді бір саласы ресми кеңсе қағаздарына лайықтырақ. Бұлардан басқа тағы бірқыдыру сөз стиль түрлерінің бәрінде кездесіп отырады. Мысалы бейтарап лексика солай. Демек; тілдегі сөздің қай-қайсысының да өзіндік қолдану аясы, дәлірек айтқанда, белгілі бір стильдік сипаты болады. Ал тілдегі сөздің қай-қайсысының да экспрессивтік бояуы бола бермейді, бала мен бөбек, бүлдіршін дегенді, немесе қала мен кент, шаһар есімдерін өз ара салыстырып көрейік. Қала, бала сөздері экспрессивті емес. Ал бүл екеуіне қарағанда, бөбек, бүлдіршін, кент, шаһар дегендерден экспрессивтік бояу айқын сезіледі.
Экспрессивтік бояу әдетте екі тұрғыда сөз етілуі тиіс. Біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім түратын сөздер, екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер. Бірақ сөздің лексикалық мағынасында экспрессивтік өң үнемі бола бермейді. Әрбір жазушы белгілі бір образ жасау үстінде өз шығармасының тіл көркемдігін жетілдіре түсу үшін бейнелеу құралының осы түрін де ретіне қарай пайдалануға тырысады. Экспрессивтік сөз қолдану тәсілі автордың жалпы сөз байлығына ғана емес, сондай-ақ материалды көркемдік мақсатқа сай қаншалықты дәл іріктеп ала білушен де тікелей байланысты. Сөздін, мұндай экспрессивтік қызметі публи-цистикалық, сөйлеу стильдерінде, әсіресе көркем әдебиет стилінде барынша ерекшелене түседі.
Бүгілген бойында құнысып, қозғалақтай берді. Қейде жер шү-қып қап, кейде қымықдап, қозғақ қағады (М. Әуезов). Қызыл құлжаны қымқырып алып, өз үйіне қарай жөнеле берген болатын (сонда). Шаптығып қатты ұрсып, асығып келе жатқан кіші шешесі Айғызды таныды (сонда). Жаңа жамыраған қозылар ауылдардың екі жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады.
Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың…
Тиянақсыз, байлаусыз байғус қылпың .
(Абай)
Қаза болды Мұради, ажал оны қақшыды.
(Рудаки)
Тартына берме тайтаңдап…
Күй шіркін ылпылдап, бипыңдады.
(Ілияс Жансүгіров)
Экспрессивтік бояу тілдің жалпы әр түрлі қабатынан-ақ бай-қалады. Әдеби нормада әбден тұрақтап кеткен қала зат есімі кейде көркем әдебиет стилінде шаһартүрінде қолданылып кетеді. Өйткені қаладан гөрі шаһар түрі айтылса, одан әлдебір пафостық әуен, поэтикалық сарын сезіліп тұрады, көркемдігі де әсерлі шығады. Бірақ бұған қарап, қала сөзі бұл стильде мүлдем қолданылмайды екен деуге болмайды. Тіліміздегі жырақ сөзі де сондай, ол да қа-шық сын есімімен қатар қолданылады. Қашық сөзіне қарағанда, мұның да экспрессивтік бояуы көбінесе көркем әдебиет стилшде айқын сезіледі. Шаһар, жырақ сөздерінің көркем әдебиет стиліндеті экспрессивтігін мына бір мысалдардан айқын көруге болады.
Бәрінде ел аз, иесіздік мол. Іргелі мекен, өнерлі шаһар жоқ (М. Әуезов). Қазіргі бұлтсыз аспандай алысқа, тазалық рақатқа шақырып, жыраққа меңзейді(сонда).
ЦІаһар сөзінің экспрессивтік бояуы алдыңғы сөйлемде анық кө-рініп түр. Қөркем әдебиет стилі үшін өнерлі қала дегеннен өнерлі шаһар. тіркесі жарасымды. Жалпы, осындай жекелеген сөздердің қай-қайысының да экспрессивтік бояуы негізінен көркем әдебиет стилінде айқынырақ көрінеді. Сөйлеу стиліндегі мына бір экспрес-сивтік құбылыс кейде көркем әдебиет стилінде де өте ұтымды пай-даланылады. Мысалы, дағдылы ауызекі тілде, кекесінді, юморлық, ъщғайда кейбір адам жөнінде сөлпекбай немесе бөспебай деп те •өз ара айтылады. Мұндағы экспрессивтік бояу Сәрсенбай, Мұратбай тәрізді кісі аттарының ізімен жасалып тұр. Осы әдісті жазушы кейде таза стильдік мақсатқа, көркемдік, ұтымдылық үшін пайдаланады. Мысалы, Ғ. Мүсірепов “Желкеден бір-екі рет түйіп жіберді” немесе “бір-екі рет желкелеп жіберді” деудің орнына былай дейді: Колхоздыц көпшілігі тосқауыл тосқан жаудыц үгіті екеніне түсініп, Есілбай мен Сүгірбай молданы сәлдесінен бастап иманына детн сыпыра боқтап, үйіне де бір қуып тыққан. Бір-екі рет Желке-бай да беріп жіберген. Сөйлеу стиліндегі бұл тәрізді экспрессивтік бояу басқа автордан да байқалады. Мысалы, I. Жансүгіров келген қонақтардың күн көріс, дәулет дәрежесінің біркелкі еместігін бір сөзбен ғана өте әсерлі етіп суреттейді. Қыр мен қаланың қос-пасынан, құралған бай аулының реңі сияқты олардың қонағыара-ласпай болушы еді. Академик В. В. Виноградов айтқандай, тілдін, экспрессивтік сапасы стильді қалыптастырудьщ бір құралы болып табылады.
Экспрессивтік бояу сондай-ақ тілдегі кейбір көне құбылыстан да айқын сезіледі. Мысалы бояу зат есімі көркем әдебиет стилінде кейде көне бояқ формасында қолданылады. Оның (бояқ сөзінің) көркем әдебиет стиліндегі экспрессивтік бояуы мына бір өлең жо-лынан анық көрінеді.
Қозға енді, бота көзім, Қызыл атым,
Сертті істе өнеріңді қызынатын!
Көк бояқ ен далада құлаш керіп,
Жұлдыздай көктегі ағып сызылатын .
(С. Сейфуллин)
Экспрессивтік бояуы бар жоғарыдағы тәрізді жеке сөз, кейбір көне құбылыс сөйлеу стилінде, публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде көбірек кездеседі. Ал ғылыми және ресми кеңсе стильдерінде сирек ұшырасады.
Экспрессивтік бояу қай стильде болса да әр түрлі болып келеді. Лексикалық мағынасының өзінен экспрессивтік бояу білініп тұратын сөздердің қатарынаселтию, іншік, көйту, желкебай, ара-ласпай, итіну, тырағайлау, шертию, алшию, көститу, сүңгіту, сө-лектеу, қылпың, құйтыңдау, қымыңдау, құқай, күйкі т. б. жатады. Бірақ бұлардың өздері де білдіретін мағыналарына қарай өз ара бірнеше түрге бөлінеді. Оны мына тәрізді тұтас сөйлем ішінде контекстік қоршаудан айқын көруге болады: Қейбіреулер тырашта-нып жуынып жатыр (С. Сейфуллин). Жез мұрты мысықтың мұрты, ғұсап селтиеді де тұрады (Ғ. Мүсірепов). Сөлектеп, алдымды орап, екеуің бір болмайсың (М. Әуезов). Ақыры, Абай мен Тәкежан алшайысып кетті (сонда). Жалаудан жел де сарнайды(С, Сейфул-лин). Тек кез келгенді белуардан көстите береді (М. Әуезов). Сол табақтарды, үй ішіне сүңгітіп жатыр (сонда).
Осы сөйлемдердің қай-қайсысы да экспрессивті. Бұлардағы экспрессивтік бояу сөйлемнің мазмұнына түрліше стильдік өң бе-ріп тұр. Өйткені жоғарыдағытыраштану, селтию, сөлектеу, ал-шайысу, көститу, сүңгіту етістіктері белгілі дәрежеде автордың суреттеліп отырған оқиғаға деген көзқарасын аңғартады. Экспрес-сивтік сөздер көркем әдебиетте әдетте осындай белгілі бір стильдік мақсат үшін қолданылады. Экспрессивтік бояу тыраштану, селтию, сөлектеу, сарнау, жалаңдау дегендердегі сияқты бірыңғай жағымсыз мағынаға құрылмайды. Қөбінесе көркем әдебиет стилінде жиірек қолданылатын тыраштану, селтию, сөлектеу сөздерінің экс-прессиясы кейінгіалшайысу, сарнау, көститу, сүңгіту етістіктерінің экспрессиясынан өзгешелеу. Ол үшеуінде кекесінді, келемеж сары-ны басым. Экспрессивтік бояу әдетте не бір түрлі әзіл-оспақ, юмор түрінде де, салтанатты көтеріңкілік мәнінде де, адамның мінез-құл-қына, көңіл-күйіне байланысты да болады. Бірақ экспрессивтік бояудың осы қатпар-қабаттарының бәрі қай стильде болса да үнемі түгел көрінбейді, кез келген көркем шығарма тілінен бәрі бірдей байқала бермейді. Себебі бұл әрбір автордың тіл шеберлігіне, әрбір шығарманың жазылу стилімен тікелей байланысты.
Әзіл сыңқылды майысқан қатар салдарға қарсы басты. Жаяу салдардың қастарында өңшең ірікті сүлу келіншектер келеді екен (М. Әуезов). Өз үйіңдешертиген паңы құрсын (Абай). Манасты көп көйткізді (М. Әуезов). Шоқша сақалы шанжау-шанжау боп, тырағайлап шыққан (сонда). Ысщақ пен эйелі майы туралған бір табаққа итіне түсті (I. Жансүгіров). Сасық іншік түбінде Отыр жалғыз келіншек (С. Сейфуллин).
Осы мысалдардағы сылдырлы, сыңқылды, ірікті, шертию, ты-рағайлау, итіну, іншік сөздері өздерінін, экспрессивтік сипаты жа-ғынан әр түрлі. Мысалыитіну, шертию, көйткізу етістіктерінің экс-прессивтік бояуы мысқылға, сықаққа құрылған. Ал желкебай, ара-ласпай, тырқу, тырағайлау сөздерінің экспрессивтік бояуынан сы-пайы юмор айқын сезіледі. Егер автор тырағайлап деудің орнына әр жерден сирек шыққан десе, одан дәл мұндай экспрессия байқалмас еді. Іншік сөзінін, негізгі, лексикалық мағынасының өзі экс-прессиялы. Жоғарыдағы өзге экспрессивтік сөздердің мағынасы сән-салтанатқа, тойдуманды жиынға меңзейді. Бұлар контекске әлде бір көтеріңкілік сипат береді. Мысалы, сыңқылды, ірікті сөздерінің стильдік экспрессивтік бояуы тырқу, тырағай, желкебай сөздерінің итіну, көйткізу етістіктерінің экспрессивтік бояуына ұқсамайды. Іншік кейіпкердің тұрмысының жүдеулігін көрсететін экспрессивтік сөз. Ірікті, сыңқылды есімдері негізінен көркем әдебиет стиліне тән сөздер.
Экспрессивтік сөздер сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданылады. Мысалы, тіліміздегі сабаз зат есімінде де, жалаңдату деген етістікте де экспрессивтік бояу бар. Экспрессивтік бояу олардың лексикалық мағыналарының өздерінен-ақ аңғарылып түр. Осы екі сөз көркем әдебиет стилінде ғана емес, кейде публицисти-калық стильде де (мысалы, саяси әдебиет тілінде де) жұмсалады.
Жеңіліп қалганнан кейін біздің сабаздар жылап жіберді жэне қиын жағдай туралы байбалам салды (В. И. Ленин. Таңдамалы шығармалар. Үш томдығы, I том, Алматы, 1962^ 366-бет). Әскерлер шақырылады. Ұландар мен қазактар қылыштарын жалаңдатып, тобырға тарпа бас салады (В. И. Ленин. Жастар туралы. Аладаты, 1972, 184-бет)

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?