Экономикалық жұйелері және оның түрлері
Өлшем әдістері
Экономикалық даму қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнімді жиі қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни бағаның дамуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп тастаймыз. Экономикалық дамуды анықтау барысында тек нақты жалпы ішкі өнім көлемі ғана қарастырылады. Өйткені нақты жалпы ішкі өнім номиналдыға қарағанда бізді нақты ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мысалы, егер ағымдағы жыл ішінде өндіріс көлемі өзгермесе және өнім бағасы 4 есе қымбаттаса жалпы ішкі өнім көлемі де шамалап есе ұлғайяды, бірақ бұл экономикалық дамуге жатқызылмайды.
Халықаралық тәжірибеде экономикалық дамуды есептеуде көбінесе бір адам басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім көлемі есептеледі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін белгілі бір мемлекеттегі бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнім көлемін сол мемлекеттегі адамның санына бөледі. Бұл көрсеткіш негізінен мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайын көрсетеді. Мысалы, Индияның жалпыұлттық өнімі Швейцариямен салыстырғанда шамалап 70 процентке көп, бірақ Индия азаматтарының өмір сүру жағдайы Швейцарияға қарағанда шамамен 60 есе төмен.
Көріп отырғанымыздай жалпы ұлттық өнім тек жалпы көрсеткіш ретінде қолданылыда. Эконгомикалық даму туралы нақты ақпараттарды алу үшін халық санын да қарастыруымыз керек. Мысалы, бір жыл ішінде нақты жалпы ұлттық өнім 1,5 процентке ұлғайса, ал сол мемлекеттегі халық саны да 1,5 процентке ұлғайса бұл экономикалық даму ретінде қарастырылмайды. Нақты экономикалық даму болу үшін жалпы ұлттық өнімнің даму қарқыны халықтың даму қарқынынан жоғары болу керек.
Экономикалық дамуды абсолютті және салыстырмаллы көрсеткіштермен сипаттауға болады. Абсолютті көрсеткіштерге нақты сандар жатқызылса, ал салыстырмалы көрсеткіке проценттік қатынастарды жатқызщуға болады. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. теңгеге тең болса, ал ағымдағы жылы 210 млрд. теңгеге тең болса, онда экономикалық дамудың абсолюттік көрсеткіші 10 млрд теңгеге тең (210 млрд – 200 млрд = 10 млрд) және салыстырмалы көрсеткіші 5 процентке тең ((210 - 200) / 200 = 0,05) болады.
Ш. Экономикалық дамудың түрлері
Ш.1 Экстенсивті түрі
Экономикалық дамудың экстенсивті түрі дегеніміз – ол эканомиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюын айтады (экстенсивті – латын тілінен аударғанда extensivus - ұлғаймалы ).
Эккономикалық дамуге әсер ететін факторлар:
• Негізгі капитал
• Ғылыми техникалық прогрес
• Еңбек ресурстары
• Табиғат ресурстары
• Жиынтық сұраныс
Көрсетілген факторлардың өнімнің шығарылу көлемін үлкейту үшін әрқайсысының қызметін анықтау үшін эконометрмка қолданылады (ғылыми тәртіп , экономикадағы сан жағынан өзгерулерді зерттеуші ретінде). Оның көмегімен ұлттық шаруашылықтың дамуінің эконометрикалық моделі құрылады. Осылайша экономикалық дамуды карастыра отырған Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Солоу (АҚШ) өндірістік функция формуласын қарастырған.
Өндірістік функция өнімнің шығарылуы негізгі капиталға (К) , еңбекке (L)және жерге (табиғи материалды ресурстарға – N ) сан жағынан (F) тікелей тәуелді екені белгілі:
Y=F(K,L,N)
Р. Солоудың зерттеуі бойынша , экономикалық дамудың моделі техникалық прогрес болмаған жағдайда факторларды үлкейту масштабына байланысты тұрақты қайтарым (отдача) қасиетін қамтиды:
ZY=F(ZK,ZL,ZN).
Берілген формула келесі функционалдық тәуелділікті көрсетеді. Егер де капитал , еңбек және материалдық шығындар Z мәніне дейін өсетін болса , онда өндірістің көлемі де Z мәніне дейін ұлғайады. Өндірістің экстенсивті түрдегі көбеюіне дәл осы қасиет тән. Ол шығындалған өндіріс факторларының көлеміне түзу пропорционалды болып келеді. Бұл тәуелділік мына графикпен көрсетіледі (Сурет 4).
Экстенсивті экономикалық даму – ол шаруашылықтың дамытуын ең ыңғайлы әдісі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен табиғи ресурстады өте жылдам игеруге болады , оған қоса салыстырмалы түрде тез жұмыссыздықты қысқарту мүмкіндігі және де жұмысшы күшінің үлен көлемде жұмыс істеуін ынталандырады.
Өндіріс көлемін ұлғайтудың мұндай жолының көптеген кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау тәуелді болып келеді де , өнімнің сан жағынан шығарылуының үлкеюі техника – экономикалық прогреспен байланыспайды. Бірақ техникалық прогрестің экономикалық дамудегі маңызы өте зор болып табылады. Себебі техникалық прогреске тек қана өндірістің мүлде жаңа әдістері ғана еніп қоймай , сонымен қатар басқарудың жаңа түрлері мен өндірісті жаңаша организациялау кіреді. Жалпы айтқанда , техникалық прогрес деп , жаңа білімдерді ашу арқылы түпкі өнімнді шығару көлемін ұлғайту мақсатымен берілген ресурстарды жаңаша әдіспен комбинациялау болып табылады. Практикада көрсеткендей , техникалық прогрес пен капитал салу , яғни инвестициялау бір-бірімен тікелей байланысты. Техникалық прогрес көп жағдайда жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестициялауды қажет етеді.
Экстенсивті экономикалық дамуде өнімнің шығарылуының көбеюінің деңгейі қолданылатын шығарылатын негізгі қордың көлемінің үлкеюіне , материалдық ресурстар мен жұмысшылар санының үлкеюіне тікелей байланысты болады , яғни бірдей деңгейде ұлғаяды. Сондықтан қордың қайтарымдылығы , қордың сыйымдылығы және де еңбек өнімділігі секілді экономикалық көрсеткіштердің мағыналары өзгермейтін деңгейде қалып қояды. Басқаша айтсақ , өндірістің жалпы эффективтілігі , қолайлы жағдайдың өзінде де , өзгермейтін күйде қалып кояды. Сондықтан , негізгі өндіріс қорларын (ғимараттар , құрал-жабдықтар) жаңартуға қаржы-қаражат жетіспейді, нақты айтсақ , жаңа ғылыми- техникалық өзертулер енгізілмейді. Сол себептен бұрыңғы СССР-дағы өндірістік негізгі қорлардың тозуы 1990- жылы 1986- жылға қарағанда 38 пайыздан 41 пайызға дейін өскен болатын. Нақты айтсақ , өндірістік құрал –жабдықтардың мерзімдері нормативті мерзімнен екі есе асқан болатын.
Экономикалық дамудың экстенсивті түрі табиғи ресурстарды тез игеруге мүмкіндік береді. Бірақ соның нәтижесінде ресурстарды экстенсивті әдісті қолдана отырып игеру тиімді емес немесе көп шығынды болып табылады. Мұндай жағдайда ресурстардың көзі тез арада жоғалады немесе жоққа ұшырайды. Экстенсивті даму кезінде қор сыйымдылық көрсеткіші өзгеріссіз қалады, бірақ өндіріс көлемі өседі. Соның нәтижесінде шикізат қоры азаяды. Осылайша шикізаттың бір данасын (мыс, бір тонна мұнай) алу үшін еңбек пен өндіріс құралдарын көбірек жұмсау қажетті болады. Мұндай жағдайда экономикалық даму ұзақ мерзімде шығынды болып табылады. Яғни, даму болғанымен ол тек қана шикізат базасының нәтижесі болып табылады, ал шикізат өз кезегінде қалпына келмейтін және шектеулі табиғи ресурс болып табылады.
Экстенсивті әдіспен даму ұзақ мерзім аралығында мемлекеттегі ұлттық өндіріс пен шаруашылықты ыңғайсыз жағдайға соқтырады. Дамыған мемлекеттер көбінесе мұндай әдісті қолданылмайды, экстенсивті дамуды тек ресурстары жеткілікті, бірақ технологиялық және экономикалық жағдайы нашар дамушы мемлекеттер қолданылады. Экономикалық жағдайы нашар мемлекеттерге экстенсивті даму нәтижесінде шығынды болып келеді. Оған мынадай себептер бар: технологиялық дамудың нашарлығы, өндіріс құралдарының немесе еңбек заттарынынң ескіруі, яғни техникалық талаптарға сай келмеуі, жұмысшылардың мамандану дәрежесінің төмен болуы, шикізат көздері мен оларды өндіретін цехтар мен зауыттардың бір бірінен алшақта орналасуы және тағы да басқа себептер.
Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Америка Құрама Штаттарында қор қайтарымдылық көрсеткіші соңғы жылдарда біршама өзгеріссіз қалған, ал біздің өндіріс орындарында бұл көрсеткіш соңғы 25 жыл ішінде шамалап 2 есе төмендегені белгілі. Батыс экономистерінің айтуынша Совет Одағы кезінде одақ мемлекеттері батыс мемлекеттерімен салыстырғанда өнімнің бір данасын өндіру үшін энергия мен шикізатты 2-3 есе көп жұмсаған.
III.2. Интенсивті түрі
Экономикалық дамудың күрделірек түрі интенсивті даму. Француз тілінен аударғанда intensif – ынта қою немесе бар күшін салу деп аударылады. Экономиканың интенсивті дамуының негізгі ерекшелігі – мұнда техникалық прогрестің базасы нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату болып табылады.
Экономикалық дамудың мұндай жағдайында тех техниканың ғана емес сонымен қатар басқа да өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату қарастырылады. Мұндай экономикалық дамудың әдісін қарапайым мынадай математикалық формуламен өрнектеуге болады:
Y=AF(K,L,N)
Бұл формулада берілген А – ол , факторлардың жиынтық өнімділігі. Бұл формулада көрсетілгендей , егер де өндірістік факторлардың шығындарының көлемі өзгермесе , ал олардың жиынтық өндірісі А 1%-ке өссе , онда өндіріс көлемі де 1%-ке өседі.
Экономикалық дамудың интенсивті түрі өндіріс құралдарының ең тиімді түрлерін кең қолдануға негізделеді. Яғни өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуда ең жаңа және прогресивті техниканың түрлері қолданылады, оған қоса ғылыми жетістікке ие болған жене шикізатты барынша үнемдей алатын техниканың түрлері де қолданылады. Әрине жаңа техникамен қолданыла алатын мамандар дайындалады. Осы факторлардың нәтижесінде өндірілетін өнімнің сапасы жоғары болады, еңбек өнімділігі жоғарлайды, өнімді өндіруге жұмсалатын ресурстар тиімді және үнемді қолданылады, өнеркәсіптің материалдық базасы тиімді қолданылады.
Өндірістің интенсивті ұлғаюының экстенсивті ұлғаюға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Интенсивті ұлғаю экономикалық дамудың ең тиімді түрі болып табылады, өйткені мұнда ғылыми жетістіктер мен жаңа техника қолданылады.
Осыған байланысты қоғамдық деңгейде ғылыми – техникалық информацияның өндірісі дамиды да , соңына таман өндірістің тиімді құралына айнала бастайды. Осымен бір мезгілде қатар білім беру жүйесі , кадрларды дайындау мен қайта дайындау жұмысшылардың мәдени – техникалық деңгейінің дамуін қамтамасыз етеді.
Өндірістің интенсивті көбеюіне негізгі назар аударарлық болатын нәрсе , оның нақты ресурстардың белгілі шектеулігінен пайда болатын экономикалық дамудегі кедергілерді жеңіп шығатыны. Шаруашылықтың даму жағдайы жаңа жолға көшеді , яғни тоқтамайтын ғылыми – техникалық және де экономикалық прогресс жолына. Шаруашылықтың дамуындағы бұндай жолдың негізгі және пайдалы факторы ретінде ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. Мысалға алсақ , жаңа технологияны қолдану жолымен берілген бір тонна жанармайды (7000 ккал) сақтап қалу үшін , тура осындай көлемдегі жанармайды өндіруге кеткен шығындармен салыстырғанда 3-4 есе азырақ шығын кетеді.
Сондай-ақ интенсификациялау халық шаруашылықтағы құрылымдарды өте күрделі прогрессивті түрде қайта құрумен , кең көлемде кадрларды дайындықтан өткізумен , ынтасын білдіретін және де өте жоғары деңгейдегі жұмысшыларды дайындаумен тікелей байланысты. Ұлғайған өндірістің интенсивті түрінің ерекшелігі , ол өндірістің түрінде экономикалық дамудың өте жоғары деңгейдегі қарқындылығы мүмкін болады , бірақ оған қоса ғылыми – техникалық прогрес жұмыссыздықты тудыруы мүмкін. Ал мұндай жағдайда жұмыссыздық елдегі еңбек күші көп аудандарда одан да көбее түседі.
Өндірістік ресурстарды үнемдеудегі кез-келген бағыттағы жағдайларға байланысты интенсификациялаудың бірнеше түрін айырады (5-сурет).
Интенсификациялаудың еңбек жинаушы түрінің болжамдауы бойынша жаңа техника өндірістен еңбек күшін біртіндеп жоюда деп түсіндіреді. Бұл жағдайда өнімді шығару қарқындылығының дамуі жұмысшылар санының өзгеру қарқындылығынан озық болады. Басқаша айтқанда , өндірістің барлық өсімі еңбек өндірісінің көбеюінің арқасында жеке түрде немесе толық жетеді.
Интенсификациялаудың бұл түрі бастапқы кездегі халық шаруашылығын индустриализациялаудағы құрал-жабдықтардың өндірісінің дамуынада қолайлы болып келеді. Техникалық прогресс , сондай-ақ жұмысшы күшін өндірісте біртіндеп аз көлемде қолдана бастау неғұрлым жылдамырақ бірінші жағдайда , яғни өндіріс заттарын өндіруде болады және де неғұрлым жай түрде екінші жағдайда , яғни тұтыну заттарын өндіруде болады. Бәрімізге белгілі , бұл жағдайда өндіріс қарқындылығы негізгі түрде өндіріс заттары арқасында арта түседі , нақтырақ айтқанда осы өндірістің дамуы өзіне қажетті заттарды шығарғанда ғана қарқынды болуы. Экономикалық дамудың бұл түрінедегі қатаң түрдегі келіспеушілік кездейсоқ жағдай емес. Яғни өндіріс үшін тездетілген өндірістің дамуімен және барған сайын одан қалып келе жатқан тұтыну заттарының өндірісі арасындағы келіспеушілік. Мұндай түрдегі келіспеушілік халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Интенсификациялаудың капитал жинаушы түрі: шикізаттар мен материалдарды және де құралдар мен машиналарды тиімдірек пайдаланудың арқасында өндіріс қаржыларын тиімдірек жұмсауға болда. Мұндай жағдайда капиталдың техникалық құрамы төмендейді немесе оның ұлғаюы бәсеңдетіледі. Бұл процесстер өнімдерді арзандаттыратын , сондай-ақ химия полимерлері сияқты жоғарғы тиімділікті заттай өндірістік факторлар қолданғанда, жоғарғы деңгейдегі автоматикалық құрылғыларды игеру кезінде, ҒТР-дың (ғылыми - техникалық прогресс) бастапқы кезеңдерінде көрініс табады.
Көп жақты интенсификация дегеніміз – ол барлық берілген ресурстар қолданылатын экономиалық дамудың бір түрі. Бұл экономикалық дамудың түрі кезінде өндірістің еңбек шарттары да , заттық шарттар да үнемделеді. Көп жақты интенсификация , ол қазіргі заман деңгейіндегі ғылыми – техникалық прогреске және де жаңа технологиялық революция шарттарына оңай түрде енеді.
Көп жақты интенсификация ұлғайған өндірістің барлық процестерінің сапасы жағынан жаңартылуына жол ашады.
Өндірісті шығынды түрдегі экстенсивтік өсіруге қарсы түрде көп жақты интенсификация экономикалық дамудың шығынға қарсы траекториясын қамтамасыз етеді. Ол төмендегі шартты берілгендер арқылы көрсетілген графикте бейнеленген (6-сурет).
Графикте көрсетілгендей , ұлттық табыстың (ҰТ) көлемі барлығынан жылдамырақ өседі , оған қарағанда құралдар өндіріп шығару (Ко) мен жұмысшылар күшінің саны (Р) біршама жай түрде өседі. Нәтижесінде бір өнімге кететін құн (Сс) төмендей түседі де , ұлғайған өндіріс сапалы түрдегі жаңа қасиеттерге иемденеді (7-сурет).
Экономикалық дамудың жаңа түрдегі сапасы ең алдымен ұлттық табыс өндірістің тиімді дамуінде көрсетіледі. Бұл жағдайда ұлттық табысқа шаққандағы еңбектің шығындалуы мен өндіріс құралдары азаяды. Сондықтан барлық шаруашылықтың даму жақсарады , сонымен қатар ғылыми – техникалық деңгей және де шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.
Бұл техникалық әдіспен болатын өндірістің тура ықпалы болып табылады.
Қазіргі замандағы халық шаруашылығының құрылысын жасаудың әсерінен жаңа заттар пайда болуда. Жалпы өндірілген өнімнің көп үлесін ғылымды көп қажет ететін өнімдер алады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: құрал жабдықтар, компьютерлер мен ЭВМ-ның сан алуан түрлері, электротехникалық өндіріс, атомдық энергетика, синтетикалық өндіріс, пластикалық өндіріс, құрылыс материалдары және ҒТР-дың (ғылыми техникалық революция) жетістіктерін қажет ететін өндіріс салалары жатады.
Сонымен қоса, тұтынуға арналған тауарлардың арасында шикізаттай тауарлардың көлемі азайып, соның есесінен дайын өнімдердің көлемі көбеюде. Мұндай құрылымдық өзгерістің негізгі себебі ресурстарды тиімді қолдану мақсатында әр бір өндірілетін өнімге неғұрлым аз көлемде материалдар мен энергияны қолдану болып табылады.
Тауарларды жалпы экономикалық теория іліміне сүйене отырып екіге бөлуге болады: тұтыну тауарлары және қорлану тауарлары; Ұлғаймалы өндірістің дамуы мына жағдайда жүзеге асады: ұлттық табыстың құрамында қорлану тауарларына қарағанда тұтыну тауарларының үлес салмағы жоғары болған жағдайда. Осының нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасы және әлеуметтік жағдайы жоғарлайды, сонымен қоса мемлекеттегі жалпы экономикалық жағдай жақсарады және ұлттық шаруашылықтың тиімділігі жоғарлайды.
Экономикалық дамудың жаңа сапалық жағлайында өндіріс процесінің пропорциясы айқын өзгереді. Сондықтан өндіріс заттарының өндірісі жай өседі де , керісінше тұтыну құралдарының өндірісінің жылдам дамуіне жағдай туады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?