Фирма теориясы және оның нарықтық экономикадағы рөлі
Фирманың экономикалық мәні
Қазіргі әлем әртүрлі ресми және ресми емес ұйымдар ретінде қарастырылады, яғни «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап міндеттерді бөлу мақсатында біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; фирмадар, қоғамдық бірлестіатер, мемлекеттік мекемелер». Фирмадар мен ұйымдар тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып, әрқилы атауларға, көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамаларға ие.
Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек фирма ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қазмет көрсетеді, сонымен қатар, ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Мемлекеттің экономикасын қарапайым түрде мемлекетпен және өзара өндірістік, бірлескен, коммерциялық және тағы басқа қарым-қатынаста тығыз байланыста болатын фирмадардың жалпы жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Экономиканың қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық күші фирма қызметіцнің нәтижелілігі мен оның қаржылық жағдайына тікелей байланысты. Елдегі шаруашылықты басқарудың жалпы сызбасын пирамида түрінде қарастырып көретін болсақ, оның негізі ретінде фирма түрады. Фирма деңгейіндегі үрдістерге қатысты меммлекеттік, аймақтык және ведомстволық басқару екінші кезектегі құбылыс ретінде қарастырылады. Шаруашылықты басқару жүйесіндегі кез келген өзгерістер фирма қарекетіне жағымды әсері болмаса, оның қажеті шамалы-ақ.
Фирма – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу мақсатында өнім өндінетін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз шаруашылық субъектісі.
Фирма (ұйым, фирма, концерн) заңды тұлға ретінде елдің заңдар жиынтығымен белгіленген белгілі бір сипаттамаларға жауап береді. Заңды тұлғаның сипаттамаларына келесілер жатады: өз мүлкінің болуы; тәуелсіз мүліктік жауапкершілік; сатып алу, қолдану және өз мүлкіне үкім шығаруға, сонымен қатар, заңмен рұқсат етілген іс-әрекеттерді өз атынын жузеге асыруға құқығы бар; сотта өз атынан талапкер және жауапкер бола алатын, жеке бухгалтерлік баланс жүргізуге және банкте есеп айырысу немесе басқа да шоттарды иемденуге құқығы бар.
Шаруашылықтың кез келген формасындағы фирма мемлекет экономикасында маңызды орынға ие. Макроэкономикалық көзқарас бойынша фирма келесі жағдайларға негіз бола алады:
ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің көбеюіне;
мемлекеттің өмір сүру мен өз қызметтерін орындауға мумкіндік береді. Яғни мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай бөлігі фирмадардан алынатын алым-салықтар есебінен қалыптасады;
мемлекеттің қоғанысқабілеттілігін қамтамасыз етуге;
қарапайым және кеңейтілген өндіріске;
ұлттық ғылым мен ғылыми-техникалық прогрессті дамытуға;
елдің барлық деңгейдегі азаматтарының материалдық жағдайын көтеруге;
медицина, білім, мәдениеттің дамуына;
жұмыссыздық проблемасының шешілуіне;
басқа да көптеген әлеуметтік проблемалардың шешілуіне негіз болады.
Фирма бұл жетістіктерге нетижелі қызмет ету жағдайында ғана қол жеткізе алады.
Фирма мен әртүрлі тұлғалардың арасындағы қарым-қатынас әрқайсысының мүдделеріне сәйкес келуі керек. Олай болмаған жағдайда олардың арасындағы ынтымақтастық жойылады.
Жоғарыда келтірілген суретте фирманың мақсатын анықтауға ықпал ететін әртүрлі топтардың мүдделері көрсетілген. Бұл топтардың кей біреулері, әсіресе, иегерлер мен заемдық капиталды ұсынушылар, фирманың мақсат жүйесін қалыптастыруда ерекше күшті ықпалын тигізеді. Тікелей байланысты басқа тұлғалар, мысалға, жалданбалы қызметкерлер, фирмаға тікелей және аталған тұлғалардың мудделерін қорғаушы, ұсынушы ұйымдар арқылы әсер етеді. Дегенмен фирма тікелей әсері болмайтын топтардың да мүддесін ескеру керек. Тұтынушылардың ұйымдарын мысалға алайық. Олар тесттер жүргізу жолымен бұйымның сапасын бағалайды, экологиялық тазалығын анықтайды. Бұл топтартың мұддесін ескермеген немесе бір мәмілеге келмеген жағдайда фирманың кызметі сәтсіздікке ұшырауы мумкін.
Осылайша, фирманың мақсаты өз алдында жеке және бір-бірлерінен ерекшеленетін мақсаттары бар көптеген тұлғалармен, топтармен жасалатын қарым-қатынас негізінде қалыптасады.
Шартты түрде фирманың мақсаттарын үш топқа бөлуге болады:
экономикалық мақсат. Бұл фирманың мақсаттар жүйесінің негізін құрайды және нарықтық шаруашылықтағы фирма ның жұмыс пен қызметке қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған;
әлеуметтік мақсат. Бұл фирмада әртүрлі мүдделері бар адамдардың өзара әрекет жасауының айқын көрінісі. Сонымен қатар фирмады қоғамдық экономика жүйесінің құрамдас бөлігі деп көрсетеді.
экологиялық мақсат коршаған ортаға экономикалық қарекеттің әсерін ескереді.
Мақсаттар жүйесінің толық қалыптасып, ресімделуі үшін мақсаттар жоғарғы деңгейде анық сипатталып жазылуы тиіс және қолданыста жүретін формада қисыны келу керек. Яғни мақсаттар шынайы болып, нәтижесі тексеріле, бақылана алатындай болуы керек.
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
• серіктестік немесе партнерлік;
• корпорация (акционерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән.
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылғанадамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі – акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлесітеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
• акционерлік құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивидент алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатыса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоротивтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі – корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі – акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
• меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивидент алуға ынталы болады, менеджер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысды.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг(franchise – жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture – бел байлау, тәуекел ету ) кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контрак жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі комнаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлем алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, сонымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттілігі тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төлеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады,бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырылады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:
Ішкі факторлар:
• старттық капиталдың жетімсіздігі;
• Банкілермен байланыстың нашарлығы.
Сыртқы факторлар:
• қисынсыз салық жүйесі;
• заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
• «криминалдық прессиег».
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүргізу керек:
• шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Енді, мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, неліктен барлық экономика «жаппай, түгел» нарық түрін алмайды?
Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандыққа шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы, келіссөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық (лат. transaction «келісім» ) шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынастарын келістіру процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан, трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзан түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін – нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция – бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі – диверсификация (ағылшынша diversification – сан алуан, көптүрлілік). Бұл, бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де-Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Соңғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын » құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде – меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Нарықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру – құқықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдық құрылымдардың) болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі – федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Заңды тұлғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
• өндірістік кооперативтер;
• мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
• толық серіктестік;
• сенімді серіктестік (коммандикттік серіктестік);
• жауапкершілігі шектелген серіктестік;
• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
• акционерлік қоғам (ашық, жабық);
• балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нәтижесінде жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорцоиналдық түрде бөлінеді.
Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше-салымшылар (коммандистер) болса, онда бүндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер шығын қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес бөлімін алады.
Жауапкешілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қауіпіне жауапты болады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Акционерлік қоғам – жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкершілігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.
Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы болады.
Жабық акционерлік қоғам акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.
Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан мұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлестік өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
Унитарлық кәсіпорын – бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән.
Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемі негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.
Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа да материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы болады.
Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
Қор деп еркіндік негізінде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қйымдар ассоцияция және одақ болып бірлесуі мүмкін.
3.Фирманы басқару жүйелері
Фирма алға қайған мақсатының әрқилылығы мен жанжақтылығы оны дамыту мен қызметін басқаруда арнайы білім мен өнерді, әдістер мен тетіктерді, қызметкерлерді қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді талап етеді. Фирмады бір жағынан мақсатына, қолданатын ресурстарына, құқықтық-нормативтік негізіне, көлеміне, табысына байланысты және екінші жағынан құрылымы, үрдістері, еңбек бөлінісі, рөлдерді бөлу, ұйымдастырушылық және басқару мәдениетінің көрінісі болатын сыртқы орта мен ішкі әлеуметтік және экономикалық байланыс пен қарым-қатынас және тағы басқа ұйымдастыру, басқару параметрлерене сүйене отырып сипаттауға болады.
Басқарудың негізгі міндет-мақсаттары жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жұмыстарының түрі мен көлемін анықтауда маңызды орынға ие. Бұл жерде фирманың түрі мен ерекшелігіне байланыссыз кез келген басқару үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылатын функциялар жайлы айтылып отыр. Фирманың түрі мен ерекшелігіне байланыссыз болғандықтан басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және үйлестіру сынды функциялары жалпылық сипатқа ие. Бөлініп алынған функциялардың арасындағы байланыс айналыс ретінде төмендегі суретте көрсетілген.
Суреттегі бағыттар жоспарлаудан бақылауға дейінгі қозғалыс қызметкерлерді ұйымдастыру мен ынталандару жолымен ғана мүмкін екендігін көрсетеді. Суреттің ортасында негізгі функциялардың өзара қарым-қатынаса мен келісімділігін қамтамасыз ететін үйлестіру функциясы орналасқан.
Жоспарлау – бұл фирма іс-әрекетінің жоспарлары мен оның құрамдас бөліктерін құраумен байланысты басқару қарекетінің бір түрі. Жоспар істелу керек іс-әрекеттердің кезегі бойынша құрылуын қамтамасыз етеді және алға қойылған мақсатқа жетуде қажетті ресурстар мен уақытты анықтайды.
Сәйкесінше жоспарлау өзіне келесілерді қосады:
мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
мақсатқа жету үшін жоспар, бағдарлама, стратегияны әзірлеу;
қажетті ресурстар мен уақытты анықтап, оларды мақсаттары мен міндеттерге байланысты бөлу;
жоспарды жүзеге асыру бойынша жауапкершілік артылған жеткізу.
Ұйымдастыру – бұл басқарудың екінші функциясы. Оның міндеті болып ұйымның құрылымын қалыптастыру және оның жұмыс істеуін, яғни персоналмен, материалдармен, құрал-жабдықтармен, мекемемен, ақша қаражатымен қамтамасыз ету табылады. Ұйымдастырудың жалпы мағынасы ортақ басқару міндетін құзіреті мен жауапкершілігін жіктеу арқылы бөліктерге бөлу, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар арасында өзара байланысты қалыптастыру болып табылады.
Фирмада құрылған әрбір жоспарда ұйымдастыру сатысы болады, яғни жоспарланған мақсатқа жету үшін жағымды жағдай жасау. Бұл жерде ең бастысы: қызметкерлермен жұмыс істеу, басшылардың стратегиялық, экономикалық ой-өрісін дамыту, шығармашылық пен жаңа енгізулерге икемділігін қалыптастыру және тәуекелге барудан, фирманың өзекті мәселесін шешудегі жауапкершіліктен қорықпайтын қызметкерлерге қолдау көрсету және т. б.
Ынталандыру – бұл жоспарда қойылған мақсаттарға жету үшін фирмада жұмыс істейтін қызметкерлердің белсенділігін ояту, іс қимылға жұмылдыру қарекеті.
Ынталандыру үрдісіне келесілер кіреді:
қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді анықтау;
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мақсаттарды құру;
мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді анықтау.
Ынталандыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар экономикалық (сыйақы беру, қаламақы жүйесінің болуы, материалдық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету) және рухани (атақ, шен беру, жауапкершілігі мен құзіретін арттыру, мақтау қағаздарын ұсыну) сипатта болуы мүмкін.
Бақылау – негізгі міндеті фирма қызметінің нәтижесін сандық және сапалық бағалау мен есеп жасау болып табылатын басқарудың қызметі. Оның негізгі екі бағытын бөліп көрсетуге болады:
жоспарда көзделген мақсаттардың, жұмыстардың орындалуын бақылау;
жоспарда көрсетілген іс-әрекет пен көрсеткіштерден ауытқуды түзету бойынша шаралар.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?