Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды .
Мұхтар Әуезовтың әйгілі трагедияларының бірі – « Қарагөзде » ( 1926 жылы ) көне заманда бас бостандығына жете алмай ескі ғұрып – драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді : « Жалпы пьеса тақырыбы – беймезгіл заманды жолсыз өмір кешіп , ерте тартқан қайғы зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы ; асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастар жайы . Пьесаның екінші айқындаған идеясы ... азатан туған ақындық , қан-қайғыдан туған қаза , жеке бастың ғана шерінен басталып барып , халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек » .
Мұхтар Әуезов дараматургия жанырыныа ерекше көңіл бөліп , творчестволық жолының әр кезенінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды . Оның бұл жанырдағы қалам қуаты 30-жылдардағы шығармаларында көбірек танылды . Жазушының « Абай жолы » роман эпопеясына дейінгі идеялық-көркемдік өресі неғұрлым биік шығармалары драматургияда жасалды . Драмашының « Еңлік – Кебек » пен « Қарагөзден » басталған творчестволық ізденісі 50-жылдардың екінші жартысында жазылған « Дос- Бедел Досқа » дейін жалғасты . Бұл аралықты М .Әуезов тарихи адамдар өмірінен де , замандастар жайынан да , фольклорлық шығармалар сарынымен де алуан тақырыпта қалам тартты . Солардың бәріне ортақ сипат – уақыт алға қойған мәдени , көркемдік талаптарға жазушының дер кезінді сергек үн қатып отырғандығы , тұтас бір жанрдың ауыр жүгін қайыспай көтергендігі еді
Оның соғысқа дейінгі 5 жылдықтар дәуірінде жазылған пьесалары Қазақстандағы революциялық өзгерістердің , шаруашылықпен салт – санадағы жаңарулардың терең сырларын ашуға арналды . «Түнгі сарын » мен «Ақ қайында» олхалықтың азаттық үшін күресін көрсетсе , « Тас түлек » , « Тартыс » , « Алма бағында » , « Шекарада » сияқты шығармаларында совет адамдарының жаңа өмір қалпын жасампаз еңбегін бейнеледі .
Бұл – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы оқиғаларына құралған драма . Пьеса негізіне алыннған тартыс , үстем тап пен езілген тап арасындағы тартыс . Мұның бір жағында жебір болыс Майқан , оның болыстыққа кандидат інісі Нұрқан , ажарлы да айлалы Бибіш ( Жүзтайлақ ) , бай Қыдырбай , оқыған Жүніс , адвокат Кәрімдер көрінсе , екінші тарапта Жантас , Тәнекерлер , осылардың бағытындағы Сапа , Мөржан , Бойбермес , Бөрібасар бейнелері беріледі . Бұл топтарды бір-бірімен бітімсіз күреске киліктіріп , араларын шиеленістіре түскен жағдай – патшаның қазақ жігіттерін империалистік соғыс майданының қара жұмысын алу туралы 1916 жылғы июнь жарлығы болады . Ертеден екі жақты қанаудан – патша әкімдерінен , әрі жергілікті болыс-билерден зәбір көріп келген халық алыс майданға барып , жат мүдделер үшін құрбандық болуға көнбейді . Осыдан барып халық кегі лаулады , таптық және ұлт азаттық мақсат қосылып , дала төсінде бостандық ұраны көтерілді . ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?