Әдістеме | Мұғалімнің атқаратын қызметі

Әдістеме | Мұғалімнің атқаратын қызметі

Мұғалім - жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.
Мұғалім - педагогикалық кызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындағы бар адам.
Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдік қызмет әсіи келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.
Мұғалім - бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа беру; және оларды өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен абыздардан болатын. Орта ғасырда мектеп шіркеу қарауында болған кезде мұғалім міндетін дін қызметшілері атқарған. Мектеп ісінін дамуына байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде өзгеріп отырады.
Сонымен ұрпақ тәрбиесі - бұл ерте кезенде, алғашқы қауымдастықта пайда болса, ұстаздық қызмет құл иеленушілік дәуірде пайда болған.
Тәрбие - объективті заңды тарихи процесс, ал ұстаздық қызмет - соның субъективтік бейнесі, тәрбиені іске асыратын адамның еңбегі. Алайда, ұстаз қызметі ұрпақ тәрбиесіне сәйксс келе бермейді, яғни ол күрес, қарама – қайшылықтан тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиссі қарама-қайшылықтарды шешуден тұрады.
Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесінің бірлігімен ерекшелігі мына төмендегі құбылыстардан тұрады:
а) Ұрпақ тәрбиесі жоғарыда айтқандай, алғашқы қауымдастықта пайда болса, ұстаздық қызмет құл иеленуші дәуірде өмірге келді. Қоғам мүшелерін оқытып, үйретіп, тәрбиелейтін қызмет керек болды.
б) Ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметке қарағанда, ауқымды ұғым. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметтің ықпалында бола бермейді, осы жерде қарама — қарсылық пайда болады.
в) Ұстаз қызметінің негізі жас ұрпақты толық қамтып, тәрбиелеп, қоғамның белсенді азаматы етіп дайындау. Бұл жсрде дүниетанымдылығын, адамгершілігін, тәрбиесін, тәртібін т.б. қалыптастыру.
г) Тәрбиенің негізгі мақсаты қоғамның өндіргіш күшін дайындау. Ұстаз қызметінің негізгі мақсаты - сол өндіргіш күштің жан-жақты дамуына әсер ету, мүмкіндік беру, дайындау.
д) Ұрпақ тәрбиесінің құралы - жалпы қоғамдық қарым - қатынастан. қоршаған ортадан, ұрпақтың өзінің іс - әрекет, қимылынан т.б. туындайды. Ал ұстаздық қызмет - кездейсоқ жалпы тәрбие ықпалын сауатты, саналы педагогикалық жолға салу;
е) Ұрпақ тәрбиесінде бәрі атсалысады. Ал ұстаздық қызметке арнайы педагогикалық білімі бар азаматтар қатысады.
ж) Барлық жағдайда ұрпақ тәрбиесінде ұстаз қызметінің алатын орны ерекше.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық қызметтің өзіндік құрамдас бөліктері болады:
а) Ұстаздық қызметтің тұлғаны қалыптастыру жолындағы істің мазмұнын мақсаты мен міндетін, бағытын, ерекшелігін айқындау.
б) Ұстаз ұрпаққа түрлі ғылыми білім салаларынан мағлұмат беріп, өндіріспен таныстырып, рухани байлықты игертіп, қоғамдық қарым қатынасқа үйрету және қоғамның жақсы азаматты етіп шығару.
в) Ұстаздың педагогикалық білімділігі, тәрбиеші ретінде өмірден алған тәжірибесі, шеберлігі іштей сезінуі.
г) Ұстаздық қасиеттері: саяси сауаттылығы; жұғымдылығы, көре білу, қызметті ұйымдастыра білуі, байқағыштығы, еңбекқорлығы, шығармашылық қасиеті және эстетикалық, этикалық мәдениеті т.б. ұстаздарға тән ерекшеліктері.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?