Биология | МИКHООРГАНИЗМДЕР ГЕНЕТИКАСЫ

Биология | МИКHООРГАНИЗМДЕР ГЕНЕТИКАСЫ

Адамның көзі ең алғаш бактерияларды көргеннен бері үш ғасыр уақыт өтті. Ал микробиологияның өз алдына дербсс ғылым болып бөлінуі үшін тағы екі жүз жыл қажет болды.
Аса ұсақ тіршілік иелеріне биохимия, биофизика, микробиологиямен қатар генетика да ерекше көңіл бөліп отыр. Молекулалық биология молекулалардың өзара қарым-қатынасын зерртеу үшін, вирустар мен бактериялардың өте жақсы модель болып табылатынын анықтады. Кейбір вирустардан және бактериофагтардан басқа барлық микробтар клеткалы организмдер болып табылады. Егер жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігі көп клеткалы организмдер болса микробтар әлемі әдетте бір клеткалы болып келеді. Бактериялар, ашытқы саңырауқұлақтар (дрожжи), кейбір микросаңырауқұлақтар, қарапайым организмдер және көптеген балдырлар - осылардың бәрі микроорганизмдер әлемінің бір клеткалы өкілі — прокариоттар деп аталады. Олардың клеткасынын, дамуы ең қарапайым эуукариоттардан да (жоғары сатыдағылар) төмен ұйымдасқан. Мик-роорганизмдерде миточ да мейоз да болмайды, ал клетка құрылысында ешқандай компартментлизация құбылысы (клетканың ядроға, ядрошыққа және цитоплазма органоидтарына бөлінуі) жоқ, Электрондық мнкрофотографияларда прокариоттар клеткасының екі түрлі құрылымдылық бөліктеп тұратынын көруге болады. Олар цитоплазма, нук-леоплазма немесе нуклеоид. Цитоплазмамен нуклеоплазма арасында мембрана болмайды.
Бактериялар өте тез көбейеді. Мысалы оның аналық клеткасы ор 20 минут сайын екі жас клеткаға бөлінеді. Аз уақыттың ішінде олардан миллиондаған ұрпақ алуға болады. Сонымен қатар хромосомалар жиынтығы гаплоидты (дараланған) түрде болғандықтан олар әрі гаметаның әр дербес организм міндетін қоса атқарады. Міне осының бәрі вирустар мен бактерияларды геннің нәзік құрылымын зерттеуде табылмайтын генетикалық объект ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Генегикалық зерттеулерде қолданылатын классикалық обьектілерге бактериялардан ішек таяқшасы (Escherichia coli, Salmonella) туыстас бактериялар, нейроспора, ал вирустардың ішінде, осы аталған бактерияларды зақымдандыратын, бактериофаттар мен темекі теңбілінің шарусы (қысқаша ВТМ - вирус табачной мозаики).
Бұлардың қызметін генетиктер 40-жылдардан гапа бастап пайдаланды. 1944 жылдан 1952 жылға дейін бактерияларда генетикалық материалдың қосылуын және рекомбинациясын тудыратын үш маңызды процестер ашылды, олар — трансформация, конъюғация және трансдукция. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?