Экономика | МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Экономика | МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын қүрал болып келеді, себебі эрбір түлғаның сатып алатын, түтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын эр-түрлі салада қолдай отырып, сэйкесінше белгілі бір саясатты үхтанады. Мүнда элеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік жэне баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік жэне бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің элеуметтік, экономикалық, қүдықтық, діни жэне қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті телемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық жэне салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық жэне аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, келік, мүлік салықтары туралы бар мэліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмүны, экономикалық мэні, жүйесі, механизмі жэне меншікке салынатын салықтардың мэні туралы. Екінші бөлімде меншікке салынатын салықтарды жекеше қарастырып, олардың түрлерін, жалпы сипаттамасын, жүмыс істеу механизмін қарастырып өтеміз.
Ал соңғы бөлімде біз меншікке салынатын салықтарды жетілдіру жолдары мен даму перспективаларына шолу жасаймыз.


1. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МЭНІ

Мемлекет бюджеті эр-түрлі көздерден қалыптасады:
біріншісі, ішкі жэне сыртқы көздер — қаражат иесінің қарыз алушыға қаржыны ерікті түрде беруі; екіншісі, салықтар - бүнда қаражат керісінше мәжбүрлеп алынады.
Салықтар эскери табыстар мен баждармен қатар пайда болған мемлекеттің қорлану көзінің бірі болып келеді, яғни заңды түрде белгіленген қойылым арқылы халық пен шаруашылық субъектілердің табысынан алынатын міндетті алымдар.
Салықтардың үғымы бір, еғер ғалымдардың анықтамаларында айырмашылық болса, алшақтық алысқа кеткен емес. Американдықтардың айтуынша салықтар - қоғамның өркениетке жету қүралы деген. Ал Бенджамин Франклин өмірде 2 күмэнсіз нэрсе бар: өлім мен салық деген. Бұл жөнінде Ф.Аквинский "Салықтарды үрлаудың рұқсат етілген нысаны" ретінде қарастырса, экономикалық теория негізін қалаушылырдың бірі А.Смит "салық төлеушілер үшін қүлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі" деп түжырымд аған.
Салыққа деген көзқарас экономикалық және элеуметтік жағынан да қарастырылған, сондықтан анықтамалар кеп болғанмен олардың эрқайсысының кемінде бірнеше кемшіліктерін табуға болады. Мысалға С.Д. Цыпкиннің мәлімдеуінше, салықтар, бұл алдын-ала белгіленген қойылым бойынша жэне белгілі уақытта материалды алғышарттар арқылы бюджетке төленетін мемлекетпен белгіленген жеке-қайтарымсыз ақшалай төлемдер. Салықтардың ең тараған анықтамасы болғанымен бүнда салықтардың эквивалентсіздігі туралы айтылмаған. Ал Л.К. Воронованың ұсынған анықтамасы бойынша, салықтар дегеніміз, жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында белгілі уақытта жэне мөлшерде өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың актісіне сэйкес заңды жэне жеке түлғаларды бюджетке аударатын төлемдері болып келеді. Бұл анықтама авторы салықтарды қүқықтық жағынан қарастырған жэне олардың міндеттілігі, қайтарымсыздығы, эквивалентсіздігі туралы ешқандай мэлімет берілмеген. Сонымен қатар коптеғен авторлар салықтарға салым ретінде анықтама беріп, оның неғізгі анықтамасынан қатты алшақтайды. А С.Г. Пепеляев өзі заңгер болғандықтан салықтарды меншікті қолданғаны үшін алынатын төлемдердің жалғыз заңды нысаны ретінде ұсынады, бірақ бұл анықтаманың да қарама-қайшылықтары көп .
Салықтардың сипаттайтын белгілері өте көп, олардың барлығын атамай, бірақ ескере отырып қысқа да нұсқа анықтамасын берген дүрыс болар: демек біздің пікірімізше, салықтар дегеніміз, заңды жэне жеке түлғалардан белгілі бір мөлшерде жэне мерзімде мемлекеттік бюджетке аударылатын, қайтарымсыз жэне өтеусіз сипатта болатын біржақты міндетті төлемдері.
Бұл Салық Кодексінде белгіленген салықтардың анық жэне қысқа анықтамасы, ал егер толық формасына келетін болсақ, салықтар дегеніміз, мемлекеттік бюджетке (республикалық жэне жергілікті) мемлекетік органдар өкілеггілігі арқылы заңды және жеке түлғалардан (шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтан) түрақты түрде алынатын жэне мемлекет табысына, яғни меншігіне аударылатын, мемлекеттік жоғары билік органдарының (парламент) заңдарымен белгіленген және мемлекеттік мэжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарымсыз төлемдер болып келеді.
Салықтардың классикалық анықтамасына тоқтала кетсек, салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке түлғалардың мемлекетпен арасындағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін қүруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын категория.
Ал жоғарыда берілген салықтардың қысқа жэне толық анықтамаларында берілмеген немесе оларға сыймаған сииаттамалары келесідей болып келеді жэне олардың өздері экономикалық, қүқықтық жағынан қарастырылған.
Салықтардың қүқықтық сипаттамаларына жатады:
- тек мемлекет салықтарды белгілей алады;
- салықтар тек мемлекет тарапынан, біржақты міндеттейді;
- салықтар нормативті актлермен белгіленеді, яғни күқықтық
нысанда жүргізіледі;
- салықтар мэжбүрлі сипатқа ие;
- салықтарда теңқүқылы қаражат алымы орын алады;
- салықтарды төлеу мемлекеттік жауапкершілік дэрежесімен
қамтамасыз етілген;
- салықтарды төлеу кезінде бақылау міндетті түрде жүргізілу
қажет;
Салықтардың экономикалық сипаттамасына жатады:
- салықтар қаражы нысанындағы төлемдер болып келеді;
- салық қатынастарының түрақты сипаты;
- баламасыздығы;
- салық салу объектісінің орын алуы;
- салық субъектісінің анық болуы;
Салықтардың экономикалық мәні келесіде:
- салықтар жеке түлғалардың табысының қалыптасуындағы
қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- жеке тұлғалар табыстарының бслгілі бір мөлшері мемлекет
үлесіне жинақталып, жинақтаудың қаржылық қатынастарын
көрсетеді;
Салықтардың қызметтеріне келсек, олар жеткілікті дэрежеде көп болады жэне ғалымдар олардың ішінен кейбіреулерін іріктеп негізгісіне жатқызып жатады. Сонымен қатар бұл іріктеу мемлекеттің салық жүйесіне, үстанатын салық саясатына тікелей байланысты болып келеді, сондықтан эр елдің салық қызметтері, қағидалары, түрлері эр-түрлі болып келеді.
Салықтардың қызметі - бұл олардың негізінің жүмыс жасауда көрінуі, оыың ерекшеліктерінің көрінуінің эдісі болып келеді. Салықтар бюджетке түсетін төлемдер болғандықтан оның негізгі қызметі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімінің құрылуын қамтамасыз ететін фискалдық қызмет болып келеді. Бұл қызмет арқылы салықтардың қоғамдық міндеті артады, яғни бюджет кірісі топтастырыла отырып әлеуметтік, эскери, діни және т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Фискалдық қызмет қаражаттарды бюджетке орталықтандырумен сипатталады, ал орталықтанған қаражат эрі қарай бөлінеді. Бүдан оның бөлгіштік қызметі туындайды, бірақ Қазақстан Республикасының Салық Кодексі бойынша бүның барлығы фискалдық қызмет деп есептелінеді. Фискалдық қызметтің өзі біриеше қызметтер жиынтығынан түрады: бюджеттік, жүмылдырушы, аккумуляциялаушы, жинақтаушы.
Мемлекет шаруашылықты үйымдастыруды қолға алғаннан бері салықтық механизмі арқылы жүзеге асырылатын реттеуші қызметі пайда болды. Бұл қызмет арқылы кез-келген шаруашылық өмірдегі қаржы ресурстарьшың қимылына бақылау жасалынады, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады, салық механизмінің тиімді қызмет етуі бағаланып отырады. Бұл қызметтің негізгі тетіктеріне салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жатады. Салық тетіктерінің негізгі мақсаттарына өндірістің дамуын реттеу, ақша және баға саясатын реттеу, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шаралары жатқызылады.
Ол қалай жұмыс жасайды десек, мысалға егер салық мөлшері кәсіпкер табысының 50 пайызын алса, он да оның бизнесі банкротқа үшырау ықтимал, егер 45 пайызын алса, ісі алға баяу жылжуы мүмкін, ал егер 35, немесе 30 пайыздан төмен болса, онда кәсіпкер пай да тауып, мемлекеттің эл-ауқатып көтереді . Екінші тетігі - салық жеңілдіктері. Олар салық преференциялары, салықтық несие нысанъшда, сонымен қатар шетел инвесторларына, элеуметтік қамсызданбаган түлғаларға жоне басқа да мемлекетпен белгіленген жағдайларда қолданылады.
Осы реттеуші қызметі негізінде ынталандырушы қызметі бар, жэне ол жоғарыда аталып кеткен салық жеңілдіктері, преференциялары арқылы жүзеге асырылады. Бүған байланысты салық жеңшдіктершің қандай мақсаттарды ьшталандыруға бағытталатындығы анықталады:
- шағын және орта бизнесті қаржыландыру;
- үй құрылысына жэне өндіріске кеткен шығындарды
қаржы л ан дыру;
- зейнеткерлер мен мүгедектердің жұмыспен қамтылғандығьш
қаржы л ан дыру;
- мәдени жэне қоршаған ортаны қорғау шараларымен
байланысты қызметті қаржыландыру;
Сонымен қатар реттеуші қызметінің күрамына кіретін тежеуші және өндірістік бағытқа арналған қызметі бар .

2. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ АЛЫНУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ

Бірыңғай салықтардың алғашқысының бірі жер рентасы болып келеді. Физиократтардың, қоғамның ауыл шаруашылық жүйесінің дамуын жақтаушылар, мэлімдеулерінше өнеркэсіп табысқы таза қосымша қаражат экелмейді деген. Бар байлық жерден шығады және жерде жүйеленген деп түжырымдаған. Сондықтан табыстылықтың жалғыз көзі ретінде жер рентасына салық салу керек жэне сэйкесінше бұл салықты тек жер иеленушілері ғапа төлеу керек деген. Бұл салықты орнату жэне оған негіз беру мақсатында жердің жалпылығы деген үғым енғізілген болатын. Неге жекелеген азаматтар жер салығын төлеу керек деген сауал қойып өздері оған, себебі жер барлық адамзаттың ортақ меншігі, ал біздің заманда ол жекелеген түлғалардың меншігінде болғандықтан олар пайдаланғаны үшін салық төлеу керек деп мэлімдеген. XIX ғасырдаң соңында Генри Джордж біртүтас жер салығын енгізу арқылы қоғамның элеуметтік теңдік, бейбітшілік, байлыққа жете алатынына сенген болатын.
Австралияда жер салығы салынбайтын минимум 2003 жылы 261 000 доллар, 2002 жылы бұл сома 1,8%-ке азырақ болатын - 220 000 доллар. Бү_л нені білдіреді - яғни 2002 жылдың 31 желтоқсанына иелік еткен жердің қүны 261 000 доллардан аспаса, онда бұл жерге салық салынбайды. Жердің негізгі меншігіне салынатын салық 2003 жылы түрғын үйі бар жер алаңы үшін ғана салынатын. Ал егер осы жагдайда да үй түрған жер алаңының қүны 1 680 000 доллардан асса гана салық салынады. Бұл корсеткіш те 2002 жылдың 1 414 000 доларына қарағанда элдеқайда жоғары. 2003 жылгы жер салығының ставкасы 1,7%- ға тең болды. Австралияда салық органының лауазымды түлғалары салық толеушілерге уақытысында төленуге тиісті салық сомасы корсетіліп тұратын нүсқама беруге міндетті, иеленіп отырған салық салынатын немесе салынбайтын жер туралы барлық мэліметтермен қоса сонымен қатар қосымшалар мен алдынғы жылдар бойынша қарыздарары туралы толық ақпарат болуы тиіс. Салық төлеуші нүсқаманы алғаннан кейін 1 жылға теленетін салық сомасының барлығын 30 күн ішінде төлеп тастаса, онда оған 1,5% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Егер салық толенетін мерзімі кешіктірілсе немесе айыппүлдар мен осімпүлдар орын алған жағдайда бұл жеңілдіктер қолданылмайды. Салық төлеуші жер салығын жыл бойыиа 3 ағымдагы төлемдерге бөліп төлеуіне болады, бірақ бұл жағдайда да жеңілдік қолданылмайды. Ал егер 3 ағымдағы төлемдердің біріншісі уақтысында атқарылмаса, онда жер иесі қалған 2 ағымдағы төлемдерде төленуге тиіс салық сомасын түгел бюджетке бірден төлеуге міндетті болып келеді. Сонымен бірге егер осы жағдайда салық төлеуші өзінің қаржылық қиындықтары салдарынан салықты төлей алмаса, онда ол салықтық несие, каникул немесе салық төлеу уақтысын кейінге қалдыруға өтініш жазуға қүқылы, ал салық органының қызметкерлері оған көмектесуге міндетті болып келеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?