Тігін бұйымдарын модельдеу Иық бұйымдары
Тігін бұйымдарын модельдеу
Иық бұйымдары
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т.б. жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы - мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі.
Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.
Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т.б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша - тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі -тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б. болып бөлінеді.
Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен құралады. Үстіңгі бөлік артқы-алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Белдемшелердің сынасының санына қарай көйлектер бір, екі, көп тігісті болады. Сонымен қатар тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрінде кездеседі. Белдемше мен лиф бел сызығы арқылы біріктіріледі немесе біртұтас пішіледі.
Жеңнің аузы пішіміне, ұзындығы мен кеңдігіне қарай қайырылады, түймеленеді, тік және өрнектеліп, қималанады.
Мойын ойығы төрт бұрыш, дөңгелек, сопақша, асимметрия түрінде пішіледі.
Иық бұйымдарын өңдеп-әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, қатпарлар, бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, бүрмелер, желбіршектер, жапсырмалар, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.
Қолдануына қарай бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді. Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайындағы жұмыстарға ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта, жібек және жүн маталардан тігіледі.
Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.
Иық бұйымдарының түрлері
Қамзол
Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бір түрі - камзолға тоқталайық. Қазақ әйелдерінің киімінде қамзолдың орны ерекше. Ол әрі жылы, әрі сәндік киім болған. Сырт киім ретінде қамзол қазақ қана емес, басқа да түркі халықтарының тұрмысында кездеседі.
Әйелдердің қамзолы қысқа жеңді, иықтан сәл түсіңкі, жеңді немесе жеңсіз түрінде тігіледі. Қамзол жұмыс істеуге өте ыңғайлы, кедергі келтірмейді. Әйелдердің күн ұзақ үй шаруасымен айналысып, кіріп-шығып жүретінін ескерсек, қамзол суықтан қорғайды, иіліп-бүгіліп жұмыс істеуге өте қолайлы.
Қамзолдың материалы -көбіне түкті пүліш маталар, оны барқыттан, шұғадан да тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігілген. Онда да шымқай қанық түстер таңдалады. Әйелдердің жасына қарай камзол түрі де өзгеріп отырған. Қыздар көбінесе алқызыл түсті қамзол киген. Мұның өзі жасыл дала, көгілдір ауа астында көзге оттай басылып, алыстан «мен мұндалап» тұрған. Орта және одан да жоғары жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті қамзолдар киеді, өйткені алқызыл түс оларға жараспайды.
11-сурет. Қамзол
Қамзолда жең болмағандықтан, жаға да жасалмаған, тек омырауға дейін ойық қалдырылған, өйткені қамзолды тек көйлектің сыртынан киеді. Қазақ әйелдері мойынға дейін жауып тұратын тұйық жағалы көйлек кигенін ескерсек, енді оларды қамзолмен тұмшаланудың еш қажеті жоқ. Сол себепті қамзол омырауға дейін ашық қалдырылған. Мойын мен омырау тұсын және қамзолдың алдын тұтастай әдіптеу дәстүрі бар. Бұл ретте қамзолдың негізгі түрі мен оның өңіріне әдіптелетін матаның түрі бір-біріне жақындай түскені ләзім. Мәселен, қызыл қамзол өңірі қызғылт немесе қоңырқай мәуітімен әдіптелсе, бұрынғыдан да көз тартып тұрады.
Қазақстанның көп бөлігінде қамзолдың өңіріне, сон-дай-ақ етегінің екі жағына түрлі жылтырақтардан ою немесе өрнек жүргізу әдеті бар. Қазіргі шеберлер ондай өрнектерді сәнді жіптермен салуға да машықтанған.
Қамзолға ою-өрнек түсірілмеген жағдайда, оны түрлі жылтырақ әшекейлермен, таналармен безендіруге болады. Мұндай қамзол өте салтанатты көрінеді. Оларды көбінесе мереке кезінде, той-томалақта және басқа салтанатты думандарда киеді.
Ұлттық камзол үлгілері
Оның есесіне, қамзол түймеленбеген. Көп жағдайда ұсталар соққан әшекейлі күміс ілгішектер арқылы қаусырылған. Мұның өзі онсыз да дала гүліндей алаулап, көркімен көз тартар қамзолға қосымша сөндік берген.
Бүкпе мен әдіпті өңдеу
Иық бұйымдарын жасау барысында бүйір кесінділерді өңде үйренулерің қажет. Төменде берілген нұсқау картасын пайдалана отырып, бүйір кесіндісін өңдеу технологиясын біліп алыңдар (дидактикалық материалдарда берілген үлгіден алынған, 81-бет).
Құрал-жабдықтар:қағаз, қалам, қайшы, мата, ине, жіл, желімді астар, сызғыш, оқу құралдары. Бүкпені орындау технологиясы.
Әдіпті өңдеу технологиясы
! Әдіптің орындалу технологиясына өте ұқыпты болыңдар.
Бұйымды бірінші өлшеуге дайындаудың біртізбектілігі
Құрал-жабдықтар: ине, түйреуіш инелер, жіп, қайшы, бор, қалам, үлгі, дәптер, оқу құралдары
Мата таңдау
Кез келген бұйымды тігер алдында оған қажетті мата таңдай білу керек. Матаны таңдағанда, оның пайдалы, сәндік қасиеттеріне назар аударады. Пайдалы қасиеті деп отырғанымыз - мата талшығының құрамы, денсаулыққа пайдасы, ауа мен ылғал өткізгіштігі, тез жуылуы, кебуі, өңінің түспеуі, қыртыстанбауы. Мұндай қасиеттерді матаны қолмен ұстап, мыжғылап анықтайды. Сәндік қасиеттеріне - таңдаған матаның түсі, сапасы, тігістің әдемі түсуі, қатпарлардың дұрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі, көп қыртыстанбауы жатады.
Табиғи маталар гигиеналық тұрғыдан қарағанда денсаулыққа пайдалы, табиғи талшықтардан тоқылады. Бірақ олар тез қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады.
Қоспа маталар жылтырлау, тайғақ, тез сетінейді, тез қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген киім жақсы үтіктеледі, сабын суда оңай жуылады, тез кебеді. Үтіктің режимін дұрыс реттемеген жағдайда, матаның бетінде жылтыр із қалуы немесе тез бүрісіп қалуы мүмкін.
Қоспа маталарға қарағанда, синтетикалық маталардың гигиеналық сапасы төмен болғанмен жылу сақтағыштык және ылғал өткізгіштік қасиеті жоғары. Көбінесе табиғи материалдарға ұқсас келеді. Мысалы, лавсан мен нитронның сырт көрінісі жүн матасына жақынырақ.
Химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде, оларды әр түрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып отырады, өйткені вискозды талшықтарды жүнге қосса, мата жұмсарады әрі жақсы бүрмеленеді. Ал капронды жүнмен араластырса, мата екі есе мықты болады және онша қыртыстанбайды.
Қолдануына қарай матаға сипаттама беру
Іш киімдік маталар. Іш киімге арналған маталар гигиеналық талаптарға сай келуі керек. Олар ауа өткізгіш, жұмсақ, бірнеше рет қайталап жуған кезде өзінің құрылысын сақтауы қажет. Мұндай топқа іш киімге, төсек-орынға, асханаларға, сүлгіге, сулыққа арналған маталар жатады.
Балалар, ерлер, әйелдер іш киімдік маталардың түрлеріне мадопалам, мүслін, бөз, шифон, фланель т. б. жатады. Төсек-орын жабдықтарын мақта, зығыр маталарынан, бөз, сәтеннен дайындайды.
Көйлектік маталар. Қолдануына, бұйымды кию мезгіліне қарай қойылатын талаптар әрқалай. Мысалы, күнделікті киетін киімдердің матасы жуғанға және жіптердің ыдырауына төзімді келуі керек. Ал салтанатқа арналған киімдердің матасына мұндай талап қойылмайды.
Көйлектік маталарға сәтен, бөз, шотланд т. б. жатады. Шотланд матасы айқаспалы бос тоқылған, көбінесе суреттері әр түрлі көлемдегі шаршы тәріздес болып келеді. Бомази, фланель маталарының жылу сақтағыштық қасиеті күшті. Бомазидың түгі бір жақта болса, фланельде екі жақта да болады. Майя, маркизет маталары өте жеңіл және селдір келеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?