Төлем жүйелерінің ерекшеліктері

Төлем жүйелерінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс істейді:
нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі);
клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).
1. Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).

ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айрысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін ақша аударымдарының банкаралық жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден тұрады. ААБЖ-де ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.

2. Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері

ААБЖ-де мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады.

ААБЖ-де электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. ААБЖ-де өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.

Жоғарыда аталып өткендей, ААБЖ-де төлемдер пайдаланушылар шотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы позициясында төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасауға ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі жағдайында ҚБЕО-да төлем тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шеңберінде кезекте тұрған төлем тапсырымдарының орындалуы FIFO – бірінші келген, бірінші шығысқа қағидасы бойынша, олардың кезекке келіп түсу тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырымдарының орындалу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. ААБЖ-де мәліметтерді өңдеу жылдамдығы орташа алғанда секундына 5-7 өңделген трансакциялар.

Жүйенің операциялық күні және жұмыс істеуі туралы толығырақ ақпарат ҚБЕО - ның сайтында келтірілген: www.kisc.kz.

Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)

Бөлшек төлемдер жүйесі - клирингтік палаталар (клирингтік жүйе)арқылы кішігірім сомадағы төлемдердің электрондық аударымдарының жүйесі.

Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі мұнда төлемдер жеке дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушыларынан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша таза айырмашылықтары анықталып, тек сол анықталған әрбір жүйе қатысушысының таза позициялары көлемінде ақша аударымын жүзеге асырудан тұрады.

1995 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қарашасына дейін клирингтік палата ретінде ҚБЕО-ғы клиринг қатысушыларына күнделікті дебеттік және кредиттік шектеулер қойылатын (қазіргі уақытта бұл шектеулер алынып тасталған) облыстық клирингті жүзеге асырды. Мұндағы тәуекелдіктерді басқару жүйесі мен жұмыс істеу қағидалары клирингке қатысушылар шеңберін ірі екінші деңгейлі банктердің аздаған санымен шектеді. Дегенмен, банк жүйесінің өсіп келе жатқан қажеттілігі Қазақстанның барлық қаржылық ұйымдары мен аймақтары үшін ашық клирингті құру қажеттілігіне алып келді.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚБЕО-нда Қазақстанның барлық банктерін және Казначейлік, Зейнетақы қорларын қоса алғанда, басқа да банкілік емес мекемелерді қосуға мүмкіндік беретін жаңа клирингтік жүйе пайдалануға берілген болатын.

1999 жылдың тамызына дейін БТЖ кішігірім сомадағы банкаралық төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО жанындағы Алматы клирингтік палатасы мен Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанындағы клирингтік палаталардың желісінен тұрған болатын. Қазіргі кезеңде банкаралық клирингті ҚБЕО-ғы мен ЖШС «Тимей» қаржы өндірістік компаниясы аймақтық клирингтік палатасы жузеге асыруда (2003 жылдың маусым айынан бастап ЖШС «Тимей» банкаралық клирингті жүзеге асыруын тоқтатты). 1998 жылдың соңынан бастап Алматы клирингтік палатасы АҚШ автоматтандырылған клиринг палатасы нұсқасына сай жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ғы төлем жүйесінің пайдаланушыларына байланыс арналарының барлық түрлерін ұсынатын озық коммуникациялық жабдықтарға ие.
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының клирингтік жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері

ҚБЕО-ң клирингтік жүйесінде банкаралық клиринг есеп айрысу үшін алдын-ала ақша депондаусыз көпжақты негізде жұмыс істейді.

Төлемдер жүйеге тәулік бойы (24 сағат) жіберіле алады және осы төлемдерді жіберуші-жүйе қатысушысы белгілеген басымдық кодтарына сәйкес кезекке тұрады. Әрбір қатысушы операциялық күн ішінде нақтылы уақыт режимінде өздерінің жүйеге жіберген барлық төлемдері жайында ақпаратқа қол жеткізе алады. Банкаралық клирингке құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүреді және оның нәтижесі бойынша қатысушылардың таза позицияларын анықтау мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәулігіне бір рет сағат 15.00 пен 16.00 аралығында жүреді. Пайдаланушылар операциялық күн жабылғанға дейін клирингке жіберген төлем құжаттарын кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Егер операциялық күн соңында қандай-да бір пайдаланушының шотындағы ақша қаражаты клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдарын жасауға жеткіліксіз болған жағдайда, пайдаланушының төлемдері жеткіліксіз ақша көлемінде орындалмастан жойылып, қайта есептесу жасалады. Мұндай нұсқа қатысушыларға өзініњ өтімділігін басқаруға және қарсы төлемдер ағынын барынша пайдалануға мүмкіндік береді.

Клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдары клиринг қатысушыларының таза позицияларын анықтағаннан кейін ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде жүзеге асырылады.

Одан басқа, бұл жүйеде клиринг қатысушылары болашақ күнгі төлемдермен, бірақ үш күннен ары емес (Т+3), төлем құжаттарын жіберулеріне болады. Бұл қатысушыларға өздерінің өтімділігін ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйеде жасалатын бір төлемнің жоғарғы сомасына 3 млн. теңге шектеу қойылған.

3. ААБЖ мен БТЖ-нің ағымдағы жағдайы

2007 жылы Aқша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ) мен Банкаралық клирингжүйесіарқылы жасалған төлемдер саны 23 598.7 мың трансакция құрап, бұл төлемдердің сомасы 143 454.4 млрд. теңге болды. 2006 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 2.5%-ға төмендеді, ал төлемдер сомасы 51.5%-ға артқан.

Бұл ретте, ААБЖ–сі арқылы жасалған төлемдерге 2007 жылда еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 36.1%, ал төлемдер көлемінің 98.4% келеді. Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 63.9%, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 1.6% келеді.

ААБЖ

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ААБЖ-і қатысушыларының саны 49 болып, оның ішінде:

· 34 екінші деңгейлі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ;

· Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті;

· 6 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

· Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық (3 шот ашылған);

· Мемлекетаралық Банк;

· Евразиялық даму банкі;

· ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорыныңБанк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).

2007 жылы ақша аударымдарының банкаралық жүйесі арқылы сомасы 141 148.5 млрд. тенге құрайтын 8 507.8 мың трансакция жасалған. 2006 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 2.6%-ға артты, ал төлемдер сомасы 52.1%-ға артты.

2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылда байқалып отырған ААБЖ-гі төлемдер көлемінің артуы келесідей операция түрлері бойынша төлемдер көлемінің артуымен байланысты болды: ҚР резиденттерінің бағалы қағаздармен операциялары – 61.9%-ға, шетел валютасы мен бағалы металдар бойынша операциялар - 3.2есе. Сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша төлемдер (32.4%-ға), бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдер (42.7%-ға) көлемінің артуы да байқалады.
Төлмдердің орташакүндік саны 34.0 мың трансакция болып, сомасы 564.6 млрд. теңге құрады. 2006 жылмен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының 0.7 мың құжатқа (2.2%-ға), сондай-ақ төлемдердің орташа күндік сомасының 192.0 млрд. теңгеге (51.5%-ға) артуы байқалады.
Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2007 жылда 16.6 млн.тeңге құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 5.4 млн. теңгеге (48.3%-ға) артқан.
2007 жылда жүйеде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 1 және 2 Кестелерде келтірілген.
4. Банктер арасында және банктер мен банктік операциялардың белгілі түрін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен ақша аударымдары
2007 жылда тікелей корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер өткен банктер саны 26-ға жетті.

2007 жылы банктердің корреспонденттік шоттар арқылы 2 207.9 млрд. тенге сомасына төлемдер жүргізілді (жалпы төлемдер сомасының 1.5% БААЖ мен банктік клиринг арқылы жүргізілді), 2006 жылмен салыстырғанда төлемдер көлемінің 51.3%-ға (немесе 748.6 млрд. теңгеге) өскені байқалады.
2007 жылы төлем аударымдарының саны 5 650.2 мыңға жетті, ал 2006 жылда олардың саны – 4 697.5 мыңды құраған. Төлемдер санының 20.3%-ға (немесе 952.7 мыңға) өсуі байқалуда.
2007 жылы тікелей корреспонденттік шоттар арқылы өткен бір төлемнің орташа соммасы 390.8 мың теңгені құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 25.8% өскен (немесе 80.1 мың теңгеге).
Әр тоқсан бойынша тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдер ағымы....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?