Туберкулез аса қауіпті дерт
Туберкулез аса қауіпті дерт
Туберкулездің қоздырғышын тапқан Роберт Кох "ол түзу, сәл имек таяқша ұзындығы 1,5-3 мкм" деген анықтама береді. Ал енді осы бір кіп-кішкентай вирус адамның өкпесін ғана мекен етпейді, бронхы, жұтқыншақ, ішек, сүйек, буын, бүйрек тіпті жыныс органдарына дейін зақымдайды. Қазақстан медицинасының адам ағзасында құрт ауруына қарсы иммунитет қалыптастыруда рөлі қаншалықты?
Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз. Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту" дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200 грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз". Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз. Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай, былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды...
Туберкулездің жұқпалы екендігі Гиппократ еңбектерінде тайға таңба басқандай етіп жазылған. Бірақ Ибн Сина өзінің бір еңбегінде: "Саламенелла бактериялары туберкулез жасушаларын бөліп шығаратын заттармен қоректеніп, оны жоюға септігін тигізеді", – депті. Бұл "сүзек, шешек дертімен сырқаттанғандар құрт ауруымен науқастанбайды" дегенді білдіреді. Сонда инфекциялық ауру тудыратын бактериялар туберкулезді жоя ала ма?
Жаңағы сіз айтып отырған Роберт Кох құрт ауруының таяқшасын 1882 жылы тапқан. Сол Кохтан бұрын Ибн Сина осындай тұжырым жасапты. Бірақ ХVІІІ ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстырғанымыз жөн болар ма екен. Ол кездің адамдары мен қазіргі заманның адамдары екі басқа. Екі түрлі мүддені көздейтін адамдардың ой-санасы, ес-ақылы, ішкі ағзасы да екі басқа болады. Рас, кезінде инфекциялық дертпен сырқаттанған адамдар құрт аурумен науқастанбаған. Ал қазір әрбір адамға, әр түрлі дертке қарсы алдын ала вакцина салынатындықтан, сүзек, шешек, қызылша сияқты аурулар біздің есігімізден сығаламайтын болды. Туберкулез қоздырғышы адам ағзасы қандай дәріні қабылдайды немесе қандай дәріні қабылдамайды, осының бәрін бақылап, зерттеу жасап алады. Медицина тілімен айтсақ, адам ағзасына мутация жасайды. Туберкулез таяқшалары ауырмайтын әрбір адамда болуы мүмкін. Мысалы, қазір сіздің деніңіз сау болғанымен, сіздің ағзаңызда кез келген дерттің қоздырғышы бар. Егер сіз күтінбей, дәрігерлік тексеруді қажетсінбей, өз ағзаңызға немқұрайлы қарайтын болсаңыз, аурудың қоздырғышы қозып, жасырынып жүрген дертіңіз анықталады. Негізі, медицина саласы түпсіз тұңғиық сияқты, адам түсініп болмайды. Мысалы, таяуда жапондық ғалымдар операция жасағаннан кейін, "науқастың операция жасаған жері іріңдеп кететін болса, бұл жайт кері әсер етіп, науқастың жағдайын нашарлатудың орнына жақсарта түседі" деген қызық ақпарат таратты. Осындай түсініксіз қағидаға сүйеніп: "Инфекциялық ауру тудыратын бактериялар түрлі қатерлі дерттен сақтайды" деп отыра беретін болсақ, "әттеген-ай" деп қалмасымызға ешкім кепілдік бере алмайды.
Бұл дертпен иммунитеті жетілмеген жас баладан бастап, балиғатқа толу кезінде эндокринді жүйесі толық қалыптаспаған жасөспірімдер, ағзаларының тіршілік әрекеті бұзылған егде адамдар сырқаттанып жатады. Осылардың жас аралығын зерттеген дәрігерлер "туберкулездің жұғуы адамның жасына байланысты" дегенді айтады. Дүние есігін жаңа ашқан нәресте де осы дертпен науқастанып жатады. Осыған қарағанда, дерт тұқым қуалайтын сияқты...
Халыққа қандай ақпаратты жеткізсең, көпшілік соны жүрегіне жақын алады. Егер мен сіздердің газеттеріңізге "құрт ауруы тұқым қуалайды" деп сұхбат беретін болсам, сіздердің 200 мыңнан асып жығылатын оқырмандарыңызды қателестірген болар едім. Сондықтан "құрт ауруы тұқым қуалайды" деген түсінікпен келіспеймін. Ана құрсағында жатып, осы дерттің шырмауына ілінген сәбилер болады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилердің ағзасында құрт ауруының таяқшасы пайда болып жатса, ол анасынан жұғады. Туберкулез балаға қанмен бармайды. Ол адамнан адамға жұғады. Жалпы, мен ата-бабаларымыздың: "Жеті атаға толмай қыз алысып, қыз беріспеу керек" деген қағидасын қолдаймын. Кейбір елдер туған-туыстарымен отбасын құра береді. Ал бұл – тұқым қуалайтын дерттің тамырына жан бітіреді. Әсіресе, обыр, лейкоз, ауруларының көптеп таралуына осы жайттың әсері мол. Міне, біздің бабаларымыз генетикадан хабары жоқ болса да, осы жағына қатты назар аударған. Сондықтан бізде тұқым қуалайтын дерттердің қатары сирек.
Туберкулез өткен жердің тканінде кішкентай төмпешік пайда болып, бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштеніп кететін көрінеді. Бұл "гона" төмпешігі – әсіресе, лимфа түйіндерінде, цлеврада, ми қабығында жақсы өсіп-өнеді екен. Бұл адамның миы да осы дерттің алдында дәрменсіз дегенді білдіре ме?
Бұл төмпешік адамның кез келген жеріне орнығып алады. Негізгі ұясы – өкпе, тыныс жолдары органдары. Туберкулез таяқшаларының адам ағзасында пайда болғанына 150 жылдан асты. Бірақ бұл дерттен ешқандай мемлекет түбегейлі басын арашалап ала алмай отыр. Қарапайым халық дәрігерге барғанның орнына, үйінде жатып, өз білген емін қолданады. Олар анализ тапсырып, тексерілгенен гөрі, "суық тигеннен жөтеліп жүрмін" деп өзіне-өзі диагноз қойып алып, алдыңа келеді. "Құрт ауруы", "Тубдиспансер" деген атауды естігісі келмейтін адамдар, ағзасын жайлап алған ауруды мойындағысы келмейді. Әбден әлі бітіп, төсектен тұра алмайтын жағдайға жеткен адам анализін алып, ем қабылдау жүйесін түсіндіргенде ғана өзінің жанын көзіне көрсеткен дерттің аты шулы екенін біліп, сары уайымға салынады. Ал оған дейін ол денсаулығына көңіл бөлмек түгілі, "осы мен неге әлсірей берем, неге дұрыс тамақтанбай жүрмін?" деп ойламайды. Осылай өзін-өзі психологиялық тұрғыдан күйзелтіп жүрген адамның миын дерт мекендемегенде қайтеді? Қандай ауруды болсын, жеңіп шығуға болады. Ол үшін адам ешқандай жан күйзелісіне салынбай, салауатты өмір салтына ден қою керек.
Бұл дерт елдің қоғамдық құрылысына, халықтың тұрмыс жағдайына байланысты екеніне айтар уәжіміз жоқ. АҚШ-та ақ нәсілділерге қарағанда, қара нәсілділер мен үндістердің осы дертпен сырқаттануы 2-3 есе басым. Біз де көп ұлтты мемлекеттің қатарындағы елміз. Біздің елімізде осы дерттің шырмауына көп ілінетін қай ұлт өкілдері?
Ресейде өзге ұлттардан гөрі орыстар осы дертпен науқастанады. Сол сияқты Англияда ағылшындар. Ал Қазақстанда да өзіміздің қаракөздер. Мұның несін жасырамыз? Туберкулезбен баспанасы жоқ, жұмысы жоқ, ішімдікке салынған я болмаса нашақорлар жиі ауырады. Біздің қазақ нашақор немесе араққұмар болмаса да, өзінің меншігінде баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратындар жағынан басымдық танытады. Ешқандай санитарлық талабы сын көтермейтін пәтерлерді де көріп жүрміз. Жұмысы жоқ қаншама қазақ азаматтары қара базарда арба сүйреп, көше бойында күшін сатып жүр?! Күні бойы қара жұмысқа артылып жүрген адамның кешкісін жаны жай тауып, көз шырымын алатын жері болмаса, тірлігінде не мән, не мағына болсын?! Ауырса аспиринмен ғана емделуді өзінің тактикасына енгізіп алған бізге өзге елдер мысқылмен қарайды. "Қазақ өлейін деп жатқанда ғана дәрігердің алдына барады" деген сөз тектен-текке шықпаған. Тіпті дәрігердің жазып берген дәрісін алуға қаражаты жоқ адамдарды да көріп жүрміз. Осы бір салғырттықтан, амал таппастықтан арылмайынша, босағамызға дерт байланып, тіршілігіміздің түтінін түтетуге шамамыз жетпей қалары анық.
Туберкулез қоздырғышына ерекше әсер ететін тубазид, фтивазид сияқты дәрілер шет мемлекеттерден алынатын көрінеді. Осы дәрілердің көпшілігі аурудың микробына әсер етпей, науқастың ағзасы дәріні қабылдамай жататын да жағдай болады екен. Қыруар қаражатқа алынып жатқан дәрілердің адам жанына араша болмай қалатынын қалай түсінуге болады?
Рас, Қазақстанға келетін дәрілердің біразы шет мемлекеттерден алынады. Өзімізде дайындап, өңдеп, өндіріске шығаруға мамандар тапшылығы, технология тапшылығы бөгет. Қазір құрт ауруын құрықтауға кеңестік дәуірден бастап қолданып келе жатқан дәрі-дәрмектердің, кеңестік позицияның күші жетпейді. Адам ағзасы бірқалыпты дәрі қабылдауға дағдыланып алған соң, сол дәрілерге ешқандай қарсылық білдіре алмайды. Зертханалық талдау жасап көргенімізде, көзіміз жеткен дүние осы болды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, ДОТС бағдарламасы арқылы емдеу жүйесін толыққанды жобамызға енгізіп, шетелдік мамандармен "тәжірибе алмасуды жөн" деп отырмыз.
Ал енді осы бағдарламаны әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыз толтырып айтуға тұрмайтын Африка әп-әдемі қылып денсаулық сақтау бағдарламасына енгізіп алды. Біз үшін бұл жүйткіген көліктің алдына жүрісі мандымайтын арбаны жүргізіп қойғандай әсер етті. ДОТС бағдарламасын қарапайым халыққа неге мойындата алмай отырмыз?
1993 жылдары экономикамыз нарықтық құлдыраудың қаһарына ілінген кезде талай емханалар жабылып, біршама жоғары білімді дәрігер мамандар халықтың сенімін жоғалтып алды. Не қаржысы жоқ, не білікті маманы жоқ емхана халықтың пейіліне қайдан бөленсін? Осы уақытта құрт ауруы тіпті ушығып кетті. Рас, ДОТС бағдарламасын қабылдағанымызға он жылға таяп қалды. Бірақ кейбір науқастарымыз осы бағдарламамен емдеу жүйесін түсіне бермейді. ДОТС бағдарламасының бірінші тәсілі – стандартты емдеу түрі. Бұл – науқастың түрін ұзаққа созбай, тез арада анықтау деген сөз. Ал екінші ұстанатын бағыты – науқастың түрін бақылау болса, үшінші түрі – науқастың статистикасын анық, нақты түрде халыққа жеткізіп отыру. Осы бағдарламаны қабылдағалы бері, құрт ауруымен сырқаттанғандар арасында өлім азайып келе жатыр. Алғаш осы бағдарламаны қабылдағанда, аурудың саны көбейген кезде "апыр-ай, осы қалай болады екен?" деп жүрексінгеніміз рас. Бірақ соңғы үш жылдан бері дерттің саны азайып келеді. ДОТС-тың мән-жайын түсінбеген біраз лауазымды адамдар "Үкіметтің қаражаты желге шашылып жатыр" деп дабыра салды. Олардың көбісі біздің медицина мамандарының еңбегін мойындағысы келмейді. Сол Қазақстанның медицинасына мұрын шүйіретін шіркіндер, иегінің астында қандай жаңалық болып жатқанын білмейді. Шет елге барып емделіп, демалып, барлығын, байлығын көрсетіп жүрген байшікештер шет елдің медицинасын елге келіп, жарнамалап жүр. Керісінше, біздің Қазақстанға келген шетелдіктер Бурабай мен Шымбұлақты көрсе "тірі пейзаж" деп тамсанып, таңдай қағады. Міне, қазір сіз де ДДҰ ұсынған ДОТС бағдарламасын жүйткіген көлікке, біздің медицинаны арбаға теңеп тастадыңыз. Рас, шет елдің медицинасы мен біздің медицинаның арасы жер мен көктей. Бірақ сол деңгейі аласа медицина биікке қарай қол созса, несі айып? Жапония, Англия, Германия сияқты елдерде аурудың ерте сатыда анықталуы басым. Өйткені олардың халқы медицина саласының жай-жапсарын жақсы түсінеді...
Жапония демекші, жапондар халқының денсаулығын сақтап қалу үшін скринг әдісін қолданады екен. Оларда жылына екі рет сұрыптама тексеруден өтпесе, "еңбек демалысы төленбейді" деген заң бар. Ал енді біздің кейбір ақ халатты жандардың өзі түрлі дертпен науқастанып жататыны белгілі. Тіпті білім ордасында дәріс беретін мұғалімдердің арасында да құрт ауруымен сырқаттанатындар кездесіп жатады. Осындай олқылықтарға орын бергенше, біз де жапондықтардың әдісін неге қолданбаймыз?
Рас, құрт ауруының алдын алатын мекемелерде сырқаттанатын мейірбикелер бар. Олардың ауыратын себебі, жалақылары аз, түні бойы науқастардың жағдайына алаңдап жүріп, дұрыс дем ала алмайды. Дұрыс тамақтана алмайды. Осыдан барып, дерт жұқтырады. Медициналық тексеру жағы бізде де бар. Бұл жерде әр халықтың менталитеті деген нәрсені ескеруіміз керек. Біздің де мемлекеттік қызметкерлеріміз қызметке кірісерден бұрын дәрігерлік тексеруден өтуі керек. Десек те, мен барып қазір бір адамға "сіз бізге жұмысқа кіресіз, тек барып дәрігерлік тексеруден өтуіңіз керек" деген міндеттеме жүктесем, ол өзінің таныс дәрігеріне барады да, өзін "құлан-таза дені сау" деген құжат алып келеді. Бұл өзіне-өзі жаны ашитын адамның ісі ме? Басқа дамыған елдер экологияның зардабын шегіп, азабын тартып болып денсаулықтың қадірін жақсы түсініп отыр. Оларға денсаулықтары жайында "сіздің денсаулығыңыздың жайы былай" деп, сыр тартып көріңізші, олар сол жерде барлығын ысырып тастап, емхана кезіп кететін халге әлдеқашан жеткен.
Құрт ауруының ашық түрімен сырқаттанатын науқас ешқандай мекемеде жұмыс атқаруға құқы жоқ. Бұл олар айналасындағы сау адамдарға "аса қауіпті" дегенді білдіреді. Сұрайын дегенім, науқастарға Үкімет тарапынан бөлінетін көмекке көңіліңіз тола ма? Оларға берілетін 12-13 мың теңге жәрдемақы қай жыртығын жамауға жетеді? Қоғам осы әрекетімен сырқат адамдарға өгейлік танытып жатқан жоқ па?
Дұрыс айтасыз, заң бойынша құрт ауруымен сырқаттанатын адамдар көпшілік орындарда қызмет атқаруға болмайды. Бірақ шындап тексерсек, білім ордаларында, балабақшаларда, емханаларда аурудың ашық түрін жұқтырған жандар кездесіп жатады. Бұл адамдар өзіне қажетті көмекті алып, елге зиянын тигізбей, үйінде неге отырмайды? Себебі олардың Үкімет тарапынан бөлінетін қаржыға көңілі толмайды. Өзіңіз ойлап қараңызшы, 13 мың теңгемен сіз күн көре алар ма едіңіз? Бір кемшілігі біріне жетпей, әбден қиналған адам қырық жамау жыртығын жамау үшін, екі-үш жерде жұмыс істеуге тура келеді. Өзі ауру адам болса, өзі жұмыс істесе, ол қайбір жетістіреді. Ол бірінші өзінің денсаулығын сауықтырудың орнына, дертін одан әрі асқындыра түседі. Екіншіден, айналасына құрт ауруының таяқшасын жұқтырады. Адамның ажал құшуы бір ғана құрт ауруымен немесе қатерлі дертпен "астасып жатыр" деп ойламаймын. Қазақ "әр нәрсе өз ретімен" деген қағидаға сүйенеді. Жасы келген, өмірден көрген-түйгені бар, жасарын жасаған адам өмірден өтсе, ештеңе емес қой, бізді қинайтыны – құрт ауруының тырнағына жастардың ілініп жатқаны. Күндердің-күнінде бұл дерттің тамырын құртатын вакцинаның жаңа түрі пайда болады, оған сену керек. Тек уақыт өте келе, осы дерттің орнын басатын басқа қатерлі дерт шықпасын деп тілейік... ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?