Су ресурстарының экологиясы
Су ресурстарының экологиясы
Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, келеңсіз жағдайлар туғызуда, оның ішінде ауыл тұрғындарын қамту 185 су тасымалдау жүйесінің санитарлық- техникалық қағидаларға сай істейтіні 75. Соңғы жылдары ауыз суының сапасы күрт төмендеп кетті. Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету төменгі дәрежеде, айта кетер болсақ: Байзақ ауданында 7 %, Жамбыл ауданында 21%, Шу ауданында 20,2%, Мойынқұм ауданында 14 % дейін ғана таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Жамбыл облысындағы негізгі ірі үш өзендер: Шу, Талас және Аса. Негізінен өзендердің көбі Арал бассейініне жатады. Тек Іле Алатауының шығыс беткейінен өтетін кішігірім өзендер ғана Балқаш бассейініне жатады. Бұл Жамбыл облысындағы барлық өзендер Қазақстандағы басқа да өзендер сияқты ластанудың өте жоғары деңгейінде тұр. Соңғы уақытта Шу - Талас бассейіндерінің су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдары және экологиялық жағдайларының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда.
Төрт қала, он аудан орталықтары және жекеленген елді мекендері жер асты суларының есебінен сумен қамтамасыздандырудың сенімді көздеріне ие. Облыс аумағында жер асты сулары фтор мен полифосфат қосылыстарымен ластанған. Оның негізгі көздері жергілікті жердегі химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары. Облысымыздағы тағы бір басты мәселелерінің бірі - лол шайынды сулар болып отыр. Кәсіпорындарда шайынды сулардың оқшауланған немесе қарапайым су тазалағыш құралдардың жоқтығынан, олар тазаланбастан сүзгі алаңдарына түсуде. Сүзгі алаңына түскен шайынды сулар өзен жағасындағы елді - мекендер пайдалану нәтижесінде күрделі экологиялық жағдай туғызып және аймақта эпидемиологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Осыған байланысты ішек аурулары көбеюде.
Су-ішек ауруларына шалдықтыратын бірден-бір көздің бірі. Санитар- эпидемиологтардың байқауынша әр-түрлі ауруларға тек лас суды ішкенде ғана емес, сонымен қатар лас сумен ыдыс жуғанда, қол жуғанда, лас суды тамақ пісіру үшін пайдаланғанда да жұғады. Тағы да бір кең таралған аурулардың бірі - су холерасы. Ең бірінші холера эпидемиясы 1854 жылы Лондонда тіркелген. 1892 жылы Гамбург тұрғындары нашар тазаланған сумен қамтамасыз етілген. Соның арқасында су холерасы кең өріс алды.
Өндіргіш күштердің дамуының қазіргі кезеңінде су қорын қорғау, сарқылтпай тиімді пайдалану, оны ластамау, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың ең маңызды жақтарының бірі. Су қоры ұлттық байлық болып табылады, сондықтан қатаң есепке алынады. Суды пайдалану қарқыны артуымен байланысты олардың сапалық өзгерістері зерттеліп, қорғау шаралар жер бетіндегі, жер астындағы суларды ластамау шаралары белгіленіп жүзеге асырылады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары белгіленіп жүзеге асырылады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
1. Озық технологияларды қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану.
2. Ластанған суларды тазарту шаралары, оларды ауыл шаруашылығына және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б.
3. Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өңдеулерден өткізу.
4. Суға зиянды нәрселерді тастауды азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайтып, оларды тәртіпке келтіру.
Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы халықтың қажетін сапалы сумен қамтамасыз ету және су пайдалануға байланысты қолайлы жағдайлар туғызу. Су көп қолданылатын өндіріс салаларында суды үнемдеудің тағы бір болашағы зор бағыты салқындату процесінде судың орнына ауаны пайдалану. Мұндай жағдайда өндіріс шығындары кемиді. Суды тиімді пайдаланудың келесі маңызды бағыты айналымды су жүйесін қолдану. Ондай жүйе қазір мұнай – химия, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылады. Айналымды су жүйесінде таза су ысыраптың орнын толтыруға ғана алынады. Сонымен қатар техникалық сумен жабдықтауда әлі күнге дейін үнемсіз ашық және кезекті су жүйелері қолданылып келеді. Болашақта нағыз үнемді тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Оның айналымды су жүйесінен артықшылығы мұнда су ысырабы болмайды және таза сумен үнемі толықтырылып отырады.
Айналымды су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық су тұтынуды 20-30 рет азайтады, бірақ лас су төгуді, таза сумен толықтыруды мүлдем тоқтатпайды. Бұл тұрғыдан ең тиімдісі тұйық су жүйесі, ол су үнемдеумен қатар басқа су қорғау экологиялық мәселелерін шешеді.
Суды ең көп пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық шаруашылығында пайдаланған барлық судың 70-75% дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Суғармалы егіншілікте суды дұрыс пайдаланбағанда су айналымының табиғи процесі бұзылады және судың сапасы нашарлайды, тұздылығы артады, тыңайтқыштар, пестицидтер араласады. Сондықтан суды қорғау, үнемдеу шаралары қолданылады. Су көздерінің ластануы санитарлық –эпидемиялық ахуалдың нашарлауына, жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау мәселелерінің техникалық жарақтандырылудың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда көкейкесті міндеттің бірі болып отырған рас. Үстіміздегі жылдың мәліметтері бойынша обылыстағы 183 елді -мекен су құбырымен қамтамасыз етілген, 194 –і жергілікті су көздерінен су ішіп отыр, ал 6 елді- мекен суды тасып ішеді екен, ол санитарлық талаптарға сай келмейді.
Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына, ауыл шаруашылық өндірісінің реформалануына, мемлекеттік коммуналдық қызметтің таратылуына байланысты ауыз сумен қамтамасыз ету нысандары әсіресе ауылдық жерлерде иесіз қалып отыр. Бір жағынан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының ұзақ уақыт жүргізілмеуі және жартысына жуығы 30 жылдан астам уақыт пайдаланып келе жатқан су құбырларының тозып кеткендігі олардың санитарлық – техникалық тұрғыдан нашарлауына әкеліп соғады.
Егер жер үстіндегі судың ластануын тоқтатсақ, облыс бойынша жер үсті су көздеріне құйылатын ластанған ағын суды жіберуші негізінен Тараз қаласының, Жамбыл, Жуалы аудандарының кәсіпорындары болып табылады. Бақылау көрсеткендей Талас өзеніне құйылатын ағын судың құрамындағы жүзгін заттар, хлоридтер, сульфаттар, нитриттер, аммиак біршама ұлғайып, судың кермектілігі арта түскен.
Шаруашылық тұрмыстың және өндірістік ағын су көздерін ластандырушы негізгі көздер болып табылады. Әсіресе, облыс орталығындағы ағын суларды тазартумен бұрып жіберудің жағдайы өте қиын болып отыр. Тараз қаласындағы канализация жүйесі солтүстік –шығыс және солтүстік –батыс болып 2 өнеркәсіп аймағына бөлінген. Солтүстік –шығыс өнеркәсіп аймағындағы кәсіпорындардың ағын сулары Байзақ ауданының «Бурыл» ӨК жерінде 144 га. алқапқа бұрылады.
Өзен -көлдерді қорғау ісінде мемлекеттік бақылау қызметі көптеген қиыншылықтарға кезігеді. Негізгі заң бұзушылықтар мемлекеттік суды есепке алу жұмыстарында кездеседі. Мысалы: су өлшегіштердің орнатылуы, ауыл шаруашылығына кететін судың есепсіз пайдалануы, жоспарсыз және рұқсатсыз суды пайдалану[5].
Суды қорғау мақсатында өтетін жұмыстарға немқұрайлы қарау, бөлек су объектілерінің өз иелерінің болмауы, мемлекеттік инспекторлардың тапсырыстарының орындалмауына алып келеді. Қаржы көзінің жоқтығына байланысты су қорғау зоналарының проценттерін жасау жөніндегі сұрақ шешілмей отыр.
Су ресуртарын пайдалану проблемалары мен оларды шешу жолдарын төмендегідей бөліп қарастыруға болады:
- суды мөлшерлі пайдалану, суды пайдаланушы жауапкершілігінің артуы жайындағы сұрақтар;
- суды есепке алу жұмыстарын жүргізу үшін кішігірім өзендерде гидрометриялық қызметтердің қайта орнатылуы;
- су қоймаларындағы ГТС жағдайларын жақсарту;
- мемлекетаралық транзитті өзендер суының бөлісуімен байланысты сұрақтар;
- Қырғызстаннан келетін су сапасын бақылаумен байланысты сұрақтар.
Осы айтылған сұрақтардың орындалуына кедергі келтіретін басты себеп, су шаруашылық жүйесінің техникалық жағдайының қанағаттандырылмаушылығы, суару желілеріндегі ғылыми тұжырымдалған жұмыстардың дұрыс орындалмауы.
Осы проблемалардың кейбір шешу жолдары мынадан көрінеді:
1. Пайдаланушылардың су шаруашылық мекемелері алдындағы қарыздарын өтеуге көмек көрсету.
2. Жер үсті суларын пайдаланушы ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін қаражатты орынды пайдалануға атсалысу.
3. Суландыру жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту үшін суды пайдаланушыларға несие беруге атсалысу.
Мемлекетаралық су бөлу проблемасын шешу үшін: транзитті өзендер суын бөлу бағытындағы жаңа құжат жасап, оны мемлекеттік деңгейде бекітіп және осы құжатта бекітілген шарттардың орындалуын қадағалайтын механизм орнату керек. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?