Сексеуілге экологиялық қауіп бар
Орман қоры өрттің салда¬рынан, орманды пайдалану және т.б. атқарылған шаруашылық жұмыстарына байланысты жыл сайын өзгерістерге ұшырап оты¬рады. Барлық облыста өсетін орман ағаштарының ішіндегі ха¬лық шаруашылығына маңыз¬дысы – сексеуіл ормандары, олар облыс ормандарының 50 пайыздан астамын құрайды. Сек-сеуіл ормандары шөл және шө¬лейт жерлерді көмкеріп, көрік беріп тұруымен бірге, сол жер¬лерді мекендеп отырған елдің негізгі отын көзі.
Облыста мал шаруашылығын дамыту орман қоры жерлерінің сақталынуына және ұқыпты пай¬даланылуына тікелей байла¬нысты. Себебі, малдың жаздық жайы¬лымы таулар, қыстық жайы¬лымы мен бұталы панасы бар құмдар негізінен орман қоры жерлері.
Құм дегенде ойымызға бірден сексеуіл түседі. Ал анығы Мойынқұмның үлкен аумағын төбе құмдар алып жатыр. Бұл жерлер жүзген, қоянсүйек сияқты бұталар¬мен көмкерілген. Сусымалы құмды бекітіп, ұстап тұрған да осы бұта¬лар. Нағыз мал жайылымы да осы жерлер. Сондықтан облыс эконо¬микасының негізгі саласының бірі мал шаруашылығы үшін бұл жер¬лердің орны мен бағасы бөлек.
Орман шаруашылығы меке¬мелерінің бірінші міндеті қазіргі кезде осы жерлерді сақтау болып отыр. Себебі мал аяғымен тапталып тез жұтаңдайтын, өртке жиі шалы¬натын да осы жерлер. Биыл 177,9 мың гектар орман қоры жері өртке оранса, осының 90 пайызы осы төбе құмдар аймағына тиіп отыр. Бұл аймақта жаздың 50-60 градусқа жететін ыстық аптабында өрт өшіру тұрмақ жай жүріп-тұрудың өзі қиын. Шыққан өрттің ырыққа көнбей, өшіру бермей кетуінің бір себебі осында. Ал ең дұрысы, болған өртпен күресу емес, сол өршіген өртті болдырмау. Яғни, бұл жерлер жіті қорғауда болуы керек. Мұның бірінші шарты — орманшы-қорықшыларды өз айналымдарына орналыстыру.
Бүгінгі күні 280 орманшы-қо¬рықшылардың осы аймақтарда үйлерінің болмауынан тек 18 пайы¬зы ғана өз айналымдарында отыр. Қалғандары орман қорына жақын жердегі елді мекендерде орналас¬қан. Бұлардың айналымдарын қору мүмкіндіктері өте төмен, себе¬бі 10 пайызы ғана мініс көлігімен қам¬тамасыз етілген. Турасын айтқанда, бүгінгі таңда орманшылардың орманға нәтижелі қоруды жүргізуге жағдайлары жоқ. Енді өрт бола қалған жағдайда, қалай тез өшіріп аламыз, оның үлкен алқапқа тарал¬мауын қалай қамтамасыз етеміз, осыны айқындап алайық.
Өрттің үлкен алқапқа таралып кетпеуіне кедергі болатын, бас¬тапқы орманшылық шара, орманда жол бойларымен қатарластырып өртке қарсы айдаулар жасау. Төбе, сусымалы құмдарда айдалған жолақтарды осылай жасау тиімді әрі пайдалы. Себебі жол, жолақтың енінің артуына мүмкіндік береді. Орман қоры жерінде кем дегенде 20 мың км. жолақтар жасалуы керек, ал іс жүзінде орындалып жүргені 6-7 мың км. болады. Бұл өте жеткіліксіз, әрі жолақтан өрт секіріп өтіп кетпеуі үшін оның ені 8-10 метрден кем болмағаны жөн, ал біздің жасап жүрген жолақта¬рымыздың ені 3-4 метрден артпай¬ды. Жолақ — өрт тірелетін негізгі кедергі, сондықтан оны сапалы әрі көп жасауға қол жеткізсек, өрттің үлкен алқапты алмайтынына сенім¬ді болуға болады.
Өртті тез өшіру үшін, бірін¬шіден, өрт туралы хабар тез алынуы және өрт болған жерге тез жетуіміз керек. Демек, орман шаруашылығы әкімшілігінің орманшы-қорық-шылармен, бекеттермен тұрақты әрі сапалы байланысын орнатып, өрт сөндіру топтарын жүрдек те өт¬кіш автомашиналармен жабдық¬таған жөн.
Орман шаруашылықтарында байланыс құралдары 60 дана болса, шын мәнінде керегі 200 дана. Ал қажетті 33 автомашинаның орнына небары 12 автомашина ғана жүріп жүр. Орманды қору, өртті болдыр¬мау, тез өшіру орман шаруа¬шылығы мекемелерінің жауапты міндеті, осымен қатар терең білімді керек ететін жұмыс, ол алынған, кесілген орманды қалпына келтіру, орман қорын молайту.
Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихатта 2005-2007 жылдарға арналған облыстық “Жасыл – Ел” бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес орман қоры жерінде 2005 жылы – 5645 га, 2006 жылы 6700 га. жаңа орман алқап¬тары жасалды, ал 2007 жылы күзде 7100 гектар жерге сексеуіл тұқы¬мын себу жоспарланып отыр. Көктемде Мойынқұмның жиегіне 230 гектар құмның көшуіне, жазда құмнан егіндікке соғатын аңызақ желге тосқауыл болатын жасыл белдеулер отырғызылды.
Атқарылып отырған орманды қалпына келтіру, қорын молайту жұмыстарының көлемі аз. Себебі 1990-шы жылдан 2000-шы жылға дейін елге отын көзі негізінен сек¬сеуіл мен басқа да бұталар болды. Орман шаруашылығы мекемелері тұралап, тиісті деңгейде қору жұмыстарын ұйымдастыра алмады. Осының салдарынан орман ағаш¬тарын рұқсатсыз пайдалану көбей¬ді. Ал орман егу тоқтап қалды. Бұл ормансыз жерлердің көбеюіне әкеп соқтырды. Сол 10 жылда 58550 гектар жердің орманы алынып, тек 26279 гектары қалпына келтірілді.
Қазіргі кезде ауыл тұрғындары¬ның мұқтажына, басқа да сексеуіл отынын пайдаланушылар үшін жы¬лына 7-8 мың гектар жер сынды¬рылады. Мұның үстіне рұқсатсыз сындырылатын жерлер тағы бар. Бұған егілген және ұрығынан себіл¬ген орман алқаптарының шықпай қалған жерлерін қосыңыз. Анығын айтқанда алынған жер толық қайта егілмей отыр. Оншақты жылдың ішінде орманды толық қалпына келтіру үшін жылына 13-15 мың гектар жерге орман егілуі керек. Мұндай көлемде жұмыс атқаруға жыл сайын жергілікті бюджеттен тек орман егуге 30-40 млн. теңге бөлінуі тиіс. Қазіргі бөлініп жүрген қаржының көлемі 15-16 млн. теңге болады.
Қазіргі кезде сексеуіл орманы¬ның 200-300 гектары ғана көшет¬пен егіліп, қалған 6000-7000 гекта¬ры ұрығынан себіліп жүр. Орманды ұрығынан өсіру табиғаттың өзге-рістеріне өте тәуелді, сондықтан 2 жылдың бірінде шығымдылығы төмен болып жатады. Орман өсірудің нәтижесін көтереміз десек, көп жылдық жұмыс тәжірибесі дәлелдегендей, орманды көшетпен өсірген дұрыс. Мұндай жағдайда ағаш тез көтеріліп, ауа райының қолайсыздықтарына төзімді келеді, бірақ бұл жұмыстың бағасы себуден 2-3 есе артық.
Қалай болғанда да жұмыс тез көзге көрініп, тұрақты, нәтижелі бо¬луы үшін біртіндеп орманды кө¬шет¬пен егіп өсіруге көшу — қажет¬ті¬лік. Осыны ескеріп орман өсіруге қажет көшетті көптеп өсіруді қолға алып отырмыз. Мекемелер көшет¬бақтың көлемін 15 гектарға жеткіз¬ді, келешекте бір жылда себілетін көлемін 18-20 гектарға жеткіземіз деп жоспарлануда.
Орманды қору, қорғау, егу, себу жұмыстары және көшет өсіру бол¬сын барлығы техниканың күшімен бітеді. Облыстың орман шаруашы¬лығы мекемелері 1986 жылдан бастап жаңа техника алмаған. Тек 2004 жылдан арнайы есепшоттың қаржысына бірлі-жарым техника ала бастадық. Арнайы бекітілген норматив бойынша есептегенде мекемелерде 95 әртүрлі трактор, 21 қору автомашиналары, 130 тірке¬мелі құрал-саймандар жетіспейді.
Облыс аумағында биыл бол¬ған үлкен өрт мәселесі жақында Ауыл шаруашылығы министр¬лігінің орман және аңшылық шаруашы¬лығы комитетінде қаралды. Өрттің шығуының және үлкен алқапты алуының себеп¬тері талданды. Біздің департа¬менттің тарапынан жіберілген кемшілік¬терге баға берілумен бірге, өрт¬пен күресуге техни¬калық мүм¬кіндіктің төмендігі аталып өтті. Қазір комитет техника алуға трансферт арқылы қаржы бөлу мәселесімен айна¬лысуда. Бұл облыстың орман шаруашылығы саласы еңбек-керлерінің келе¬шекте қандай жұмыс болмасын табысты атқаратынына сенім¬ділік беріп отыр.
“Жасыл – Ел” бағдарлама¬сына байланысты облыста 2005 жылдан бастап елді мекендердің айналасына орман алқаптары жасалуда. Жыл сайын 250-350 гектар жерге жасыл желектер егіледі. Қаржыны аудандар бө¬леді. Жұмысты атқаруға ауылдың жұмыссыз адамдары тартылады. Үш жылда 936 гектар орман алқаптары егілді, сақталғаны 645 гектар – 70 пайыз. Бұл жаман көрсеткіш емес. Келесі 2008-2010 жылдары өрелі жұмыс жалғас-тырылатын болады.
Қандай сала болмасын орын¬далған жұмыстың сапалы да нәтижелі болуы мамандарға бай¬ланысты екені белгілі. 1985-ші жылдан бері облысқа жас маман¬дардың келмеуінен салада орман шаруашылығы мамандарының саны жыл өткен сайын кеміп барады. Сондықтан мекемелерде орман ағаштарының биология¬лық ерекшеліктерін, оны өсірудің жолын білетін мамандар өте аз. Жас мамандардың келмеу себебі жалақы төмен, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді. Бұл республика бойынша қалып¬тасып отырған жағдай. Ертерек шешілмесе сала жақын арада тұйыққа тіреледі.
Облыстың көптеген елді мекендері жеңіл топырақты құм жиегіне орналасқан. Қазір ауыл¬дық жерде басқа жұмыс болма¬ған соң ел негізінен мал ұстап күнелтуде. Мал көбейген сайын ол ауылдың маңының шөбін жұтаңдатып, топырағын жала¬ңаш¬тауда. Жалаңашталған құмды топырақ желмен көтеріліп жолдарды, үйлерді басып қалу қаупі байқала бастады. Мұндай елді мекендердің саны күн санап артып келеді. Мысалы, Үшарал ауылын құм басуына байланысты биыл ауылдың айналасын көгал¬дандыру жобасы жасалды. Келесі жылдан бастап жоба іске асы¬рыла бастайды. Бұл жұмыс¬тар қыруар қаржы керек етеді. Сондықтан келешекте орынсыз шығын жасамау үшін аудан, ауыл әкімдері бүгіннен бастап осы мәселенің шешу жолдарын қарастырғандары ләзім.
Облыста байқалып отырған тағы бір мәселе, ол гидрогра-фиялық желілер, ашық арналар бойларының сүзілген су әсерінен сортаңдануы және осы желілер¬дің шаңды дауылдардың салда¬ры¬нан ластануы. Аталған жайсыз құбылыстарды шешудің бірден-бір жолы олардың бойларына ағаш егу. Экономикалық, эколо¬гиялық зияны үлкен бұл құбы¬лыстарды жою шаралары да ер¬те¬рек қолға алынуы керек сияқты.
Облыстың орман шаруашы¬лығы атқарып отырған және келешекте қолға алатын істер тізімі үлкен. “Бітер істің басына, жақсы келер қасына” демекші, аталған мәселелерді шешуге жо¬ға¬рыдан да, төменнен де жақсы көзқарас болса, облыстың орман шаруашылығының өркендеп, ісінің алға басатынына күмән жоқ ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?