Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.

1.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.

1.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.
1. Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.
2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.
3. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.
4. Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі –қалпы 8 л көп болмайды. Ал, тез және бар күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді, 120-130 л жетеді .
5. Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын күшейтеді.
6. Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны, гемаройды болдырмайды.
7. Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.
Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.
1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері.
Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.
Дене тәрбиесінің мазмұны:
• Денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
• Ақыл-ой және дене күштерін жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
• Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;
• Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
• Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
• Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);
• Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
• Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут.с.с.;
• Ұлттық ойындар игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы» Ережеде (Алматы, 1993) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған.
Дене тәрбиесінің мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.
Дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.
Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог, әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт болды. Ол адам денесінің жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.
Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.
Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.
Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне мыналар:
• Дене шынықтыру сабақтары;
• Факультативті сабақтар;
• Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
• Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.
Білім беру саласында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.
Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі міндеттері:
• Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;
• Оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыртастыру;
Оқушылардың денсаулығын нығайту және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуде дене шынықтыру сабақтарымен қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше.
Сыныптан тыс дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:
• Оқушыларды дене тәрбиесі жұмыстары мен спорттың әр түрі мен айналысуға кең көлемде қатыстыру;
• Спорттың әр түрлі бағыттарында олардың ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау;
• Олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру және спортқа деген қызығушылығын ояту;
• Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;
Сондықтан дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыстьарының жүйесі оқыту процесінде атқарылған спорттық ойындар түрлерінің мазмұнымен тығыз байланысты болуы керек.
Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары:
1) Оқушылардың санитарлық-гигиеналық білімдері мен түсініктерін тереңдету, оған қажетті біліктілік пен дағдысын қалыптастыру;
Осы бағытта мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мен дәрігерлер оқушылармен еңбек, демалыс және дұрыс тамақтану режимі, дене гигиенасын сақтау, дене күштері мен денсаулықты шынықтыру амалдарының маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу, баяндамалар жасау, спортшылармен қызықты кездесулер ұйымдастыру, оқушылардың жаппай спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығы және қажетсінуін тәрбиелеу.
2) Оқушылардың денсаулығы мен дене күштерін шынықтыруда табиғаттың мүмкіндіктерін пайдалану (күннің көзі, таза ауа, таза су т.б.). Мысалы, табиғат аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын ұйымдастыру.
3) Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінде оқушылардың спорттық жарыстарын, әртүрлі спорт түрлерімен және дене шынықтыру жұмытарын ұйымдастыру.
Мысалы, спорт секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру, көпшілік спорт жұмыстары, спорттық мейрамдары, әскери спорттық ойындар.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында (1997) және «Слауатты өмір салтын қалыптастыру» бағытының бірі – олардың дене тәрбиесін нығайту қажет екендігін атап көрсетті.
Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда оқу және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының көптеген құралдары мен амал тәсілдерін кеңінен пайдалану ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.

II-тарау. Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.
Денсаулық- физикалық, психологиялық және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.
«Салауатты өмір салты» деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді. Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні, керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің абайламай айтқан сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.
Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады, кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.
Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша барлық аурулардың 45% күйзеліспен байланысты болмақ. Сондықтан күйзелістің тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.


2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.
Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық «апат» деп таниды. Адамзат үшін бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.
Бұл бел алған көпшілік кемістігін «өркениет ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.
Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі «автоматтандырылған элемент» осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.
Егер де осы шартты рефлекстер кешені адам үшін пайданы діттесе және денсаулықты жетілдіруге бағыттаса, жақсы ғой, айталық: таңғы гимнастикамен шұғылдану, ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б. Бұлар –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.
Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой алдыру жатады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?