CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ (AISTHESILOGOS)

CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ (AISTHESILOGOS)

КӨРУ МҮШЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

2.1 Көру мүшесі және көру талдамасы.

Жарық тітіркендіргішінің әсерінен жануарлар дүниесінде арнаулы көру мүшесі пайда болды, оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан пайда болатын және жарық сәулелерінің тітіркендірулерін қабылдай алатын арнаулы сезімтал клеткалар болып табылады. Олардың көбі пигментпен қоршалған. Пигменттің маңызы жарықты белгілі бір бағытта өткізіп, артық жарық сәулелерін ұстап қалуда.
Қарапайым жануарларда мұндай клеткалар бүкіл денеде шашырай орналасқан, ал кейін нерв келетін сезімтал клеткалармен астарланған шұңқыршақ пайда болады.Омырқасыз жануарларда шұңқырдың алдында торлы қабықшаға түсетін жарық сәулелерін шоғырландыруға арналған жарық сындырушы орталар пайда болады. көздері барынша дамыған омыртқалы жануарларда бұлармен қатар көзді қозғалтатын бұлшықеттер және қорғаныш бейімдіктері пайда болады.
Омыртқалы жануарларға тән бір ерекшелік мынада : көздің арнаулы клеткалары бар жарық сезгіш қабығы тікелей эктодермадан емес, томпаю арқылы алдыңғы ми қуықшасынан дамиды.
Көру анализаторы дамуының бірінші кезеңінде оның шеткі ұшында таяқша пішіндес жарықсезгіш клеткаклар болады, ал көру орталықтары тек ортаңғы мида ғана орналасады. Мұндай көру мүшесі тек жарықты сезіп, заттарды ажыратуға ғана қабілетті.
Құрлықта тіршілік ететін жануарларда торлы қабық жаңа жарықсезгіш клеткалармен – сауыт тәрізді клеткалармен толығып, аралық мида, ал сүтқоректілерде ми қыртысында да жаңа қөру орталықтары пайда болады. осының нәтижесінде көз түрлі түстерді көріп ажырату қабілетіне ие болады. мұның барлығы бірінші сигнал жүйесімен байланысты. Ақырында, адамда ми қыртысында ең жоғарғы көру орталықтары ерекше дамып, солардың арқасында онда көру образдарымен байланысқан дерексіз ойлау және жазбаша сөз пайда болады. Бұлар адамға ғана тән сигнал екінші сигнал жүйесінің құрам бөлігі.
Көз эмбриогенезі жалпы алғанда былай жүреді. Алдыңғы ми қуығының қабырғасының бүйір томпақтары жандарына қарай созылып, ішінде жіңішке қуысы бар аяқша арқылы ми қысымымен жалғасатын екі көз қуықшасын түзеді. Аяқшадан көру нерві, ал көз қуықшасының шеткі бөлігінен торлы қабық түзіледі. Көз бұршағының дамуына байланысты көз қуықшасының алдыңғы бөлігі аяқшаға қарай ойыстанады, соның нәтижесінде қуықша қос қабырғалы «көз бокалына» айналады.
Екі жапырақша «бокал» жиегінде біріне-бірі ауысып, қарашық бастамасы түзіледі. «Бокалдың» сыртқы жапырақшасы торлы қабықтың пигментті қабатына, ал ішкі жапырақшасы жарық сезгіш қабатына айналады. «Көз бокалының» алдыңғы бөлігінде оның қуысында орналасатын көз бұршағы артында шыны тәрізді дене түзіледі.
Көздің сыртқы – тамырлы, ақ қабық және мөлдір қабықтары «көз бокалын» көзбұршақпен бірге қоршап жатқан мезодермадан дамиды. Мезодерманың сыртқы, тығыздау қабатынан мөлдір қабықпен қоса ақ қабық, ал ішкі тамырларға бай қабатынан кірпікті дене, нұрлы қабықпен қоса пайда болады. Ұрық көзінің алдыңғы бөлігінде екі қабат бір-бірінен бөлінетіндіктен алдыңғы камера пайда болады. Мезодерманың бұл жердегі сыртқы қабаты мөлдірленіп, мөлдір қабық түзеді. Мөлдір қабықты алдынан жабатын эктодермадан қабықтың ішкі бетіне ауысатын коньюнктиваның эпителиі түзіледі (1-сурет).

1-сурет. Көздiң құрылысы.
(Көз-жас безi және көз бен мұрынның жас жолы жарып көрсетiлген):
1 – көз-жас безi (glandula lacrirnalis); 2- үстіңгi қабақ (palpebrae superior) оның кiрпiктерi (ciliaris); 3 - жас түтiгi (ductus excretorii); 4 – көз көлі (lacus lacrirnalis); 5 ¬жас қапшығы (saccus lacrirnalis); 6 – көз бен мұрынның жас жолы (ductus naso lacrirnalis); 7 – төменгі қабақ (palpebrae inferior) оның кiрпiктерi; 8 – көз алмасы (bulbus ocu1i); 9 ¬- көздiң түcтi қабаты – көздiң қаpa немесе көк болып көpiнeтiн бөлiгi; 10 – көздiң қарaшығы(рарilliа) - түcтi қабаттың ортасындағы тeciк; сондықтан да қандай көз болса да қап-қара болып көpiнeдi; 11 – көздiң қиығы (angulus оculi); 12 - қас (supercilium).


2.2 Көз алмасы және оның қабықтары.

Көз алмасы көз шарасында жайғасқан шар тәрізді дене. Көз алмасындағы мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латеральды жатқан артқы полюсті ажыратуға болады. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық немесе сыртқы көз білігі деп аталады. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі ішкі көз білігі деп аталады. Ішкі көз білігі сүйір бұрыш жасай сыртқы көру білігімен айқасады, көру білігі қарап-көріп отырған заттан түйін нүктесі арқылы тролы қабықтың орталық шұңқырындағы ең жақсы көрінетін жерге келеді. Көз алмасы шеңбері бойымен екі полюсті қосатын сызықтар – меридиандар, ал оптикалық білікке перпендикуляр жазықтық көз алмасын алдыңғы және артқы жартыларға бөлінетін көз экваторын түзеді. Экватордың горизонтальды диаметрі сыртқы көз білігінен біршама қысқалау. Қалыпты көзде ішкі көз білігі 21,3 мм , жақыннан көретіндердің көзінде ол ұзындау, ал алыстан көретіндердің көзінде қысқалау. Осы себепті жақыннан жақсы көретіндерде түйісетін сәулелердің фокусы торлы қабықтың алдында, алыстан жақсы көретіндерде оның артында жатады. Мұндай ауытқуларды жою үшін көзілдірік арқылы тиісті үйлестіру қажет.
Көз алмасы оның ішкі ядросының қоршап жатқан үш: сыртқы талшықты ортаңғы тамырлы және ішкі торлы қабықтардан құралады (2-сурет).

2-сурет. Оң көз алмасының көлденең қимасы:
1 - қасаң қабықша (cornea); 2 – көздiң aлдыңғы камерасы (camera anterior bulbi); 3 ¬нұрлы қабықша (iris); 4 - оның apтқы камерасы (camera posterior bulbi); 5 – көз бұршaғы (lеns); 6 – көз бұршaғының шеңберлі байламы (zonula ciliares); 7 - кiрпiктiк дене (corpus сilliarе); 8 – мөлдiр дене (corpus vitreum); 9 - тор қабығы (retina); 10 – тамырлы қабықша (charioidea); 11 - айқабықша (scler) және айқабықшаныц веналық қойнауы (sinus venosus sclerae); 12 - сары дақ (fovea centralis); 13 – көру жүйкесiнiң тегерiшi (discus nervi орtici); 14 – көру жүйкесі (n. opticus)¬.

Көз алмасының қабықтары .
I. Талшықты қабық – көз алмасы сыртынан қауысырып, қорғаныш қызметін атқарады. Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық, ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық ьдеп аталады. Талшықты қабықтың екі бөлігі бір-бірінен циркулярлы жүлге арқылы бөлінеді.
1. Ақ қабық- тығыз дәнекер тканьмен тұрады және ақ түсті болады. Оның екі қабық арасындағы көрінетін бөлігі күнделікті өмірде көздің ағы атпен белгілі. Мөлдір қабықпен шекарада ақ қабықтың қабатында дөңгелек вена қойнауы өтеді. Жарық көз алмасы ішінде жататын торлы қабықтың жарық сезгіш элементеріне дейін талшықты қабықтың алдыңғы бөлімі мөлдірленіп, мөлдір қабыққа айналады.
2.Мөлдір қабық – ақ қабықтың тікелей жалғасы, мөлдір, дөңгелек, алдына қарай дөңес те, арт жағына қарай ойыс табақша секілді, ол сағат әйнегіне ұқсаған, өзінің жиегімен ақ қабықтың алдыңғы бөліміне еніп тұрады.
ІІ. Көз алмасының тамырлы қабығы – тамырларға бай, жұмсақ пигменттерге орай қара түсті, дәл ақ қабықтың астында жатады. Онда үш бөлімді: меншікті тамырлы қабық, кірпікті дене және нұрлы қабықты ажыратады.
1. Меншікті тамырлы қабық – тамырлы қабықтың артқы, үлкен бөлімі болып табылады. Аккомадация кезінде меншікті тамырлы қабықтың үнемі жылжып тұратындықтан бұл жерде екі қабық арасында саңылау тәрізді лимфалық кеңістік түзіледі.
2. Кірпікті дене – тамырлы қабықтың алдыңғы жуандаған бөлігі, циркулярлы буылтық түрінде ақ қабықтың мөлдір қабыққа ауысатын аймағында орналасады. Кірпікті дене кірпікті шеңбердің артқы жиегімен тікелей меншікті тамырлы қабықпен жалғасады. Кірпікті дене алдыңғы жағынан нұрлы қабықтың сыртқы жиегімен жалғасады. Кірпікті дененің, кірпікті шеңбердің алдында 70-ке таяу жіңішке радиалды орналасқан, ақшыл түсті кірпікті өнімділері болады.
Тамырлары көп және олардың құрылысы ерекше болғандықтан, кірпікті өсінділер сұйықтықты – камералар ылғалын бөліп шығарады. Кірпікті дененің бұл бөлігін мидың меншікті тамырлы қабықпен салыстырып, оны бөлуші бөлік деп қарастырады. Аккомадациялық бөлік – кірпікті дененің қабатында кірпікті өнімділерінен сыртқа қарай жайғасқан еріксіз бұлшықеттен түзіледі. Бұл бұлшықет үш: сыртқы медиональды, ортаңғы радиальды және ішкі циркулярлы бөліктерге бөлінеді. Кірпікті бұлшықеттің негізгі бөлігі түзетін мердиональды талшықтар ақ қабықтан басталып, арт жағында меншікті тамырлы қабықта аяқталады. Көздің жақын қашықтыққа аударғанда ол жиырылып меншікті тамырлы қабықты көріп, көзбұршақтың капсуласын босаңсытады. Циркулярлық талшықтар кірпікті өсінділердің алдыңғы бөлігін жылжыта отырып, аккомодацияға көмектеседі, сол себепті олар аккомадация аппаратына көп салмақ түсетін алыстан көргіштерде күшті дамыған. Серпімді сіңірінің арқасында бұлшықет жиырылып болғаннан кейін бастапқы қалпына келеді, сол себепті антагонисты керек етпейді.
Бұлшықет талшықтары өзара шырматылып, біріңғай салалы бұлшықетті – серпінді жүйе түзеді, ол балаларда көбіне меридиональды талшықтардан, ал қарттарда циркулярлы талшықтардан тұрады. Қартайған сайын бұлшықет талшықтарының біртіндеп жоғалып, дәнекер тканьмен ауысуы байқалады, аккомодацияның нашарлауы осыған байланысты. Әйелдерде кірпікті бұлшықеттің дегенерациялануы еркектерге қарағанда менопаузаның басталуымен 5-10 жыл ерте басталады.
3. Нұрлы қабық – тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлігін құрайды және дөңгелек, қарашық деп аталатын тесігі бар, тік тұратын шеңбер тәрізді табақша. Қарашық оның дәл ортасында жатпайды, сәл мұрын жағына қарай ығысқан. Нұрлы қабық көзге келетін жарық мөлшерін реттейтін диафрагма қызметін атқарады, сол себепті қарашық күшті жарық түскенде жиырылып, жарық азайғанда көбейеді. Өзінің сыртқы жиегі арқылы нұрлы қабық кірпікті дене және ақ қабықпен байланысқан, ал қарашықты қоршап жатқан ішкі жиегі бос жатады. Нұрлы қабықтың мөлдир қабыққа қараған алдынғы бетін және көз бұршаққа жанасып жатқан атрқы бетін ажратады. Мөлдір қабық арқылы көрінетін алдынғы бетін бояуы ар адамда әр түрлі. Адам көзінің түсі соған байланысты. Көздің түсі нұрлы қабықтың беткі қабаттарындағы пигменттің мөлшеріне қарай қалыптасады. Егер пигмент көп болса , көздің түсі қоңыр түстен қара түске дейін, егер пигмент қабаты нашар дамыса немесе тіпті болмаса, керісінше, аралас жасыл-сұрғылт және көгілдір реңдер пайда болады, бұл негізінен нұрлы қабықтың арт жағында орналасқан торлы қабық қара пигментінің мөлшеріне байланысты болады. Диафрагма ролін атқаратын нұрлы қабықтың тамаша қозғалғыш қасиеті бар, бұл оның құраушы бөліктерінің нәзік бейімделгендігі және үйлесімділігі арқылы іске асады.
Мәселен нұрлы қабықтың негізгі тор тәрізді дәнекер тканьнен тұрады, оның ішінде шеттен қарашыққа қарай баратын тамырлар аралас орналасады.
Бұл тамырлар құрамында серпінді элементтер бар. Олар дәнекер тканмен бірге оған көлемін оңай өзгертуге мүмкіндік беретін нұрлы қабықтың серпінді қаңқасын түзеді.
Нұрлы қабықтың өзі строма қабатында жайғасқан бұлшық ет жүйесі арқалы қимыл-қозғалыстар жасайды. Бұл жүйе біріңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады, олардың бір бөлігі қарашықты айнала орналасып, оның тарылтатын бұлшықет түзеді, ал бір бөлігі қарашық тесігінен радиалды қарай шығып, қарашық үлкейтетін бұлшықет түзеді. Екі бұлшықет те өзара байланысқан және бір-біріне әсер етеді: сфинктер кеңейткіші созады, ал кеңейткіш сфинктерді жазады. Осының арқасында әрбір бұлшықет өзінің бастақы қалпына қайта келеді, осы арқылы нұрлы қабықтың жылдам қозғалыстар жасауы қамтамасыз етіледі. Бұл біріңғай салалы бұлшықет жүйесінің кірпікті денеде орналасады.
Дифрагманың жарық өткізбейтіндігі оның артқы бетінде екі қабаты пигментті эпителиидің болуы арқылы жүзеге асады. Оның сұйықпен шайылып тұратын алдынғы бет алғы камера эпителииімен жабылған.
Тамырлы қабықтың талшықты және торлы қабық арасында орналасуы оның пигментті қабатының торлы қабыққа келетін артық сәулелерді тұтып қалуына және тамырлардың көз алмасының барлық қабаттарында таралуына қолайлы жағдай туғызады.
Тамырлы қабықшаның нерытерінде сезімтал парасимпатикалық және симпатикалық талшықтар бар.
ІІІ. Тор немесе торлы қабық көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа қарашыққа дейін жанасып жатады. Басқа қабақтардай емес, ол эктодермадан пайда болады және өзінің пайда болуы тетігіне қарай екі: пигменті бар сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады (3-сурет). Ішкі бөлік өзінің қызметі мен құрлысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: артқы бөлімінде жарықсезгіш элементтер барда, ал алдыңғы бөлігінде ондай элементтер болмайды. Олардың арасындағы шекара меншікті тамырлы қабықтың кірпікті дененің кірпікті шеңберге ауысу деңгейінде орналасқан тісті жиек арқылы өтеді. Ішкі бөліктің артқы бөлігі тіпті өте мөлдір, тек өлікте ғана күңгірттенеді.


3-сурет. Тор қабықшаның микроскоптық көрiнiсi:
1- iшкi қабыршақтық шекара; 2 - ¬сәулелi талдары; 3 - түйiндi жүйке жасушасы; 4 - жүйке жасушасының аксоны; 5 - спангиобласты; 6 - eкi ұшты жасушалары; 7 – көлденең жасушалары; 8 ¬- таяқша жасушаның ядросы; 9 – құтыша жасушаның ядросы; 10 - бояулы эпителий.
Рим сандары:
І - бояулы тамырлы қабат (stratum nentosum retinae); П - ганглиозды (таяқша, құтыша) қабаты; ІІІ - сыртқы шекаралық тақташа (дақты қабат) (membrana limitans gliae externa); IV - сыртқы дақты қабат (statum gangliosum externum); V - сыртқы қабат (stratum plexiforme externum retinae); VI- iшкi дақты қабат (stratum granulosum isternum); VII - iшкi кабат (stratum plexiforme isternum); VIII - ганглиозды мультиполярлы жасуша қабаты (stratum ganglionare); IX ¬– көру жүйкесiнiң қабаты (stratum fibraum nervosatum); Х - iшкi шекаралық тақташа (membrana limitans interna).

Офтальмоскоп арқылы тірі адамның көзін қарағанда, оның түбі мөлдір, торлы қабық тамырлары қабықтағы қанның әсерінен қызыл-қошқыл болып көрінеді. Осы қызыл фонда көз түбінде көру нервінің торлы қабықтан шығатын жері болып табылатын ақшыл дөңгелек дақ көрінеді. Көру нервісінің торлы қабықтан шығатын жері кішекене ойысы бар. Айнамен қарағанда осы ойыстан шығып торлы қабыққа кететін тамырлар да жақсы көрінеді.
Көру нервінің талшықтары өздерінің миелинді қабығыннан айрылып, дискіден барлық жаққа қарай ішкі бөліктің артқы бөлімі бойымен таралады. Диаметрі 1,7 мм-ге жуық көру нерві көздің артқы полюсінен сәл медиальды орналасады. Одан қарай көлденеңі 1 мм сопақ пішінді алаң түріндегі macula деп аталатын дақ байқалады. Оның ортасында нүкте тәрізді шұңқыры бар және тірі адамдарда қызыл-қоңыр түске боялған. Бұл көздің ең өткір жері.
Торлы қабықта шеткі ұштары таяқша мен сауытқат ұқсайтын жарықсезгіш клеткалар жатады. Олар пигментті қабатқа жанаса торлы қабықтың сыртқы қабатында орналасқандықтан, жарық сәулелері оларға жету үшін бүкіл торлы қабық қабатынан өту керек. Таяқшаларда көру пурпурі дейтіні болады, олар қараңғыда торлы қабыққа қызғылт түс береді, ал жарықта түссізденеді. Пурпурда пигменттік қабаттың клеткалары түзеді деп есептелінді. Сауыт тәрізді клеткаларда көру пурпуры болмайды. Мacula-да тек сауыт тәрізді клеткалар ғана бар, ал таяқшалар жоқ. Көру нерві дискісі аймағында жарықсезгіш элементтер жоқ, сол себепті бұл жер көру сезімін бермейді, сондықтан соқыр дақ деп аталады (4-сурет).

4-сурет. Көз алмасының түбi:

1 - артериясы; 2 - венасы; 3 - сары дақ; 4 - сары дақтың орталық шұңқыр

2.3 Көздің ішкі ядросы.

Көздің ішкі ядросы мөлдір жарықсынғыш орталардан: кескінді торлы қабықта құруға арналған шыны тәрізді денеден, көзбұршақтан және көздің тамырсыз түзілістерін қоректендіруге арналған, көз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдандырады.
А. Шыны тәрізді дене көз алмасы қуысының торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады. Ол іркілдек келген, көзбұршақтың артында жататын мөлдір зат. Көзбұршақтың батып тұруын себепті шыны тәрізді дененің алдыңғы беткі жиектері арнаулы жалғамы арқылы көзбұршақ капсуласымен қосылатын шұңқыр түзеді.
Ә. Көзбұршақ көз алмасының тым маңызды жарықсындырғыш ортасы. Ол мүлде мөлдір және пішіні жасымық немесе қос дөңесті шыны тәрізді. Ол алдыңғы және артқы беттерінің орталық нүктелері полюстер деп аталады. Ал көзбұршақтың екі бетінің бір-біріне ауысатын шеткі жиегіне экватор деген ат берілген. Алысқа қараған кезде, көзбұршақтың екі полюсі қосатын білігінің ұзындығы 3,7 мм, ал аккомодация кезінде көзбұршақтың дөңестеу пішінге келгендігі ұзындығы 4,4 мм. Көзбұршақтың экватор жазықтығы оптикалық білікке тік бұрыш жасай тұрады, алдыңғы беті нұрлы қабықшаға, артқы беті шыны тәрізді денеге жанасып жатады.
Көзбұршақ жұқа, мүлде мөлдір құрылымсыз капсула жабылған сол қалпында ерекше жалғама кірпікті белдікше бекітілген. Белдікше көзбұршақ капсуласына кірпікшелі денеге барып, сол жерде негізінен кірпікті өсінділер арасында жайғасатын көптеген жіңішке талшықтардан құралады. Жалғама талшықтар арасында көз камераларына қатынасатын сұйыққа толған белдікше кеңістіктері орналасады.
Көзбұршақ өзінің капсуласының серпімділгі арқасында алысқа немесе жақынға қарауыңызға байланысты өзінің дөңестігін өзгертіп отырады. Бұл құбылыс аккомодация деп аталады. Бірінші жағдайда көзбұршақ кірпікті белдешенің керілуінен біршама жазылады, екінші жағдайда, жақынға қарауға керек болғанда кірпікті белдікше жиырылуы әсерінен көзбұршақ капсуласы бірге босаңсып, көзбұршақ біраз дөңестенеді. Соның арқасында жақын орналасқан заттан шыққан сәулелерді көзбұршақ көбірек сындырып, олар торлы қабықта қосылады. Көзбұршақта, шыны тәрізді денедегі сияқты тамырлар болмайды.
Б. Көз камералары. Нұрлы қабықтың алдыңғы беті мен мөлдір қабықтың артқы жағы арасындағы кеңістік көз алмасының алдыңғы камерасы деп аталады. Камераның алдыңғы және артқы қабырғалары оның шеңбері бойымен, бір жағынан мөлдір қабықтың алдыңғы қабыққа ауысатын жері, екінші жағынан , нұрлы қабықшаның цилиярлы жиегі түзетін бұрышта түйіседі. Бұл бұрыш дәнекер жалғамалар торы арқылы дөңгеленеді. Көпіршелер арасында саңылау тәрізді кеңістіктер жатады. Камерадағы сұйықтың циркуляциясында үлкен роль атқарады, сұйық аталған кеңістіктер арқылы көршілес ақ қабық қабатында орналасқан веналық синусқа барады.
Нұрлы қабықтың арт жағында, құрамына кірпікті белдікшенің кеңістіктері де енетін көздің таралу, артқы камерасы орналасады, оның арт жағынан көзбұршақ, бүйір жағынан камерамен қатынасады. Екі камера да мөлдір сулы ылғалмен толған. Ол ылғал ақ қабықтың веналық қойнауына ағып отырады.

2.4 Көз алмасының бұлшықеттері.

Көз алмасының бұлшықеттері. Көздің қозғалыс аппараты алты ерікті: жоғарғы, төменгі, медиальды және латеральды түзу бұлшықеттерден, жоғарғы және төменгі қиғаш бұлшықеттерден тұрады. Төменгі қиғаш бұлшықеттен басқа бұлардың көз шарасының түбіндегі көру өзегінің айналасына жанасып жатқан бөлігінде осы жерде жайғасқан ортақ сіңірлі сақинадан басталады (5-сурет).

5-сурет. Көз бұлшықеттерi.
1 – Көздің тік жоғарғы бұлшықеттерi (m. rectus superior); 2 – көздің бүйiр тiк бұлшықeтi (m. rectus lateralis); 3 – көздiң ортадағы тік бұлшықетi (m. rectus medialis); 4 - үстіңгi қабақты көтеретін бұлшықетi (m. levator раlреbrае superioris); 5 – көздің жоғарғы қиғаш бұлшықеті (m. оbliguus superior); 6 - шылғыр (iлгек).
Түзу бұлшықеттер өздерінің алдыңғы ұштары арқылы көз алмасының экваторы алдында, оның төрт жағына бекіп, сіңірлердің көмегімен ақ қабықшамен бітісіп кетеді. Жоғарғы қиғаш бұлшықет маңдай сүйекке бекінген талшықты-шеміршекті кішкене сақина арқылы өтеді, содан кейін сүйір бұрыш жасай артқа және бүйір жаққа қарай бұрылып, көз алмасына оның жоғарғы латеральды жағында экватордың артында бекиді. Төменгі қиғаш бұлшықет көзжас қапшығы шұңқыршағының латеральды шеңберінен басталып, бүйір және арт жағына қарай төменгі түзу бұлшықеттің алдыңғы ұшынан төмендеу көз алмасы астына кетеді; оның сіңірі көз алмасының бүйір жағынан экватордың арт жағында ақ қабықшаға бекиді.
Түзу бұлшықеттер көз алмасын екі білік айналасында айналдырады: көлденең білік айналасында қарашықты жоғары немесе төмен бағыттайды және вертикальды білік айналасында қарашықты бүйір немесе медиальды жаққа бұрады. Қиғаш бұлшықеттер көз алмасын сагитальды білік айналасында айналдырады. Жоғарғы қиғаш бұлшықет көз алмасын айналдыра қарашықты төмен және бүйір жаққа қарай, ал төменгі бұлшықет жиырылып, қарашықты бүйір және жоғары қарай бағыттайды. Екі көз алмасының да барлық қозғалыстары үйлесімді, өйткені бір көз қараған жаққа екінші көз де қарайды. Барлық бұлшықеттер бірқалыпты кернеуде тұрғанда қарашық тура алға қарайды да, екі көздің де кернеу сызығы бір-біріне паралельді бағытта орналасады. Заттарды жақыннан қарағанда көру сызықтары алдыңғы жағында түйіседі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?