Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың отандық тарихы

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы. Себебі отбасы адамға бақыт,толық мәнді тыныс –тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет – ғұрыптар,әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі.
Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси - экономикалық жағдайларға байланысты көптеген ұлттардың өкілдері көшіп келіп жатыр, ал олар өндірістің шешуші салаларында қызмет атқарады. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси – экономикалық проблемаға айналды.
Ерте кездері адамдардың өмірін ретке келтіріп, қылмыскерлерді жазалаған ереже мен заңдар жинағы қолданылды. Ережелердің бір қатары әлеуметтік сипатта болды және онда мұсылмандардың отбасындағы өмірі, өскелең ұрпақ туралы, мұрагерлікті тапсыру туралы қамқорлығы, әкенің балаларды тәрбиелеудегі орны қаралады. Мұндай маңызды құжаттардың бірі « Жеті Жарғы» немесе Тәуке ханның Заңы деп аталды. Бұл бірінші заңдық құжат болып есептелді. Осы заңдар жинағында адамдардың әлеуметтік орнын ретке келтірудегі мемлекетің мұрагерлікті тапсыру және бөлу мәселелері шешілген. Әйелге деген қамқорлық, әйелдің ана, жар ретіндегі орны мен мәртебесі анықталған бірінші заң. Заңның көптеген баптары неке – отбасылық қатнастарда, ата-ана құқығын және балаларды қорғау проблемаларын реттеген. Бұл Қазақстанда одан әрі заң шығаруды анықтаған, заңдар жинағын жасаудың бірінші әрекеті болды.
Алғаш рет революциядан кейінгі жылдары Кеңес Үкіметінің халық шаруашылығын қалпына келтірумен өзге қызметі еңбекшілердің тұрмысын көтеруге бағытталды. Бұрынғы социологтардың көпшілігі қоғамдық жүйенің құрылғанын ескертіп, өз жұмыстарын арнайы отбасы, неке, туысқандыққа арнады. Бұл социологтар қатарына Н.К. Михайловский, М.М. Ковалевский, В.М. Бехтерев, П.А Сорокин және тағы басқалар. Бал туу және тәрбиелеу мәселелері қаралып, аналарды мемлекеттік қорғау және ұрпақтарды қоғамдық әлеуметтендіру мәселелері қойылды. Отбасы мәселелерін шешудің жаңа жолдарын іздеді.
20 –шы жүз жылдықтың көрнекті социологы П.А. Сорокин отбасы қызметі арқылы « ата-аналар мен балалар одағының, жұбайлар одағының әлсіреуі, шаруашылық одақтың әлсіреуі ретінде» отбасы күйзелісін анықтады. Отбасын әлеуметтік айналма және ұтқыр механизм ретінде айта отырып, П.А.Сорокин мемлекттің отбасы істеріне араласпауы қажеттігін айтады.
Бұл біздің пікірімізше, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың практикасын ерекше белгілейді. Отбасы қарым- қатынасын жақсарту мақсатында отбасы ісіне араласудың мәдениет түрі, институт түрі соның ішінде отбасы түрмен белгіленетін өзіндік шегі бар.
Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел жатады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады:
• Демократиялық
• Традициялық немесе авторитарлық
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады:
• Көп балалы (үш бала, одан көп)
• Орташа (екі балалы)
• Бір баласы бар
• Баласыз отбасылар
Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады.
Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар:
Ішкі
Сыртқы
Сыртқы себептерге- тұрғын –үй, табыс,әдет- ғұрып, ұлттық ерекшеліктер тағы басқа жатса,
ішкі себептерге – махаббат, эмоциялық- сезімдік, қамқорлық, ауызбіршілік тағы басқалары.
А .Коллонтай «бала тууда және тәрбиелеуде отбасының рөлі жоғалып, қоғамда ана мен балаларды әлеуметтендіруге деген ынталылық жойылады» деп жазады. Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады.Еліміздегі қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістіреді. Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады.
Көптеген отбасыларында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты- репродуктивті, экзистенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру күрт төмендеді.Аландаушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары болуы.
Қазіргі кезде Қазақстан әйелдері көпшілік жағдайда, бір, екі бала туумен ғана шектеледі.
Сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысының көбі үш және одан да көп балалы болуы керек.Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып табылады. Отбасының барынша шиеленіскен әлеуметтік жағдайлары қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайының күрт нашарлауынан, жарым жанды отбасы санының өсуінен, мемлекеттік бюджеттің үнемі тапшылығынан, халықтардың денсаулық жағдайының төмендеуінен байқалады.
Әлеуметтік қызметкер жекелеген отбасының немесе оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол тек туындаған қиыншылықтарды өз бетінше шешу мақсатында, осы әлеуметтік топты ынталандырады және оңтайландырады. Бұл жағдайда отбасы мүшелерінің проблемаларды шешуге шын ықыластылығы, сондай-ақ, әлеуметтік қызметкер қабілетті әсер етуге өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады .
Біздің елімізде осындай қызмет түрінің практикасы мүлдем дамымаған. Сондықтан отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу мұқтаждығы өсіп отыр. 1998 жылы ҚР Үкіметі белгілі мақсатқа арналған: «Ана мен бала денсаулығын қорғау- Охрана здоровья матери и ребенка», «Қазақстан балалары – Дети Казахстана» бағдарламаларды бөле отырып, «Халық денсаулығы- Здоровье народав» деген Ұлттық бағдарлама әзірледі.
Қазіргі кезде қорғалмаған отбасылары қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан материалдық,психологиялық, медициналық көмек көріп отырғанын атап өткен жөн. Отбасы мүдделерін қорғау, әйелдерді қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін 1998 жылы ҚР Үкіметінің жарлығымен отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.
Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі:отбасы, әйел және бала мәселесі жөнінде ұсыныс енгізіп, басымдылық қалыптастыру, отбасы, әйел және баланы қорғау жөнінде жиынтық іс- шаралар жүйесін әзірлеу.
Отбасы жағдайын әлеуметтік-психологиялық анықтау.
Басты ұран « Адам адамға дос, жолдас және аға» болған қоғамдық жүйеден бас тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғаның эгоистік, өзін -өзі оқшаулау, азғындау, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қаупі көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады.
Жеке бастың жабырқауы мына жағдайларда көрінеді: жатырқау, даулы жағдайда қалған адам одан өз бетінше шыға алмайды. Үнемі күйзелісте болу оның психикасы мен өмір сүруіне қауіп төндіреді. Дегенмен, даулы жағдайдан шығу адам мен қоршаған ортаның арасында психологиялық алшақтық тудырып, ол кейін жатырқауға айналады. Жатырқау қоршаған ортамен (отбасы, туысқандар) байланыстың жоқтығын, жаратымды сезімдердің тапшылығын білдіреді.Қазіргі заман жағдайында жастар психикасының күйзеліс күйіне жиі шағым жасайды. Егер осындай жағдай созылатын болса психиатрдың көмегі қажет .
Күйзеліс – бұл теріс эмоционалды белгімен көрінетін аффект күйі. Торығу сезімі мен рухтың күйзелісі арқылы болатын қатты зарығу сезімі. Жас уақытта мұндай күй үйреншікті жағдай. Олардың себептері: маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және әлеуметтік патологияның басқа да түрлерінен зиян шеккен адамдардың девианттық тәртібі.
Арнайы себептерден басқа,қауіп-қатердің әр тобына тән жалпы себептері де бар:
1. Девианттық тәртіп негізінде ең алдымен әлеуметтік тенсіздік жатыр. Жас әйелдер мен ерлер үшін жоғарғы жалақы алудың әлеуметтік қолайлы тәсілдерін шектеуде өзін-өзі дамыту және қоғамдық құптау алуға талаптану кезінде жастар алдында кездесетін қиыншылықтар, отбасының көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігi. «Нарықтық экономикадағы» қиыншылықтар: жұмыссыздық, құнсыздану қысымы, «төменгілердің» көбейіп келе жатқан әлеуметтік шиеленістігі отбасы өміріне қатты әсер етуде.Отбасы түрлерін әлеуметтік осалдығының объективтік қатері бойынша бөлуге негіз бар. Отбасының мұндай сипаттамасы ерекше қызметтерді материалдық қолдау қажеттілігі дәрежесін анықтауға қажет. Мысалы, отбасының сандық құрамына қарайтын болсақ, кедей отбасылары көп адамнан тұрады. Халықтың үй шаруашылығындағы кедей отбасыларының 20% - і 4,5 адамнан тұрады. Қазақстандағы кедей отбасының көп мөлшері және бала санының немесе асырап алынған баланың көп болуымен байланыстырылады. Бұл топқа жалғыз басты аналар отбасы, ата-ананың біреуі алимент төлеуден бас тартқан отбасылары, мүгедек балалары бар отбасылары және ата- аналары мүгедек отбасылары жатады. Көп балалы отбасылары, балалы студеттер отбасы, балалы жұмыссыздар отбасылары ерекше материалдық көмекті қажет етеді.
2. Қоғамның моральдық –этикалық факторы мен моральдық деңгейі, нашақорлық пен «сатқындық махаббаттың» кең етек алуы, зорлық пен құқық бұзушылықтың өршуі отбасы мүшелерін басып тастайды. Отбасылық девиация- алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану, отбасылық озбырлық отбасы қызметін дағдарысқа ұшыратады. Мұндай отбасыларында әлеуметтік педагогикалық қызметтерді толық өзгерту жүреді. Осындай отбасыларындағы балалардың тиісті тәрбиеден,махаббат пен қамқорлықтан құр қалғаны жиі кездеседі, өсе келе олар делинквенттердің қатарын толықтырады.
3. Жас девиант – маскүнем, нашақор, жезөкшелерге бейтарап немесе жақсы қарайтын қоршаған орта- бұлар да көбінесе, ата- аналарының біреу немесе екеуі де ішімдік ішетін нашар отбасынан шыққандар.
4. Қазақстанда әйел зорлаудың кең етек алған түрі отбасындағы зорлық болып табылады. Отбасылық зорлық, қылмыста көбінесе қару пайдаланылады, төтенше шаралардың жақтастары үнемі табылады. Жеке адам және оның отбасындағы тәртібі оның басты компоненттері болып табылатын, отбасылық криминологиялық жағдай ұғымы туралы айта кеткен жөн. Ерекше криминологиялық категория ретінде «отбасылық қылмыс» ұғымын қолдануға құқық бар. Отбасы қылмыстарының себептері мен шарттарын зеррттеу, тиісті профилактикалық шаралар әзірлеу үшін отбасының адамгершілік түрін ерекше бөліп, отбасының өзін тану, қарым –қатынас, қарама –қайшылық, дауларды тексеру қажет. Отбасындағы жағдай, жұбайлар қарым қатынасы жеке адамның мәселесі деп есептеліп, талқыға түскен. Әлеуметтік- педагогикалық қызметке сәйкес әлеуметтік қызметкер әр түрлі қызмет түрлерінде адамдардың мүддесі мен мұқтаждарын анықтауға тартады.
Әлеуметтік жұмыс саласында отбасымен жұмыс жүргізетін маманға қойылатын талаптар:
Отбасы ортасының ерекшелігін білу
әлеуметтік- мәдени қызметтің отандық және шетелдің озық тәжірибиесін білу және қолдана білу
Бір жағынан жеке тұлға мен отбасы арасында, екінші жағынан әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік құрлымдар арасында делдалдықты қамтамасыз ету.
Әлеуметтік қызметкерлердің отбасымен жұмыс жүргізумен тисті кәсіптік білім ғана емес, сондай-ақ белгілі кәсіптік –этикалық норма мен принципті ұстау керек. Әлеуметтік қызметкердің жеке, тұлғалық қасиеті 2 топқа бөлінеді:
1. Психологиялық сипаттама, ол осы қызметтің түріне қатысты қабілеттілігінің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
2. Жеке сүйкімділік тиімділігін тудыруға бағытталған психологиялық –педогогикалық қасиет.
Педагогика – адамды тәрбиелейтін ғылым.Әлеуметтік жұмыс- педагогика ғылымы болып табылады.Мақсаты- адамды тәрбиелеу,оны жақсылыққ
талпындыру.Әлеуметтік жұмыс пен педагогика өзара тығыз байланысты. Педагогика адамды бала кезінен тәрбиелеуге,өмірде дұрыс бағыт алуға,өзін-өзі тәрбиелеуге көшу керектігін міндеттайді.Адамды қылмыс жолына түспеуге,ішкіш,нашақор болудан бас тартуға тәрбиелейді.Екіншіден,педагогика өзін-өзі жоғалтқан,жаман жолға түскен адамдарды кері қайтарады.Көлемі жағынан әлеуметтік жұмыс кең мағынаны білдіреді.Әлеуметтік қызметкер ең алдымен педагог болуы керек.
Отбасының заман талабына сай мәселелері
Сыртқы факторлардан өзге кез-келген отбасы,табиғи өмір жолынан өткен кезде туындаған
мәселелермен ұшырасады.Оотбасы мүшелері өз тобын сақтап қалуға қабілетсіз болған жағдайда,ол әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.Қазақстандағы ажырасу деңгейі жыл сайын жоғары болып отыр.Егер 2003жылы 2,4 некеге 1 ажырасудан келсе,2004жылы 1 ажырасуға 3,76 некеден келді. Әрине,әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді.Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы мүшелерінің шын мүдделілігі,сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге қабілеттіөз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады.
Ата –ана мен баланың, ері мен әйелінің құқықтық тәртіп нормалары некенің заңдық негізін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1998 жылы күшіне енген «Неке және отбасы туралы» заңы 1969 жылғы бұрын қолданылған «Неке және отбасы туралы» кодекстің орнына жүрді. Осы заңның 2-ші бабында еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндік, отбасындағы жұбайлар теңдігі, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім бойынша шешу принципін белгілеп, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік, діни тиістілігіне қарай некеге тұру және отбасы қатынастары кезінде азаматтар құқығын шектеудін кез-келген түріне тыйым салды. Әлеуметтік институт ретінде отбасы дамуының көзі- жүйе дамуында кедергі тудыратын эндогамды (ішкі) факторлар және эгзогамды (сыртқы) факторлар болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаған үндеуінде қазақстандықтарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ең алдымен адамдардың ойлау жүйесін өзгертуге көп көңіл бөлінген. Қазіргі кезде жұмыс істейтін әйелдерге ерекше көңіл бөлінуі тиіс.Қазір көптеген әйелдер жұмысынан айырылып өзінің әйелдік негізі: ана, әже болу қасиетін жоғалтып отыр. Қазіргі уақытта өмір сүру деңгейінің мәселелеріне мыналар жатады:
Ажырасу санының өсуі
Неке санының азаюы
Некеден тыс одақтардың өсуі
Жезөкшеліктің өсуі
Бала туудың төмендеуі
Отбасындағы зорлық
Жайсыз отбасыларының түрлерін қарайтын болсақ, оларға:
1. Даулы отбасы – кең таралған
2. Бейморальдық отбасы(маскүнемдік, төбелес, балағат)
3. Педагогикалық дәрменсіз отбасы- жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі және психологиялық-педагогикалық мәдениеттің болмауы
4. Әлеуметтік емес отбасы- көпшілік мақұлдаған әлеуметтік нормалар мен талаптарды елемеу жағдайы.Осы отбасылары баланың психикасы мен тәртібінде (ерте бастан алкогольдік, нашақорлық, девианттық тәртіптің басқа түрлері) ауытқуды қоздырып,бала дербестігін өзгертеді.
Қазақстанда соңғы 3 жылда отбасы шамасы қысқаруда, бұл мына факторлармен байланысты:
1. Жас балалы отбасылары санының өсуі
2. Некеге тұру жасы төмендеуінің артуы
3. Жас отбасыларының ата-ана отбасынан бөлінуге беталысы
4. Ажырасу санының көбеюі
Кедей отбасларына негізінен алғанда, зейнетақысы аз адамдар, көп балалы отбасылары, мүгедектер, жұмысыздар жатады. 2002 жылдың 1 қантарынан бастап, баланың туылуына берілетін әлеуметтік көмек алынып тасталған, жұмыссыздар да, көмек ала алмайды. Алайда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекпен кедейден де төмен жан басына орташа табысы бар барынша мұқтаж халық қамтылады.Қазіргі жағдайда тек әлеуметтік әлсіз отбасылары ғана емес, бұрын жағдайлары жақсы болған отбасылары да кедейшілік деңгейінде тұр. Отбасының әлеуметтік проблемалары қоғамның күрт әлеуметтік –экономикалық жіктелуінен, миграция, халық, соның ішінде отбасы денсаулығының төмендеуінен демографиялық жағдайдан, әлеуметтік жетімдік және ең бастысы мемлекеттік бюджеттін үнемі тапшылығынан көрінеді.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге ғана емес, сондай ақ отбасының көптеген қоғамдық мәнді қызметтерін орындау үшін оның ішкі әлеуметін нығайтып, дамытып, қалпына келтіруге бағытталған. Қылмыс көбеюде, соның ішінде жасөспірімдер жасаған қылмыс саны қауіпті.Шамамен,тонау, ұрлау, зорлыққа кінәлілердің үштен бірі –жасөспірімдер. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?