Саясаттану | Мемлекеттің аймақтық саясаты
«2008-2009 жылдарға арналған Жастар және жасөспірімдер» аймақтық мақсатты бағдарламасы» (бұдан әрі- Бағдарлама) Алматы қаласы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаның жалғасы болып табылады, жастардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуының шарттарын, қоғамдық ұйымдардың қолдауын қамтамасыз етеді. Алматы қаласы республика бойынша жастардың астанасы ретінде саналады. Біздің қаламыздың үштен бір бөлігін 14-29 жас аралығындағы 380505 жастар мен жасөспірімдер құрайды. Қазақстанның ЖОО мен ОАОО негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Республикалық маңызы бар жастар ұйымы штаб-пәтерлерінің көпшілігі осында орналасқан. Айта кететіні, «Жастар және жасөспірімдер» Бағдарламасы 2001 жылы ел басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды және Қазақстанның басқа да аймақтарында үлгі ретінде ұсынылды.
Бағдарламаның негізгі жетістіктері – жастар саясатының мекендік сипатында, өйткені ондағы негізгі басымдық тұрғылықты жер бойынша жастардың жұмыс істеуі. Бағдарлама аясында жастармен жұмыс жүргізу үшін арнайы орган - Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры құрылды, осы үйлестікпен еліміздің түкпір-түкпірінде осындай құрылымдар құрылды.
Алматы қалалық «Жастар және жасөспірімдер» мақсатты бағдарламасының сәтті жүзеге асуы арқасында осы жылдары Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қызметтер аула клубтары ретінде құрылды. Бүгінгі таңда Алматы қаласының 6 ауданында 33 аула клубы нәтижелі жұмыс істеуде. Барлығы Бағдарламаның есебінен жөнделіп, жабдықталған. Аула клубтары жұмысына шамамен 4000 балалар мен жасөспірімдер қамтылған. Жас шамасы 7 мен 21 жас аралығындағы жастарды құрайды. Аула клубтарының тәрбиеленушілері барлық аудандық, қалалық, сондай-ақ республикалық мәдени-көпшілік және спорт шараларына қатысады. Алматы қаласының жастар мен жасөспірімдерімен тұрғылықты жері бойынша жұмыс жүргізу мақсатында тәрбиелік-ағартушылық, спорттық, музыкалық және әскери-отансүйгіштік клубтар құрылды.
2003 жылы Алматы қаласында жастардың мәдени-көпшілік, сауықтыру және бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыратын ақпараттық орталық ретінде Жастар Үйі ашылды. Студент жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бос жұмыс орындары Жәрмеңкесі өтеді. 2005 жылға дейін бос жұмыс орны жәрмеңкесі қорытындысы бойынша әлеуетті жұмыс берушілерге бағыт беретін түйіндеме-сауалнама базасы ұсынылды. 2006 жылы бос жұмыс орын жәрмеңкесін жұмыс берушілер мен ізденушілер үздіксіз байланысы түрінде өткізу мүмкін болды.
«Алматы қаласы студенттерінің құрылыс жасақтары штабы туралы» Алматы қаласы Әкімінің қаулысына сәйкес және жастардың бастамаларының нәтижесінде жыл сайынғы жазғы жұмыс науқанына байланысты ЖОО-нан Студенттердің құрылыс жасақтары (СҚЖ) құрылды. Бастапқы кезеңде құрылыс жасақтары жатақханаларға, оқу орындарына жөндеу жүргізіп, оқу орындары айналасын гүлдендірсе, келесі кезекте СҚЖ мүшелері ірі құрылыс компанияларының қаладағы және қала сыртындағы маңызды құрылыс нысандарында жұмыс істей бастады. СҚЖ қозғалысы жастар арасында танылып, 2005 жылы 4 бағыт бойынша жұмыс атқарды, тек қана құрылыс жасақтары ғана емес, сондай-ақ педагогикалық, медициналық, теміржол жасақтары құрылды.
Бағдарламаның аясында жергілікті атқарушы органдар мен Алматы қалалық ҮЕҰ және жетекші жастар ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнады. Мысалы, қазіргі таңда Алматы қаласының аумағында 140-тан аса жастардың қоғамдық ұйымдары тіркелген, олардың көбісімен Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған республикалық, қалалық мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық шараларды біріге өткізеді. Жыл сайын студент жастардың және қалалық жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Алматы – жастар қаласы», «Салаутты өмір салты», «Жас талап» – студенттер қатарына қабылдау фестивалі», «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар акциясы, есірткіге және шылым шегуге қарсы жасардың шеруі, жастардың сенбілігі, сондай-ақ, қалалық, республикалық және халықаралық КТК ойындары өтеді. Жастар саясаты жөніндегі түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін тиімді серіктестік орнату - Бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі. Алматы қаласында Мемлекеттік Жастар саясаты Конституцияда және басқа да Қазақстан Республикасының Заңдық актілерінде бекітілген жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі негізінде жұмыс істеуі керек. Жастардың қызығушылығы мен құқығының қорғалуы, жастар саясатының толыққанды жүзеге асуы, қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениеттің артуы, Мемлекеттің заңды және негізгі идеяларын дамытуға баулу, сондай-ақ, өзін-өзі тану мен қоғамдық өмірде субьект болып қалыптасуын Жастар саясатының тиімді жұмысы деп болжайды.
Бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы қаламыздағы жастар саясаты аясында тұрақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдың аяқталуымен саяси басқару мен дүниежүзілік саяси ұйымның негізгі нысаны болған империялардың орнына халықаралық реттеу мен басқарудың көп¬салалы, тарам-тарам аймақтық және әлемдік жүйелерімен бірге олармен көп салалы байланыстағы ұлттық мемлекеттердің де қалыптасқан жүйесі келді. Егер бұдан бұ¬рын¬ғы тарихи дәуірлерде дүниеде барлық, немесе көпшілік батыс елдерінің гегемо¬ниясы орын алса, бүгінгі дәуірде дара әлеует¬ті гегемон қалды. Ол – АҚШ. Бүкіл адам¬зат қауіпсіздігі үшін қолайсыздау, бір¬жақты, бір полярлық құбылыс болса да, бұл ахуалмен халықаралық қауымдастық тұтас¬тай алғанда санасуға мәжбүр болып отыр. Атағы әлемге мәшһүр З.Бжезинский өзінің бірнеше еңбегінде бұл идеяны нақты дәлел¬деп, бүкіл әлемді иландырып-ақ келеді. Ол өзінің кейінгі “Таңдау. Жаһандық үстемдік немесе әлемдік жетекшілік” (2005 ж.) атты жаңа зерттеуінде қазіргі әлемде бұрынғы ұлы державалар – Ұлыбритания, Германия, Франция әлсіз, Ресей ендігі жерде импе¬риялық мемлекет емес, ол үшін уақыттың басты талабы – әлеуметтік-экономикалық оңалу деп есептейді. Ғалым Жапонияның экономикалық дамуы бәсеңдеді, халқы қартаюда, ал Қытай бүгінгі жоғары экономи¬калық даму қарқынын сақтаған күнде де әрі кеткенде аймақтық держава дәрежесіне ғана жетеді деп түйеді. Сондықтан да ол алдағы жиырма жылдықта америкалық күш-қуат жаһандық тұрақтылықтың мызғымас тірегі болып табылады деген қорытынды жасайды. Оған қарсы, осы объективті жағдайды мойындамайтын кейбір елдердің ура-патриоттары және Иран, Венесуэла, Куба, Солтүстік Корея тәрізді бірер елдердің басшылары ғана.
Қазіргі әлемдегі жағдайдың тағы бір қыры – қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы үдерістердің қатаң бәсеке жағдайында өтуі. Өйткені, әлемдік саясаттың инфрақұрылымдары мен институттары қызмет пен іс-қимылдардың жаңа тетіктерін қалыптастырып, ол өз кезегінде халықара¬лық байланыстар жүйесінде Еуропалық Комиссия дәліздеріндегі күңкіл сөздерден, Бүкіләлемдік сауда ұйымы сарапшыларының пікірталасынан бастап “үлкен сегіздіктің” саммиттеріне балама, үкіметтік емес ұйым¬дар мен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жыл сайынғы жиналыстарына дейінгі аралықта әлемдік тартыстар мен текетірестер де орын алуда.
Дүние жүзі ғалымдарының қазіргі әлем туралы пікірталастарының бел ортасында осы заманғы мемлекеттік биліктің орны мен рөлі, болашақ тағдыры, даму үрдістері туралы мәселе тұр. Бұл мәселе төңірегіндегі пікірлердің бір парасы көптеген дамыған елдерде мемлекет пен оның бил....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?