Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі
шығыстарды мойындайтын шығыстар
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына енбейтін және шығыстардың кезеңдегі шығыстарына жатқызылған (есепті уақыт арасындағы жасалған шығыстар) шығыстар:
– әкімшілік пен жалпы шығыстарды;
– өнім өткізуді жұмсауға кеткен шығыстар;
– проценттер бойынша шығыстар.
Өнім шығаруға кеткен шығындардың бұл шығыстардан
айырмашылығы – бұл өндіріс көлеміне қатысты емес және өнімдерді жұмсауға немесе қызмет көрсету түрлеріне
байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады. Сондықтан мұны өнімдердің негізгі көлеміне емес, уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу дұрыс. Субъект белгілі уақыт арасында ешнәрсе сатпаса да, сол уақытта жасалған шығыстарды көрсетеді. Есептеу және есептеме жүргізу тұрғысынан алып қарағанда, өнеркәсіптің өзіндік құнын өтеу уақытында жасаған шығыстан өзгешелігі–бұл өнім қалдығының кезеңдік шығыстарына жатқызылмайды. Бұларды есептеудің мұндай жолдары, нарықтық экономика жағдайында сақтылық принцптерінен туады. Осылайша, кезеңдегі шығыстар–қаржы–шаруашылық қызметінің есептеуінің нәтижесі болып табылатындықтан, алдымен тауар–материалдық қорлардың баланстағы субъективті активтерінің бөлімдері көрсетіліп қосылады. Содан кейіг барып, шаруашылық қаржы қызметінің есептік көрсеткіштерінің нәтижелері көрсетіледі.
Кезеңнің шығыстары жасалған есепті кезең–уақытындағы шығысқа жатқызылып, өткізілмеген өнімдердің келесі кезеңгі қалдығына да, өнімнің есебіне де енбейді. Бұл сұрақтар субъектінің нарық саясатын жүргізуге негізделген шешім қабылдауындағы маңызды мәселе.
Әкімшілік және жалпы шығыстар
Негізінен жалпы әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстарына мыналар жатады:
– әкімшілік қызметкерлері мен жұмысшыларға жататын адамдардың еңбекақысын төлеу;
– кәсіпорындар мен шаруашылықтарға қызмет көрсететін адамдардың еңбекақысын төлеу;
– әкімшілік және шаруашылық қызметтеріне байланысты адамдардың
– еңбекақысынан әлеуметтік және медициналық сақтандыруға байланысты заң бойынша тағайындалған норма органдары, зейнетақы қоры, еңбекке үйлестірудің мемлекеттік қорына ақша аудару.
– әкімшілік аппараты басқамасының, субъектінің құрылымдық
бөлімдеріне қызмет ететін жұмысшыларды, мұның ішінде қызмет бабындағы жеңіл автотранспорттарды ұстауға кететін шығындар мен жекеменшік жеңіл автомобильдерді қызмет бабында пайдалануға кететін шығындардың орнын толтыру.
– техникалық басқармаларды ұстауға және олардың қызметін
ұйымдастыруға, байланыс бөлімшелерін, сигнализация құралдарын, есептеу орталықтарын өндіріске жатпайтын және басқа да техникалық басқару құралдарына (жалпы шаруашылыққа арналған негізгі құралдардың тозуы, ғимараттарды жөндеуге және оны ұстауға, жалпы шаруашылыққа арналған құрал–жабдықтар мен құрылыстарға) жұмсалатын шығындар;
– өндіру саласындағы дайындық жұмыстарына, егер ол күрделі шығынға
жатпаса (негізгі қордың есебінде қаржыландырылмаған жағдайда) кететін шығындар;
– техникалық бақылау–дирекция тобы болмаған жағдайда, салынып жатқан
субъектінің дирекциясын, сол сияқты жаңа ұйымдар мен объектілерді іске қосқанда кететін шығындар;
– құрылыс–монтаж жұмыстары мен жобалардың кемшіліктерін жоюға объектіге зат беретін қоймадан қорларды алу кезіндегі сыну, бүліну және зақымдану салдарынан, тексеру кезіндегі (заттарды бөлшектегенде) осы сияқты басқа да шығындарды тапсыру кезіндегі жұмыстардағы шарттардың орындалмауынан туындайтын шығындар;
– банктердің қызметіне төленетін шығындар;
– әкімшілік басқару құралдары мен оның жүйелерін құру мен жетілдіруге
кететін шығыстар;
– субъектінің штат кестесі бойынша кейбір қызметті орындауға адам
қаралмаған жағдайда, жалпы шаруашылықты басқару мен ұйымдастыру жұмыстарына ақы төлеуге кететін шығыстар;
басқарманың әкімшілік қызметкерлерінің іссапарына жұмсалатын
шығындар;
– әкімшілік басқармасы аппараты қызметкерлерінің орын ауыстырғанда,
көтермеге төленетін шығындар;
– телефон, пошта, телеграф, баспахана, кеңсе шығындары;
– шаруашылық жәнекәсіпорындарды ұстауға (кеңсе бөлмелерін тегін беру,
қоғамдық тамақты ұйымдастыруға кететін, коммуналдық қызметтердің бағасын төлеу, т.б.)
– жұмыс күштерін жинауды ұйымдастыруға, кадрларды қайта даярлауға, жұмысшыларды жұмыстан босатқанда төленетін өтемақылар, коммиссиялық шығындар;
– жалпы шаруашылықтың негізгі қорын жалға алуға кететін шығындар;
– жылжымайтын мүліктен, басқа да мүліктерден түсетін жиындар, салықтар;
– коммуналдық қызметке, қызметкерлердің еңбегін қорғауға, өртке қарсы
қызмет ұйымдастыруға, денсаулық, сауықтыру шараларын жүргізуге, директорлар кеңесін ұйымдастыруға және жалпы шаруашылыққа қарастырылған басқа да шығындар;
– есептен тыс шығындар, қоймаларды тауарлы–материалдық байланысты
және басқа да өнімге жатпайтын жоғалтулар мен шығындар;
– негізгі еңбекақысын алғанға дейінгі еңбекке уақытша
қабілеттілігін жойған жағдайда төленетін қосымшалар;
– қолданымдағы заңға сәйкес өндіріске тікелей қатысты емес
(басқару аппараты, т.б.) адамдарға қызмет көрсеткен жылдары үшін бір рет берілетін қызметақы шығындары
– хабар қызметі және аудиторлық кеңес беруге төлеу;
– денсаулық мекемелерін, мектеп жасына дейінгі балалар
мекемелерін, сауықтыру лагерьлерін спорт пен мәдениет объектілерін, тұрғын үй қоры объектілерін ұстауға кететін шығыстар;
– қаланы көріктендіру жұмыстарына, ауылшаруашылығына
көмек көрсету, т.б. жұмыстарға жұмсалатын шығындар;
Өткізуге байланысты шығындар
Өнімді сатуда туындаған шығыстар қосылады:
– өткізу бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысы, өткізу
бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдар, жекменшікті қамсыздандыру шығындары, іссапар шығындары, қор және басқа шығындарды пайдалану, негізгі қорды ұстауға және амортизацияға ақша аударуға кететін шығындар;
– жіберілген жерден жүктерді апару, тиеу–түсіру жұмыстары;
– сату рыногін зерттеуге және рынокке дейін тауарды апаруға
(маркетингке шығындарды қосса), жарнама шығаруға әзірлеуге, көрмелерге қатысуға, жәрмеңкелерге, тауарлардың үлгілерін жасауға, контрактілерге сәйкес немесе басқа құжаттар мен келісімдерге тұтынушылар мен тікелей немесе аралық ұйымдар мен тегін және қайтаруға жатпайтын осы сияқты басқа шығындар.
Пайыз бойынша шығындар
Мұндай шығыстарға мыналар жатады:
– банктерден алған несиелердің айыздарын төлеу;
– жеткізушілердің несиелері бойынша пайыздарын төлеу;
– мүлікті жалға алу және басқалар бойынша пайыз шығындарын
төлеу;
Кәсіпорынның шығын түрлері
Өндіріс шығындары мен өндіріске жұмсалған шығындардың мәні, теориялық және тәжірибелік жағынан өзара ұқсас емес. Кәсіпорын шығындары, олардың экономикалық міндеттеріне қарай ажыратылады. Шығындардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін анықтап, айыру өте маңызды. Ұдайы өндірістік белгісі бойынша кәсіпорынның шығындарын үш түрге бөлуге болады:
өнімнің өзіндік құнын құрастыратын өндірістік және өнім өткізуге жұмсалатын шығындар. Бұл айналмалы капиталдың айнымалы арқылы өнім өткізуден түскен түсімнен өтелетін ағымдағы шығындар;
өндірісті ұлғайту және жаңартуға жұмсалған шығындар. Бұл негізгі және айналмалы қорлардың көлемін қлғайтуын, құрылымын жақсартуға жұмсалатынбір жолғы шығын сомасы;
әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларға жұмсалатын шығындар. Олар ттікелей өндіріспен байланысты емес және кәсіпорынның арнаулы қорларынан қаржыланады;
Өндіріске және өнім өткізуге жұмсалатын кәсіпорынның ақшалай түрде есептелетін шығындары–олар өндіріс процесінде материалдарды, отын мен энергияның барлық түрлерін, еңбекті, негізгі қорларды, бейматериалдық активтерді пйдалануға байланысты және шығарылатын өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Шетел оқулықтарында өндіріс шығындарын іске қосатын факторлар немесе экономикалық ресурстарға жұмсаллған ресурстар деп анықтайды. Мұнда барлық ресурстар баламалы деп қабылданады, бұл мынаны көрсетеді: өнім өндіру үшін таңдалған кез-келген ресурстадың баламалығы–оның құнына немесе пайдаланудың барлық ықтимал баламаларынан, ең таңдаулы нұсқасындағы құндылыққа тең. Бұл–нарықтық экономиканың маңызды принцптерінің бірі.
Өндіріс шығындары – экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады.Экономикалық шығындар – жеткізушілерге пайдаланылатын ресурстар, оған кәсіпорын төлемдерінің барлық түрлерін атауға болады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (көрінетін немесе ақшалай) және ішкі (көрінбейтін немесе имплициттік) шығындар.
Сыртқы шығындар–ресурс жеткізушілерге ақшалай төлемдер: материалдарға, отынға, жұмысақы төлеуге, тозуды есептеуге арналған төлеулер. Осы шығындар тобы, бухгалтерлік шығындарды құрастырады.
Ішкі шығындар–кәсіпкердің өзінің қосымша пайдаланылатын ресурстарына алуға боатын табыс пен қалыпты пайданы қамтиды. Мысалы, кәсіпкер өз капиталын жалгерлікке берсе немесе банкке салса, қосымша табыс алуы мүмкін. Ал басқа кәсіпорында жұмыс істесе, жалақы алуы мүмкін.
Сонымен:
Экономикалық – Имплициттік = Бухгалтерлік
шығындар шығындар шығындар
Бухгалтерлік шығындар негізінде, шығындардың нақты сомасы белгіленеді. Өнімнің өзіндік құны есептеліп, салық салынатын таббыстың мөлшері анықталады.
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндіріс шығындары–материалдық заттар (материалдар, отын, энергия, жабдықтың тозуы, т.б,) мен өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығынддарының жиынтығы және ол кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай нысанда ол өнімнің өзіндік құны–кәсіпорынның ағымдағы шығыны болып саналады.
Өндіріс шығындары–пайдалы қазбаларды сатудың ең төмен бағасын білдіреді, оны–заласыздық баға дейді. Ал тауарлық өнімнің жоғары бағасы сұраныспен анықталады. Сонымен, тау-кен кәсіпорны өзінің өніміне оны өнддіруге, өткізуге жұмсаған шығындарды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен тәуекелдік үшін, пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға ұмтылады.
Тау-кен кәсіпорында өндірілген пайдалы қазбалардың өзіндік құнын талдау үшін, шығындардың әр түрінің ерекшеліктерін біліп, сол шығындардың өнім өндіру көлемімен өзара байланысын айқындау керек.
Өндіріс шығындарын әбден талдап, зерделеу үшін оларды жіктеп, сипатты белгілермен әр түрлі топтарға бөлген жөн. Әдетте өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына, өндіріс процесіндегі міндетіне, өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсіліне, шығындардың құрамына, өндіріс процесіндегі рөліне, өндіріс көлеміне, қатынасына қарай топтастырылады. Экономикалық мазмұны бойынша өндіріс шығындары былай бөлінеді:
жанды (нақты) еңбек шығындары–қызметкерлердің жұмысақысы, әлеуметтік сақтандыру төлемдері;
затталған еңбек шығындары–материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың амортизациясына, т.б. материалдық құндылықтарға жұмсалған шығынддар.
Өндірістік процеске қатысуына қарай шығындар: нгізгі және үстеме шығындарға жатады.
Негізгі шығындар–тікелей өндірістік процесті жүзеге асыруға байланысты.
Оларға:
–технологиялық процеске қажетті материалдар (бекітпе материалдары, жарылғыш заттар, қосалқы бөлшектер);
–негізгі өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жұмысақысы, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
–технологиялық отын;
–технологияға қажетті энергия–электроэнергиясы, сығылған
ауа, су;
–негізгі қорлардың өтелімі жатады.
Үстеме шығындар – өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар. Оған мыналар жатады:
–әкімшілік-шаруашылық шығындар–басшылар мен мамандардың, басқару аппаратының, басқа да қызметкерлердің негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдарына – кеңсе керек-жақтарына жұмсалған шығындар, пошта-телеграф, баспахана шығыны, іссапар шығындары;
–қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығындар;
–негізгі өндірісте істейтін және машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
–жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар–негізгі өндірістік қорларды күтіп ұстауға, жалгерлік төлемдер, құнсыз және тозғыш аспаптарды жөндеуге жұмсалатын шығындар, т.б.
Өндірілген өнімге жатқызу әдісі бойынша өндіріс шығындары–тікелей және жанама болып ажыратылады.
Тікелей шығындар – өнімді өндіруге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар. Олар өнімнің өзіндік құнына тура және тікелей енгізіледі. Мысалы, тазартым забойларда істейтін жұмысшылардың еңбекақысы, забойларда пайдаланылатын бекітпе материалдар – тікелей шығындар болып, есептеледі де, тазартым забойлардан қазып алған кенбайлықтардың өзіндік құнына тұтасымен енгізіледі.
Жанама шығындар – кәсіпорындардың өнім өндіруге және өткізуге, өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсаған өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылмайтын және олардың арасында жанама әдіспен бөлінетін шығындар. Бұл шығындарда мыналар қамтылады: жалпы цех пен жалпы кеніш шығындары, яғни жылуға, жарықтандыруға, өтілімге, көмекші жұмысшылардың және әкімшілік басқарушылық қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындар. Жанама шығындар өнімнің күні бұрын белгіленген негізге қйлесімді өзіндік құнына жатқызылады.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау кезінде шығындар экономикалық біртектігіне қарай – бір элементтен тұратын жай шығындарға және әртекті шығындардың бірнеше элементтері қамтылатын кешенді шығындарға бөлінеді.
Жай шығындарға қосалқы материалдары, отын, энергия, негізгі қорлардың амортизациясы, негізгі және қосымша жұмысақы, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жатады.
Кешенді шығындарға жалпы цех шығындары, жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстау шығындары, яғни бірнеше жәй шығындардан құрылған шығындар жатады. Мысал ретінде кен қазбаларды жөндеуге жұмсалған шығындарға – жұмысшыларға төленетін жалақы, бекітпе материалдар, жарылғыш заттар, жөндеу жұмыстарында қолданылатын жұмыстардың жабдықтардың амортизациясы кіреді. Кәсіпорын шегінде барлық кешенді шығындардыжай шығындарға бөлуге болады.
Шығындардың жұмсалу тиімділігінің деңгейіне байланысты өнімді (сапалы өнім шығарумен, жаңа технологияларды игерумен байланысты) және өнімсіз (ақаулы өнім шығарудан, бос тұрудан, айыппұлдар төлеуден болатын) шығындарға топтастырады.
Шығындар – өндірістік және өндірістік емес, кәсіпорынның толық шығындарына ажыратылады. Өндірістік шығындардың, кәсіпорындардағы өндіріс процесіне тікелей қатысы бар. Өндірістік шығындар – пайдалы қазбаларды өткізумен, қоймадан теміржол станциясына тасымалдауға байланысты. Өндіріс шығындары өнім көлеміне байланыс жағынан екі түрде болады:
Тұрақты шығындар – олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, оларды шартты-тұрақты шығындар дейді;
Өзгермелі шығындар – өндіріс көлеміне тікелей тәуелді, оларды – пропорционалдық немесе шартты-өзгермелі шығындар деп атайды.
Тұрақты шығындарға – негізгі қорлардың пассив бөлігінің амортизациясы, электр жабдықтардың орнатылған қуат бойынша екі ставкалық тарифпен есептейтін электроэнергия құнының бөлігі, үстеме шығындардың көбірегі жатады.
Өзгермелі шығындарға – материалдар, электроэнергия (электр санауышы бойынша алынған құны), кесімді жүйеде істейтін негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы (негізігі, қосымша және аударымдар) кіреді.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы әрбір нақты жағдайда жалпы шығын болып табылады:
TC=FC+VC,
Мұндағы:TC–жалпы шығындар (total costs)
FC–тұрақты шығындар (fxed costs)
VC–өзгермелі шығындар (variable costs).
Экономикалық элементтері бойынша шығындар топтастыру
(өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы)
Өнеркәсіптік өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жіктеудің бірыңғай принципін пайдалану мен шығындарды бірыңғай топтастыру, әр түрлі кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын салыстыруға мүмкіндік жасап, оны төмендетужолдарын ашады.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымын зерделеу үшін оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың барлығы, шығындардың экономикалық элементтері мен олардың калькуляциялық баптары бойынша топтастырылады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру кәсіпорынның материалдық және қаржы ресурстарын, өнімнің өзіндік құнының құрылымын анықтап және оны төмендетудің негізіг бағыттарын белгілеу үшін керек. Шығындары экономикалық элементтері бойынша жіктеу, өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған жалпы шығындарын білу үшін пайдаланылады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру, өнім өндіруге және өткізуге арналған шығындар сметасында көрсетіледі. Онда шығындар – экономикалық мағынасының бірлігі бойынша жинақталады. Мысалы, «Негізгі және қосымша жұмысақы» элементінде қайсысы болсын, санатқа жататын қызметкерлерге байланыссыз кәсіпорынның толық еңбекақы қоры көрсетіледі. Бұл мәселе тау–кен өнеркәсібіне өте маңызды, өнімнің өзіндік құнында еңбек шығындарының үлесі 50%–дан асады. Осы элемент бойынша тау–кен кәсіпорында өндірістегі жұмысшылар, қызметшілер мен инженерлердің жалпы табыстарын білуге болады. «Энергия» элементі – кәсіпорын, өндіріс және шаруашылыққа қажетті энергияның барлық түрлерін есепке алады.
Өндіріске жұмсалған кешенді шығындарды сметаға қосу үшін оларды жай элементтерге бөліп, тиісті топтарға қосады. Тауар өнімін шығаруға қатысты жоқ жұмыстармен байланысты шығындар да (басқа жаққа көрсеткен әр түрлі қызметтер, күрделі құрылыс жұмыстары немесе күрделі жөндеу, т.б.) өндіріске жұмсалған шығындар сметасында есепке алынады, бірақ тауар өнімнің өзіндік құнын есептегенде, оларды шыарып тастау керек.
Сметада басқа жақтан жеткізілген ресурстарға төленген шығындар көрсетіледі. Егер кәсіпорынның өзі ресурстың бір түрін өндіретін болса, мысалы сығылған ауаны, буды, энергияны, онда оларды шығаруға жұмсалған шығындар сметада тиісті элементтерге бөлініп қосылады.
Смета негізінде кәсіпорынның өндірістік–қаржы жоспар бөлімдерінің үйлесуі жүзеге асырылады: материалдық–техникалық жабдықтау, еңбек жоспары мен айналым қаражаттарға қажеттіліктер анықталады. Смета бойынша жалпы өнімнің өзіндік құны, аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі есептелінеді.
Шығындар сметасы мына элементтерден тұрады:
1) шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай дайын
(шала) өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);
2) қосалқы материалдар;
3) сырттан алынған отын;
4) сырттан алынған энергия;
5) негізгі және қосымша жұмысақы;
6) әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
7) негізгі қорлардың амортизациясы;
8) басқа да ақшалай шығындар.
Шығындар сметасы бойынша, шығындардың нақты бағыты мен пайдалану орнын анықтауға болмайды. Осы мәселелерді калькуляция – баптар бойынша шығындарды жіктеу арқылы шешеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?