Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы

Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы

Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы
Психологиялық-педагогикалық статус туралы түсінік.Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум жүргізу.Статус көрсеткіштерін анықтау.
Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік психологиялық жағдайда жүргізеді.Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі мүмкін.Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада омір сүруге икемделеді. Мектеп оқу-тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологы оқушылардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан-жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды.
Оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастырылуына кепіл болатын бір жәйт- оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін бағалап шығу өте қиын.Бұл жұмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз функциясын толық орындайды.
Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалық минимум деп атауды Н.Р. Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагностикалық зерттеуді жаппай, горизанталдық кескін бойынша өткізу арқылы қысқа мерзім ішінде бір параллельде оқитын қасиеттерін балаларды толық қамтып,олардың барлық психологиялық қасиеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшеліктеріне икемделіп қолдану арқылы қысқа мерзімде барлық оқушылардың статусын анықтап шығу қажет.
Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психологиялық қасиеттерін, күй-жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынасын мәдениетін , мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты психодиагностикалық зерттеуден өткізіледі.
Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларды түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі бөлуге болады :
1-блок- бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;
2-блок- оқушы таным прцестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;
3-блок- мотивациялық- жекелік сферасын бағалау;
4-блок- баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;
5-блок- мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы.
Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады. Әр блок бойынша қолданылатын әдістемелерді жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану керек.
Бірінші блок көрсеткіштері:
- отбасы құрамы, ата-анасының мамандықтары,жұмыс орны,лауазымы,отбасы типі,адамдар саны,олардың бір-бірімен қарым-қатынасы;
- отбасының материалдық жағдайы,тұрғын ұй,жұмыс орны;
- оқушының отбасындағы статусы;
- отбасының бос уақытын өткізуі,спорт,дене шынықтыру,мәдениет көздерін қолдануы;
- оқушының күн тәртібі және оны оны үлкен және кіші балалармен қарым-қатынасы.
Бұл блоктағы көрсеткіштерді бағалап шығу үшін көптнген объективтік әдііс-тәсілдер қолданылады; баламен және онын ата-анасы, әжесі т.б.отбасы мүшелерімен, сынып жетекшісі, оқытушылармен әңгіменлесу, пиктограмма,”Мен не білемін?” әдістемесі , Йирасек-Керн әдістемелерінің жеке тапсырмалары. Осы аталған және басқа әдістемелерді қолданып мағлұмат жинау нәтижесінде баланың отбасындағы өмірінің ерекшеліктері анықталады.
Екінші блок көрсеткіштері:
- баланың хронологиялық жасы мен ақыл-ой дамуының бір-біріне сәйкестігі;
- когнитивтік процесстердінің дамуы: ойлау түрлерінің қалыптасқадығы, ой қызметінің көрнісі, тіл байлығы, майда қимыл әректтердің қалыптасуы;
- Таным процестерінің жекелік ерекшеліктері;интеллектуалдық белсенділігінің жоғары болуы,вербалдығы, шизойдтығы, интеллектуалдық пассивтілігі;
- Баланың жек тұлғасында кездесетін қабілеттігінің түрі(психомоторлық, музыкалық, ленгвистикалық, физика-математикалық, бейнелеу өнері, педогогикалық, ұйымдастырушылық);
- Ақыл-ой жұмысын ұзақ уақыт орындауға қабілеттілігі, жұмыс темпі;
Екінші блок бойынша жүргізілген зерттеулер нәтежесінде балалардың таным процестерінің нормаға сай немесе дамуында одан ауытқуы байқалатындығы анықталып, олар баланың озық дамуына немесе киін қалуына негіз болып отырғаны нақты бағаланады. Даму денгейі төмен балалармен түзету- дамыту жымсын жүргізуге арқылы оларды оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келетін жағдайда жеткізу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші блок матиралдары оқу-тәрбие жұмысын тиімді жүргізуге және ата-аналарға писихологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Үшінші блок көрсеткіштері:
Оқушылардың оқуға деген ынтасын және танымдық әрекетінің себептерін, баланың ішкі қайшылықтарының денгейін анықтауға бағытталған. Бұл блок көрсеткіштері:
- оқу себептерінің қалыптасқандығы және оның мазмұны (танымдық,әлеуметтік бағыттылық т.б);
- танымдық әрекет барысында табысты болу себебі немесе сәтсіздіктен бас трту себептерінің қайсысы жетекші екеннін анықтау;
- себептік сферада қайшылықтың болуы, мазасызданудың көрініс беруі;
- акцентуацияның орын алуы;
Бұл блок көрсеткіштері бойынша баланың психикалық дамуында мазасызданудың, өз-өзіне сенбеушілігі және басқа ішкі проблемалардың орын алуын анықтау арқылы, оларға уқытылы психологиялық көмек көрсетуге мұмкіндік туады.
Төртінші блок көрсеткіштері:
- баланың қатынас жүйелерін эмоционалды бағалау бойынша талданады:
- баланың өз қатарларымен қарым-қатынасының қалыптасқандығы;
- отбасында қарым-қатынас ерекшеліктері;
- оқытушылармен қарым-қатынасының эмоционалдық оң мағынада болуы;
- мектепшілік іс-шараларға көзқарасы;
- оқушының өз-өзіне көзқарасы;
Бұл көрсеткіштер баланың оқу-тәрбие процесінде табысты болуына үлкен әсерін тигізеді.
Бесінші блок көрсеткіштері:
- оқушының мектепшілік қарым-қатынастағы орнын анықтауға арналған және келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- оқушының жекелік психологиялық қасиеттерімен байланысты мінез-құлық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама(жылдамдығы, жәй қимылдағандығы,импульсивтігі);
- жауапкершілікті сезінуі, шешім қабылдауы, адамдарға ықылас қою,қайырымдылығы, ашықтығы, іскерлігі, шыншылдығы;
- әлеуметтік-психологиялық адаптациясының төмендігі, эгоистігі, дөрекі, өтірікші, принципсіздігі;
- мінез-құлық нормативтеріне бағынуы, әлеуметтік орта талаптарына икемделуі, ашықтығы, шыншылдығы;
- тәртіп сақтауы, қыймыл әрекеттерінің үйлесімділігі.
Блоктар бойынша психодиагностикалық зерттеу нәтежесінде
оқушының психологиялық- педагогикалық статусын көрсетіп,
психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру ретін
анықтауға негіз болады.
Оқушылар статусының көрсеткіштеріне сүйене отырып педагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналарға психологиялық білім беру тақырыптарын анықтап алу ға мүмкіндік туады.
Оқушылар статусының көрсеткіштері олардың психологиялық-педагогикалық карточкаларына түсіріледі. Бұл құжат психодиагностикалық минимум өткізілген соң толықтырылып, нәтижесі талдапып, балалармен жеке-дара және топтық түзету – дамыту іс-шараларының мазмұнын анықтауға негіз болады.
Психодиагностикалық минимум жүргізумен қатар психолог оқушыларды жеке-дара зерттеп отырады. Біріншіден, бұл жұмыс интеллектуалдық қабілеті өте жоғары дамыған балалармен олардың дарындылығын қолдауға және бұл қасиетті жан-жақты дамытуға ықпал жасау үшін жүргізілсе, екіншіден, мінез-құлқы туралы шағым түскендермен т.с.с арнайы зерттеуді, көмек көрсетуді талап ететін, дамуында ауытқуы бар оқушылармен жүргізіледі.
Психологиялық зерттеу барысында үлгерімі төмен, сабаққа қатыспайтын, отбасында баланың үй тапсырмасын орындауға ешқандай жағдайы жоқ, ата-аналары нашақор, ішкіш т.б жағдайы нашарлар кездеседі. Бұл котегориядағы балалар психологиялық сүймелдеу көрсетуге қажеттілігі өте жоғары топқа жатады. Сондықтан оларға көмек көрсетуді психолог өзінің күнделікті міндеті деп түсінуге тиіс.
Оқушылардың психологиялық- педагогикалық статусын зерттеу барысында көптеген психодиагностикалық әдістемелер қолданылады. Олрды зерттелінетін балалардың жас кездеріне байланысты ретке келтіріп жинақтау қажет. Комплекстік зерттеу барысында кіші мектеп балаларын психолог өзіне үйретіп алу үшін әңгімелесу, суреттер, ойыншықтар қолданылатын әдістемелер бірінші ретте қолданылады. Ал орта және жоғары сынып оқушыларды зерттеуді таным процестеін бағалаудан бастаған дұрыс сияқты.
Сондықтан психодиагностикалық әдістемелерді осы ретпен беріп отырмыз ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?