География | Құрлықтағы географиялық белдеулер
Азия мен Африканың экваторлық ормандарында пілдер, мүйізтұмсықтар сақталған. Жыртқыштардан жолбарыс, қабылан, ягуралар бар. Африкадағы Конго өзені алқабында бойы 2 метрге жететін ең ірі маймыл горилла, Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзені жайылмасында ұзындығы 10 м-ге дейін баратын дүние жүзіндегі ең ірі жылан – анаконда кездеседі. Су бетіндегі қолтырауындар, бегемоттар, тапирлер жүреді.
Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді.Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарда ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, араларбы ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды.
Құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер саванналы болпы келеді (саванна Оңтүстік Америака үндістернің тілінен алынған сөз). Саванна деп әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты айтады.
Саваннаның өсімдігі ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейімделген. Шөптері жапырағы қатқыл, жіңішке, тікенекті астық тұқымдастардан тұрады. Олардың биік болып өсетені соншалық, кей жерлерде арасынан атты адам өкрінбейді. Ағаштары акласа, тікенекті. Діңдері су жинауға ыңғайлы жуан болып келеді (баобаб, шөлмек ағаш,т.б.).
Өсімдіктің бітік өсуі сан алуан жануарлардың тіршілігіне қолайлы. Әсіресе Африка саванналары жануарларға аса бай. Мұнда неше түрлі киік, зебр, жираф, піл үйір – үйірмен жүреді. Шөп қоректі жануарларды арыстан, қабылан, гепард жыртқыштарды аулайды. Олардан. Қалған өлекселер қорқауларға артығымен жетіп қалады.
Тропиктік белдеу. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың 20-30° ендіктер аралығын трогпиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.
Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрі құрғақ. Ауаның температурасы 58°С-қа дейін көтеріледі, ал топырақ беті 90°С-қа дейін қызады. Жауын – шашын барлық жерінде 100 мм-ге жетпейді. Өсімдік өте сирек, кей жерлерде мүлде өспейді. Әсіресе сазды және тасты шөлдер сұрықсыз болып келеді. Аздаған өсімдіктері ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарың, тас қорымдардың шеттерін сағалайды.
Шөлге жақсы бейімделдген өсімдіктерден Сахараның оазистерінде құрма пальмасы, Солтүстік Америка шөлдерінде кактус өседі.
Шөлдерде әр түрлі жыландар, кесірткелер, бунақденелер көп болады. Материктердің шығыс бөліктерінде жапырақ тастайтын ылғалды тропиктик ормандар мен құрғақ тропиктік ормандар таралған.
Материктердің шығыс бөліктерінде жапырақ тастайтын ылғалды тропиктік ормандар мен құрғақ тропиктік ормандар таралған.
Ылғалды ормандар жауын – шашыны мол, бірақ ылғалды және құрғақ маусымдар алмасып келетін жерлерде өседі.Құрғақ ормандарда ағаш сирейді. Аустралияның шығысындағы эвкалипт ормандары ерекше көзге түседі.
Эвкалипт ағашының биіктігі 100 м-ге дейін жетеді. Қаығы қалың отқа тез жана қоймайды. Өсуге кедергі келтірмеуі үшін ағаш жыл сайын қабығын тастайды. Соншама зәулім биікке су жеткізу оңай емес. Суды аз буландыру үшін жапырақтары Күнге қырын қарап тұрады. Сидам өсетіндіктен, эвкалипттен онша көлеңке түспейді. Эвкалипт ағашының бұтақтарында қалталы аю – коала тіршілік етеді.
Климат одан әрі құрғай түскен жағдайда орманның орнын тропиктік саванналар алады.
Субтропиктік белдеу. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда 30-40° ендіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң болып келеді (4°С-тан 20°С-қа дейін). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс және ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешенеді. Мұхитқа жақын батыс бөліктерде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтропиктік ққұрғақ континенттік климат; ал шығысында жауын – шашын жазда мол жауатын муссондар климаты қалыптасқан.
Ауыспалы ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы Еуразияның шығысында кең тарлған, сонымен бірге Солтүстік Американың оңтүстік шығысында және Бразилияда сақталған. Бұл ормандар қысы құрғақ, жазы жаңбырлы муссондық климатпен байланысты.
Жылы субтропиктік климат мәңгі жасыл, әсем гүлді магнолия, лавр, шамшат, емен ағаштарының өсуіне қолайлы. Ағаштардың шырмап жатқан лианалардың, ағаш діңі мен бұтағына жабысып өскен папоротниктерлің көптігі жөнінен олар экваторлық мәңгі жасыл ормандарға ұқсайды. Бұл ормандар субтропиктік қызыл және сары топырақта өседі. Қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар жазы құрғақ Жерорта теңіздік климат жағдайына бейімделген өсімдік түрлерінен тұрады. Олар құрғақшылық кезеңнің өзінде де жапырағын тастамай, бүкіл жыл бойы мәңгі жасыл қалпын сақтайды. Жапырағы шағын, өте қатты, жылтыр келетіндіктен, өсімдік суды аз буландырады. Субтропиктік белдеу ормандарының табиғаты адамның шаруашылық әрекетінен қатты өзгерген. Қазіргі кезде табиғи ормандар оталып, олардың орнын цитрус егістері, бақтар, жүзімдіктер басқан. Субтропиктік шөлдер мен шөлейттер барлық материктерде тұтас бір өңірді құрайды. Субтропиктік шөлдер табиғат жағдайлары жөнінен торопиктік шөлдердің тікелей жалғасы болиып табылады.
Қоңыржай белдеу. Бұл белдеу Солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, Оңтүстік жарты шарда аз орын алады. Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша айқын өзгеріп тұруы тән болып келеді. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді (өзендер мен көлдердің қатуы және мұзы еруі, өсімдіктердің өсіп-өнуі, жануарлар тіршілігіндегі және адамның шаруашылық әрекетіндегі өзгерістер).Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі.
Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазы ыстық кейде +50°С-қа жетеді, ал құмның беті +80°С-қа деейін қызады. Оның есесіне қысы едәуір суық. Аяз - 30°С-қа дейін барады.
Шөлде жусан мен сораң өсімдік түрлері, әр түрлі бұталар өседі. Ағаш өсімдігінен құмды шөлде ақ сексеуіл өседі.
Шөл жануарлары қатты ыстық пен судың жетімсіздігіне икемделген. Көпшілігі күндізгі ыстықта інге немесе құмның арасына кіріп жатады да, жем іздеуге түнде шығады. Кейбіреулері жазғы ыстықта ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт су ішпестен өсімдік нәрімен күнелтетіндері де бар.
Шөлде ұсақ кемірушілер, жыландар, кесіркелер көп. Тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Бұрын құлан да көп болған.
Шөл зонасында халық өте сирек қоныстанған. Олар мал бағумен, өзен бойларында егіншілікпен айналысады.
Дала зонасы солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып созылып жатады. Оңтүстік жарты шардағы көлемі шағын.
Дала деп шөл өсімдігі өсетін, ормансыз, жазық алқапты айтады.Шөл зонасы сияқты дала зонасының да климаты өте континенттік болады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Аяз - 50°С-қа дейін барады. Жауын-шашын шөлге қарағанда екі еседен көп жауады. Бірақ мұнда да буланушылық түсетін жауын-шашыннан анағұрлым артық. Ылғал жетіспейтіндіктен құрғақшылыққа бейімделген шөп өсімдігі өседі. Соның ішінд еселеу басты орын алады. Жазда өсімдік пісіп жетілген кезде жел шайқаған селеулі дала толқыған көл айдынын елестетеді.
Орман зонасы дала зонасы мен тундра зоналарының арасында жатады.Ол тундраға – орманды тундра, далаға орманды дала өтпелі зонасы арқылы бірте-бірте ауысады.
Орман зонасы негізінен Солтүстік шарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада таралған. Бұл зонаның топырағы тым ылғалды жағдайда қалыптасады. Топырақтың жоғарғы қабаты үнемі ылғалмен шайылып тұрады да, түсі күлгінденеді. Сондықтан мұнда күлгін топырақ түрлері басым болады.тек жалпақ жапырақты ормандарда ғана жер беті құрғап, топырақ қоңыржай тартады. Орман зонасы жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас орман деп аталатын кіші зоналарға бөлінеді.
Жалпақ жапырақты орман қоңыржай белдеудің климаты біршама жылы және ылғалды өңірін алып жатыр. Қысы салқын болғанымен,жазғы жылу мен ылғал жалпақ жапырақты ағаштардың өсуіне жетіп жатыр. Орман құрамында ағаштың ондаған түрі кездеседі, мұнда бұта мен шөп те қалың өседі. Жалпақ жапырақты ағаштардың көбісі шамшат,емен және жөке ағашы болып келеді.
Қылқан жапырақты орман немесе тайга алып жатқан қоңыржай белдеудің климаты айтарлықтай ылғалды, сонымен қатар ол біршама суық өңірді қамтиды. Қысы аязды, жазы қоңыржай жылы. Жылдық жауын-шашын мөлшері буланушылықтан артық. Орамн құрамы кедей болып келеді де, әдетте екі-үш ағаш түрінен тұрады. Топырақ бетін мүк басып жасып жатады. Негізінен балқарағай, шырша, майқарағай және қарағай таралған.
Жалпақ жапырақты орман мен тайганың арасында аралас орман өңірі жатады. Бұл жердің климат жағдайлары суыққа бейім қылқан жапырақты ағаштар мен жылу сүйгіш жалпақ жапырақт ыағаш тұқымдарының қатар өсуіне мүмкіндік береді.
Субполярлық белдеу Солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (субарктикалық деп те аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субантарктикалық). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы +10 С-тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы қысқа. Жылдық жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы - жазы тоң болып қатып жатады. Оны мәңгі тоң дейді. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұқа қабаты ғана (0,5-1м) ериді. Мәңгі тоңның жаппай таралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді.
Белдеуді негізінен тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр.
Тундрада мүк, қына және бұталар өседі. Тундра зонасының климат жағдайлары өсімдіктің өсуіне тым қолайсыз. Әрі қысқа, әрі салқын болатын жазында өсімдік өсіп жетіле алмайды. Сондықтан негізгі орынды көп жылдық өсімдіктер алады. Олар бірінші жазда тұқымнан өніп, жер бетіне шығады, екінші жазда гүлдейді, үшінгі жазда барып тұқым шашады. Тундра өсімдігі баяу өседі. Мәселен,ергежейлі поляр талы бір жылда 1-5 мм ғана ұзарады. Жазда ауаның топыраққа жақын қабаты ғана біршама жылынады. Соған сәйкес бұталар жер бетіне төселіп енмесе ұйлығып өседі. Тамыры тереңге таралмайды.
Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық (грекше анти – қарсы) белдеу деп аталады. Екеуін де жаппай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі – үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 00С-тан сәл ғана асады. Оның есесіне ұзаққа созылатын қыста ол -30-400с-тан түспей, қақаған аяз болып тұрады. Антарктиданың климаты да одан да қатаң. Онда жер шарындағы ең төмен температура (-88,3 0С) байқалған.
Арктикалық және антарктикалық белдеулер мұзды шөл зонасына жатады. Оның жер бетін жаппай өлі мұз басқан. Жазда мұздан босайтын аз ғана жерде мүк шығады. Жануарлардың тіршілігі тек теңізбен байланысты. Солтүстік мұзды мұхитта морж бен итбалық көп. Мұз арасында оларды аңдып ақ аю жүреді. Антарктикалық белдеуде пингвиннің тіршілігі материк жағалауындағы сулармен байланысты. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?