Қылмыстық құқықтың түсінігі

Қылмыстық құқықтың  түсінігі

Қылмыстық құқықтың түсінігі

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функцияларын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленге тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінін жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құкық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласынада тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым — қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді; Мұндай нормалар қылмыстық кұқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу — мемлекеттің құзыреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстың заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімніңжиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178-бабьша жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақта осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29-баптарына жүгініп, сонда көрсетілген зандылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.
Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын ролі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
Қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқықпен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға; оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінің заңды күшіне енген уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық кұқықтық қатынастар негізі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының пайда болуының негізі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.
Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.
Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланысты. Бұл екі құқық саласы ортақ міндет — қоғамға қауіпті іс-әрекет — құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс қылық істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал қылмыстық жазаны қолдану «сотталғандық» атаққа ұрындырады. Оның заңдылық салдары бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардан басқа заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстың субъектісі болып тек қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмысты іс-әрекет істеген, есі дұрыс кінәлі адам ғана болады.
Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байланысты. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
Егер қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресудегі қылмыстық заңдардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарьш, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?