ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІ

ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІ

ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІ

Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екндігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама – қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырды деп санады.
Қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Соладың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды. Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол- құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды.
Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап – ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.
Б.з.б. бір мың жылдықтың ортасында Қытай елінде кейінен философиялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және Үндістанда пайда болып кейіннен Қытайға кеңінен тараған - буддизм. Бұл ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны өте зор және осы заманға дейін қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.
Бұл ілімдердің бірі «даосизм». Оның негізін қалаушы б.з.б.VІ ғ. өмір сүрген «Дао және дэ» кітаптарының авторы, ұлы кемеңгер ойшыл Лао-Цзы. Даосизмнің негізгі философиялық категориясы – «дао» - заң («дао» иероглифі дәл мағынасында «жол» дегенді білдіреді). Даосизм, бойынша бүкіл дүниежүзі бір ғана заңдылыққа - «даоға» бағындырылған. «Дао» - бүкіл тіршілік атаулының негізі және қайнар бұлағы, ал оның басты белгісі «табиғилық» болып есептелінеді. «Дао» табиғаттағы құбылыстар мен заттардың сан алуандығын қамтамасыз етеді, олай болса нақты өмір-табиғат «құдайдың» немесе табиғаттан тыс күштердің еркіне емес, «даоға» байланысты өмір сүреді. «Даосизм» адам заттардың табиғи реттілігін ешуақытта да бұза алмайды, сондықтан да кез келген адам қоғамдағы оқиғалардың барысына сырттай қараумен ғана қанағаттану керек және «даоға» жетуге тырысушылық – адамның тағдыры, «жазымшы болып саналады» деп санады. Демек, даосизмнің жолын қуушылар батыл іс қимылдан бас тартуды уағыздап, «әрекетсіздік» теориясын ұсынды. Бұл теория даосизмнің басты қағидасына айналды. Олар «ең ақылгөйлік жол - әрекетсіз күрессіз жол» деп пайымдайды.
Философиялық даосизмнің негізінде б.э.-ң басында «діни баосизм» пайда болды. «Абсолюттік дао» - бұл жаңа бағыттың негізгі ұранына айналды. Ол бойынша өмір дегеніміз – бар болғаны сағым мен қиял ғана, ал өлім – даоға, яғни жанның мәңгілік шынайы болмысына қайта оралу болып саналады. Кейіннен «мәңгілік өмір» жағдайындағы даосистік ілім шамандықпен, сиқыршылықпен, астрология және демнологиямен ұштасып кетті. Діни даоизмнің үстемдік еткен кезеңінде мәңгілік өмір сүретін даосистік әулиелер жөнінде түрлі аңыздар таралып, олардың мәңгілік өмірді сыйға тарта алатын қабілеттері баса айтылып, дәріптеле бастады. Осы жағынан алып қарағанда даосизм еуропалық алхимиктерді еске түсіреді. Діни даосизм үстемдігі кезеңінде Қытайда монастырьлар саналып, онда ондаған және жүздеген мың даосистік монахтар тұрды. Олар өздерінің діни қызметтерінен және жүздеген мың монахтар тұрды. Олар өздерінің діни қызметтерінен және жерді тиімді пайдаланудан қыруар табыс тауып отырды. Монахтар мен абыздардың қызметі сан алуан болды. Олар адамдар тағдырын болжады, бал ашудың түрлі әдістерін игерді, жын-шайтандарды аластады, бәле-жаладан сақтайтын бойтұмарларды сатумен айналысты, діни құрылыстар мен молалар салуға лайықты «Жын шайтандарсыз» жерлерді анықтады, той жасауға, жолға шығуға және т.б. байланысты сәтті күндерді белгіледі. Діни доасизм де «әрекетсіздіктің және тағдырға бой ұсынып «қарсы шықпауды» уағыздады. Бір ғажабы, діни доасизм өзінің өміршеңдігін көрсетіп, осы кезеңге дейін сақталып отыр.
Біз ІІ-ІІІ ғ. Неодаосизм (бұл жаңа эуропалық термин) деп аталатын екінші бір ағым қалыптасты. Неодаосизмнің бұған дейінгі ілімдерден басты айырмашылығы – бұл ілім әлеуметтік-мемлекеттік өмірдегі қалыптасқан жағдайларға икемделіп жасалды және мемлекеттік істерге қатысудан бас тартуды талап етпеді. Керісінше, «жаңартылған даосизмде» Конфуций ұлы уағызгер және ұлағатты өмір ұстазы ретінде аса жоғары бағаланды. Бірақ, осы өзгешелігіне қарамастан даосизмнің бұрынғы рухы сақталынып және соның негізінде «жол мен тасқын» деп аталатын көркемдік стиль туындады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, діни доасизм осы уақытқа дейін сақталып қалса, ал неодаосизм қойнауында туындаған «жол мен тасқын» стилі қытай мәдениетінің ажырамас бөлігіне арналған.
Даосим ілімінде мифологиялық сарын басым болғанымен, шындығында бұл жағдайды мифке қайта оралу деп әсте санауға болмайды. Егжей- тегжейіне бармай-ақ, бұлардың принциптік айырмашылығы – доасистік өмірдің басты идеалының адамның ішкі жан дүниесінің бостандығына негізделуі деп толық сеніммен айта аламыз. Даосизм оңтүстік-шығыс Азия елдеріне кеңінен тарап, жаңа өмір мен өнерге жаңа көзқарастың қалыптасуына елеулі ықпал етті. Даосистік ілім адамның деспотизм құрсауынан босануына жол ашып берді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұл ілімнің қытай мәдениетінің гүлденуіне, оның жан-жақты дамуына зор әсер еткендігі ақиқат.
VI ғ. аяғы мен V ғ. басында дүниетанымдық жүйенің екінші бір саласы - Конфуций ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушы Еуропада Конфуций деген атпен белгілі болған ұлы уағызгер Кон-фу-Цзы болды. Азғантай ғана уақыттың ішінде, яғни төрт ғасырдың ішінде бұл ілім қытайлықтардың жүрегінен жылы орын тауып, б.з.б. ІІ ғ. өзінде – ақ императорлық Қытайдың басты идеологиясына айналды. Ол қоғамдағы бейберекетсіздіктердің басты себебін – адамдардың азғындауынан іздеп, бағыныштылықты, адалдықты, қарттар мен ата-аналарды сыйлауды басты орынға қойды. Міне сондықтан да болар, Ұлы уағызгердің басты өмірлік қағидасы – «ата-аналарды құрметтеу мен қарттады сыйлап – қадірлеуге» келіп тіреледі. Конфуций ілімінің басты құндылығы мен ерекшелігі – оның шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздары бір-бірімен ұштастыра білуінде болып саналады.
Өкімет басындағы шенеуніктер конфуцийлік әдебиетті толық білуге тиіс болды, өйткені бұл ілімнің негізгі қағидаларын білу – мемлекеттік қызметтке алынатындарға қойылатын басты талаптардың бірі болды. Сондықтан да болар, конфуцийлік парыздарды ең мұхият сақтаушылар да осы шенеушіліктер болды. Демек, мемлекет пен конфуцийлік дін біртұтас саяси -әкімшілік жүйесіне айналады, оның мақсаты –қоғамдық ережелерді баянды ете отырып, халықтың өкімет билігіне бағыныштылығын қамтамасыз ету болды. Конфуций ілімінің дамуына байланысты тұрмыстық әрекеттерден бастап, мемлекет іс- әрекеттерді бағалаудың негізгі шарттары жасала бастады. Мысалы, ер адамнан өз міндеттерін мүлтіксіз орындау, адал қызмет ету, рудың басшысына бағыну талап етілсе, ал әйелдерден ерін, ата- енесін тыңдап, олардың айтқандарын қалтықсыз орындау және болашақ ұрпақты жалғастыру талап етіледі. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, әйелдердің ең басты міндеті – еріне адал қызмет ету болып саналады. Әйелдің ақылдылығы, шешендігі және терең ойлылығы басты орынға қойылды да, оның сырқы сұлулығы есепке алынбады. Нағыз әйел ерімен бірге өлімге де бас тігетін әйел болып есептелінеді.
Тереңірек үңіле қарасақ, Қытайдың барлық діни жүелерінде ұқсастық, ортақ белгілер бар. Олар: ата –аналарды, бабалармен қарттарды сыйлап құрметтеу, бағыныштылық, «әрекетсіздік» теориясы және т.б.
Біздің заманымыздан бастап Үнді елінде пайда болған будда діні Қытайға да кеңінен тарай бастады. Буддизм бойынша өмір дегеніміз –шексіз қайта өмірге келу мен жанданулардың тізбегі, ол қайғы- қасірет пен зұлыдықтарға толы. Мұндай тығыздықтан шығудың жолын буддистер адамның өмір қызығынан бас тартумен байланыстырды және адамдар өз бойындағы барлық мұқтаж- тілектерін барынша басып отыру қажет деп санады. Ол рух – мәңгілік, ал материаның басы мен аяғы бар деп пайымдад. Матералдық өмір жеке өмір сүре алмайды, ол бар болғаны мистикалық рухтың көрінісі ғана. Кейінен, яғни б.з.-ң IV ғасырына қарай буддалық шіркеулер Қытайдың басты экономикалық, саяси және діни күшіне, ондаған мың будда шіркеулері мен монастырьларын, жүздеген мың монахтардың басын біріктірген айбынды да, қуатты ұйымдарға айналды. Заман ағымындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты буддизм даосизм сияқты кейіннен конфуцийлік дінге жол берді.
Ежелгі Қытайдың діни және рухани өмірі жайындағы ғылымдардың ғылыми тұжырымдары жазба деректерге негізделген, олардың көпшілігі сол көне заман кезінде дүниеге келген. Б.з.б. XV ғ. өзінде –ақ Қытайда иероглифтік жазу жүесі қалыптасып, екі мыңнан стам иероглифтер беліглі болған. Көне Қытай әдебиетінің ең көне жазба ескерткіштерінің қатарына үш жүз әндер мен өлең жолдарынан тұратын «Әндер кітабы» және «Өзгерістер кітабы» жатады. Қытайлықтар көп уақытқа дейін табиғи бояулармен жібекке жазған. Уақыт өткен сайын иероглифтер саны өсіп үш мыңға жеткен. Қытай жазуының ең дамыған кезеңі б.з.- ң алғашқы ғасырлары болды. Мысалы, б.з.-ң II –ші ғасырында иероглифтер саны 10 мың болса, ал III ғ. олардың саны 18 мыңнан асып түскен. Дәл осы кезеңде Қытайда жазудың бір тұтас жүйесі қалыптасып, кейіннен бұл жазып – сызу жүйесі қытай жазуының негізін құрады. Алғашқы сөздіктер дәл осы уақытта жасалды. Император сарайларында бай кітапханалар пайда бола бастады.
Ежелгі Қытайдың атақты ақындарының қатарынан Лу Цзы, Мей Шен, Ян Сюзнь,Тао Юань Минь сияқты дарынды ақындар берік орын алды. Олар б.з.б. VI-III ғ. өмір сүрген, қытай поэзиясының негізін қалаған алғашқы ұлы ақын Цюй Юанның тамаша әдеби дәстүрлерін одан әрі жалғастырушылар еді. Солардың бірі - «Тарих жазбалар» атты баға жетпес тарихи еңбектің авторы, алғашқы қытай тарихшысы Сым Цянь болды. Оның тарихи оқиғаларды баяндау әдісі мен стиль ерекшелігі замандастарын таң қалдырып, үлгі-өнегелік мәнге ие болады.
Біздің заманымыздың бастауында Қытайда кескіндеме өнері гүлдену сатысында болды. Көптеген ғалымдар өнердің осы саласындағы мұндай алға басушылықты будда ғибадатханаларында түрлі құдайлар мен әулиелердің мүсіндері көптеп орын ала бастады. Әсіресе, жібекке, қағазға тушпен салу кеңінен тарап, фрескалар өнері бой көрсете бастады. Бір айта кететін жәйт, ежелгі Қытайдың кескіндеме туындыларының әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Мысалы: шырша – ұзақ өмір белгісі болса, бамбук - қажымас қайрат пен ерліктің, ал көкқұтан – жалғыздық пен қасиеттіліктің белгілері болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, бүкіл көне Шығыс көркемдік мәдениеттің ең басты елементі – «Күн» болып саналатынын да атап өткенді жөне көрдік. Күн әдетте, Аспан құдайының мұрагері және туған ұлы ретінде адам бейнесінде беріледі. Күн «Аспан құдайының» бәрін көре де, біле де білетін қасиетін мұра еткен. Күн сонымен қатар Шығыс елдері мәдениетінде сұлулықтың басты мәдениеті болып саналады.
Қытайдың көркемдік мәдениетінде кескіндеме өнері мен әдебиеттің арасында үзілмес сабақтастық байқалады. Өйткені, қытай поэзиясы кескіндемелік сипатта болса, кескіндеме өнері поэтикалық сарында болып келеді. Жалпы алғанда, Қытайдың көркемдік мәдениеті элиталық сипатта болды, ал бұл қасиет көне Шығыс елдерінің көпшілігіне тән екендігін ешкім де жоққа шығара алмас.
Қытайдың сәулет өнері де өзінің әсерлігімен, әсемдігімен өзіндік ерекшеліктермен таң қалдырған. Солардың ішіндегі шоқтығы биігі – Пекинде 1420 жылы салынған «Аспан ғибадатханасы» деп аталатын сонау көне заман сәулет өнері саласындағы үлгілерді сақтаған «ғибадатханалар ансамблі». Б.з.б. ІІІ ғ. Қытайда 700-ден астам императорлар сарайы салынған екен, солардың ішіндегі тек қана орталық залына он мыңнан астам адам сиятын император срайының орны ерекше.
Ежелгі Қытайдың астрономия ғылымы саласындағы жетістіктеріне келетін болсақ, б.з.б. екі мыңжылдықтың кезінде-ақ қытайлықтар жылды он екі айға, ал әрбір айды аптаға бөлген. Б.з.б. V ғ. бастап, олар аспан денелеріне астрономиялық бақылаулар жасаудың нәтижесінде дүниежүзінде тұңғыш рет жұлдыздар каталогын жасаған. Б.з-ң 28-жылы қытайлықтар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің бетіндегі дақтарды суреттеп берген, ал арада екі ғасыр салып астроном Чжан Хэн дүние жүзіндегі тұңғыш аспан глобусын жасаған.
Сәулет өнерінің дәл осындай қарқынды дамуына математика ғылымының дамуы да өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Б.з.б. бірінші ғасырда Қытайда осы ғылым саласындағы ғасырлар бойғы жинақталған жетістіктерді саралайтын «Тоғыз тараулық математика» деп аталатын өте маңызды ғылыми тракт жазылды. Ежелгі қытайлықтардың техникалық жаңалықтар ашуға қосқан үлестері де бір төбе. Мысалы, олар б.з.б. үшінші ғасырда компастың алғашқы түрі – магниттік аспан тұңғыш рет ойлап тапса, ал біздің заманымыздың алғашқы кезеңдерінде - су диірменін, суды жердің бетінде ағызатын машина – сорғышты, дүниежүзіндегі алғаш сейсмографты ойлап тапқан.
Қытайда медицина ғылымы саласы да ұдайы даму үстінде болды. Б.з.б. І ғ. медициналық кітаптардың каталогы жасалып, онда көптеген ауруларды емдеудің рецептер берліді, сонымен қатар фармакология саласында құнды ғылыми трактаттар жазылды. Осы орайда күні бүгінге дейін медицина саласындағы баға жетпес табыс болып саналатын ауруларды инемен емдеудің Қытайда ойлап табылғанын да естен шығармағанымыз дұрыс.
Қытайдың бір орталықты мемлекетке біріге бастаған кезеңінде (б.з.б. 221-207 ж.) қытай қорғанының негізгі бөлігінің салынуы да – сәулет өнерінің айтарлықтай табыстарының бірі болды. Ұлы қытай қорғаны – Қытай императорларының адам айтқысыз байлығы мен шексіз билігін паш ететін, ең бастысы – дүниежүзіндегі ең ең үлкен керемет болып саналатын осы бір таңғажайып алып құрылысты салған қытай шеберлерінің еңбекқорлығы мен шыдамын әйгілейтін, талай адамдардың өмірін өксіткен қанды да, қасіретті ескерткіш болып табылады. Ал осы бір тарихи – мәдени ескертіш толық күйінде болмаса да, біраз бөлігі осы кезеңге дейін сақталып қалған. Жоғарыда атап көрсеткен, залына он мың адам сиятын император сарайындағы залдың төменгі қабатының биіктігі соншалық, мұндағы ілінген сырықтың биіктігі елу қар болған, бірақ өкінішке орай бқл тамаша әсем ғимарат – император сарайы бүгінгі күнге келіп жетпеген. Оны салдырған – Қытайдағы дербес князьдіктерді өзіне бағындырып, жас мемлекет – Қытайдың күш-қуатын арттырған және «Циннің» (Цинь мемлекетінің) «бірінші императорымын» деп жариялап, бұл патшалыққа өз есімін берген - Цинь Шихуанди болатын. Ол көзінің тірісінде-ақ биіктігі бес жүз қар, айналысы бес мың қар келетін кесене салдырған. Оның төбесінде жұлдыздар әлемі бейнеленіп, еденімен аққан сынап өзені сынап теңізне құйылып жатқан. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?