Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын), жұқпалы (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса. Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет.

Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері
• Ұдайы жетел болады, ертеңгісін үйқыдан түрған кезде жетел қатты қинайды;
• Түстен кейін аздап ыстық кетеріледі және түнде терлеп қалады;
• Кеуде немесе белдің жогары болігі ауыруы мүмкін;
• Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі.

Аурудың келесі сатысы
• Жөтеліп, қан түкіреді (әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де болады);
• Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың терісі, әсіресе беті ақшыл тартады;
• Дауысы қырылдап шығады (өте қатерлі)
Жас балаларда: жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударыңыз.
• Ұдайы салмағын жоғалту
• Жиі ыстығы көтерілу
• Тері түсінің бозаруы;
• Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.
Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады.
Егер туберкулезбен ауырып қалған шығармын деп сезіктенсеңіз, жедел дәрігерге көрініңіз. Туберкулездің алғашқы белгісі білінісімен теріге, қақырыққа немесе түкірікке анализ жасатып, рентгенге түсу үшін емханаға барыңыз. Көптеген елдерде туберкулезге қарсы дәрілер тегін беріледі. Бұл жөнінде жақын маңдағы сауықтыру мекемесінен сұрап біліп алыңыз. Олар сізге мына 2,3,4 дәрі түрлерін ұсынуы мүмкін:
• Изониазид таблеткалары
• Этанбутол таблеткалары
• Рифампин
• Тиацетазон таблеткалары
• Пиразинамид
• Стрептомицин (шанышатын)
Бұл дәрілерді дәрігердің берген нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдау өте маңызды. Кемінде бұлардың екеуін бір мезгілде қабылдау қажет. (Бұл дәрілерді қабылдау кезіндегі сақтық шараларын қабылдаңыз). Дәрілерді қашан дәрігер сіздің толық сауыққаныңызға көз жеткізгенше іше беріңіз. Өзіңізді жақсы сезіне бастағаннан дәріні қабылдауды тоқтата салмаңыз. Туберкулезден толық жазылу үшін 6 айдан бір жылға дейін және одан да көп уақыт керек.
Мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам түрлерін көбірек ішіңіз.
Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз, жаныңызды жабырқатпаңыз.
Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. Дененің басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен емделеді. Бүл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға тура келуі мүмкін.

Туберкулез өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге тұратын, әсіресе балалар, бүл ауруды тез жүқтырады
Егер сіздің үйіңізде біреу туберкулезбен ауырса:
• Отбасы мүшелерінің бәрі туберкулинге анализ тапсыратын болсын.
• Балаларды туберкулезге қарсы прививкамен вакцина жасатқызыңыз.
• Отбасы мүшелерінің бәрі, әсіресе балалар жақсы тамақтануға тиіс.
• Туберкулезбен ауыратын адам ауырып жүрген кезінде балалардан бөлек, мүмкіндігінше жеке бөлмеде ұйықтап, жеке бөлмеде тамақтануға тиіс.
• Одан аузын жауып жөтелуін және еденге түкірмеуін өтініңіз.
• Отбасы мүшеперінің бәрінің салмағындағы өзгерістерді және туберкулездің басқа да белгілерін қадағалап отырыңыз. Жүғу қаупі жойылғанша ай сайын барлық отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды өлшеп тұрған жөн. Туберкулез отбасы мүшелерінде өте жай және кенеттен басталады. Аурудың белгісі сәл білінісімен жедел тексертіп, бірден емдеуді бастаңыз.


Туберкулез аса қауіпті дерт

Туберкулезді біз жиі суық тигенге, гриппке, бронхит және пневмонияға санаймыз!!!
Туберкулез – жұқпалы ауру. Туберкулез бактериялары ауа арқылы жұғады. Олар туберкулезбен ауырған адамның өкпесінде өсіп, көбейеді. Сонымен қатар қабыну пайда болып, әрі қарай ұлпаның бұзылуы, каврена деп аталатын бұзылу участкелері қалыптасады, онда миллиондаған бактериялар болады. Олардан туберкулез бактериялары жөтелген, түшкірген, сөйлеген кезде қоршаған ауаға бөлінеді.
Ғалымдар дені сау адамдардың арасынан «тәуекел» деп аталатын топқа жататын туберкулез ауыруының қаупіне шалдықпайтындарды бөледі және олар жалпы халық санының 10-15 пайызын құрайды.
Адамның туберкулезбен ауырғандығын көрсететін симптомдары: басылмайтын ауыр жөтел, жөтелген кезде сілекеймен қанның бөлінуі, түнгі уақытта терлеудің күшеюі, кенеттен арықтау, шаршау, дененің ысуы.
Алдын-алуға, әлеуметтік – алдын алу және дене шынықтыру мен спорт, халықтың еңбегі және тұрмысы, өмір салтын сауықтыру бойынша санитарлық-гигиеналық шаралар жатады.
• Туберкулезді емдеу – ұзақ процесс, шыдамды болыңыздар
• егер сізде дәрінің жанама әсері болса ол туралы дәрігерге немесе медбикеге міндетті түрде айтыңыз
• өз отбасыңыздың мүшелерімен, достарыңызбен және жұмыстағы
• серіктеріңізбен ақылдасып, туберкулезге талдау тапсырыңыз
• емделу кезінде сіз өзіңіздің дәрігеріңізге немесе медбикеңізге басқа да дәрі-дәрмектер қолданып жүргеніңіз туралы айтуыңызды ұмытпаңыз, мысалы: бала біттірмейтін шаралар
• ішімдік пен темекіден бас тартыңыз
• жиі демалыңыз
• сапалы және нәрлі өнімдерді қолданыңыз
• егер де сіз жаңа мекен-жайға көшіп кеткен болсаңыз емдеу курсыңыз үзілмеу үшін өзіңіздің мекен-жайыңызды дәрігерге немесе медбикеге міндетті түрде айтыңыз
• туберкулез бактериялары жөтелген, түшкірген және сөйлескен кезде ауа арқылы таралатындығы туралы есіңізде болсын
• туберкулезді анықтау үшін арнайы талдаулар қажет
• дәрінің көмегімен емделу – туберкулезден сауығудың бір ғана мүмкіндігі
• міндетті түрде сізге дәрігер жазып берген емделудің толық курсына өтіңіз сонда ғана туберкулезден сауығасыз
• егер де сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, дәрігерге барыңыз.

Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз. Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту" дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200 грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз". Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз. Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай, былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды...
Жаңағы сіз айтып отырған Роберт Кох құрт ауруының таяқшасын 1882 жылы тапқан. Сол Кохтан бұрын Ибн Сина осындай тұжырым жасапты. Бірақ ХVІІІ ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстырғанымыз жөн болар ма екен. Ол кездің адамдары мен қазіргі заманның адамдары екі басқа. Екі түрлі мүддені көздейтін адамдардың ой-санасы, ес-ақылы, ішкі ағзасы да екі басқа болады. Рас, кезінде инфекциялық дертпен сырқаттанған адамдар құрт аурумен науқастанбаған. Ал қазір әрбір адамға, әр түрлі дертке қарсы алдын ала вакцина салынатындықтан, сүзек, шешек, қызылша сияқты аурулар біздің есігімізден сығаламайтын болды. Туберкулез қоздырғышы адам ағзасы қандай дәріні қабылдайды немесе қандай дәріні қабылдамайды, осының бәрін бақылап, зерттеу жасап алады. Медицина тілімен айтсақ, адам ағзасына мутация жасайды. Туберкулез таяқшалары ауырмайтын әрбір адамда болуы мүмкін. Мысалы, қазір сіздің деніңіз сау болғанымен, сіздің ағзаңызда кез келген дерттің қоздырғышы бар. Егер сіз күтінбей, дәрігерлік тексеруді қажетсінбей, өз ағзаңызға немқұрайлы қарайтын болсаңыз, аурудың қоздырғышы қозып, жасырынып жүрген дертіңіз анықталады. Негізі, медицина саласы түпсіз тұңғиық сияқты, адам түсініп болмайды. Мысалы, таяуда жапондық ғалымдар операция жасағаннан кейін, "науқастың операция жасаған жері іріңдеп кететін болса, бұл жайт кері әсер етіп, науқастың жағдайын нашарлатудың орнына жақсарта түседі" деген қызық ақпарат таратты. Осындай түсініксіз қағидаға сүйеніп: "Инфекциялық ауру тудыратын бактериялар түрлі қатерлі дерттен сақтайды" деп отыра беретін болсақ, "әттеген-ай" деп қалмасымызға ешкім кепілдік бере алмайды.
Халыққа қандай ақпаратты жеткізсең, көпшілік соны жүрегіне жақын алады. Егер мен сіздердің газеттеріңізге "құрт ауруы тұқым қуалайды" деп сұхбат беретін болсам, сіздердің 200 мыңнан асып жығылатын оқырмандарыңызды қателестірген болар едім. Сондықтан "құрт ауруы тұқым қуалайды" деген түсінікпен келіспеймін. Ана құрсағында жатып, осы дерттің шырмауына ілінген сәбилер болады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилердің ағзасында құрт ауруының таяқшасы пайда болып жатса, ол анасынан жұғады. Туберкулез балаға қанмен бармайды. Ол адамнан адамға жұғады. Жалпы, мен ата-бабаларымыздың: "Жеті атаға толмай қыз алысып, қыз беріспеу керек" деген қағидасын қолдаймын. Кейбір елдер туған-туыстарымен отбасын құра береді. Ал бұл – тұқым қуалайтын дерттің тамырына жан бітіреді. Әсіресе, обыр, лейкоз, ауруларының көптеп таралуына осы жайттың әсері мол. Міне, біздің бабаларымыз генетикадан хабары жоқ болса да, осы жағына қатты назар аударған. Сондықтан бізде тұқым қуалайтын дерттердің қатары сирек.
Бұл төмпешік адамның кез келген жеріне орнығып алады. Негізгі ұясы – өкпе, тыныс жолдары органдары. Туберкулез таяқшаларының адам ағзасында пайда болғанына 150 жылдан асты. Бірақ бұл дерттен ешқандай мемлекет түбегейлі басын арашалап ала алмай отыр. Қарапайым халық дәрігерге барғанның орнына, үйінде жатып, өз білген емін қолданады. Олар анализ тапсырып, тексерілгенен гөрі, "суық тигеннен жөтеліп жүрмін" деп өзіне-өзі диагноз қойып алып, алдыңа келеді. "Құрт ауруы", "Тубдиспансер" деген атауды естігісі келмейтін адамдар, ағзасын жайлап алған ауруды мойындағысы келмейді. Әбден әлі бітіп, төсектен тұра алмайтын жағдайға жеткен адам анализін алып, ем қабылдау жүйесін түсіндіргенде ғана өзінің жанын көзіне көрсеткен дерттің аты шулы екенін біліп, сары уайымға салынады. Ал оған дейін ол денсаулығына көңіл бөлмек түгілі, "осы мен неге әлсірей берем, неге дұрыс тамақтанбай жүрмін?" деп ойламайды. Осылай өзін-өзі психологиялық тұрғыдан күйзелтіп жүрген адамның миын дерт мекендемегенде қайтеді? Қандай ауруды болсын, жеңіп шығуға болады. Ол үшін адам ешқандай жан күйзелісіне салынбай, салауатты өмір салтына ден қою керек.
Ресейде өзге ұлттардан гөрі орыстар осы дертпен науқастанады. Сол сияқты Англияда ағылшындар. Ал Қазақстанда да өзіміздің қаракөздер. Мұның несін жасырамыз? Туберкулезбен баспанасы жоқ, жұмысы жоқ, ішімдікке салынған я болмаса нашақорлар жиі ауырады. Біздің қазақ нашақор немесе араққұмар болмаса да, өзінің меншігінде баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратындар жағынан басымдық танытады. Ешқандай санитарлық талабы сын көтермейтін пәтерлерді де көріп жүрміз. Жұмысы жоқ қаншама қазақ азаматтары қара базарда арба сүйреп, көше бойында күшін сатып жүр?! Күні бойы қара жұмысқа артылып жүрген адамның кешкісін жаны жай тауып, көз шырымын алатын жері болмаса, тірлігінде не мән, не мағына болсын?! Ауырса аспиринмен ғана емделуді өзінің тактикасына енгізіп алған бізге өзге елдер мысқылмен қарайды. "Қазақ өлейін деп жатқанда ғана дәрігердің алдына барады" деген сөз тектен-текке шықпаған. Тіпті дәрігердің жазып берген дәрісін алуға қаражаты жоқ адамдарды да көріп жүрміз. Осы бір салғырттықтан, амал таппастықтан арылмайынша, босағамызға дерт байланып, тіршілігіміздің түтінін түтетуге шамамыз жетпей қалары анық. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?