Өлім белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер
Өлім белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер
Өлу заңдылықтарын,оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды.
Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтық мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организм мәйіт деп атауға болады.
Өлім себептеріне қарай табиғи (физиологиялық,) зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыратады.
Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр.
Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патолог анатомдар тексереді. Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясынан тромб эмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін.
Ал көптеген созылмалы аурулар нәтижесінде пайда болатын өлімді дәрігерлер клиника жағдайында бақылап, оларды өлімнен алып қалу үшін, реанимация (reanimatio –қайта тірілту ) шараларын кеңінен қолданады.
Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер белгілері дамиды. Бұл өзгерістерді анық білу және зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалған өлімді анықтауда аса қажет. Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі сағат сақтап, өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана потологиялық анатомия бөлімдеріне көшіреді.
Өлімнің алғашқы белгілеріне:
1. Мәйіттің сууы
2. Мәйіттің сіресіп қалуы
3. Мәйіттің кебуі
4. Қанның қайта бөлінуі
5. Мәйіт дақтары кіреді
1. Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте – бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1С төменірек дәрежеге дейін түседі.
Орташа есеппен мәйіт температурасы сағатына 1град. Төмендейтіні анықталған. Бірақ кейбір ауруларда (сіреспе, сепсис, бөртпелі сүзек) мәйіт температурасы бірнеше сағатқа дейін бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін.
2. Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттері қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістер негізінде биохимиялық үрдістер жатады.
3. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозинүшфосфат қышқылының бұлшықеттерінің байланысты болуымен түсіндіріледі. Өлгеннен соң АҮФ – тің бір бөлігі бұлшықеттерден бөлініп шығып, оларды 2 – 4 сағат бойында босап қалуында себеп болады. АҮФ – тің бірте – бірте жойылуына байланысты және сол жерге сүт қышқылының, кальцидің жиналып қалуы себепті бұлшықеттер қайтадан тартылып, сіресіп қалады.
4. Мәйіттің сіресуі жақ, бет, мойын бұлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып, олар қайтадан босай бастайды. Мәйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жұмсау керек. Мәйіттің сіресу күші көптеген себептерге байланысты. Дене жаттықтыруымен шұғылданатын адамдар да, кейбір науқастар да (холера, сіреспе ауруларында) жақсы байқалса, ал кәрі кісілерде , жас балаларда сепсистен кейін күші өте әлсіз болады.
5. Мәйіттің кебуі - өлгеннен кейін денедегі сұйықтар құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл үрдіс өлгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін басталып, терінің , шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп , ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш сұр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып, бүрісіп, қоңыр-қызыл түс алады.
6. Қанның қайта бөлінуі өлгеннен соң артерия қантамырының қысқаруы нәтижесінде қан көктамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды.
7. Жүректегі және ірі көктамырларындағы қан ұйып қалады. Егер жанталас дәуірі ұзаққа созылған болса , қан ұйындылары ақшыл-сары түске кіріп, оның құрамы негізінен фибрин жіпшелерінен тұрады , ал ауру тез қайтыс болғанда үйінді құрамында барлық қан элементтері болғаны үшін оның түсі қызыл болады. Кейбір жағдайларда , мысалы , ауру тұншығып өлгенде (асфиксия) қан тіпті ұйымай сұйық күйінде қалады.
8. Мәйіт дақтары өлгеннен соң екі – төрт сағаттың ішінде пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала – қызыл немесе қоңыр- күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаңдақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта келеді. Қан өз ауырлық күшімен дененің төменгі бөліктеріне жиналады (гипостаз). Мәйіттің өз салмағы түсіп тұрған жерлерде (мысалы, ауру шалқасынан жатып өлгенде құйымшақ, жауырын сүйектері аймағында) мәйіт дақтары болмайды. Жалпы мәйіт дақтарының орны аурудың өлер кезінде қалай жатқандығына байланысты. Бірінші тәуліктің екінші жартысында қандағы эритроциті гемолизге ұшырап , плазма қантамырларынан шыға бастайды. Осы плазма айналадағы тіндерге сіңу үрдісін имбибиция деп атайды. Бұл кезде мәйіт дақтары бір жерге орнығып , қолмен басып көрегенде өз реңін өзгертпейді.
Өлімнің кейінгі белгілеріне аутолиз және шіру үрдістері кіреді. Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферменттерінің белсенділігінің күшейуімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көп болған ағзалардан басталады.
Ұйқы безінде , бүйрекүсті безінде , бауырда аутолиз үрдісі басқа ағзаларға қарағанда күштірек көрінеді. Асқазан-ішек жолында өзін - өзі қорыту үрдісі құрамында пепсин , трипепсин және басқа ферменттер бар. Асқазан – ішек сөлінің әсерінде өтеді. Соның нәтижесінде асқазан – ішек шырышты қабығы еріп , жас балаларда тіпті асқазан қабырғасы тесіліп кетуі мүмкін. Асқазан – ішек сөлі өңешке өткенде немесе аспирация жолымен тыныс ағзаларына түскенде осы ағзалардың өзін - өзі қорытуына (эзофагомаляция, пневмомаляция) соқтырады.
Мәйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің күшейуімен және оған шірітуші бактериялардың әсерімен қосылуымен түсіндіріледі.
Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына байланысты. Үй температурасында 18 – 20 град. Шірудің бірінші белгілері екі , үшінші күні – ақ көріне бастайды. Өлгеннен соң шірітуші бактериялар тез көбейіп , өздерінен гидролиздеуші ферменттерді бөліп шығарады, нәтижесінде органикалық заттардың бәрі ыдырай бастайды. Сонымен қатар тіндерде өте жағымсыз иіс пайда болып , ол сарғыш – жасыл түске кіреді. Бұл өзгерістер шіріген тіндерде күкіртсутек және басқа газдардың пайда болуына байланысты. Күкірттісутек гемолизге ұшыраған эритроциттермен қосылып , темір сульфатын түзеді. Тіндер осы химиялық зат әсерінде қара – қошқыл , жасыл реңге боялады. Газ түзуші бактериялар тез көбейіп кеткенде , газ бүкіл денеге тарап , мәйіт эмфиземасы пайда болады. Бірте – бірте организмдегі барлық органикалық заттар шіріп , жойылып, тек сүйектердің бейорганикалық заттары ғана ұзақ мерзімге сақталады. Бұл үрдісті уақытша кідіру мәйітті салқын жерде сақтау немесе бальзамдау керек....
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?