Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ


Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімін Адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және қорғау мәселелеріне, оның азамат есебіндегі міндеттерін саралауға арнаған. Онда былай деп көрсетілген: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ).
4. Мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі танылады. Мемлекет әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияға сәйкес қорғауды мойнына алып, кепілдік береді. Согымен бірге әрбір Адам азамат есебінде мемлекет алдында жауапты. Мәселен, еліміздің Ата заңында былай деп көрсетілген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» (34-бап). Сондай-ақ «Қазақстан Республикасын қорғау-оның азаматының қасиетті парызы және міндеті». (36-бап). «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» (39-бап, 2-тармақ).
5. Біртұтас мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді де, олардың іс-қимылының ұйымдасуы, қызмет атқаруы өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне негізделеді. Қазақстанды мысалға ала отырып бұл принциптің мән-мағынасын жоғарыда көрсеткен болатынмын.

Азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің мәндерін ашу барысында олардың өзара өте тығыз байланыста екеніне көз жеткіземіз. Шынында да, азаматтық қоғам тек құқықтық мемлекет жағдаыйында толық толық мағанасына ие болып, өмір сүріп, қызмет атқара алады. Сондай ақ азаматтық қоғам жағдайында ғана мемлекет құқықтық мәнге ие болады құқықтық үстемдігін тұтас қоғам мойындап, заңның билік мәртебесін орнықтыруға болады.
Егемендік жолына түскен Қазақыстан мемлекеті бүгінде жаңа Конституцияны негізге ала отырып, айтарлықтай терең саяси реформалар жүргізу барысында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнықтыру жолында игілікті қадамдар жасап, едәуір нәтижелерге қол жеткізгенін ауыз толтыра айтамыз. Алайда, осы арада танымдық үлкен мәні бар тағы бір сұрақ ойға оралады. Біздің еліміздің бұрын соңды тарихында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің бой көрсеткен кездері болған ба еді?
Бір данышпан «Өткен уақыт-үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяужылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйтқиды»-деген екен. Сол уақыттың арасында ел тарихы үшін ерекше айтулы кезең бар. Ол-Қазақстан мемлекеттігінің туған мерзімі, 1456 жылы Қасиетті бабаларымыз Керей мен Жәнібек сұлтандардың бастауымен Қазақ Хандығының құрылғанына 540 жыл толып отыр. Содан бергі уақытта ел тағдырында елеулі із қалдырған небір өнеге мемлекет басқару дәстүрлері болғанын енді ғана біліп жатырмыз. « Қасым салған-қасқа жол», «Есім салған-ескі жол» деген нұсқалар сонны білдірсе керек. Қазақ мелекетінің шығыстан Жоңғарлардың мезгіл-мезгіл түртпектегеніне қарамай, шарықтап дамыған, тұтастығы артқан, халқы мамыржай өмір сүрген кезең XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы Әз Тәуке Ханның билік құрған тұсы. Тәуке Ханның атағы оның әйгілі «Жеті Жарғысы» арқылы тарихта танымал. Жеті Жарғы елдің ішкі өмір тіршілігін реттеп отыратын заңдар жинағы екені белгілі. Ең бастысы-Жеті жарғы сол дәуірдегі қазақ қоғамын шынайы бейнелеп, өмірге дөп қабысады, әділдігімен, нақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да оның ережелері өмірге әбден еніп, санаға сіңген, жұрттың бәрі қабылдап, салтқа ғұрыпқа айналып кеткен. Атақты грек ғалымы Пифогор: «Жақсы жасалған заңнан-жақсы салт артық. Ең басты заң - салт-сана… » депті. Менің ойымша осы Жеті Жарғының дәуірі-қазақ жұртында азаматтық қоғам мен құқықты мемлекетті орнықтырған тарихи кезең еді. Одан әрі 1718 жылы Тәуке Хан дүние салып, көп ұзамаи Жоңғар шабуылы басталып, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның уақыты» уақыты туғаны тарихтан белгілі.
Демократиялық бағыт ұстаған мемлекеттің қанат жайып өркендеуі даму болашағы азаматтық қоғам орнатумен және өзінің құқықтық сипат алуымен тығыз баиланысты.
Азаматтық қоғам-жеке адамның сұранымдары мен мүдделерінің жарыққа шығып, қалыптасуына және олардың жүзеге асуына жағдай туғызатын мемлекеттен тәуелсіз, дербес қоғамдық қатынастар мен институттар жүйесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде»,-деп аталатын еңбегінде азаматтық қоғамды былай деп сипаттап, анықтама береді: «Жаңғыру-дамыған азаматтық қоғамның қалыптасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың ерікті түрдегі бірлестіктердің жиынтығын: отбасын, қоғамдық ұйымдарды, діни, мәдени, шаруашылық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарын және тағы басқаларын өз бойына жинақтайды. Олардың ортақ сипаттамасы-бұ шын мәніндегі ерікті, мемлекеттік емес және саяси емес ұйымдар болып табылады. Бұл ұйымдардың бүкіл жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағдылары мен құқықтары. Бұл өмірдің сырт көздің араласуын қажет етпейтін саласы».
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субьектісі өзіне тән сұранымдары мен мүдделері бар Адам болып табылады. Демек, Адам мұнда шешуші басты тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерий) болып табылады. Адам арқылы ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлдеқайда бұрын пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі қарапайым бірлестіктері түрінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық қоғамөз мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге әкеледі, оған әл-ауқат беріп қанаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне мүмкіндік туғызады. Алайда уақыт озған сайынмемлекет күшейе түседі, оның ықпалы мен пәрмені ұлғаяды, бірте-бірте азаматтық қоғамның аумағын бүріп, тынысын тарылта түседі. Сөйтіп өзі тудырған өзі дүниеге әкелген мемлекет енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. әрине, азаматтық қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қаишылыққа толы диалектикалық байланыспен сипатталады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін-бірі қуаттайды,бірін-бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды. өмірдің барлық саласы қатаң мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қойылған. Мәселен, Кеңес өкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе шеңберінде өмір сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық қоғам деген ұғым қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан себебі де сол. Қазір дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасып келеді. Оны орнықтыру болашақ үлкен мақсатымыз. Бұл жөнінде конституциямызда да айқын көрсетілген.
Сонымен азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары мыналар:
1. оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз қалауынша пайдалануы. Басқаша аитқанда меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның бостандығының түп негізі.
2. қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан түрлі мүдделерінің бой көрсетуі.
3. Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылығы. Мысалы, быз кешегі бодандық дәуір діңкелетіп кеткен құлдық психологиясынан арылмай толықанда азаматтық қоғам құрамыз деуіміз бекершілік екенін түсінуіміз қажет.
Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік
1. Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық шаруашылықтар және т.б. )
2. Әлеуметтік салада отбасы, мешіт, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, тәуелсіз басылымдар, өзін-өзі басқару органдары, шығармашылық, кәсіптік, т. б. одақтар кіреді. Аталған құрылымдарға ықпал жасау азаматтық қоғам мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып табылады.
Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:
1. Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
2. Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті жасауы.
3. Түрлі партиялар мен қозғалыстар ұиымдар арқылы мемлект саясатына араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекеттік басқару органдарына сайлац.
Азаматтық қоғамның қалыптасу арналары:
1. Саяси биліктің демократиялық механизмдерін қалыптастыру мемлекеттік құрылымдар мен одан тысқары қоғамдық-саяси ұйымдар арасында тепе-теңдік пен үйлесімдік табу
2. Нарықтық қатынастардың орнығуына, меншіктің көптүрлілігінің қалыптасуына, нарық механизмінің еркін қызмет қызмет атқаруына жағдай туғызу
3. Мемлекеттік және шаруашылық органдарының жаппай заңға бой ұсынуын қамтамасыз ету
4. Қоғамда дамыған әлеуметтік құрылымды қалыптастыру
5. Жеке кісілердің жоғары білім және мәдени деңгейінің, олардың Жан-дүние бостандығының болуына қол жеткізу

Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік дәрежеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды, капитализмнен кейінгі келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін ьолмай, тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін социалистік қоғам, одан соң кемелденген социализм, одан әрі «коммунизмге» жетеміз деп Кеңнстер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа «жүгірткені» баршамызға белгілі.
XYII-XYIII ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетінен құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың құқықтық мемлекетінің арқасында, «социалистік» қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар.
Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлерінің өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институтуттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.
Сонымен азаматтық қоғам дегеніміз-мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, дінибелгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол-қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық қоғам термині ең алғаш реет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам-обшество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол XYII ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда жүзеге асты.
Гегельдің айтуы бойынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының, кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың т.б.сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жекеменшік иелерінің дербестігі мен меншік түрінің түрлі формасының әртүрлігі құрайды. Азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлғалар арсында дәнекерші ролін атқарады. Ол жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды, Адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды. Сондай-ақ азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де бола алады. Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам белгілі бір уақыттан соң ғылыми-техникалық қоғамға ауысады.
Ал құқықтық мемлекетке келсек, ол өз негізін осы азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортдан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекеттік қалыптастырудағы басты принцип товрлы өндісте жекеменшіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Алғаш реет құқықтық мемлекет термині (немісше rechfstaat) XIX ғасырда неміс заңгерлері К.Т.Велькер мен фон Р.Молянның еңбектерінде берілді. Кейінірек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мемлекеттер қалыптаса бастады. Осы ерекше белгілер құқықтық мемлекеттің сипатын құрады. Құқықтық мемлекет деген атаудағы «құқық» деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру керек дегенге меңзейді. Бұл заңның үстемдігі әрбір құқықты мемлекеттің бұлжымайтын принципі болуы тиіс. Яғни, құқық әрбір елдің негізгі заңы-конституциясында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет. Ал, Ата заңның баптарындағы нұсқаулардың мүлтіксіз орындалуын құқықты мемлекеттің бүкіл сот жүйесі қадағалайтын болады. Заң үстемдігі болмаған жеоде құқықтық мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Сол заманның атақты философы Цицерон «Бұл заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз »-деп дәл айтқан көрінеді. Құқықтық-мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, олай деп түсіну мүлде қате. Құқық адамның табиғатымен бірге туған. Бұ туралы Американың тәуелсіздігі декларациясына енген өзінің тамаша сөзінде Томас Джефферсон құқықтық мемлекеттегі демократиялық үкіметтің ірге тасын қалайтын негізгі қағиданы атап көрсеткен еді. Онда демократиялық үкімет Джефферсон аитқандайбостандықтың басты түрлерін халыққа сыйлай салмайды, үкімет әр Адам туғаннан бастап ие болуға тиісті бостандықты қорғау үшін ғана құрылады деген. Ал мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. 1948 жылғы халықаралық дәрежеде қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында ақыл, бойында ар болғандықтан олар бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс ». (1-бап)-деп жарияланған. Осы тұжырымды айкындай келіп Декларацияның 3-бабы: «Әрбір Адам өмір сүруге, еркін болуғажәне жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп бүкіл әлем халқынан қолдау тапқан.
Барлық адамзатмойындап отырған осы ас маңызды халықаралық құжаттың аталған қағидалары Қазақстанның Ата заңында да толығымен өз бейнесін тапқан. Оның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныұтырады: оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен ьостандықтары»-деп жазылған.
Міне Ата заңымызда көрсетілгендей тәуелсіздігі қолына енді ғана тиген, Қазақстан Республикасы да батыс өркениетіндегі мемлекеттер сияқты құқықтық, демократиялық мемлекет құруға талпынуда.
Бұл жерде еркіндік, бостандық деген ұғымдарда шексіз деп түсінбеу керек. әрбір Адам қоғамда өмір сүрген соң белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Оның де белгілі шегі, өлшемі бар, қоғам өмірінде бостандық өлшемі құқылық формада көрінеді. Ал ол өлшем жұрттың бәріне бірдей болуы тиіс. Ал құқықтық мемлекет адамдардың сол бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеттері деп жариялайды. Мұндай мемлекет барлық құқылық жүйенің өзегі болып, есептелетін Адам құқын өктемдікпен жәбірлеушіліктен қорғап отырады. Сондықтанда оның заңдары мен жарлықтары адамның құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтынпринциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен Адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің, абаройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету құқықты мемлекеттің негізгі басты принципі болады. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі-ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы. Ол заңдар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып отырылуы керек. Осы мақсатта үкіметбилігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Ол прицип боцынша өкімет билігінің үш тармағы мемлекеттің заң шығару, атқару, сот билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?