Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР
Заңды типологияның түсінігі және мазмұны
Марксистік теорияның құл иелену, феодалдық, буржуазиялық (XIX ғасырдың ортасына дейін) формациялардағы құқық пен мемлекеттің мазмұнын, типін, түрін түсіндіру пікірі ғылыми тұрғыдан дұрыс. Ал, XIX ғасырдың ортасынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі құқық пен мемлекеттің типологиясын түсінуге марксистік пікірді қолдануға болмайды. Себебі бұл кезеңде буржуазиялық құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, типі күрт өзгерді: либерал-демократиялық саяси жүйесі қалыптасты, адамдардың бостандығы, құқықтары жақсы дамыды. Өкінішке қарай, мемлекет пен құқық туралы марксистік теория социалистік елдерде догмаға айналып, олардың мазмұнын, типологиясын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінуге мүмкіншілік болмады. Сол себепті социалистік жүйе дағдарысқа ұшырап, көпшілігі жаңа нарықты экономикалық жүйеге көшті.
Марксистік теорияның бұл кемшіліктеріне қарап бетті мүлдем теріс бұруға болмайды. Адам қоғамының объективтік даму заңдарын түсінуге, әсіресе өткен формациялардың тарихын жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеп, білуге бұл теорияның маңызы өте зор.
Формациялық типология құқықтың қанаушы үстемдік таптың мүдде-мақсатын қорғаудың үш түрі болды деп түсіндіреді: көне дәуірдегі құқық, феодалдық құқық, буржуазиялық құқық. Құқықтың алғашқы тарихи типі – көне замандағы Египет, Үндістан, Қытай, Персия, Греция, Рим мемлекеттерінде болған құл иеленушілер құқығы. Оның негізгі ерекшеліктері құлдар адам қатарына саналмаған, толығымен құл иеленушілер табының меншігінде, қожасы мүлік ретінде сатып, айырбастап жіберуге ерікті. Құқық құл иеленушілердің экономикалық, саяси мүддесін, өкіметі мен байлығын қорғайды. Жеке меншікке қол сұғу аяусыз жазаланып отырды.
Құл иеленушілер дәуірі өтіп, феодалдық қоғам орнауына байланысты құқықтың тарихи екінші типі феодалдық құқық болды. Оның нормалары үстем тап-помещиктердің мүдделерін заңға айналдырып, өкімет билігі мен жер-су, басқа өндіріс құрал-жабдықтарға феодалдық жеке меншікті сақтауға қызмет етті. Феодалдық құқық бойынша қоғам мүшелері 3 сословиеге бөлінді: дворяндар, жер иеленуші феодалдар, басыбайлы шаруалар мен қала халқы. Заң бойынша бұлардың құқықтары бірдей болуы мүмкін емес. Барлық құқықтар мен бостандықтар, дәулет пен дәреже жер иеленушілер қолында. Феодалдық құқықта діни ережелер үлкен орын алады. Мысалы, мұсылман діні тараған елдерде құранды бұзушылар да мемлекеттік жазаға тартылып отырды.
Буржуазиялық құқық қорғаушы таптар құқығының тарихи үшінші типі. Оның мақсаты – капиталистік қоғамның мемлекеттік құрылысын үстем тап-буржуазияның мүддесін барынша қорғап, заң жүзінде іске асырып отырады. Буржуазиялық құқықтың басты өзгешеліктері: 1) ол капиталистік жеке меншікті адамның негізгі және қажетті құқығы деп санайды; 2) қоғам мүшелері заң алдында тең құқылы деп жариялайды, бірақ еңбекшілер үшін жарияланған теңдік пен бостандықтар сайып келгенде қағаз жүзінде қалып отырды. Бұл саяси жүйе XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ғылыми-техникалық прогресс кезінде дамыған капиталистік елдерде либерал-демократиялық саяси жүйе қалыптасып, адамдардың бостандығы мен құқықтары едәуір жақсы дамып, дамушы елдерге үлгі болуда.
Құқықтың заңды типологиясының екінші түрі – цивилизациялық бағыт. Оның негізгі мазмұны құқықтың, мемлекет типтерінің өзгеруіне экономикалық базистың өзгеруі жеткіліксіз дейді. Оған қоса қоғамның мәдени-рухани жүйелері жақсы дамып, олардың сапасының жоғары деңгейде болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл пікірді ғалым-заңгерлердің көпшілігі қолдап отыр. Цивилизациялық пікір құқықтың типін, түрін анықтаудағы әдіс-тәсілдері формациялық көзқарастан басқаша. Әлемдегі елдердің экономикалық даму тұрғысын 5-түрге бөледі: үйреншікті жай қоғам, өтпелі кезеңнің қоғамы, даму деңгейі төмен қоғам, дамушы елдер қоғамы, дамыған елдер қоғамы (бұл американдық политолог Уолт Ростау пікірі). Ол дамыған елдердің құқығы мен мемлекетін бірнеше түрге бөледі: технологиялық, индустриалдық, постиндустриалдық мемлекеттер мен құқықтар.
Бес түрлі қоғамның даму уақытын да жобалап көрсеткен. Қоғамның бірінші түрі – ауыл шаруашылықтың экономикадағы басым кезі. Екінші түрі – өндірістің ептеп өмірге келе бастауы. Үшінші түрі – техниканың өндірісте және ауылшаруашылығында қолдана бастауы. Төртінші түрі – техникалық қоғамның барлық саласында қолдануы. Бесінші – ғылыми-техникалық прогресс арқылы қоғамның қарқынды түрде дамуы. Міне осы 5 кезеңде – 5 түрлі құқық пен мемлекеттің бес типологиясы болды.
Әлемдегі мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, географиялық т.б. ұқсастығына қарай заңды типологияны 20 түрге бөлуде бар. Бұл ағылшын ғалымы А.Тойнбидің пікірі. Сонымен құқықтың заңды типологиясын түсінуде формациялық және цивилизациялық тәсілдерді біріктіріп зерттегенде ғана ғылыми дұрыс қорытынды тұжырым жасауға болады.
Құқықтың хронологиялық типологиясы да болады: көне дәуірдің құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа дәуірдегі құқық, қазіргі замандағы құқық. Олардың өздерінің әдіс-тәсілдері болады. Сол арқылы әр дәуірдегі құқықтың мазмұны мен нысанын, түрлері мен типологиясын анықтап отыруға болады. Қоғамның құқықтық жүйесінің элементтері: заң ғылымы, құқықтық түсініктер, құқықтық әдіс-тәсілдер.
Сонымен, қазіргі замандағы құқық пен мемлекет мазмұны да, типологиясы да көп өзгеріске ұшырады. Олардың қанаушылық, таптық мазмұндары бірте-бірте азаюда, жойылуда. Таптардың, топтардың ара қатынасындағы қайшылықтар бейбітшілік жолмен тіл табысып, шешілімін табуда. Таптық, қанаушылық құқық пен мемлекет әлеуметтік құқық пен мемлекетке айналуда.
Нарықты экономика жүйесінде қоғамдық қатынастарды реттеуде рыноктың заңдарының маңызы, рөлі күшеюде, әсіресе сұраныс пен ұсыныстың бұл процесте маңызды рөл атқаруы. Нарықты экономиканың бір ғажабы - мемлекеттің әкімшілік функциясы азайған сайын қоғамның кірісінің көбеюі, экономиканың нығаюы, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы анық байқалуы.
Либералдық-демократиялық құқық адамдардың өміріне, жұмысына, іс-әрекетіне, бостандығына араласпауға, кіріспеуге қатаң мемлекеттік саясатқа айналдырып отыр. Керісінше, мемлекеттің қызметі нормативтік актілер арқылы халықтың бақылауында.
Қоғамда демократияның, бостандықтың сапасы жақсарған сайын мемлекет пен құқықтың да жағдайлары тұрақтанып, күшейе беруге тиіс, көп мәселелер адамдардың, ұйымдардың өздерінің реттеп, басқаруына ауысып отырады. Осылай құқық пен мемлекеттің мазмұны мен нысаны, типологиясы мен түрі қызметі халықтың мінез-құлқы, сана-сезімі, іс-әрекетімен қалыптасып, қоғамның жақсы дамуына мүмкіншілік туады.
Қазіргі заманда заңды типологиялық жіктеудің маңызы өте зор. XX ғасырда құқық жүйесі үш есе өсіп, екі жүзге жақындады. Типология – заңдарды немесе құбылыстарды қандай да болмасын бір белгілерінің ортақтығына, ұқсастығына қарай жіктеу.
Типологияның негізгі міндеті дүние жүзіндегі көп ұлттық, аспектілік, көп түрлі құқықтық жүйелердің тарихи дамуын, саяси, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми жүйеге қалыптастыру. Мұның негіздері – дүние жүзінің құқықтық картасы, құқықтық тарихи типі, ұлттық құқықтық жүйелері.
Құқықтық жүйелерді жіктеу, оларға сипаттама берудің бірнеше жолдары, түрлері болады. Бұлардың ішіндегі ең негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б. сала жүйеге бөліп қалыптастыру, сол арқылы әр елдің құқықтық жүйелерінің айырмашылығын, ара жіктерін анықтау.
Құқықтың жүйесі бір елдің нормативтік актілерін сала-салаға бөліп жіктеу. Құқықтық жүйе ұлттық көлемде барлық нормаларды біріктіріп, оның мазмұнын, белгілерін, қағидаларын, функцияларын т.б. ерекшеліктерін анықтау.
Құқықтық типологияны қалыптастыратын құбылыстар: ұлттық құқықтық жүйе, құқықтың тарихи типтері және құқықтық жүйелердің мазмұндарының ұқсастығы (құқықтық семья).
1. Ұлттық құқықтық жүйе – бір елдің шеңберінде экономикалық, саяси, тарихи және ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан құқықтық жүйе. Сонымен бірге бұл жүйе өз елінің рухани, мәдени, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін де бірлестіре дамиды. Бұл құқықтық жүйенің құндылығы – осы ұлттық өзгешіліктерді, ерекшеліктерді ескере, бірлестіре отырып қалыптасуында.
2. Құқықтық «семьялық» жүйе-құқықтық нормалардың мазмұнына қарай бірлестіріп, жүйелеу. Бұл жүйелеуге бір немесе бірнеше дәуірдің құқықтық нормалары кіруі мүмкін. «Семьялық» жүйелеудің үш негізгі компоненті болады: құқық жүйесі, тәжірибе және құқықтық сана. Бұл үш элемент құқықтық «семьяда» міндетті түрде болуға тиіс. Әр елдің ұлттық экономикалық, саяси, тарихи, мәдени т.б. ерекшеліктеріне сәйкес дамып, қалыптасқан құқықтық жүйеде, оның «семьялық» мазмұны айқын көрініп, бір заңды типологияны құрастырады.
3. Құқықтың тарихи типтері – қоғамның, экономикалық, саяси, рухани, мәдени бірлестіктері арқылы қалыптасатын құқықтық жүйе. Бұл туралы бірнеше пікір бар. Марксизм құқықтың түрін таптық құрылыспен және экономикалық жағдайлармен байланыстырады, сондықтан құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік құқықтың түрлері болады деп түсіндіреді. Дүние жүзінің заң ғылымының пікірі – құқықтың өзгеруіне тек экономикалық базистің өзгеруі жеткіліксіз. Оған қоса қоғамның саяси, рухани, мәдени негіздері өзгеруге тиіс. Сонда ғана құқық жаңарып, жаңа заңды құқықтық типология қалыптасады.
4. Бұл пікірдің қорытынды тұжырымы бойынша, құқықтың тарихи төрт түрі болады: ежелгі дәуірдегі құқық жүйесі, орта ғасырлардағы құқық жүйесі, жаңа ғасырлардағы құқық жүйесі қазіргі замандағы құқық жүйесі.
5. Ғаламдық құқықтық типология – қазіргі замандағы дүниежүзілік көлемде құқықтық жүйелердің бірлестігі мен дербестігін зерттеп, олардың бір бағытта дұрыс дамуына ғылыми тұрғыдан мүмкіншілік жасауда. Оның негізгі бағыты дүниежүзілік қоғамның саяси-экономикалық құрылысын, дамуын жақындастыру. Бұл ғаламдық құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі критериі болуға тиіс. Осы процесс арқылы бірнеше мәселе анықталуға тиіс: бірінші – ұлттық құқықтық жүйелердің әлемдік көлемде пайдалануға болатын нышан-белгілері; екінші – жартылай (бірнеше мемлекеттердің бірігуі) пайдалануға болатын белгілері; үшінші – құқықтың семьялық жүйе көлемінде пайдалануға болатын белгілері; төртінші – тек ұлттық құқықтық жүйе шеңберінде ғана дамитын құқық жүйесі. Бұлардың алғы үшеуі ғаламдық, құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі бағыттары.
Қазіргі заманда ұлттық құқықтық жүйелер объективті прогрестік жолмен дамып, соған сәйкес заңды типологияның мазмұны да өзгеруде:
- құқықтың негізгі бағыты халықтың әлеуметтік жағдайы және адамдардың денсаулығына бет бұру;
- әлемдік глобальдық проблемалардың барлық мемлекеттерді біріктіруі, сол арқылы құқықтық жүйелердің өзара бірігіп дамуы;
- құқықтық мемлекетті қалыптастыру дүниежүзілік мүдде-мақсатқа айналуы.
Сонымен, заңды типология – әлемнің құқықтық картасына көп аспектілі жіктеп, көп қырлы анализ берудің алғы шарты. Философиялық тұрғыдан заңды типология құқықтың тарихи типтерінің бірлестігін, құқықтық семьяның ерекше маңыздылығын, ұлттық құқықтық жүйесінің бірлігін көрсетеді.
Сондықтан құқықтың мазмұны өзгеру үшін тек базистың өзгергені жеткіліксіз, оған қоса қоғамның мәдениеті, рухани сана-сезімі де дамып, өзгеруі керек. Қазіргі заманда дүниежүзінің ғалымдары толығымен цивилизациялық пікірді дұрыс деп қолдауда. Цивилизациялық көзқарас қоғамның сонымен бірге адамның рухани сана-сезімін, мәдениетінің деңгейін және таптық мүдде-мақсатты қоғамдық мүдде-мақсатпен біріктіріп зерттейді.
2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.); 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық тәжірибе туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік, әсіресе, діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдык және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы – қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі – нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы – сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып, нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
- адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:
- табиғи нормалар – ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;
- ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;
- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
- құқықтық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?