Экология | Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Экология | Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып , адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі.Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді,өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады.Адамның зиянды істері бірден байқалмайды,тек ұзақ жылдардан соң , бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде,кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны томас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45
жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды. Ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200- ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болды. Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті.1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті.
Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр.Қазақстанда- 14 облыс, 84 қала және 210-дай қала типтес елді мекендер бар. Осы облыстардағы қалалардың орналасуы және олардың сандық сипаттамасы, Ж .Әділовтың дерегі 5.5 кестеде келтірілген. Берілген мәліметтерден байқалғандай, 1970 жылға дейін қала халқының саны өсіп келген (қалада 50%, ауылдық жерлерде 50%). Одан бері қарай, қала халқы екпіндеп өспегенімен, баяулап арта отырып, 1989 жылы қала– ауыл халқының ара салмағы 57 және 43 % болған.
Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп ғана қоймай, қазіргі қалалар бір- бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса зор аймақтар пайда болуда. Оларды- мегаполис (қосылып кеткен ) деп атайды. Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның ұзындығы 850 км, халық саны 35 миллион.Тынық мұхит жағасында ұзындығы 120 км, ені 60 км Лос- Анджелес- Сан-Франсиско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам адам тұрады. Ресей мемлекетінде де - Москва, Владимир, төменгі Новгород қалалары бір- біріне қарай “жылжып”, аралары жақындап келеді.
Сонымен ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді өздерінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуда, қала тұрғындары, ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да сондықтан.
Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр сонына қарай халықтың ¾ бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырландырылған қалалар мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы қалаларды мекендейтін болады. 1 млн- ға жуық халқы бар қала, сөткесіне өте үлкен су қорын, азық, жанар жағар май қорларын пайдалану нәтижесінде, көптеген газ, сұйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған ортаға келіп қосылады. Соңғы кездері, үлкен қарқынмен дамыған мұнай өндіру, өңдеу кәсіпорындарының да табиғи қоршаған ортаның экологиялық климатын өзгертуде, ауаны ластауда алар орны ерекше. Ол– экологиялық пәнді, ілімді білмеудің, оны елемеудің салдары Табиғат өзіне жасалған қиянатты ешқашанда кешірмейді.Оны дер кезінде тоқтатпаса, есесі үлкен шығындармен, орны толмас өкінішпен қайтатаны анық.
Өндіріс орындары қалада шоғырланғандықтан қоршаған ортаны ластаушылардың басты көзі сол екендігін Ж. Әділов өз еңбегінде былай сипаттайды: Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі қалада шоғырланғандықтан, онда халық көп, әрі тығыз орналасады. Сөйтіп олар әлеуметтік– экономикалық және экономикалық қарама – қайшылықтың негізгі буынына айналды, бір жағынан, қалалар айналадағы табиғи ортаны ластайтын басты көз, екінші жағынан, ол- ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік–экономикалық объект. Сондықтан, қаланың көбею процесінде, яғни қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет.
Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік– экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады. Оларда, өндірістік және өндірістік емес салалардың, көліктің, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан. ”Тұтас организм ретінде, - деп жазды В. М. Розин, - қала жекелеген жүйе тармақтарының: өндіріс тұрғын, көлік, тұрмыс, мәдениет салаларының бірігуі ғана емес, біріңғай ортасы.”
Қаланы адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру, әлемдік және аймақтық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Қалаларда бірінші кезекте қоғамның сонымен, қоса әлеуметтік және табиғи ресурстың басты рөлі ретінде, тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтан да мұнда экологиялық функция ең әуелі әлеуметтік тұрғыда және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуде, әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады.
Тыныс-тіршіліктің әлеуметтік бағытына, әсіресе дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына сәйкс қалада адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаладағы қоршаған ортаның тазалығы үнемі басты назарда болады.
Географтар мен қала салушылардың жұмыстарында, қаланы қоршаған орта тұтастай үш негізгі компонент ретінде қарастырылады .
1. табиғи орта(экожүйе):
Ландшафт; Климат, атмосфера, жер бетіндегі және жер астындағы сулар,геологиялық орта; Биогендік элементтер , топырақ, биоценоз.
2. Антропогенді жасанды орта. Қала атырабын қолдан ұйымдастыру: инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар, салынған құрылыстар, көгалдар, энергия мен материалдардың , соның ішінде ластайтын заттармен танысып оларды белгілі бір жүйелерге топтаудың қажеттілігі жоғары .
Адамның адамдық қасиетке ие болып, кемелденуі жұрттың арасында өмір сүріп, бірге еңбек етіп қарым- қатынас жасауында. Халық санының аз немесе көп болуы, оның орналасуы ,тығыздығы ,өсу қарқынының жылдам не баяу болуы сол елдің немесе қоғамның қоршаған ортаға көзқарасының дамуын тездетеді,не баяулатуға себепші болады.Алайда мұны , халық саны қоғамды дамытуда шешуші рөл атқарады деп тікелей түсінуге тағы болмайды.Халықтың орналасуы тығыздығы және өсу қарқыны өте жоғары бола тұрып,кейбір мемлекеттердің саяси , экономикалық және экологиялық дамуы жағынан саны аз,әрі сирек қоныстанған елдерден артта қалған реттері тврихта кездесіп отырады. Мысалы, Швеция халқының орналасу тығыздығы АҚШ – қа қарағанда 26 есе жоғары екен. Ал экономикалық ,саяси және экологийлық дамуы жағынан бұл елдердің қайсысы ілгері кетіп , жай – күйін білдіретін мәселе еңбек ресурстары төңірегінде ,еңбекке жарайтын күш мөлшері туралы, халыққа білім беру ,іскерлік қабілеті мен мамандығын ұдайы арттырып отыру хақында болмақ. Жан- жақты сауаты бар, көзі ашық,өз ісін жетік меңгерген маман табиғи ортаны бүлдірмейді.ондай адамдар өзі және ұрпағы өмір сүріп отырған табиғи ортаға қастандық жасауы мүмкін емес.
Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т.б. құрылыстар кешені көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқсықтар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1,2- 1,4 қоқыс шығарады.
Нағыз тұрмыстық қалдықтарға қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары, т.б. жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.
Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман , т.б. кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.
Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмыста пайдалану жұмыстары жүргізіледі .Көбіне металл қалдықтар балқытылып, қайтадан жаратуға келсе ,пластмассадан жасаған бұйымдарды жоюға тура келеді.
Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кейбіреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Органикалық қалдықтар құрамында қоректік элементтер азот, фосфор, кальций, магний, калий көп болады.
Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру халықаралық
проблема. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру .Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыт салынуы керек . Алғашқы осындай зауыт 1981 ГФР – де ашылған. Оның қуаттылығы – тәулігіне 300 т,ал жылына 75 мың т қоқыс өңдейді.
Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді.Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен ауаға топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарлды жоюға бола ма. Өркениетті дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс істейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс істейді. Өңдеудің соңғы өнімі - құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары.Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Алматы қаласында біраз зауыттар өндірістік қалдықтарын шлакты белоктар, құрылыс материалдары және жол төсемдерін жасауда. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министірлігінің және заңдары еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалынып жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз.
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Қазіргі кезенде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарымөқатынастың күрделене түскені белгілі. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе хх ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. ”Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми – техникалық өрлеумен тікелей байланысты
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми– техникалық өрлеу табиғат пен қоғам арасындағы “алмасусыз” іске асу мүмкін емес. Бұл “алмасу” сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адамның денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады. Мәселе – осы зиянды болдырмау , мүмкіндігінше азайта білуде , табиғаттың өз тіршілігін сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр. Экология туралы ғылымның көмегі де осы жерге керек.
Бізде материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік, эконмикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік,экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын қоса ескеріп негіздесе, бұл салада – қазір орын алып отырған
қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Экология қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды.Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатының көптеген елдер ттұсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірде техникалық құралмен қаруланған адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуі де, құрта салуда оп – оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенмен, бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми – техникалық өрлеу кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деген бір жақты пікір қалыптасқан. Ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған ғой. Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғаудың да ,қалпына келтірудің де тәсілдерін ашты. Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе қалдықсыз технологияны өндіріске енгізу, өндірісті сумен қамтамасыз етудің қайтымды және тұйық айналымдарын қолдану, жылу мен энергияның дәстүрлі көздерін табиғи көздерімен алмастыру, топырақты табиғи тыңайту мен ондағы ылғалдың жиналуын, атмосферадағы газдың тепе – теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру – міне, экологиялық дағдарыстың бетін қайтаруға ғылымның берер ақыл- кеңесі осылар. Ғылыми- техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жобалардың моделін алдын ала талдауға мүмкіндік береді. Жобаны іс жүзінде асырмас бұрын оның табиғатқа тигізетін залалында есептеп, болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.
Табиғи компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіңдік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде , түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады.Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен аздап болса да таныс болуы керек . Экологиялық сауатсыздықты жою - үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі міндетіне айналуы тиіс.
Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып , оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кездегі ең басты бағыты болуы тиіс. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында , ірі өндіріс орындпрында, ғалымдардың ғылыми жұмыстарында табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның қажеттілігіне жаратудың орнына жаппай үлкен қауіп төндіретін ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, сол сияқты адамның күнделікті өмірде ормандары отау, аң мен құстарды есепсіз аулау, адамның ақыл ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы экологиялық апаттың індеті болып табылады. Адамдар “табиғат-өз үйің” дегенді қайталаудан жалықпайды. Өкінішке орай, бұған сену қиын. Құстардың өз ұяларын бұзбайтындары сияқты адамдар да өз ошағына деген қамқорлық таныту керек шығар. Іс жүзінде бәрі керісінше болуда. Табиғатқа деген , оның байлығын шашып және барлық айналадағыны қиратып, бағындырған елдегі жаулап алушы сияқты қарайды. Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас – тұтқынында отырып орнына ештеме бермей ,бәрін алуға тырысамыз. Табиғат бізсіз өмір сүре алады.Ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз. Осы қарапайым ғана шыңдықты түсінетін уақыт әлдеқашан жетті.
Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым даму , зат және энергия алмасу заңдарын ,оның теориялық негіздерін білмеуі. Яғни , экология ғылымының негіздерін оқып үйренбеуі болса керек.
Сондықтан да,Елбасының Қазақстан Респулбликасының тұрақты дамуының сара жолын көрсеткен “2030”бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруеліміздегі қалыптасқан экологиялық сауатсыздықты жою, болашағы жарқын елдің экологиялық санасы мен ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етуі осының айғағы болып табылады.
Шаруашылық әрекеттерінің қоршаған табиғи ортада зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын ала жасалатын болжамдар жан – жақты ғылыми бағытталған барлық қабылданатын заңдардан көрініс алуы тиіс. Осы экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты қоғамды құрушы адамға экологияның тигізетін әсерін анықтап одан айықтыру жолдарын табу. Кезкелген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде тмбиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек.
Табиғат адамның тіршілік ететін ортасы,сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады.Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды .
Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді.Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе – теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш – қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі – адам денсаулығына әсері.
Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі қалаларда автокөліктерден шыққан улы газдың молаюы байқалады.
Көптеген елді мекндерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалну қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп , сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.
Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік, қанның азаюы, ақ қан ауруларымен көп ауырады.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін зерттейді. Адам – табиғат қарым қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса,
екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамның табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады.
Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларғабайланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты ауыз судың сапасы жақсы.
Дүниежүзі аумағын аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:
- экологиялық жағдайы нашар аудандар
- экологиялық жағдайы орташа аудандар
- экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай–газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді.
Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған.
Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.
Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін, денсаулыққа пайдасын ақын – жазушылар сазгерлер халықтың әдет ғұрпына арқау етіп жырлаған. Обьективті экологиялық сараптаудың қажеттілігі жайлы әңгімелер тек жақсы тілектер ғана болып қала береді. Іске еш қатысы жоқ, жаңа өндіріс пен оның табиғи ортаға әсепін жан–жақты бағалайтын мамандар сараптауды жүргізуге жіберілмейді.
Мамандар арасында да экономистер мен экологтарды қосып алғанда,экологиялық проблемаларға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама- қайшы, бір–бірін жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық–экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналып, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға аса тілек жоқ.
Біздіңше техниканың өркениетті басты бағыт жасауда өте артық кетіп, адамзат болмасының басқа да маңыздылығы бұдан да кем емес жақтарын ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді құралған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын түсінудің басым болуы дұрыс болар еді. Алайда мұндай іс жүргізудің тиімсіздігі бұрыннан және бәріне аян. Мұнда жаза беруден басқа ештеме жоқ. Түрлі қоршаған орта жағдайларының салыстырмалы құндылығын ескеретін обьективтік экономикалық көрсеткіштер, бұған дейінгі ұрпақтардың атқарған жұмыстары мен жұмсаған шығындарын ескере отырып жаңаша төлем жүйесін анықтау керек. Әлгі күнге дейін материалдық өндіріс сапасы мен нәтижелерінің обьективті баға үшін өте жеткіліксіз екі жақты өлшемі қолдануда. Бұның орнында көрсеткіштер мен факторлардың үш жақты жүйесіне көшу керек еді. Кез-келген өндірістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын табиғат пен оның ресурстары енді бұдан былай өндіріс процесіне және басқару әдісіне сапсына баға беру шеңберінен тыс қала алмайды ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?