Экология | Қоршаған орта экологиясы

Экология | Қоршаған орта экологиясы

Қоршаған орта экологиясы.
1.1 Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру.

Қазақта бұрыннан келе жатқан « Адам мен табиғат егіз » деген қағида бар болса, қазіргі күні сол адам мен қоғамның табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Адамдардың табиғатқа ұмтылуын арнаулы ұйымдастыру мәселесі толықтай терттелмеген. Сонда да төмендегідей заңдылықтарды атап өтуге болады:
1) Қалада тұратын адамдардың табиғи ортада демалуға ұмтылуы соңғы жылдары күрт өсіп, қала маңының жер бедеріне теріс әсерін тигізе бастады.
2) Әлеуметтанушылық зерттеулер қала сыртында демалушылырдаң арасында жеке адамдардың аз болып (4-5,5%-ы), отбасылық (54-55%-ы) және көңілдес (39-40%-ы) топтардың басым екендігін дәлелдейді.
3) Қала тұрғындары қала сыртына барғанда уақыт өткізуді қолайлы ететін жағдайларға үлкен көңіл бөледі.
4) Қала сыртында пошымдық қатынастардан гөрі, адамның өзін-өзі еркін сезінуі жоғары қойылады.
Жалпы жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдерде өндірістің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Мысалы, 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 1850 жылы оның саны 1 миллиард 200 миллионға жетті. Яғни екі есеге көбею үшін 150 жыл қажет болады. 1950 жылы жер шары халқының саны 2 миллиард 500 миллионға жетті және 1850 жылдан кейінгі кезекті еселенуге 100 жыл уақыт кетті. 1986 жылдың орта шенінде жер бетінде 5 миллиард адам өмір сүріп жатты. Сонда еселену не бары 35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 миллиардқа жетеді. Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде пайдаланылуда. Сондай-ақ, елімізде материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп келеді. Соған орай, шикі затқа деген сұраныс мөлшері де артты. Республикамыздағы экологиялық ауа бассейнінің нашарлауы, ауа ағынының тежелеуі, жоғары деңгейдегі табиғи қолданыс пен ауа қозғалысының өзгеруінен, үйлер мен алаңдардың ойластырылмай салынуынан, яғни зиянды заттардың жердің беткі қабатында қалуынан деп есептейміз. Әсіресе, көшедегі автокөліктердің шектен тыс көбейіп кетуі қаладағы ауа бассейні ластануының негізгі көзі болып отыр. Мысалы, ауа кңістігіндегі ластанудың 80%-ы автокөліктер үлесіне тиеді екен. Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243 тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС, Қзмырыш Текелі қуатты кешені, «Талдықорған жылу қызмет», Қарасай; Іле аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып табылады.
Өткен жылы ауа кңістігіндегі зиянды заттардың салмағы 184,5 мың тонна болды. Бұл мәліметтермен қоса, бір ғана Алматыдағы жанар-жағар май стансаларының саны 300-ге жетіпті. Жыл сайын елімізде 2,5 мың түп ағаш кесіліп отырылады екен. Өкінішке қарай, халық алғашқы кездегі өзінің қадір-қасиеті кеңістікті, парасатты ойлай білуде екендігін енді-енді дұрыстап түсініп келе жатыр. «Өссін десең өркенің, қамын ойла ертеңнің» демекші, ата-баба мекенін ұрпаққа амманнатқа қалдырғанынан қызармас үшін түрлі әрекеттерді қолға алады.
Сондай-ақ, табиғатқа ірілі-ұсақты өндіріс орындары да қатты қиянат жасап келеді. Тек 2000 жылы ғана өндіріс орындарынан 2,49 миллион тонна зиянды қалдық заттар шығарылыпты. Әсіресе, ірі өндірістік аймақ саналатын Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары қоршаған ортаны ластау жағынан рекорттық дәрежеге жеткен. Мұнай мен газ өндіретін Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы экологиялық жағдай да жылдан-жылға асқына түсуде. Ғалымдардың есебі бойынша жыл сайын атмосфераға 250 миллион тонна көміртегі тотығы, 150 миллион тонна күкірт тотығы, 120 миллион тонна күл, 50 миллион тоннаға жуық көмірсутегі, көп мөлшерде фтор, сынап тарайды. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтерінше, осыларға қосымша жыл сайын ауаға 2,5 млрд. тонна шаң-тозаң, 1,2 млрд. тонна азот шығарылады екен. Жер бетіндегі тіршілік өрісіне ғаламат залал әкелетін химиялық қосылыстардың 65%-тен астамы мұнай және мұнай өнімдерінен тарайды. Қазіргі мұнай өндірудің жүз жылдық тарихында жер бетінде 5 миллион тоннадан астам мұнай жойылып, ол жерлерде тереңдігі 2 метрден 8 метрге жететін топырақ қабаттары істен шыққан. Соның салдарынан мұнайлы аймақ Атырау, Маңғыстау облыстары жерінің төрттен бірі өлі топыраққа айналып отыр.
Расында да, қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде. Табиғаттың ластанып, кері реакция беруіне ең бірінші адамдар өздері кінәлі.
География ғылымының докторы, профессор Әлия Бейсенованың айтуынша « Адам әрекеттерінің зиянды әсері атмосфера қабатарының бірі стратосфераға да тиіп жатыр. Атмосфераның бұл бөлігінде жердегі барлық тіршілікті радияциялық ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерден қорғайтын озон қабаты орналасқан. Соңғы кезде осы дұрыс озон қабатының бұзыла бастағаны туралы жиі айтылып жүр. Оның бұзылуына тропосфера мен стратосфера шекарасында ұшатын түрлі ұшақтар санының көбеюі себепкер болып отыр. Олардан бөлінетін газдар озон қабатының бұзылуына әсер етеді. Қазақстан териториясында озон қабаттарының бұзылуы космос ғарыш аймағы орналасқан Орталық Қазақстанда байқалған. Сол маңайдағы жайылымдар шөбінің құрамының өзгеруі, сол жерді мекендейтін қарақұйрық етіндегі радиациялық элементтер мөлшерінің шамадан тыс көбеюі осының салдары », - деген екен.
Шынында, экологиялық шешімі қиын мұндай мәселелер төңірегінде бұқаралық ақпарат құралдары арасында әңгімелер жиі айтылып, проблемеда көтеріліп жүр. Әйтсе де, құр айғаймен мәселенің шешіле салмайтыны айдан анық нәрсе.
«Табиғат пен адам егіз» деген жоғарыдағы қағидаға қайта оралар болсақ, бүгінгі табиғат басынан кешіп отырған мүшкіл халді, адамзат басынан өткеріп жатыр деуге негіз жетерлік. Ауаның ластануы, экологиялық бақытсыздықтар (атом бомба сынақтарының жарылуы, радиациялық қалдықтардың ауаға жайылуы) адамзаттың өзіне көптеген бақытсыздықтар әкелуде. Өмірге неше түрлі кемістігімен немесе мүгедек ұрпақтар келуде. Өкінішке қарай, олардың еш кінәсіз бола тұра бейкүнә қалпында адамзат басына төнген қатердің алғашқы құрбандарына айналғандығына жүрегің ауырады.
Мұндай экологиялық мәселелер біздің елді ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып отырғаны бәрімізге белгілі. Мәлелен, Қытайда жүрегі сол жағында емес, оң жағында, бауыры да оң жақта емес сол жақта, сондай-ақ ми шарларының орны ауысқан нәресте дүниеге келген. Оның жүрегі, қанды, сағат тілі бағытында емес, керісінше айдайды екен. Дене ағзалырындағы клеткалардың бәрі де оңды-солды шатысып кеткен, бірақ, қытайлықтар мұны ауру емес, сирек кездесетін ерекшелік ретінде есептейді.
Табиғат пен адамзаттың бүкіл күллі тыныс тіршілігі біртұтас, өзектес. Сондықтан да бұл қатер адамзаттың да басына төнген кесапат. Бұл кесапаттың көбін адам өз қоламен жасайды. Бірақ, алдыңғы буынның істеген залалын жаңа ғана дүниеге келген ұрпағы неге тартуы тиіс. өз істеген қателігін түсінген буын қазір жан-дәрмен әрекеттер істеуде. Бұл әтине, дұрыс шаруа. Солай жасалуы міндетті де. Ара-кідік болса да әр жерде «Туған табиғатты қорғайды!», «Таза ауа – жан,а дауа !», «Табиғат – таусылмас байлық !», « Таза ауа – денсаулық кепілі!» секілді ұрандар көтеріліп, плакаттар ілініп жүр. Халық саны жағынан бізді бірнеше мәрте орайтын кейбір елдерде автокөліктер қатаң бақылауға алынған. Қала тазалығы, жалпы аймақ тазалығы да басты назарда. Оларда ескі машина қолданысқа жіберілмейді немесе оларға ауаны зиянсыздандырғыш қондырғылар орнатылады. Бұл бастамалар бізде де қолға алынып жатыр. М. Хайдеггер айтқандай, «Болмыс біздің үйіміз десек, рнда осы кңістікті көркейтуге кірісуіміз керек». Ғылымда мұны экологиялық дизайн деп атайды. Дизайн жетілген үлгі, мұрат – мақсат түсінігінен басталып, оған жетудің оңтайлы бағдарламасын қабылдаумен жалғасады. Бұл мәселені, тіпті XIX ғасырдың 30-жылдарында К. Риттер көтерген болатын. Расында, адам мен табиғат ажырамас тіркесте. Сондықтан да, өзімізді - өзіміз қорғайық.
1.2 Экология нашар болса, экономика көтерілмейді.

Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастық проблеманы шешу үшін барлыұ елдердің бірігіп жұмыс жүргізуі керек. Өйткені табиғат бір тұтас, оны бөліп, жекелеген бір ел шеңберінде қарау мүмкін емес. Экологияда мемлекеттің бір өзі де ештеңе жасай алмайтын мәселелер бар. Экология мәселесі жетілген кезде ғана біз тұрақты дамуға қол жеткіземіз. Жалпы, экология мен экономика және әлеуметтік қорғау – осы үш сала бір-бірімен тығыз байланысты. Егер экология нашар болса, экономика көтерілмейді. Елдің экономикасы дамымаса, әлеуметтік қорғау шараларына қаржы жеткізе алмайды. Демек, осы үш саланы біртұтас алып қарау крек. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылады. Мысалы, Байқоңыр ғарыш аймағының құлау зонасы 4 миллион 100мың гектар жерді құрайды. Бұл мәліметті жұрттың бәрі біле бермейді. 2000 жылы ғарыш кемесінің қалдықтары екі рет сол аумақтан тыс жерге құлағаны белгілі.
Айталық, «Өндіріс құралдары және тұрмыстық қалдықтар туралы» заң болса, өндірістің зиянды қалдықтары көмілмей жатса, соған орай айыпұлдар салынады, шектеулер қойылады. Немесе айыпты мекемені жабу туралы мәселе көтеріледі. Заңмен реттелетін болса, шығынның сомасы шығады. Мысалы, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заң жобасы ұсынылды. Ол өмірге келсе, пайдасы зор болады. Құлап келе жатқан зымыраннан гептил шашылады да, ол ауаға бірден тарап кетеді. Ауа қабатындағы гептилді өлшеп, соған сәйкес жердегіадамдарға қанша зияны болатынын анықтай келе, айыппұл салуға болады. Халыққа қаншалықты обал жасалғанын және оның ақшаға шаққандағы көлемін көрсетіп, осындай сома болады деп дәлелдеп отырса, тек сонда ғана нақты төлем болады.
Соңғы уақытта Балқаш та кең түрде әңгімелене бастады. Көп жағдайда оның тағдыры да өзге мемлекетке байланысты. Мақұл, біз қазір көл жанындағы күріштікті тоқтатамыз, Қапшағайды ашып жібереміз, ондағы бір шөміш су бір қазан суға келіп қосылады. Онымен мәселе шешіле қоймайды. Балқаш Аралдың кебін киетін болса, оның зияны Азияға ғана емес, бүкіл Еуропаға да тиетін әсер болады.
Соңғы жылдары қарлығаштар келмей кетті, даламыздың көркі болған ақбөкендер азайды, деген сөздер көп айтылып жүр. Бұл дұрыс пікір.
- Шындығында, осының бәрі жеріміздегі өзгерістерден болып жатады. өйткені,табиғатты алдай алмаймыз. Мұны табиғаттың көрсеткен қарсылығы деп ұққан жөн.
Экологияның өзгеруі халықтың әл-аухатына көп әсер етеді. Адамның өшпенді болуы да жағдайға байланысты. Жұмыс жоқ болған соң, адамдар өзге кәсіппен айналысып кетті. Шағын кәсіпкерлікті қолға алайын десе, айналымда қаражат жоқ, қаражат болған күнінде де өте көп қажет. Өйткені, көптеген қажетті заттар мысалы, жанар-жағар май, техника жағынан тағы сол сияқты көптеген кедергілер бар. Амалы құрығандар аңға шығады, тағы басқа табиғатқа әсер келтіретін қимылдар жасйды. Киіктерді қайта-қайта шошытып ата берсе олар басқа жаққа, тіпті өзге елге мүлдем ауып кетеді. Мысалы, оңтүстіктегі біраз киіктердің Қырғыз еліне ауып кеткендігі жөнінде анық мәлімет бар. Соның бәрі себепсіз емес. Бұл – Жер – Ана организмінің тітіркенуі.
Бізде үлкен жолдардың бойындағы ағаштар да балтаға түсуде. Бұл жұмысыздықтың бір себебі,тағы бір себебі, көмірдің бағасы ағашты алып келуден арзан болса, адамдардың оны сатып алатын мүмкіндігі болса, ағаштар жөнсіз шабылмас еді. Біз халықты сондай деңгейге келтіруіміз керек. Әрбір тұрғынның көміріне де, тамағы мен киіміне де жететін табыс таба алатын жұмыс беруіміз керек. Не болмаса, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуіміз қажет. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?