Тарих | Қола дәуірі

Тарих | Қола дәуірі

Қола дәуірі

Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап теруден оны өсіруге көшуі сан мындаған жылдарға созылды. Ғалымдар мәден дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-V мыңжылдықтар деп шамалайды және оны ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдақ алқабына жетіп, сосын Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі ІІІ мыңжылдық ая,ында келеді.
Егіншілік пен бірге малщаруашылығы да пайда болды. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? – деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қазір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы –нулы жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қанаттаса қанат жаяды.
Б. з. дейінгі ІІ мыңжыдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы метал бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен суңгілер жасауды уйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырыңда андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан – Оңтүстук Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері – шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі – орасан зор территорияға тарағаннын анықтады. Кейінрек андронов ескерткіштері Қазақстанның тускейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Орталық Қазақстанның тайпалары.

Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өнірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орынндары мен тастағы суреттер – петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты – оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі,тас өндеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі – жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып кою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіліп қазылған, жиек – жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меадрлар, басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнетелген құмыралар көз тартады. Ыдыстардын тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөнгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларынның сүйектері де табылған.
Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау – кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезеңнін Былқылдақ, Қарасай, Темір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары тиянақты зерттеліп белгілі болған. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тоды Атасу өзенінің бойында. Қорым қоршаулары ішінен шұңқырлар, жәшіктер, тақта тас – цисталар кездеседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоңыстардың өзіндік жоба – жоспары бар: тұрғын үйлер – ал олар 10-нан 80-ге дейін болады – алға – қотан орналасады, олардың ортасы – мал қорасы. Атасудың әбден мұқият зерттелген қоңыстарының біреуінің көлемі 15 мың шаршы метр екен, онда 35 жертөле мен шаруашылық пана жайлары бар еді. Қоңыстармен көне қорымдарды қазған кезде қыруар қола құралдары, қару – жарақтары, сәндік заттар шықты.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы – Дәндібай мәдениетімең құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол, бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік ерекшеліктері бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтарының жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қоюмен бірге,оларды шақасынан жатқызып кою да кездеседі. Бұл мәдениеттің кезіне қарағандының оңтүстік бетндегі Ақсу – аюлы –ІІ қабыры жатады. Мұндағы ең үлкен обаның биіктігі 2 м., диаметрі – 30 м. Төбешік астында дөңгелектелініп рналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олрдың ішінен Алксеев қонысы мен Тасты – бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды.
Орманды дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген, дөгелег және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдары бірден тануға болады. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл ауданда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға арта қорым ашылды.
Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропавл қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көемі 126 шаршы метр жер беті тұрғын үйі табылды, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған. Со кездері ежелгі қалалардың алдын алушылар (прототиптер) деп атауға келетің қоныстар пайда болды. Слардың бірі – Арқайым Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта қола кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген еді. Қоныстарға бұрынғыша бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар – жартылай жертөлелер тікбұрышты – ұзынырақ болып келеді, оның 140-тан 200 шар. м. Дейінгі көлемі, қоржын сияқтанып, екіге бөлінеді, еденінде – біреуден сегізге дейін – ошағы болады. Мұндай тұрғынжайлар Чвленка, Тасты – бұтақ қоныстарында болған.
Кейінгі қола дәуірінде, оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан – Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі. Кейінгі қола дәурі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Көлемі 300-400 шар. м., дейін баратын орасан зор жертөлелер салу етек ала бастайды, олар қысты күні мал ұстайтын болған. Шаруашылықта мал өсірудің, әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениеттінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің ондаған қоныстары мен қорымдары табылды, олардың дамуы мен құрылып қалыптасуына жез бен қалайының, алтынның аса бай кенді көздері әсер етеді.
Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәурінің бірегей ескерткіші – Тегіскен кесенесі ашылды. Тегіскеннің тым ертеректегі мазарлары қам кірпіштен салынған, оны жоспарлауға негіз болған нәрсе – сыртқы қабырғалар шаршысына үйлестірілген шеңбер. Оның ішінде, шеңбер бойын қуалай 8 немесе 12 тікбұрышты қыш ұстын тұр, олар екі метр биіктікте сақталып қалған. Одан әрірек іште – тағыда 8 немесе 12 әлгідей ұстын бар, бірақ олар тікбұрыш бойында тұр. Қыш ұстындарға қоса, оларды қайталғандайын, ағаш бағандар тұр, еденде олардың шұңқыр «ізі» сақалып қалған. Сөйтіп мазар ішінде айналып өтетін дәліздер жүйесі жасалған. Мавзолей орталығына орналасқан бөлмелер мен дәліздерге керамикалық бұйымдар қойылған, мұнда қоладан жасалған қару – жарақтар, алтын - әшекейлер жатыр. Орталық бөлмеге қойылған өлікті мазармен бірге өртеп жіберетін болған. Тегіскен қорымдарының мәдени тегін анықтау өте қиын. Бірінші жағынан алсақ, бұдан Андронов мәдениетінің дәстүрін көруге болады (мазарлардың жоспарлануы Бегазы – Дәндібайдың орталық – қазақстандық үлгісіне жақын, қыш ыдыстадың түрі мен өрнектері Андроновтікі тәріздес), екінші жағынан, оңтүстік мәдениетінің күшті ықпалы сезіледі (қамкірпіштің стандарты Намаз VI дәуірінің оңтүстік түрікпен мәдениеті мен Теккем – тепе мен Яздің кейінректегі ескерткіштеріне жақын). Тегіскен мазарлары дала мен отырықшылар мәдениеттерінің өзара жақындасып, ықпалдасып жатқан бастапқы кезеңдерінен хабар береді.

Андроновшылар шаруашылығы.
Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан ағатын дала өзеншелері мен өзектері жағаларына орналасқан. Олармен іргелес, өзендер жайылмаларында тұрғындардың егіні мен бау-бақшалары болған.
Қоныста қазба жұмысын жүргізген кезде ішінде тары ботқасы күйген құмыралар табылды.Солтүстік Қазақстандағы Алексеев қонысы құрбандық қамбаларында бидайдың құдай жолына берілген масақтары мен дәндері жатқаны анықталды.Мало – Красноярск қонысында ( Шығыс Қазақстан ) орақтар жүзінен ап-анық боп басылып қалған дәндер таңбалары кездесті. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, ұнға астық түйетін тікбұрышты және жұмырбасты келсаптар, орақтар мен тас кетпендер еді.
Андровшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды роль атқарған. Жануарлар ішерге – сүті мен етін, киерге – жүні мен терісін, ісмерлікке – сүйек- мүйізін, отынға – тезегін берген. Андроновшылардың негізгі тамағы – сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не сарысу сүзетін ұзақ тесікті ыдыстардан байқауға болады. Ет өте қат болған, оны мейрамдарда ғана жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың негізгі малы – қой, сыйыр, жылқы екен. Тағам қажетіне негізінен тек екі-үш жастағы жас малды жұмсаған, ал асыл текті малды тұқым үшін қалдырған. Шаруашылықтың мұндай жүйесі мал санын кемітпей ұстауға, оның өнімділігін арттыруға жағдай жасаған.
Ерте және қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі 1 мың жылд. басында андроновшылар отырықшы болған. Аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы салынған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың жаңа түрлері мен тәсілдері қажет болды. Андроновшыларда бұл мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі) еді, мұнда әйелдер мен балалар ауылда қалып, егіншілікпен айналасады да, еркектер мен жасөспірімдер мал мен бірге күллі көктем, жаз бойына алыстағы жайылымдарға кетіп, үйлеріне күз соңына таман оралып отырған.
Қазақстанның кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен б. з.–дан үш мың жыл бұрын өндіріле батағаннын анықтайды. Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Жезқазған өнірінде 100 мың т. мыс қорытылған. Ал Успен руднигінде 200 мың т. кен өндірілген.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касетерит) тәсілін тапқан, сонда ол жыныста жезбен қалайы қосындысы күрт көбейген. Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты «қайталап», тас соқыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған.
Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған рудалы қатпарды балғамен ұрып, опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш тіреулерді пайдаланған. Шахта қасындағы су басына өндірілген руданы әкеліп, жуып, бос қоқыстардан тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды.
Егер Үндістанның, Иран мен Ауғанстанның, Орта Азияның ежелгі егіншілері ішінде қола дәуірінде ыдыс – аяқты өзге қолөнершілер арасынан суырылып шыққан кәсіпқой құмырашылар істейтін болса, Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс – аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұнқырға алаулатып от жағып сонда күйдірген. Б. з. дейінгі XVII-XVI ғғ. аяқ – табақтар белгілі бір қалыпқа салынып істелген, қалыптың өзі түбі тегіс бәнкі тәрізді, сырты ақ қалынан немесе жуан жүн жіптен тоқылған матамен қапталады екен. Ыдыс аяқтар әртүрлі сызықтармен, не тарақша етіліп түсірілген, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Кейбір құмаралар сыртына қолдан жапсырып бедерлі нақыстар салынған. Ыдыс - аяқтын өрнектері тек әсемдік үшін ғана емес, оның ыдыс ішіндегі нәрсені «тіл мен көзден», «жадылықтан» сақтайтын басқа да сиқырлы мәні болған, бұған қоса ол ыдыстың бос тұрмай, берекелі құтты болуына меңзейтін де мағынасы болғанға ұқсайды.
Үй кәсіптері. Андроновшының отбасындағылары үй тіршілігіне қажетті іс-әрекеттің бәрін де жасай білген: жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім – кешек пен аяқкиімді түрлі – түсті жіппен әдептеп, апликациямен және жылтырақ бисермен безендіріп тігу – бәрін де игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен иірген. Оған өзге жүндер де, түбіт те жараға. Тіпті кенеп те, жабайы зығыр да, қалақай да пайдаланған. Ол кезде тоқыма станогі де, ұршық та белгілі болатын. Қорымдардан табылған олжа – заттарға қарағанда, андроновшылар тарамыспен тіккен, өкшесіз былғары аяқ киім киген. Еркектері де, әйелдерді де бастарына жүннен тоқыған немесе теріден тіккен құлақшын киген. Киімдерін жүн матадан тігіп, оларын сүйек түймелермен ілгектеген. әйелдер көбіне ұзын женді, етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрген. Жең қайырмалары, әдептері қатар қадалған қола таналар тізбегімен әсемделген. Белдемше алдынғы жағынан ақ жылтыр моншақтар қатарымен сәнделеді. Киімнің жағасы мойынды айналдыра уақ шыны моншақтармен әсемделіп, кеудесіне дөнгелек қаптырма қадалатын болған. Маталарды алқызыл және көк түске бояған.
әйелдер құлақтарына қола сырға, апталған алтынмен дөңгелек сырғалар тағып, мойындарына қоладан жасалған өңіржиектер, кейде оған алтын моншақтар тізіп салатын болған. Қолдарына білезіктер мен жүзіктер салып жүрген. Жын – шайтаннан, бәле жаладан сақтайды дегенді ырым етіп, ерлер мен әйелдер жабайы жануарлардың азу тістері мен алыс теңіз жағалауынан әкелінген ұлужанақтарын тығып алатын болған.
Еркектерді масақтары қоладан жасалған садақтармен қаруланады. Жақын, қол ма қол сайыстарда үшкір қола пәйенекті сүңгілерді, қола балталар мен қанжырларды, тас шоқпарларды пайдаланады.
Халық, қоғам, әдеп-ғұрып. Қола дәуірінің қоныстары мен қорымдарын байыпты зерттеу, дамудың бір денгей-дәрежесінде тұрған халықтар өмірін мұқият бақылау және андроновшыларды басқа бір нақты халықпен, этноспен салыстырып көру – олардың өмір тірлігіндегі әдет – ғұрыптарын жаңғыртып, қалпына келтіруге жағдай жасайды.
Жоғарыда айтқымыздай, андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген және бірге тұрып, бәріне ортақ шаруаны ағайын – туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда, көзге тусерліктей ешбір елеулі әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дәуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен, өзгелерге қарағанда, қабыры үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аударған. Мұндай қабырлардан соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәіт басынан қола қанжарлар, қола және тас жеберлер, тас гүрзілер табылған.
Орта және кейінгі қола дәуірінде де тап осындай жәіттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабырлар арасынан диаметрі 4 м. дейін, биіктігі 2,5 м. дейін жететін зілман тұтас тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса улкен оба не мазарлар көзге түседі. Мұндай обалар астында көлемі 3,2х2,5 м., тереңдігі 2,3 м. дейін жететін қабірлар болады. Олардың қабырғалары бөрене кесінділерімен кейде екі қабат болып жабылады. Қабырғалардың дені баяғыда – бағы заманда тоналған, бірақ сақталып қалған жұрнақтарының өзінен өлікпен бірге көптеген мал сойылып қойылғанын, алтыннан жасалған сәндік заттар, қола пышақтар, гүрзілер, аттың ер-тұрмандары, әралуан жебелер жиынтығы қойылғанын байқаймыз.
Обалар салып, қабырлар қазу ісімен, онда қойылатын заттар арасындағы елеулі аыйрмашылықтарға жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған. Текті, бай кісілер айырықша мәртебелі орын алған. Олар қайтыс болғаннан кейін, қоғамға сіңірген еңбегі үшін ашылып – шашылып, өзгеден ерекше мазар құлыптас орнататын болған. Осындай бірқатар қабырғаларға соғыс арбаларының қойылғанына қарап, олар жеке топ болып бөлінген жауынгерлер санатына жатқан екен деп қорытынды жасауға болады.
Андроновшылар бай қорымдарында со кезде қоғамдағы айырықша топқа бөлінген жаунгелер қойлғанын кәміл сеніммен айтуға болады. Демек андроновшылар тарихының ертерек кезеңіеің өзінде ақ қоғамның жіктелуі басталған – оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер, жауынгерлер –кшатрийлер шыққан. Олрдың әйелдері де, отбасыларының мүшелері де қоғамда құрметті орвн алған, әлгі ішіне алтын бұйымдар қойылатын қабырлар да солардың иелігінде болса керек.
Андронов бастаухаттарында тағы бір қауым – абыздар (жрецтер) туралы айтылады. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі ағаш зерені мен ерекше бөркі. Олар діни әдет – ғұрыптар жаршылары ғана емес, ежелгі дәстүрлер мен білім білікті сақтаушылар да болған.

Діні мен өнері
Андроновшылардың діні тусініктерінің культық жорамдары мен әртүрлі жора – жосақтарының мәнісі мен қыр – сырларын археологиялық деректерді ежелгі үндістан мен ертедегі Иранның діни туындыларынан алынған мәліметтермен салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Жерленген мәіттердің бәрі қабырдабастары батысқа нмесе оңтүстік – батысқа қаратылып қойылған. Бұл – кездейсоқ нрсе емес. Үндіирандықтардың түсінігінше жер жаршы немесе домалақ болған. Сондықтан да дәл ортасында қабыры бар домалақ оба да әлем гспестес болған. Жарық дүниенің әрбір жағын өз құдайы басқарған ендеше өлікті батысқа қарату – о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату болып шығады.
Андроновшылар өлікті бүктей жатқызып қойған. Бұрын бұл күйді, өліктен қорыққасын, оны ұйқыдағы күйінде жіппен байлаған деп түсіндіреді екен. Бірақ көне бір әдебиетте: жер өлген кісіні баласын қойған анадай етіп қояды, болашақта ол жаңа өмірде қайта тіріледі делінген. Ендеше өліктің қабірда бүк түсіп жатуы нәрістенің жер – ана жатырында жатқан күйі деп болжам айтқан жөн секілді. Ал, өлікті сол қалпында ұстау үшін оны байлап тастаған. Ажал құдайы «өліктеоді - тұсаушы» деп атап, оны қолына жіп ұстатып бейнелеген.
Өліктерді жерлеумен бірге, андроновшылар мәітті өртеп жіберу тәсілін де қолданған, ол отқа табынуға байланысты болса керек. Алайда молалардағы сүйек, шала, күл қалдықтары, өзінің нендей іске бағышталғаны жағынан әралуан болып келген. Ерте кезеңдегі күл мен шалалар - өлікті өртеудің от – жорасының қалдықтары еді. Ал кейінгі кездегі күл мен сүйектер – ол моланың ағаш төбесін өртеу – тазартқыш алудың іздері.
Археологтар бағзы бір сәттері қазба жұмыстары кезінде, біркездері айқасып құшақтасып жатқан еркек пен әйелдеің парласқан қалдығын көреді. Бұрын оны молаға еркегімен бірге салу үшін өлтірілген деп түсіндірілетін. Бірақ бұл мүлде олай емес, ежелгі хат – қағаз сөздерінен белгілі болған бір нәрсе: әдетте, әйел тірі қалуы керек пе, әлде өлген күйеуімен о дүниеге бірге кетүі керек пе? – оны әйелдің өзі шешетін болған. Бірақ бұл ғұрып таралмай қалғандағы, әйел оны шартты түрде орындаған – қас қағымдайдағы бір сәт өлген күйеімен молада бірге жатып, қайта шығады екен немесе өзінің орнына молаға бұрымен кесіп тастап отырған.
Толып жатқан әдеп – ғұрып, жөн – жоралғы андроновшылардың күнделікті өмір серіктері болып, олардың шынайы тіршілігін құдайлар, ата – бабалар, қақармандар жөніндегі әпсана – аңыздармен толықтырып отыратын болған .
Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болғасын, құмыралар мен сүйектер болашақ үйдің ошағының басына, оның тіреуіне табалдырығының астына көмілген. Тіпті балаларды да құрбандыққа қиған кездер болған, оны сонда үй еденінің астына жерлеген. Үй шатырын орнатар кезде оның жоғарғы өрлігіне құрбан етілген малдың қанын шашып, той – томалақ жасаған. Үйдің басты тіреу бағаны адамдардың көк аспанмен байланысын бейнелеген. Мейрам күндерінде үйді гүлмен безендірген, ал неке тойларында бас тіреу жанында жас күйеу мен қалыңдық отырған, ал жай күндерде бұл құрметті орында ақсақал қасқайып отыратын болған. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. Ошақты бүлдіру ең сұмдық қылық болып саналған. Ошаққа құрбандық берген, жаңа түскен келінді ошақты айналдырып жүргізген, өлген кісіні үйден шығарарда ошақ басынан бір айналдыратын болған. Ошақтың күлін де далаға, жел өтіне шығарып тастауға тыйым салынған, сол себепті де үй маңынан арнаулы күл салғыш шұңқыр қазған. От пен күлге байланысты осынау жөн – жоралғылардың бәрі құдайдың рақым – шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт – береке болса деген тілекпен жасалған.
Тастағы суреттер. Дін көп жағдайда көркем өнердің де даму жолын анықтап отырған. Мәселен, құдайлардың тас бейнелері үлкен көркемдік талғаммен, мейлінше шынай жасалып отырған.
Қола дәурінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабіршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан – жар тастағы суреттер – петроглифтердің саны және әр алуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Таңбалы мен Ешкі өлместің, Қаратау мен Маймақтың, Тарбағатай мен Бөкентаудың байлығы жағынан таңғажайып тамаша суреттерін археологтарымыз әбден байыптай зерттеп, олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды.
Ғалымдар қола кезеңіне бірқатар суреттерді, сюжеттер мен композицияларды жатқызады. Андроновшылардың жартастардағы суреттерінде жиі кездесетін бейне – образдың бірі – ор мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, әулетті аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың – жабайы бұқаның суреті. Олардың әуелгі бейнесі неолит дәуірінде пайда болған.
Турдан басқа қолға үйренген үй бұқасының да суреті кездеседі. Ол жер жыртқан кезде соқаға немесе арбаға жегулі күйде бейнеленген. Андроновшылар – үндіирандықтар деген пікірді ескерсек, онда ежелгі Үндістан мен Иранның мифтері мен діни әдебиетіне сүйене отырып, кейбір петроглифтердің мән – мағынасын түсіндіруге болады. әлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние – Күн құдайы Митра құрбандықа шалған, тумысынан әуелгі бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, бірдей саналады. Ешкі өлмес тауындағы суреттредің бірінде Митра, басы күн шұғыласымен қоршаулы, адам бейнелес бір жан секілденіп, бұқа үстінде түрегеп тұрған күйде бейнеленген. Бірқатар киелі орындарда ертедегі адамдардың басы күн шұғылалы Митраға тағзым етіп, табынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында Күн басты бір кісінің маңында әйгөлектеніп айнала билеп жүрген кішкентай адамдар, парласып және жеке өзі билеп жүрген адамдар бейнеленген. Олардың бәрі бірігіп, бір жоралғы биді билеп жүр.
Бұқа бейнесі – құнарлылық, құдірет пен қуат идеясына байланысты.
Жартас көркем өнеріндегі сүйкімді сюжет – қос өркешті бактриян – түйе. Қола дәуірінде ол жай тұрған күйінде бейнеленген және көп көріністерде тек жора – жөндікқана орын алған. Ертедегі ирандықтарда ол – күркіреме (гром) құдайы Веретрангнанның юейнесі, үнділерде – Индраның өзі деп есептелген. Ирандықтардың қасиетті кітабы – «Аветада» «күш – қутын тасытқан, құдіретің асытқан» буыршын бейнесіндегі қаһарлы да қайратты Веретрогнаны жырға қосады.
Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен таралған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс србасы 49 жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, Ешкі өлмес те бар. Олардың көпшілігінде екі донғалақты аңшы және соғыс арбалары көрсетілген. Олардың бәрі бір мәнерде, арба бөлшектеліп, донғалақтары алынып, оның екі жағына қойылған етіп салынған. Оларға жегілетін жануарлар – аттар, түйелер сирек ұшырасады. Ат пен арба жайлы ирандықар арасында көктегі күн күймесі жөнінде әпсана – аңыз бар. Олар, жоғарғы құдайлардың бәрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді – деп есептеген.
Тастағы суреттер ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, оларда соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнелейді. Соқа басында адам болад. Тігі бұл көріністер жаңа жылды мейрамдауға, көктемгі күн тоқырауына, табиғаттың жаңарып жасару мейрамына, құнарлылыққа байланысты болса керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды бөлегі – түрен тарту болып табылады. Бұл жәйт – егіннің бітіп өсетінінің кепілі сияқты болған. Бірінші түрен тарту хұқы патшаға беріліп отырған, сол себепті де «Аветада» ең биіктегі құдай Ахура Мазда ирандықтардың бірінші патшасы Иимеге ол жерді жағалай жыртуы үшін «Алтын соқа» береді. Алтын соқа туралы және бірінші түрен тарту түсініктер, аңыз - әпсаналар көптеген халықтарда бар. Ежелгі түсініктердің жұрнағы, көбіне – көп өзгертілген күйде, қазақтар мен Қазақстанды мекендейтін басқа да халықтар арасында сақталып қалғанын айрықша атап өту керек. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?