Әлеуметтану | Қала мен ауыл село адамзат мекенжайының тарихи түрлері
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз.
Олардың арасындағы айырмащылықтар ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты. О баста қаланың ауыл-селодан бөлінуінің іс-әрекетке байланысты болды. Ауыл шаруашылығына қарағанда өнеркәсіптік еңбектің табиғатпен байланысы өзгеше. Ауыл-селода мекенжай үшін табиғат жағдайларының әсері басым болса, ал өнеркәсіптік еңбек үшін табиғат тікелей еңбек объектісі болмайды. Өнеркәсіптік еңбек базары бар жерде ғана іске аса алады. Қала адамзат дамуының табиғаттан тәуелділігін жеңудің формасы, қоғам жасаған “элемент” болып табылады.
Қаланың ауыл-селодан бөліну процесі сондай-ақ еңбектің материалдық және рухани түрлеріне (ақыл-ой және дене еңбектеріне) бөлінуімен де байланысты болды. Демек, қала негізінен таптық қоғамның шығуымен байланысты пайда болды деуге болады: ертедегі дүниеде қала сауда мен қолөнердің орталығы болса, орта ғасырлар тұсында қалалар әрі қарай дами түсті – европалық қалаларда өндіріс дамып, түрлі елдер арасындағы сауда қатынастарының орталығына айналды. Жаңа Дәуірде (ХІХ ғ. дейін) қалалар сауда орталығы болумен қатар өкімет билігінің символы ретінде пайда болып дамыды, озат қоғамдық идеялардың орталығына айналды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында өнеркәсіп пен қатынас жолдарының дамуы қалалар мен қала тұрғындарының санының күрт өсуіне себепші болды. ХХ ғ. қалалар бүкіл қоғамнан еңбек ұжымдары мен мекемелердің, жалпы тұрғын халықтың мүдделерінің түйдектеле ұштасқан әлеуметтік-территориялық мекенжайына айналды. Сондықтан ХХ ғасырды қалалық мекенжайлардың жаппай пайда болу ғасыры деп атауға да болады. Қалалардың дамуының тағы бір маңызды факторы ғылым мен мәдениеттің, транспорттың, тұрмыстық қажеттіліктердің, т.б. өріс алуы болып табылады.
Қала мен аул-селоның баршаға бірдей ұғымы жоқ. Мәселен, географтар қаланың көшелері, үлкен биік үйлері, т.б. бар, қолдан салынған үлкен мекенжай деп анықтаса, тарихшылар қаланы мәдениеттің (цивилизацияның) орталығы деп түсінеді, ал саясатшылар қала саяси басшылық орталығы деп анықтайды, экономистер қала экономикалық қарым-қатынастардың делдалы дейді, т.с.с.
Қала мен селоның анықтамасының алуан түрлілігіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылығын бірнеше белгілері бойынша анықтауға әрекет жасалды. Ол белгілер – лингвистикалық (тілдік), статистикалық, тарихи, құқықтық, архитектоникалық (құрылыстық), т.б. белгілері.
2) Қазіргі заманғы қала мен ауыл-селоның әлеуметтік құрылымы мен атқаратын қызметін зерттегенде міндетті түрде ескеретін жағдай – ол мекенжайлардың урбанизация деп аталатын процеске ұшырағандығы. Урбанизация (латынша urbanus – қалалық деген сөзден шыққан французша urbanisation деген сөз) қалалардың қоғам өміріндегі, дамуындағы ролінің тарихи арту (өсу) процесін білдіреді. Қазіргі кездегі негізгі мекенжайлар ретінде қала мен ауыл-селоның айырмашылығы ең алдымен материалдық өндірістің формасымен, экономикалық өмір ерекшеліктерімен анықталатынын жоғарыда атап көрсеткенбіз. Қала қазірде де өнеркәсіп пен сауда-саттық орталығы, осыларға байланысты өнеркәсіптік жұмыс орындарының шоғырланған жері, ал ауыл-село – ауыл шаруашылық өндірісінің (егіншілік пен ауыл шаруашылығының) жері.
Алайда, материалдық өндірістің формасы қала мен ауыл-селоның тек негізгі, басты айырмышылығы ғана. Іс жүзінде олардың басқа да толып жатқан айырмашылықтары бар – олар мәдени, оқу-білім дәрежесіндегі, тұрмыстық жағдайларындағы, күнделікті мінез-құлқы мен ойлау, сөйлеу сипатындағы, әлеуметтік-кәсіптік және демографиялық айырмашылықтармен анықталады. Мәселен, қалада тұрғын үй мәселесінде толып жатқан қиындықтар кездеседі, жұмыссыздық, қылмыскерлік, нашақорлық, т.б. көп. Ал селода жағдай өзгешелеу – онда тұрғын үй мәселесі жеңілдеу, нашақорлық, қылмыскерлік аздау, ондағы семьялық, көршілік т.б. қатынастар да өзгешелеу.
3) Ауыл-селоның өзіне тән негізгі қызметі – адамзаттың тіршілігі үшін қажет азық-түлік өндіріп, қоғамды асырау екендігі, ауыл шаруашылығынсыз өндірістің басқа салаларының жұмыс істеуі мүмкін еместігі ежелден белгілі. Бұл міндетті ойдағыдай атқару үшін елдің ауыл шаруашылығына жарамды территориясын дұрыс игеріп, азық-түлік өндіруде ауыл-село мекенжайларын тиімді орналастырып, дамытудың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде, мәселен, ауыл шаруашылығын фермерлік жолға көшіруді дұрыс шешу үшін оған қызмет көрсететін теміржол, автожол, әуе жолы жүйелерін, т.б. дұрыс орналастыру қажет.
Еліміздің ауыл-село шаруасының бүгінгі таңдағы тіршілігінің тарихы сонау 20-30 жылдардан басталады. Сол жылдары басталған ауыл шаруасын жаппай коллективтендірудің оң нәтижесімен бірге теріс жақтары да болды: бір жағынан, көшпелі елді отырықшылыққа айналдырып, тұрақты ауыл-село мекенжайларын ұйымдастыру материалдық және рухани мәдениетті дамытуға жағдай жасаса, екіншісі, “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген бұрмаланған ұранмен жүргізілген жаппай коллективтендіру, миллиондаған қазақ шаруаларының аштан қырылуына, шетелдерге қашуына әкеп соқтырған коллективтендіру, социологтардың зерттеулерінде “айқаймен коллективтендіру” деген атауға ие болды. Коллективтендірудің алғашқы жылдарында ауыл-село шаруасының санасын, жерге, колхоз меншігіне деген көзқарасын, қатынасын өзгерту үшін көп жұмыс жүргізудің нәтижесінде колхозшылар мен совхоз жұмысшылары Отан соғысы жылдарында және соның алдында жан аямай еңбек етуге үйрене бастады – осы аса қиын кезеңде майдан мен елді асыраған негізінен солардың жанқиярлық еңбегі болды. Алайда соғыстан кейінгі 50-60 жылдарда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің коллективтік меншік пен еңбекке деген ынтасы біртіндеп әлсірей бастады, “ауырдың үсті, жеңілдің астымен” дегендей іс-әрекет жасауға көшті: шаруа колхоз жұмысына өз ісім деп қарамай, бригадирдің “нарядын”, тапсырмасын орындауға ғана міндетті адам тұрғысынан қарай бастады.
Ауыл-селоның бүгінгі өміріне тән мынандай экономикалық жағдайды айтпай кетуге болмайды. Көптеген өнеркәсіп коллективтері мен ауылшаруашылық мекемелері қолданып жүрген қала мен ауыл-село арасындағы тікелей өнім айырбастау қатынасы, - дейді білікті экономистер, - нарықтық қатынасқа жақындау емес, қайта одан алыстай түсу болып табылады. Сату-алу қатынасына ақшаны қатынастырмаудың тағы бір себебі - өнеркәсіп жұмысшыларына да ауылшаруашылық еңбеккерлеріне де ақша төлемеу фактісі жиі-жиі орын алуда.
4) Урбанизация адамның өмір сүру ортасы мен мекенжайының тарихи дамуының қажетті нәтижесі екенін жоғарыда келтірілген қысқаша шолу айқын көрсетті. Урбанизацияның өзіне тән белгілері - өндірістің және адамның шоғырлануы, қала мен ауыл-селоның әлеуметтік-территориялық айырмашылықтары, жасанды тұрмыс жағдайларының барған сайын өсуі. Бұлар – барлық формациялар үшін ортақ жалпы белгілер. Олар қоғамның территориялық жағынан ұйымдасуына қоғамдық өндірістің тигізетін әсерін бейнелендіреді. Ал қоғамдық өндіріс дегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Олай болса, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар қоғамның урбанизациялануының формасы мен эволюциясына шешуші әсерін тигізеді. Бұл айтарлықтай ұзақ уақытқа созылатын процесс болып табылады.
Дүние жүзіндегі аса ірі қалалардың саны барған сайын өсуде. 1981 жылғы мәлімет бойынша, дүниеде 170 шамалы миллионер қалалар болды, ал КСРО жерінде 1989 ж. 23 қала миллионер болса, ХХІ ғ. басына қарай олардың саны 30-ға дейін көбейді деп шамалануда. Жаңа өндіріс технологияларына көшу миллионер қалалардың мегаполистерге айналуына әкеп соғуда. Мегаполистерде өндірісті, сауда-саттықты, ғылыми, мәдени, оқу-ағарту комплекстерін т.б. ұйымдастыру тиімді. Оларда қоғамдық еңбек өнімділігі де жоғары, ал қазіргі біздің қоғамдағы бірініші орында тұрған – пайда табу ісі, тек содан соң ғана оқу-білім, денсаулық, мәдениет мәселелерін, т.б. сөз етуге болады. Еңбектің қоғамдық өнімділігі қажет ететін мереге жеткенше мегаполистер өсіп, дами береді. Қазіргі заманғы техника мен технология, қаладағы өнеркәсіп пен ауыл-селолық өндіріс табиғатқа, ауа, жер, су сияқты тіршілік қажеттеріне орасан зор зиян келтіруде. ХХ ғ. аяғына қарай адамзат жыл сайын табиғаттан 300 млрд. тонна шикізаттар алып, топыраққа жылына 500 млн. тонна минерал тыңайтқыштар және 3 млн. тонна улы химикаттар енгізеді екен. Бұлардың үштен бірі су қоймаларына ағып түседі және ауаға ұшып, атмосфераны бүлдіреді екен. Соңғы бір жарым ғасыр ішінде табиғаттың түрлі салаларына 6,5 млрд. тонна темір, қорғасын және кадмій металдарының қалдықтары енген. Мұндай экологиялық проблемаларды шешудің бірден-бір жолы қалдықсыз технологиялар жасау екені сөзсіз, қазіргі кезде өндірілетін шикізаттардың басым көпшілігі (90% шамалысы) керексіз деп тасталады. Мұндай шиеленіскен әлеуметтік-экологиялық проблеманы шешіп, қала мен ауыл селоның және табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру қазіргі заманғы кезек күттірмейтін аса маңызды іс болып отыр.
Мегаполис жағдайында өмір сүру адамды өзгертетіні, өйткені ол оның табиғат құбылыстарын дұрыс қабылдануына, “психикалық дүниесіне” теріс әсер ететіні сөзсіз, ал бұл адамзаттың болашағы үшін аса қауіпті. Аса ірі қалалардағы тіршілік жағдайлары адамның генетикалық бейімделу қасиеттеріне қайшы келеді. Антропогенездің бастапқы кезеңдерінде адамдар үлкен-үлкен отбасы немесе кішігірім рулық қауымдастық түрінде өмір сүрген кезде әрбір адам көзге көрінетін. Олар бәсекелестік жағдайында емес, өзара көмектесу жағдайында өмір сүрді. Ал бұл олардың табиғатпен бірлестікте, үйлестікте өмір сүру сезімін тудырды, психикалық жағынан жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырды.
Ал қазір адамдардың басым көпшілігі табиғаттан алшақ, тас үйлерде (тас қапаста десе де болады) өмір сүреді. Күн сайын автобуста, басқа транспортта сығылыса өмір сүргенімен, мұнда жеке адам әлеуметтік жағынан байқалмай қала береді. Мегаполис – жалпы планеталық ғаламдық дағдырыстың бір көрінісі. Оны тек жаңа әлеуметтік қатынастар, негізгі адамгершілік құндылықтар шеңберінде, яғни жаңа цивилизация шеңберінде ғана жеңуге болады. Ақылға сиымды шараларды жүзеге асару керек. Солардың бірі мынадай аксиомалық қағиданы санаға сіңіру: адам – табиғаттың элементі, сондықтан ол табиғатпен бірге дамитын биоәлеуметтік жан. Бұл – адамның биодүниемен бірге даму принципі. Үшінші мыңжылдықтың басынан бастап адамдар Жер бетінде өмір сүруді үйренуі тиіс – сонда ғана ол табиғат пен қоғамның үйлесе дамуының дәнекері бола алады.
Бұдан келіп туатын қорытынды мынандай: мегаполистер дұрыс құрылуы үшін тұрғын үй құрылыстарын, өнеркәсіп орындарын дұрыс жоспарлап, дұрыс орналастыру, табиғат зоналарына барыс-келіс мүмкіндіктерін ескеру, қала ішінде демалыс парктерін көбейту т.б. принциптерді басшылыққа алу аса қажет. Бұл принциптерді жүзеге асыру үшін мынадай екі қиын да аса маңызды іс-әрекеттер қажет: біріншіден, мегаполистердің болашақ жоспарының схемасын жасау қажет – оның негізінде табиғатпен қарым-қатынастың ақылға сиымды принципі жату тиіс. Бұл принцип кейбіреулердің (мәселен, өндірістік не коммерциялық мақсаттарды ғана көздейтін топтардың) үзілді-кесілді қарсылығына тап болуы мүмкін, сондықтан, екіншіден, мегаполисті білімді, ақыл-парасатты, жоспарланған істі аяғына дейін жеткізуге ерік күші жететін қайратты өкімет басшысы басқаруы тиіс. Демек, қоғамның өндіргіш күштерін дамытудың нормалы шегі болуы тиіс. Табиғатпен екі арадағы ақылға сиымды қарым-қатынас принципін жүзеге асыруға мемлекет жауап береді, сол себепті бұл істегі оның ролі арта түсуі тиіс. Ал қатардағы азаматтарды алсақ, әрбір азамат өзінің қоғаммен үйлесімді өмір сүру болашағын ұдайы ескере отырып, мегаполис шеңберінде өмір сүруді үйреніп, дағдыға айналдыруы тиіс.
Сонымен, бұл тақырыпта біз мекенжай социологиясының кейбір аса маңызды деген мәселелерін ғана қарастырдық. Оның қарастырылмай қалған бірқатар мәселелері, атап айтқанда, қазақ ауыл-селоларының даму болашағының ерекшеліктері, миграция мен қоныс аударуды басқару, қала мен ауыл-село тұрғындарының тұрмыс ерекшеліктері т.б., арнайы зерттеуді талап ететін болашақтың мәселелері....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?