Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты – қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Яғни, Қазақстандағы тарих ғылымының зерттейтін өзекті мәселелердің бірі – кеңес мемлекеті тұсындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қоса жүргізілген көші-қон және халықтарды қоныстандыруға байланысты нақты тарихи үрдістер.
Ресейлік және алыс шетелдік ғалымдардың еңбектерінде де Қазақстандағы демографиялық ахуал, оның ішінде көші-қон үрдістеріне байланысты бірқатар мәселелер қарастырылады (Р. Конквест, С.Г. Уиткрофт, Х. Дэвис, М.Б. Олкотт, А.Р. Льюс, Н.Р. Роулэнд, Н.Ф. Бугай, М.П. Малышева, В.С. Познанский, С.И. Брук, Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Кисилев және т.б.).
Шетелдік тарихнамадағы Қазақстан мен Орта Азияны отарлауға байланысты жүрген көші-қон саясатына Қ.Р. Несіпбаеваның, көші-қон мәселесіндегі жетістіктерді тарихнамалық талдауға С.И. Ковальскаяның, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың еңбектері арналған. С.И. Ковальскаяның кандидаттық диссертациясында негізінен ХVІІІ және ХІХ ғасырлардағы көші-қон мәселесі қамтылып, ХХ ғасыр мәселесі толық жазылмаған. Ал, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың монографиясында ХХ ғасырдағы демографиялық мәселелерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон процестеріне де едәуір көңіл бөлінген. 1939-1959 жж. Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер мен халықтың жалпы саны, орналасуы, табиғи өсім мен көші-қон процестерінің нәтижесі А.И. Құдайбергенованың кандидаттық диссертациясында талданды. Зерттеудің хронологиялық шеңбері алдыңғы кезеңді қамтиды. Қазақстанда тарихи демографияның дамуы, көші-қон мәселесін зерттеудің методологиясы жайында көлемді ғылыми еңбектер де жарық көруде.
Зерттеуде аталынып отырған кезеңдегi республика тұрғындарының көшi-қоны мен олардың орналасуының әлеуметтiк-экономикалық және саяси негiзiн ашып көрсету мақсатында елiмiзде жүргiзiлген саясатқа, оның мәні мен барысына баға беру, қазақтар мен Қазақстанды мекендеген ұлттардың әлеуметтiк-демографиялық даму динамикасының ерекшелiктерiн, мәдени, экономикалық, этникалық, тарихи факторлардың әсерін айқындайтын көптеген деректер қолданылды. Қазақстанның этнодемографиялық дамуының объективті бейнесін, соның ішінде Қазақстанда жүргiзiлген көшi-қон саясатының алғы шарттарын, жүргiзiлуiн, себеп-салдарын ашып көрсету мақсатында тарихи деректер Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатынан (ҚРОММ), Қазақстан Республикасы Президентiнің мұрағатынан /ҚРПМ/, Қызылорда облыстық және қалалық мұрағаттарынан алынды. Мұрағаттардың әртүрлi қорларындағы iс-қағаздар, стенограммалар, хабарламалар, бұйрықтар, хаттамалар, қаулы, қарар, түрлi есептiк жинақ мәлiмдемелері, еңбек ресурстарын ұйымдастырып қабылдау, жинау және қоныстандыру жоспарлары, орталық билік органдарының жергiлiктi жерлерге берiлген бұйрықтары, орындалу барысы туралы ашық және құпия құжаттар қаралды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентiнің мұрағатындағы 708 қорда жинақталған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi Бюро мәжiлiсiнiң хаттамалары, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатының 698 қорындағы Орталық статистика басқармасы, 1479 қордағы Мемлекеттiк жоспарлау комитетi, 1989 қордағы Еңбек ресурстарының мемлекеттiк комитетi құжаттары, 1987 қордағы «ерекше құпия» деген грифі бар 1-тiзбенiң «Жұмыс күшін үйлестiру және қоныстандыру Бас басқармасы» құжаттары қаралды. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Қорында (1479 қор) республиканың және оның жеке облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтер жинақталған. Сонымен бiрге, жеке аймақтағы көші-қон процесінің үрдісін көрсету мақсатында қосымша Қызылорда қалалық мұрағатының 268 қорының 8, 29 т.б. тiзiмдерiнен қажеттi құжаттар алынды. Облыстық статистика басқармасының 268 қоры көшіп келушілердің саны және олардың әлеуметтік, ұлттық құрамы жөнінде қажетті мәліметтер береді. Деректер ретінде ғылыми-тарихи монографиялар, тарихшы-демографтардың зерттеулерi, баспасөз беттерiндегі тарихи материалдар қолданылды. Тақырыпты талдауда экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық және демографиялық саясат жөнiндегi Қазақстан үкiметiнiң заңдық құжаттары, 1959ж., 1970ж., 1979ж. және 1989 жылғы санақтар мәлiметтерi, статистикалық материалдар мен баспасөз мәлiметтерi маңызды дерек болып табылады. Демографиялық дамуға, эмиграция, иммиграция, тұрғындардың көшi-қонына, урбанизация үрдiсiне, ұлтаралық қатынас жөнiнде, әлеуметтiк статистикаға байланысты зерттеулер мен монографиялық еңбектер қарастырылып, сараланды.
«Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық дамуындағы негiзгi мәселелер (1960-1990 ж.ж.)» атты үшінші тарауында өнеркәсiптiң дамуындағы Қазақстан өнеркәсiбiндегi ұлттық мамандардың қалыптасуы мен барысы сараланды.
Бұл жылдары Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуы бесжылдықтан басжылдыққа, съезден съезге дейiн есеп берiп, республиканың тынысы тұрғындардың жағдайымен, оның одақтағы құқысымен, рухани мәдениетiнiң дамуымен емес, қорлану көрсеткiшiмен кен, көмiр, мұнай т.б. өндiру тонналарымен ашылған өндiрiс санымен есептелiнiп бағаланды.
Экономикадағы негiзгi мiндеттер әкiмшiлiк әдiспен шешiлiп отырды. Мемлекеттiк жоспарлау өзгерiссiз қалып отырып, еңбек ұжымының келiсiмiнсiз жоғарыдан бiрiнен-кейiн бiрi түсiп жатты. Демек, өндiрiс қандай жағдаймен болсын санаспай жоспарды орындау қажет болды. Бұл экономикадағы 80-шы жылдардағы дағдарысқа әкелдi. 9-шы бесжылдықтағы өнеркәсiп өнiмiнiң орташа жылдық өсу қарқыны 8,4 пайыздан, 11-шi бесжылдықта 3,8 пайызға төмен түссе, ұлттық табыс тиiсiнше 4,4 пайыздан 1,4 пайызға төмендедi.
Қала халқының өсуімен бірге құрамындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің үлесі өсті. 1960-1965 жж. Қазақстанға жылына орта есеппен 64 мың адам келіп жатса, 1965-1975 жж. 115 мың адам келді. Өндіріс 1970 ж. қала халқының 98,7%-ын құрды. 1939 ж. салыстырғанда 1970 ж. жұмысшылар саны 33,8 %-дан 68,1 %-ға өссе, қызметшілер үлесі 17,4 %-дан 83,5 %-ға өсті, жұмысшылар үлесі 44,5 %-дан 8,2 %-ға келеді. 1970-89 жж. Жұмысшылар санының өсімі 1547 мың адамды (34,4%-ды) құрады.
1960-1990 жж. тағы бір ерекшелігі 1960-1985 жж. халықтың әлеуметтік құрылымында кеңес дәуірінде қалыптасқан әлеуметтік құрылымның сақталуы мен сандық өсімі тән болса, 1985 ж. бастап кооперативтік және жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын әлеуметтік топтар пайда болды. 1987-1989 жж. мекемелердегі жұмысшылар саны 2,2 %-ға қысқарған.
Жергілікті халықтан жұмысшы табының қалыптасуы мәселесіне келсек, сонау социалистік жаңашаландыру кезінен бастап жұмысшылар санының басқа республикадан Қазақстанға көшіп-қонған қоныстанушылар есебінен өскенін білеміз. Жұмысшы қазақтардың саны орыс қоныстанушыларына қарағанда әрдайым мардымсыз болатын. Тек 1980-жж. ортасына қарай жағдай өзгере бастады. Өнеркәсіптің кейбір салаларында қазақтар сан жағынан артықшылыққа ие болды. Бұл әсіресе, ауыл шаруашылығын айтпағанда мұнай өнімдерін өңдеу саласында жалпы жұмысшылардың қазақтар 1984 ж. 73,8 %-ын, көмір өндірісінде 63,9 %, ауыр өнеркәсіп салаларындағы қазақ жұмысшылары 46,5 % болды. Басқа өнеркәсіп салаларындағы қазақтар үлесі төмен болды. Жалпы 1989 ж. қарай өнеркәсіп өндірісіндегі қазақ жұмысшыларының үлесі 13-15 % - дан асқан емес.
960-1990 жж. қоныстандыру және көшi-қон саясаты негiзгi мәселелер болса, қазiргi кезеңде тұрғындардың көшi-қоны және демографиялық үрдiстерiн реттеу мақсатында 1997 ж. 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Үкiмiмен көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгi құрылды. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi көшi-қон үрдiсi мен тұрғындар санын өсiру жөнiндегi саясатқа байланысты айқындалған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, ҚР Білім және ғылым Министрлiгi мен Агенттiк бiрлесе отырып, ұзақ мерзiмдi «Қазақстан-2030»- даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы демографиялық саясатының негiзгi бағыттарының жобасын жасады.
Демографиялық стратегияның негiзгi мақсаты осы саладағы келеңсiздікті жою, тұрғындардың депопуляциялық үрдiстерiн керi қайтару, олардың сандық және сапалық өсiмiмен қамтамасыз ету. Сондықтан кеңестiк дәуiрдегi көші-қон саясатының орнына тұрғындардың табиғи өсiмiн қамтамасыз ету. Сөйтіп, кеңестік дәуірдегі қоныстандыру және көші-қон саясатының орнына тұрғындардың табиғи өсімін қамтамасыз ететін, еліміздің болашақ ұрпақтарын жалғастыруға бағыт-бағдар бере алатын жаңа демографиялық саясат алға қойылды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?