Биология | Қазақстанның улы өсімдіктері

Биология | Қазақстанның улы өсімдіктері

Мухомор тұқымдасы – Amonitaceae

Мухомордың көпшілігі – улы саңырауқұлақтар, кейбіреулері тіпті өлімге дейін алып барады. Аз ғана түрлері сапасы төмендеу бірақ жеуге жарамды. Саңырауқұлақтар жөніндегі мамандар ғана улы мухоморларды жеуге жарамды басқа саңырауқұлақтардан ажырата алады.
Мухомор тұқымдасының бір ғана түрі – қызғылт сұр мухомор – жеуге жарамды. Алайда, егер оны шикідей түрде өте улы, себебі-гемолизин қосылыстары кездеседі – олар қанның қызыл түйіршіктерін ыдырату қабілетіне ие. Жоғары температурада гемолизин ыдырап, оның зиянды әсерін жоюға болады.

Ақшыл поганка (Amanita phallaides)

Ақшыл пагонка мен ақ мухомор (А.Verna) кейде оны көктемдік мухомор деп те атайды. Бұлар жер жүзінде ең улы өсімдіктер қатарына кіреді. Екеуінде бірқатар токсиндер бар, бірінші кезекте – фаллин, фаллоидин және айтарлықтай токсинді амантин. Ересек адам үшін қауіпті доза – жас саңырауқұлақтың 30 граммы. Улылықты кептіру немесе қайнату арқылы кетпейді, аздап сірке қышқылында сәл төмендейді. Саңырауқұлақ тозаңымен де улануға болады.
Ақшыл поганка жазда және күзде орманды, қылқан жапырақты ормандарда өседі. Қазақстанда, Қытайда және Орта Азияда кездеседі.

Сасық мухомор – Amanita virosa

Сасық мухомор өзінің улылығын жөнінен ақ мухомордан кем түспейді. Ол кіші топтармен таулы райондарда, орманды белдеуде, әсіресе емен, қайың ағаштарының түбінде өседі. Сирек кездерде шыршаның түбінде өседі. Сасық мухоморға конус тәрізді қалпақ тән. Ерекше шар тәрізді споралары болуымен ерекшеленеді.

Поганка тәрізді мухомор – Amanita citrine.

Поганка тәрізді мухомор мен сары мухомор (А.gemmata) түрлерінің жеуге жарамдылығы мен улылығы жөнінде мамандар әлі бір шешімге келмеді. Аз мөлшерде бұл саңырауқұлақтар улану туғызбайды деп болжам жасауға болады, алайда поганка тәрізді мухомор құрамында буфетонин деген улы заты бар, ал сары мухомордың құрамында өте улы иботен қышқылы және мускимал болады. Сол себептен де оларды азық ретінде пайдаланбаған дұрыс. Поганка тәрізді мухоморларды шілде айынан қараша айына дейін барлық қалқанды ормандарда, төмпешіктерде, ойысты жерлерде кездестіруге болады.
Бұл түр өте улы жасыл мухоморға ұқсас болады. Ал аралас ормандар мен құмды аймақтарда мамыр-қазан айларында сары мухоморды кездестіреміз. Бұл жылуды өте сүйгіш түр қоңыржай белдеуде кең таралған. Таулы аймақтарда мүлдем кездеспейді.

Қызыл мухомор – Amanita muscaria

Қызыл мухомор бұл улы галлюциноген – саңырауқұлақ. Тек жиі жағдайда улану өлімге алып келеді. Оның қасиеттеріне ХVII ғасырда-ақ саяхатшылар көңіл бөлген. Ер адмдар ертеде бұл саңырауқұлақты кептіріп тағамға пайдаланған, содан соң 30 минут өткеннен тағамды жеген адамдар ерекше жағдайға түскен: мастану, артынша көзге түрлі галюцинациялар көрінген. Шамамен бір сағаттан кейін саңырауқұлақ әсері басылады.
Ғалымдардың айтуынша қызыл мухомордың мұндай қасиетінің болуы – алкалоид муксимол мен иботен қышқылына байланысты. Қызыл мухоморды жазда және күзде барлық ормандарда, әсіресе қалқанды ормандарда кездеседі.

Пантерлі мухомор – Amanita panterina

Барлық елдерде көптеген уланулардың себепкері осы саңырауқұлақ. Ол жағдайлар өніммен аяқталмаса да, көп жағдайда өте ауыр өткен. Негізгі себеп – оны үлкен мухомормен шатастыру. Негізгі уланудың белгілері өте қатты алкогольді ластану. Ол кішігірім топтармен шілде-қазан айларында ойыстар мен төмпешік жерлерде кездестіруге болады. Саңырауқұлақ қышқыл және нейтралді топырақта қайың, емен, шырша және бук түбінде өседі.

Сұр поплавок – Amanita vaginata

Жеміс денесі ақ, дәмі мен иісі анық емес, спора ұнтағы ақ түсті. Сұр поплавок бүкіл әлемге таралған, тіпті оны полярлы шеңберде де табылған. Оны жиі орманды жерлердің қышқылды және нейтралді топырақта көп кездеседі. Туыстық түрі қара-қоңыр поплавок (А.Umbrinolutea) таулы шырша ормандарда кездеседі.

Жасыл көк строфария – Stropharia alruginosa

Строфариялар майда саңырауқұлақтар, жиірек олар шампиньондарға ұқсайды. Жасыл*көк строфария топтармен немесе шоқтармен кесілген ағаш діңдерінде, өлі бұтақтарда, ал жиірек ал өлі жапырақты ормандарда кездеседі. Бұл саңырауқұлақты улылар қатарына жатқызады, себебі көптеген улану фактілері анықталған.


Улы заттар және улану фактілері

Улы саңырауқұлақтарды олардың құрамындағы уға байланысты бірнеше типтерге бөлуге болады.
1. Улы циклопептидтерді бар саңырауқұлақтар: түрлі мухоморлар, қолшатыр тәрізділер, галериналар. Улану белгілері 6-24 сағатта, кейде 48 сағатта көрінеді. Іш өту, құсу, көп зәр шығару, шөлдеу, сандырақтау басталады. 3 күннен кейін бауырдың сары ауруы басталады. Соңында науқас бауыр функциясының бұзылуынан қайтыс болады. Улануды тиотакцид, пенициллинмен, С және К витаминдерімен емдеуге болады.
2. Құрамында гемолитикалық у – монометилгидразин бар бар саңырауқұлақтар. Уланудың алғашқы белгілері 6-12, кейде 2 сағаттан кейін байқалады. Ол белгілер келесідей: шаршау, бас ауруымен, бас айналу, асқазан шаншуы және құсу әрекеттерімен сипатталады. 2-3 күн өткеннен кейін бауыр функцияларының бұзылуы басталады. Улану кейде өніммен аяқталады. Уланған адамға В6 (пиридоксин) витамині мен диазепам береді. Саңырауқұлақта термолабильді у болды.
3. Орелланин, гризмарин, кортинарин сияқты улы заттары бар саңырауқұлақтарды жатқызады. Алғашқы улану белгілері 3-14 күннен кейін байқалады, кейде кеш те байқалады. Зәрдің мөлшері көбееді, асқазан ауруы мен құсу, ауызда құрғақшылық басталады. Бүйрек жұмысың тоқтады да өлім басталады. Ауруды спецификалық емдеу мүмкін емес, бұндай жағдайда бүйректің функциясын сақтау маңызды. Бұл топтың улы саңырауқұлақтарын жеуге жарамды саңырауқұлақтармен шатастырады.
4. Құрамында коприн бар саңырауқұлақтар. Оларға Coprinus atramentarius және Clitocybe clavipes. Улану белгілері саңырауқұлақ артынан алкоголь пайдаланғанда байқалады. 30 минут өткеннен соң беттің және бүкіл дененің қызаруы, жүректің қатты соғуы, асқазандағы аурулар, іш өту және құсу басталады. 2-4 сағаттан кейін қоюы мүмкін, алайда әрбір жұтым алкогольден кейін қайтадан басталады.
5. Улы алкоид мусказоны бар саңырауқұлақар. Бұл ретке мухоморлар, мицендер жатады. Улану белгілері 30 минут немесе 2 сағат ішінде байқалады. Науқастың беті қызарып тер және сілекей көп бөлінеді, тыныс алу қиындап, көздің көруі ншарлап, жүрек соғуы күшейеді. Бұл улану түрін атропинмен жақсы емдейді.
6. Құрамында иботен қышқылы, микоатропин және мускимол бар саңырауқұлақтарды жатқызамыз. Бәрі мухоморлар өкілдері. Улану белгілеріне әлсіз терлеу, қозғыш және жүрек соғуымен сипатталады. Бұл улануды физостигмин деген препаратпен емдейді. Науқастың асқазанның жуу үлкен септігін тигізеді.
7. Құрамында псилоцин және псилоцибині бар галлюциногенді саңырауқұлақтар жатады. Оларға Psilocybe Semilanceata және Psylocybe туысының өкілдері жатады. Уланудың белгілері 30-60 минут өткеннен кейін жағымды есту және көру галлюцинациялармен сипатталады. Улануды хлорпробинді қазіргі медицинада кейбір психикалық ауруларды емдеуде пайдаланады.
8. Аллергиялық аурулардың тудыратын саңырауқұлақтар. Улану белгілері бірнеше сағаттан жылдарға дейін созылады. Бас айналу, шаншулар, іш өту, бел ауруы, зәрде қан пайда болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?