Экономика | Маркетинг зерттеулер жүйесі сауалнама

Экономика | Маркетинг зерттеулер жүйесі сауалнама

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынас жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдау талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілігін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды бейнелейді.
Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестікті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі.
Ал ол тауарды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады, бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлдем мүмкін емес.
Сондықтан фирманы басқару жүйесінде,оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші роль атқарады.Пайдамен тауарды өткізу мәселесіне фирманың барлық жұмысын бағыттау үшін нарық факторларын зерттей отырып, шаруашылық шешімдер қабылдауы тиіс. Нарық жағдайында ұтымды шешім қабылдау үшін
2
интуицияға,мамандардың пікіріне және тәжірибеге сүйену жеткіліксіз болады.Ол үшін ақпарат жинау қажет.Өйткені шешімдер сипатына көптеген факторлар әсер етеді, айталық,бәсекелестер,жабдықтаушылар және т.б. елеусіз және қауіп – қатер деңгейін азайту үшін, кәсіпорынның қолына сенімді, жеткілікті көлемде, нақтылы және жаңа ақпарат мәліметтері болуы қажет.

Ι. Маркетинг зерттеулер жүйесі, сауалнама.
1.1. Маркетинг: мәні, мазмұны, концепциялары
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз- маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау процесі болып табылады.
Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әулетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Нарықты таңдап алғаннан кейін оның ішінде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде тиімді ықпал жасау үшін оның құбылыс ағымында бақылау қажет. Нарықты ұзақ мерзімдегі даму бағытын болжау үшін оны зерттеу керек. Белгіленген болжау финрманың мақсатын анықтау жұмысына, стратегиясын және жұмыс жоспарын жетілдіруге негіз болады. Әсіресе маркетинг зерттеулері нарыққа жаңа тауарды дайындауда, оны өңдеп, шығаруда маңызды орындалады.
Маркетинг зерттеулері нәтижелі және тиімді болуы үшін келесі шарттарды орындау қажет:
Біріншіден, зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі қажет;
Екіншіден, жоғарыда айтылған ақпаратқа қойылған талаптарды ескере отырып зерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет.
Үшіншіден, халықаралық Сауда Палатасы және қоғамдық пікірді зерттеу Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулері практикасының Халықаралық Кодексіне сәйкес жүргізілуі тиіс;
Төртіншіден, маркетинг зерттеулері жұмыстары мұқият жоспарлануы және жүйелі сатылануы тиіс.
Маркетинг 1960-1980 жылдары өте қарқынды дамыды. Өйткені өндірістер ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?