Құқық | Қазақстан Республикасында тұлғаның құқық мәртебесінің негіздері
Қазақстан Республикасында тұлғаның құқық мәртебесінің негіздері
Қазіргі кезде Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа заңнаманы ірі масштабта жаңартумен және жетілдірумен, демократиялық мемлекеттің қағидаларына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына жауап беретін көптеген жаңа құқықтық институттардың қалыптасуымен қатар жүруде. Қазақстандық құқықтың дамуының жалпы тенденциясынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қалыс қалар емес. К.Мәсімов атап өткендей, әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын анықтау, мемлекеттік қызмет механизмін жақсарту кезінде мемлекеттік аппарат санының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы елімізде шамамен алғанда 79 мың мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істесе, 2007 жылдың мамырына қарай олардың саны жүз мыңнан асты. Соған қарамастан мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі пропорционалды түрде өскен жоқ. Халық арасында жақында жүргізілген сұрауларға сәйкес халықтың 57 пайызынан астамы мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын қанағаттанарлықсыз деп санайды. Халықтың тек алты пайызының ғана толығымен көңілі толады. Ал қалғандары бұл сапаны «қолайлы» деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаға сәйкес мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының дамуы жаңа бағыттарға ие болуда, өзге мазмұнмен толықтырылуда. Қазіргі кезгі юриспруденцияда басымдылықтар ауысып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің мүдделері артқа шегерілуде, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық даму тәжірибесін қайта бағалауды ескере отырып мемлекеттік қызметтің дамуының жаңа жолдарын іздестіру қажет.
Лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының маңыздылығына қарамастан билік өкілдерін заңды жауапкершілікке тарту мәселесінің жағдайы жалпы алғанда жеткіліксіз деңгейде орын алған, елеулі кемшіліктерге ие, бұлардың барлығы республикада адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және кепілдеудің тиімділігін төмендетеді.
Қазіргі кезде осы институтты реттейтін нормалар жеткіліксіз бекітілген және осының нәтижесінде оларды тәжірибеде жүзеге асырумен байланысты қиындықтар туындайды.
Осы және де өзге жағдайлар диссертациялық зерттеу үшін аталған тақырыпты тандауды түсіндіреді.
Мәселенің зерттелу деңгейі бір жағынан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың материалдық-құқықтық және іс жүргізушілік-құқықтық аспектілерін, ал екінші жағынан мемлекеттік биліктің қызметінің және оны ұйымдастырудың, конституциялық-құқықтық кепілдеудің конституциялық-құқықтық негіздерін оқшау талдайтын ғылыми пікірлердің көптігімен сипатталады. Көпжақты мәселелер мемлекет және құқықтың жалпы теориясы, мемлекеттің құрылымы және мемлекеттік басқару, философия, әлеуметтану және т.б. бойынша ғылыми әдебиетті тартуға негіз болды.
Алайда заң әдебиетінде мемлекеттік билікті кадрлармен қамтамасыз етуді конституциялық-құқықтық реттеу және биліктің өкілдері – мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің конституциялық-құқықтық режимі мәселелерін кешенді түрде зерттейтін зерттеулер жоқ. Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігін жүзеге асырумен байланысты сұрақтар көбінесе мемлекеттік қызмет институтының қалыптасу мәселелеріне жататын өзге проблемаларды зерттеу кезінде қосымша мәселелер ретінде қарастырылады.
емлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі мәселелері батыстық заңгерлердің де жұмыстарында қарастырылған. Мысалы, Жария құқығы институтының (Бонн университеті, Германия) профессоры Ф. Оссенбюльдің жұмысы.
Қырғыз Республикасында бірқатар жұмыстар мемлекеттік қызмет мәселелерін қарастыруға арналған, солардың ішінде мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мәселесі де ішінара зерттелген. Олардың қатарынан Э.Э. Дуйсеновтің, А.Б. Акматовтың, И.Н. Пустовалованың зерттеулерін атап өтуге болады. Соған қарамастан мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігін кешенді түрде қарастыратын жұмыстар аз.
Алайда осы зерттеудің пәніне жақын салаларда жүргізілген теориялық зерттеулердің көптігіне қарамастан, тәжірибеде мемлекеттік органдар өкілдерін жасаған құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту мәселесі әлі де шешілмеген.
Тақырыптың белгілі бір деңгейде зерттелгеніне қарамастан оның негізгі сипаттамалары әзірше кешенді ғылыми бағаны иеленбеді, осының салдарынан мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының заңды жауапкершілігі институты жүйелік талдаудың пәні болар емес. Мемлекеттік басқару саласындағы отандық заңнаманы одан әрі реформалау жағдайында мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тартудың тиімді механизмін жасаудың өзектілігі диссертациялық зерттеудің тақырыбын таңдауды және зерттеуді жүргізудің негізгі бағыттарын анықтады.
Мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша теориялық, нормативтік және эмпирикалық материалды кешенді, ғылыми-теориялық зерттеу және талдап қорыту және соның негізінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтын жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау жөніндегі ұсыныстарды жасау, сонымен қатар мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өздерінің кәсіптік қызметін тұлға, қоғам және мемлекет мүдделері үшін орындауын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды және лауазымды тұлғаларды мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да бақылау механизмін жасау табылады.
Зерттеудің алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асыру диссертациялық жұмыста төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
- дербес құқықтық құбылыс ретіндегі заңды жауапкершілік теориясы қалыптасуының негізгі үрдістерін зерттеу;
- мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (мемлекеттік қызметкерлердің) заңды жауапкершілігі институтының даму ерекшеліктерін және болашағын айқындау;
- құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру жағдайында мемлекеттік органдардың заңды жауапкершілігі институтының жұмыс істеуінің тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау;
- заңды жауапкершілікті мемлекеттік қызметкерлерге және лауазымды тұлғаларға қолдану кезінде оның позитивтік және ретроспективтік аспектілерінің арақатынасын анықтау;
- заң үстемдігі қағидасының және заңдылық қағидасының жүзеге асырылуына бақылауды жүргізудің ерекшеліктерін айқындау;
- елде жүргізіліп жатқан конституциялық және әкімшілік реформаларға заңды жауапкершілік институтын күшейту тұрғысынын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып талдау жасау;
- жекелеген мемлекеттік органдардағы (сот және прокуратура) заңды жауапкершілік институтының ерекшеліктерін айқындау;
- мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар жиі жасайтын құқық бұзушылықтардың түрлерін және нысандарын анықтау.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды және лауазымды тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартудың осы диссертациялық зерттеуде қарастырылып отырған теориялық мәселелері елімізде мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан конституциялық және әкімшілік реформалар аспектісінен, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан көрініс тапқан. Осының нәтижесінде
– заңды жауапкершілік институтының құқықтық негіздеріне және оны жетілдірудің негізгі жолдарына баға берілді,
– Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігінің ретроспективтік және позитивтік аспектілерінің арақатынасы анықталды,
– мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың (мемлекеттік қызметкерлердің) заңды жауапкершілігі институтының даму ерекшеліктері мен болашағы анықталды.
– позитивтік заңды жауапкершілік түсінігінің барлық жағдайларда жалпыға мәлім еместігіне, оның бар екендігі барлық мамандармен танылмағандығына көңіл бөлінді.
– мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды жауапкершілігі институтына шетелдік заңнамаға сүйенген салыстырмалы-құқықтық талдау жасалды.
Мемлекет және құқық институтында түбегейлі зерттеулер бойынша мемлекеттік тапсырыстық «Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және мемлекет ішіндегі нысандарының үйлесуі» 2003-2005 ж.ж., «Заң үстемдігі қағидасы және оның қазіргі кезеңдегі қазақстандық құқықты қалыптастырудағы және дамытудағы рөлі» 2006-2008 ж.ж. және «Мемлекеттік қызмет: құқықтық қамтамасыз ету, отандық және шетел тәжірибесі, оны жаһандану жағдайларында Қазақстанда пайдалану» 2009-2011 ж.ж. атты тақырыптардағы зерттеулер бағытында орындалған. Аталған тақырыптардың біріншісі бойынша автор осы аттас ұжымдық монографияны шығаруға өзінің «Заңды жауапкершілік институты және оның азаматтардың құқықтарын кепілдеудегі, қорғаудағы және жүзеге асырудағы рөлі» атты бөлімін қоса отырып табысты қатысты.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?