Тарих | Қазақ халқының тарихында Төле би Қазыбек би Әйтеке би
“Ел - жұртым” деп бауыры елжіреп тұрған Әз Төле би жалғыз ғана Абылай ханды тәрбиелеген десек, қателесер едік, бұл ғажайып көреген жан қаншама би мен батыр тәрбиелегенін бір жаратқанның өзі ғана білер. Ал біз Өтеген батырды, Жанкел ақынды қасына ертіп жүргенін, олардың халық үшін туған ұлдар екенін терең сезінгенін білеміз.
“Төле бидің тарихы” атты қолжазбада көп уақыт жер шолып ел аралап келген Өтегенге:
Төле би: “Шырағым, Өтеген мен әлі аурудан дұрысталып түзелген жерім де жоқ, белгі беріп саған үй салдырып отырмын. Өзім де оңашалап айтайын, жақында дүниеден көшсем керек?! Едігісін көпшілік өзі білер... ел болып Ташкентке ие болып тұрсаңдар да жаман емес, менің бір ауыз тілімменен бар өміріңді сапарда өткіздің, екі дүниең болсын”, - Төле (Өтегенге) осылай бата беріпті:
Өтеген Төле биден бата алды,
Абырой тегіс көр деп бас пен малды.
Мамыр боп анау жайын оңлансын деп,
Көзінен жасын төгіп іркіп алды.
Сонымен тарқады жұрт жай – жайына,
Жиналған әңгімеге жұрттың бәрі, -
Десе, біз шын сенеміз, өйткені бүкіл тірлігін өз халқына арнаған батырдың ел-жұрты сүйіп қойған мүйізді Өтеген, сері Өтеген, батыр Өтеген деген үш аты болыпты.
Егемендігіміз енді ғана алып, өз алдымызға ел болайық, жұрт болайық деген бізге Төле бидің барлық ізгі іс-әрекеті үлгі-өнеге.Төле би бабамыздың асыл қасиетін жете түсінген ақын-жыраулар оны өздерінің отты жырына қосты, әділдігін, мәртігін, адалдығын, кішіпейілдігін, биік парасатын толғады. Абылай ханнан бастап Бөгенбай батырға дейін тоқтау, сын-ескертпе айтқан ұлы жырау Бұқар да Төле биді бүкіл қауым-халайыққа үлгі-өнеге етіп жырлады. Қазақ қара өлеңінің қызыл жолбарыс Сүйінбай атамыз Тезек төреге тепсіне, іл көрсете отырып:
Үш жүзге би Төле еді.
Заманында сол Төле
Ташкентке бір күні келеді.
Сенің атың Абылайды,
Әбілмансұр атанвп,
От жағып жүрген жеріндегі
Шайханадан көреді.
Сол құлдықтан құтқарып,
«Сабалақ» деген ат қойып,
Төле би алып келп еді.
Ел түйесін бақтырып,
Қызметін көпке жақтырып,
Кірме екенін айтқызбай,
Хан қоған бабам сол еді,-
Деп толғаса бұл сөзде иненің жасуындай да жалғандық жоқ. Абылайдың тегін, нәсілін, түп-тұқияны таныған Төле би екенін ұлы жазушы мұхтар Әуезов те растайды: «Абылай әкесінен кішкене күнінде жеім қалған екен. Абылай ұлы жүз Төле бидің қолында малшы болыпты, басына үлкен сеңсең тымақ киіп түйе жаяды, үсті-басы далба-дұлба, қалай болса солай жүреді екен, сонда төле би мұның аты «Сабалақ» болсын депті.
Асқан тапқырлығымен, нәзік сезімталдығымен, биік парасатымен үш жүзге аты тұтас жеткен Төле биді көзінің тірісінде Бұқар сияқты ұлы жыраудың мадақтауы, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сынды алты алашқа қадірлі, жалпақ жұрты аузына қаратқан билердің аға тұтыну тегін емес. Төле өзінің алдындағы «түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би » делініп ел арасында мақал болған, хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы атанып, кедей-кембағалға пана, қамқор болған Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиренше шешендердің сарқыты еді.
Бар ғұмырын халықтың игілігіне жұмсаған Төле би туралы көп жазылып, көп айтылған. Соның бәрінде атақты бидің ғажап тапқырлығы, терең ой, биік парасат иесі екенін баса көрсетіледі.
Аты шулы Төле би 1723 жылы ел азып-тозып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » болған қиын жағдайдан кейін де жұртының басын қосып, ортақ жауға қарсы тұруға үндеген. Азып-тозған елге демеу, сүйеу болған. Тіпті қалмаққа елшілікке барған екен. Осы сапарында жасы егде тартқан қарт сөз саңылаған қалмақтың бас сардары Шарыш қарсы алыпты деседі. Ол атақты атамызды білсе де білмегендей, көрсе де көрмегендей болып: «Азу тісін аршыған мына ақбас атаныңкім? »-депті. Сонда Төле би:
Уа, ханзада!
Қарттығымды сұрасаң,
Қап тауындай көнемін.
Ақылдан тартып сұрасаң,
Асқар бермес төбемін.
Хан көз жетпес қайғыны,
Қашықта жатып көремін.
Екі ел егер болғанда.
Ел басын қосар төремін.
Қазақ-қалмақ егіз ел,
Қарындас, жиен, бөлемін
Ертістің суын бірге ішіп,
Жайсанды теңдей бөлемін.
Сен бүгін қойдай шулаттың,
Бейбіт елдің өренін.
Ата-бабаң білмеген,
Қайдан тапқан өнерің.
Елші боп келген екі елге
Қазақтың биі Төлемін,-
депті. Бүкіл халықтың жоғын жоқтап,мұңның мұңдаған аса талантты халық қайраткері үлкен жүректі Төле бидің ұлы сөзі бұл.
Барлық шежірелер мен тарихи құжаттарда төле бидің Сабалақты қалай тәрбиелегені, оны қалмаққа ақ батасын беріп, ақ тілеуімен аттандырғаны кеңінен сөз болып жан-жақта айтылады.
Әр кітапта Сабалақтың хан болуы әртүрлі айтылады, әр шежіреде де солай. Алайда Төле бидің аты аталған қайсы бір құжатта болсын, қолжазбада болсын, Абылайдың тағдыры Төле биге байланысты екені кегінен толғанады. Тіпті кейбір мәліметттерде үш жүздің баласына бата беріп, жөн-жосақ айтатын да Төле би екені жан-жақтылы ттолғанып, әр қырынан сөз болалды.
Төле бидің әділ билігі- бір ғана қазақ емес, бүкіл түрік халқына ортақ, өз қандай әділ болса, жаныда сондай жұмсақ, біз оны ол кісінің «Қарлығаш би» атауынан жақсы білеміз.
Батыр Оспановтың да, біздің деп айтып отырғанымыз бір адам, ол Қарлығашби, Төле бидің халық қастерлеп қойған бір аты, айырмасы –ХVIII ғасырда жасаған Қарлығаш биді ХV ғасырда өмір сүрген депті. Нәтижесінде бұл Төле биден үш ғасыр ілгері өмір сүргені басқа бір би болып отыр . Түрік халқының Төле биінің күмбезін сақтау- бәріміздің, оның ішінде өзбектің де, қазақтың да ортақ қазынасы емес пе? «Имансыз» кезімізде жарқырап, жайнап тұрған екі ел достығын, егеменді ел болып, Алланың бір пайғамбарды хақ деп танығанда жоғалтып алғанымыз ба? Төле бидің қасиетті атына, асыл затына кір шалдырмайық, ағайын!...
«Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт берекен атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып оскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат ».
Ел аузына құрандай жатталып қалған бұл қанатты сөздердің иесі-ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың әйгілі биі Қазыбек Келдібеукұлы.Ауызша-жазбаша деректерде Қазыбек сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем ретінде көрінеді.
Аңыз астарында заман шындығы жататындығы беседен белгілі жай.Ауыз әдебиетінің тамаша білгір М.Ғабдулиннің сөзімен айтсақ: «Әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтқан аңыздарына айналады». Бұл оқиғанын болғандығын Ш.Уәлихатовтың «ХVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» атты мақаласындағы мына жолдар да айғақтайды: «Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық санайсыз?» ДЕП Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таңқалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып алған қаракесек Қазыбек және тағыда сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісәлі. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған. Ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған».
Осыдан бастап Қазыбектің аты шығып, ел арасындағы дау-шараға араласып, келе-келе Қаз дауысты Қазыбек би аталып кетіпті.
Қазыбек би қазақтың үш жүзін біріктіруге бар күш жігерін жұмсаған атақты Абылай ханмен де жақсы қарым-қатынаста болған. Бұл ойымызды сол заманның от ауызды жырау Үмбетейдің Абылайға арнаған толғауындағы мынау шумақтар да дәлелдей түседі:
«Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан:
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай
Абылай сенің тұсыңда
Сол бесеуі болыпты-ай
Кейі батыр, кейі бай
Тәңірім берген сондай сый,
Ұмыттың ба соны, Абылай!»
Осындай елім деп еңіреген біртура ер-азаматтардың арқасында қазақ халқы бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалды. Ал жоңғарлар қазған орларына өздері түсіп жер бетінен ізім-қайым жойылып кетті.
Халық шежіресі бойынша, Қазыбектің Бекболат, Сырымбет, Қызымбет, Базаргелді, Барқы деген бес ұлы, Қамқа есімді бір қызы болыпты.
Қазыбек би Қарқалы өңірінде 1764 жылы жүзге қараған шағында қайтыс болды. Әкесіне жеке киіз үй тіктіріп, денесін жер жібігенше сонда сақтаған Бекболат көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи сағанасына апарып қойып, басына құлпы тас орнатқан көрінеді.
Қазақ халқында: «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»,-дейтін тамаша мақал бар. Ордабасыда өтетін үш биді еске алу күні осы сөздің өмір тәжірибесінен түйінделіп барып айтылғанын дәлелдесе керек.
Иә, көзі тірі кездерінде халқына қорған болып, ел үмітін ақтаған дала кемеңгерлері ел жадында мәңгі сақталмақ.
Кейінгі уақыттарда атақты Әйтеке бидің атын бұрмалаушылар көбейіп барады. Олар Әйтекенің аты басқа, «Әйтеке»атауына өзі себеп болған екен дейді. Бір дауға барғанда Әйтеке: «Мені және бір текені ала бар.Үлкен керек болса сақалы бар текені, бала керек болса өзімді көрсетемін» деген-міс. Айтқанындай дау басталғанда бала сөз алып: « Бала десең маған тоқта, сақал десең ана текеге тоқта», деген көрінеді. Содан «Әй, теке, әй теке» деп айта бергенен Әйтеке атанып кеткен екен деседі. Сол сияқты «Әйтекенің аты, Қаражігітекен. Әйтеке болып кейіннен аталыпты» деген алып-қашпа әңгіме етек алуда. Бұл да Әйтекені кеміту деп түсінеміз.
Үш жүзге аты мәлім ақыл иесі Әйтекеүлкенді «сақалды теке» деп кемітпесе керек.
Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқырда тілмәр шешендігімен, әділ және түзу билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару алып алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы.
Әйтеке би 1683 жылы туып, 1763жылы дүние салған деп тарих деректерінде көрсетілген. Ал- біздің қарттардың белгілері Әйтеке би 57 жасында өлді деп ләл басып айтатын еді.
Әйтеке жасөспірім кезінде жасы үлкен ағасы Қаз дауысты Қазыбек биге барып сәлем береді. Әйтекенің бұл әлі де халыққа аты шыға қоймаған кезі екен. Сәлемдесіп болғаннан кейін Қазыбек Әйтекеге қарап: «Уа, балам! Атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады, жаман ұл туса, соры болады»,-деуші еді соның қайсысы боласың?» -депті.
Сонда Әйтеке кідірместен: «Ораздының қариясы қартайғанда қазынасы болады. Шиыршының қариясы қартайғанда қаза болады деуші еді. Өзінің соның қайсысы боласыз?»-дейді.
Сөзден тосылып қалған Қазыбек кідіріңкілеп, «Иншалла, қазынасы болармыз»,-дейді Әйтеке тоқтамастан.
Халқымыздың тарихындағы шоқтығы биік тұлға- Әйтеке Бәйбекұлы туралы шындықты аңызынан айырып айтар уақытта келді. Өйткені, оның даналығы мен ел басқару ісіндегі дарыны қазіргі кездегі рухына шаппа- шап. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?